Электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайы және проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 08:56, доклад

Краткое описание

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде ойлаудың жаңа ақпараттық мәдениетінің дамуы мен қалыптасуы, ақпараттық қатынастық технологиялар саласындағы білім беру сферасы мамандары біліктілігінің қалыптасуы мемлекеттік маңызды міндет болып саналады.

Вложенные файлы: 1 файл

доклад конференция.doc

— 46.00 Кб (Скачать файл)

Электрондық оқыту  жүйесін енгізу жағдайы және проблемалары

 

Қоғам дамуының қазіргі  кезеңінде ойлаудың жаңа ақпараттық мәдениетінің дамуы мен қалыптасуы, ақпараттық қатынастық технологиялар  саласындағы білім беру сферасы  мамандары біліктілігінің қалыптасуы мемлекеттік маңызды міндет болып саналады. Білімдік процесте АҚТ мен E-Learning электрондық оқулық жүйесін пайдалану бойынша тиісті біліктілікке қол жеткізбейінше, білім беру ұйымдарын техникалық жарақтандыру құралынсыз және оған күш салмайынша, оларды ауқымды және жергілікті желіге қоспайынша, білімдік цифрлық ресурстарды әзірлемейінше  мұғалімдер тиісті нәтижеге қол жеткізе алмайды.

 

«E-Learning» электрондық  оқытудың мақсаты : білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, болса міндеті:Оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау.

 

Элекрондық оқытуды енгізу:

Алға  қойған мақсатқа қол  жеткізу  оқу  сапасын, білімді  басқарудың тиімділігін, сыртқы  ортамен  ақпараттық кірігіуін арттырады.

Элекрондық оқытуды  енгізу бірқатар нормативтік құжаттарға  өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді .

        Электрондық  оқыту жүйесінде  қолданылатын  электрондық  оқулықтарды  және  оқу-әдістемелік  кешендерді жасауға  арналған  талаптар, жүйені  қолданушылардың жеке және  ұжымдық жұмыстарының регламенті, техникалық  регламент әзірленіп    бекітіледі.

Ақпараттық –коммуникация  технологияларды  пайдалану педагогтардың құзыреттіліктерін  қамтамасыз етуде үлесі зор.

2011 жылдан бастап педагогтардың электрондық оқыту жүйесін пайдалану мен қолдану бойынша біліктілігін арттыру басталды.

Электрондық оқыту жүйесін ұйымдастыру  жағынан қамтамасыз етуді  облыстық біліктілікті жетілдіру институттары жүзеге асыруда.

Электрондық білім беруге арналған электрондық ресурстармен  қамтамасыз ету –мемлекеттік – жеке  әріптестік негізінде жүзеге асырылады.

Кең жолақты Интернетке қосылу, электрондық  білім беру жүйесі үшін жабдықтармен қамтамасыз ету және жеткізушілердің  қызмет көрсетулерін таңдау мемлекеттік сатып алу саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Негізгі және орта мектепте оқытылатын әрбір пән бойынша интерактивті тақтаны пайдалануға болады.

Оқытушылар жасаған электрондық  білім беру ресурстары дамытылады.

Оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті  жабдықтармен толықтай қамтылады: компьютердің жаңа  түрлерімен, КЖИ –мен қамтамасыз етіледі.

2011 жылдан бастап әкімшілік,  директордың орынбасары, оқушы, кітапханашы,  есеп бөлімі компьютерлік техникамен толық қамтылды.

Оқушы автоматтандырылған жүйеде  жеке портфолиосын күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспары және жоспардан тыс жиналыстар  мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail  немесе sms –хабарламалар. Есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады.

Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі  мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтың қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі оқшау және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.

Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі; 

Компьютердің көмегімен  бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;

Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек.

Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау.

Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге  қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:

·  оқу сабақтарының жаңа формалары. Мұғалімдер мен оқушылар бірігіп жұмыс жасауы.

Көбінесе қашықтан оқыту  бағдарламалары  барысында:

·  желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;

·  оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.

Төмендегідей  шарттар  сақталған жағдайда сапалы білімге  қол жеткізудің негізгі проблеммалары:

·  қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;

·  іштей және қашықтан оқыту түрлерін  біріктіру;

·  қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау керек.

 

 

 

 

 Электрондық оқыту жүйесін енгізудегі білім үрдісінде келесі мүмкіндіктер:

 

  • Оқушы АКТ мүмкіндіктерін сабақта және шығармашылық жұмыстарда қолданады; жетістік портфолиосын құрады; өзіндік біліктілігін арттырады, өз білімін интерактивті режимде компьютермен; қажетті оқу материалдарын тез арада сапалы ақпараттар алады; негізгі пәндер бойынша кез-келген тақырыпта кеңестер алады
  • Педагог АКТ құзырлығын қалыптастыру деңгейін көтереді; АКТ қолданатын алдыңғы қатарлы педагогтардың тәжірибелерін үйренеді; тәуелсіз мониторинг жүйесін және бақылау жұмыстарын құрастырады; іздеу жүргізеді, оқу-әдістемесін және бағдарламаларды жүйеге келтіреді; әрбір оқушыға қажетті материалдарды сапалы меңгергені жөнінде жедел ақпараттар алады және т.б.  
  • Мектеп әкімшілігі ақпараттарға таңдау жасайды, мектеп жөнінде толық және нақты ақпарат алады, жоспарлау міндеттерін шешеді, олардың нәтижелерін қадағалайды, оқу-тәрбие жұмыстарын бақылауға алады, есеп берудің стандартты формаларын қолданады, арнайы штаттық кестені, сабақ кестесін жасайтын бағдарламаларды қолданады.

 

        Электрондық оқыту жүйесін енгізудегі проблемалар:

  • АКТ материалдық-техникалық базаның ескіруі
  • Педагогтардың компьютерлік құзырлылық деңгейлерінің  төмендігі
  • Интернет, жергілікті  желілерін, электрондық пошта ресурстарын қолдана алу дағдыларының төмендігі
  • Қажетті қаражаттың жетіспеуі
  • Көркем әдебиеттерді пайдалану деңгейі төмендеп барады.

 

           Проблемалардың алдын - алу:

  • Іскерлік серіктестікті дамыту.
  • Педагогтардың электрондық оқыту жүйесін пайдалану мен қолдану бойынша біліктілігін арттыруға жағдай жасау.
  • «Электрондық мұғалім бөлмесі» және Интернет ресурстарына кірудің графигін жасау.
  • Қызмет етеін құралдардың жұмыс режимін сақтау.
  • Авторлық құқықты қорғау нормативті құжаттарымен танысу.
  • Жеке деректерді қорғау Заңын сақтауда желілік актілер пакетін жасау.
  • Интернет желісінде тіркелетін журналға тіркеуден өтетін бағдарлама жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы білім беретін Шипов орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Электрондық  оқыту жүйесін енгізу жағдайы  және проблемалары»

(баяндама)

 

 

 

 

 

 

 

               Дайындаған:

информатика пәні мұғалімі – Кенжебаева Э.Т

 

 

 

 

 

 

2013-2014 оқу жылы

 

 

 


Информация о работе Электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайы және проблемалары