Қазірігі заманғы компьютерді бағдарламалық қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 22:35, реферат

Краткое описание

Мақсаты мен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай кез келген бағдарлама екі топтың біріне: БҚ-ның жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) тобының біріне жатады.Жүйелік БҚ компьютердің міндет атқаруы мен оған қызмет көрсетуін, сондай-ақ, жаңа бағдарламалар жасау процесінде автоматтандыруды қамтамасыз етеді

Вложенные файлы: 1 файл

реферат информатика.docx

— 32.52 Кб (Скачать файл)

Қазірігі заманғы компьютерді бағдарламалық қамтамасыз ету.

Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ)-компьютерде ақпаратты автоматтандырып өндеуді жүзеге асыруға мүмнкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы.

Мақсаты мен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай кез келген бағдарлама екі топтың біріне: БҚ-ның жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) тобының біріне жатады.Жүйелік БҚ компьютердің міндет атқаруы мен оған қызмет көрсетуін, сондай-ақ, жаңа бағдарламалар жасау процесінде автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Жүйелік БҚ-ға:

  • операциялық жүйелер мен олардың пайдалану интерфейсі;
  • бағдарламалау жүйесі;
  • техникалық қызмет көрсету бағдарламалары жатады.

Операциялық жүйе (ОЖ)- бағдарламалардың ұйымдық жинтығы, олардың мақсаты – компьютер жұмысын басқару. ОЖ- нің бұл бөлігі ақпаратты енгізудің, сақтаудың, өндеу мен құжаттаудың кейбір әмбебап құралдары ретінде компьютердің қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Бағдарламалау жүйесі- БҚ-ның бір бөлігі, оны пайдалана отырып бағдарламалар жасалады. Бағдарламалау жүйелерінің мақсаты- бағдарламалау тілдерінде жазылған бағдарламалардың бастапқы мәтіндерін жасау процесін оңайлату, сондай- ақ, оларды компьютер атқаратын бағдарламаға түрлендіру. Бағдарламалау жүйесіне бағдарламалаудың әр түрлі тілдеріндегі таратқыштар (компиляторлар немесе имтерпретаторлар) жатады.

Техникалық және сервистік (ұйымдасқан) қызмет көрсету бағдарламалары компьютердің, дискілердің және басқаларының жұмыс қабілетін бақылаудың, анықтау мен қалпына келтірудің бағдарламалық құралдары болып саналады.

Қолданбалы БҚ пайдалану міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді. Мұндағы шешуші ұғым қолданбалы бағдарламалардың дестесі (пакеті) болып табылады.

Қолданбалы бағдарламалардың дестесі (ҚБД) – белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы. ҚБД мына төмендегі түрлерге бөлінеді:

  • жалпы мақсаттағы;
  • әдістемелік бағдарлау;
  • проблемалық- бағдарлау.

Жалпы мақсаттағы ҚБД міндеттердің кең тобын автоматтандыруға бағдарланған.

ҚБД- нің тобына:

  • мәтіндік процессорлар( мысалы, Microsoft(MS)Word);
  • кестелік процессорлар (MS Excel);
  • Деректер базаларын басқару жүйелері (MS Access);
  • Серпінді тұсаукесерлер жүйелері(MS Power Point);
  • Графикалық процессорлар(Corel Draw);
  • Баспа жүйелері (Page Maket, Quark XPress)
  • Ықпалдасқан жүйелер(M8 Works)
  • Жобалауды автоматтандыру жүйелері (CASE технология)
  • Сараптау жүйелерінің, шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің және басқаларының қоршауы.

ҚБД-нің әдістемелік – бағдарлау негізіне:

  • Математикалық бағдарлаулың (линиялық, серпінді, статистикалық және басқа да).
  • Желілік жоспарлау мен басқарудың;
  • Жаппай қызмет көрсету теориясының;
  • Математикалық статистика есептерін шешудің әртүрлі экономикалық математикалық әдістерін жүзеге асыру жатады.

Проблемалық -бағдарланған ҚБД нақты мәселе саласындағы белгілі бір міндеттерді (проблемаларды) шешуге бағытталған .Бұл қолданбалы бағдарламалар дестелерінің ең кең тобы.

Олардан мыналарды: банктік дестелерді, бухгалтерлік есеп дестелерін, қаржы менеджментін, құқықтық анықтамалық жүйелерді және басқаларын бөліп атаған жөн.:Қолданбалы БҚ-ға сервистік қызметің бағдарламалық құралдары жатады, олар пайдаланушының қолайлы жұмыс ортасын ұйымдастыру үшін (мысалы, ақпараттық менеджрлер, аудармашылар және басқалары) қызмет атқарады.

Пайдаланушының интерфейсі (User Interface) ақпараттық және бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Интерфейстің ақпараттық бөлігі экран, пернетақта (клавиатура), және тышқан (маус-мышь) болып табылады. Бағдарламалық бөлігі қазір ең алдымен графикалық бейнелеу түрінде (Graphical User Interface- GUI) анықталады.

GUI мына төмендегі төрт принципке негізделген:

  • Пайдаланушының жалпы интерфейсінің болуы; бит картасының болуы; жоғары шешім қабілеті; түрлі түсті дисплей;
  • What You See Is What You Get ( Көріп отырғанымның бәрі де бар);
  • Тікелей жасалатын амал- айла(манипуляция).

Пайдаланушының жалпы интерфейсі-компьютерге командалар берудің стандартты әдісін, қосымшалрмен саймандарының бірдей құрылымын (түсіп қалған меню, жетелеу жүйесі, т.б.) анықтайды. Бұл стандартты БҚ талдамасындағы жетекші фирмалар Apple, Microsoft және ІВМ ( тізім стандартты қабылдаудың хронологиялық тәртібінде келтірілген) қабылдаған.

Бағдарламалық    қамтамасыздандыру     ТҮАБЖ     функциясын     іске асыртаын және   ТҚК    берілген  функцияларын  қамтамасыздандыратын бағдарламалардың  жиынтығын ұсынады.  Оған  жалпы  және  арнайы  бағдарламалық қамтамасыздандыруын жатқызамыз.

Жалпы бағдарламалық қамтамасыздандыру тапсырыс берушіге есептеуіш техника құралдарымен бірге бір уақытта жеткізіледі. Оған бағдарламалық қамтамасыздандыру құралының бағдарламалар есептеуіш кешендерінің функционалдау ұйымдары, трансляцияланатын бағдарламалар, стандартты бағдарламалардың кітапханалары, басқа қызметтік және стандартты бағдарламалар. Жалпы бағдарламалық қамтамасыздандыру басқарудың және бақылаудың нақты есептерін шығаруға ешқандай қатысы жоқ, сондықтан олар нақты БЕМ-ң сипаттамасы мен құрамымен анықталады және де оның құрамы мен функционалды қолдануымен анықталады. Жалпы бағдарламалық қамтамасыздандыру ажырамайтын бөлігі болып тестілік жүйе — БЕМ-ң техникалық эксплуатациясы және наладкасын, жұмыс қабілеттігін тексеру үшін бағдарламалар жиынтығы.

Жалпы бағдарламалық қамтамасыздандыру құрамына SIMATIC — S7 конфигурациялауы үшін STEP 7 пакеті кіреді және де суреттеп көрсету және бейнелеу жүйесі үшін WinCC пакеті кіреді.

Арнайы бағдарламалық қамтамасыздандыру нақты ТҮАБЖ-ны құру кезінде жасалатын бағдарламалардың жиынтығын көрсетеді, ол ТҮАБЖ техникалық құралдарының жұмысын және функциясын іске асыратын бағдарламалар. Басқаша айтқанда, арнайы бағдарламалық қамтамасыздан-дыру объектегі  әртүрлі жағдайдағы басқару тәртібін анықтайды.

ТҮАБЖ-ы функционалдау үшін қажетті бағдарламалардың жиынтығы жүйенің бағдарламалық қамтамасыздандыруын пайда қылады, соған ұқсас техника құралдарының жиынтығы сияқты аспаптық қамтамасыздандыру пайда қылады. Кейде «бағдарламалық қамтамасыздандыру» орнына «математикалық қамтамасыздандыру» деп айтады.

АБЖ өзінің басқару және бақылау функцияларын орындаған кезде уақыттың әрбір интервалына барлық бағдарламаны пайдалана бермейді. Кейбір  бағдарламаларды  басқа  бағдарламаларға  қарағанда  көбірек  қолдануға  тура келеді. Сондықтан, кейбір бағдарламалар машинаның оперативті жадында қарастырылатын уақытында табылады, басқалары — оның сыртқы жадында, ал үшіншілері — магнитті таспаларда. Кез келген бағдарлама өзінің «жұмыс істеу» кезегі келгенде, машинаның оперативті жадысына еңгізілуі керек.

Жүйенің математикалық моделін (яғни, қолданылатын бағдарламалар жиынтығы) әдетте екі топқа бөледі: сыртқы математикалық қамтамасыздандыру және ішкі математикалық қамтамасыздандыру.

Бірінші топқа жоғарыда ескертілген басқару жүйесінің функциясын іске асыратын бағдарламалар. Оларға, мысалы мына бағдарламалар қатысады:

  • шекті жіберілетіндерге параметрлердің шығысын табу;
  • датчиктердің көрсетілуін фильтрациялау;
  • технологиялық     агрегаттардың    жұмыстарының    көрсеткіштерін технико-экономикалық есептеуі;
  • басқару объектісінде қауіпті  (авариялық),   алдын ала  авария жағдайларды анықтау;
  • реттеу   заңдарын   іске   асыратын   басқару   әрекеттерін   есептеу (мысалы, пропорционалды — интегралды);
  • технологиялық үрдістің  оптимизациясы  (мысалы,  «отын-ауа» оптималды қатынасын анықтау);
  • өндіріс жоспарының оперативті түзетуі;
  • басқару әрекеттерді ұсынылатын кездегі технологиялық үрдістің ағуын болжамды есептелуі.

Әртүрлі басқару объектілері үшін бірдей функцияларын іске асыратын бағдарламалар, әрине әртүрлі болып келеді.

Ішкі математикалық  қамтамасыздандыруға есептеуіш кешенінің функционалдауын  іске  асыратын,   АБЖ   ерекшелігіне   ешбір   қатыссыз берілген машинаның типімен бірге жеткізілетін және оның функциясының орындалуының нақты жиналуынан бағдарламаларды жатқызамыз. Бұл топқа келесі  бағдарламалар  жатады:

  • құрылғының  және әртүрлі бағдарламалардың «кезегін» ұйымдастыратын,  түрлі  есептер  үшін  жадының  зонасын  бөліп тастайтын   және   есептеуіш   кешенінің бөлек құрылғыларының жұмысын оперативті түрде байланыстыратын диспетчер;
  • трансляторлар;
  • есептеуіш кешенінің бөлек құрылғыларын басқару;
  • қызметтік,   мысалы,   есептеу  нәтижелерін  теру  кезінде,  кестені түзету үшін;
  • стандартты, жиі кездесетін функцияларды есептеу үшін подпрограммалар;
  • бүлінген жерлердің локализациясын және есептеуіш кешен құрылғысының түзетуін тексеру үшін тесттер.

Кейбір бағдарламалар (сыртқы және ішкі математикалық қамтамасыздандыру) кейде арнайы құрылғылармен ауыстырылады. Сонымен, кейбір функциялар бағдарламалық және аспаптық түрінде іске асырылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Н.Т. Ермеков «Информатика» 10-11 Алматы: Атамура 2003ж.

 

          http://kk.wikipedia.org

          http://www.bazernet.ru

          http://www.kkaobolashak.kz


Информация о работе Қазірігі заманғы компьютерді бағдарламалық қамтамасыз ету