Delphi программалау ортасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 09:08, реферат

Краткое описание

Обьектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі обьектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері – visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi (Делфи) обьектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual - көзбен көру, экрандық). Олар, әсірісе, Delphi программалау тілі - кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

Содержание

1. Кіріспе
2. Delphi-ді іске қосу. Delphi ортасы
3. Проект. Форма.Қасиеттер. Қасиеттер терезесі
4. Оқиғалар

Вложенные файлы: 1 файл

Delphi программалау ортасы.docx

— 224.98 Кб (Скачать файл)
  1. менщшіктеу;

  1. енгізу  терезесін  пайдалану;

  1. форманың Edit  компоненті өрісін  пайдалану.     

Меншіктеу  командасының  программада  жазылуы  әдеттегідей ,  мысалы,  х:=4.7;

Енгізу  терезесі  Delphi-дің  стандартты InputBox   функциясының  терезесі. Программада InputBox (енгізу  қорабы ) функциясын  пайдалану   командасының  жазылу үлгісі:

<айнымалы >:= InputBox (‘<тақырып >’,’<түсініктеме >’,’<мән>’)

мұндағы,

    айнымалы –мәні  енгізу  терезесіне  енгізілетін  жолдық  типті  айнымалы атауы (InputBox  функциясының мәні  әр  кезде  жолдық (String)  типті.  Мән меншіктелетін  айнымалы (х)  программада х: String; түрінде  сипатталуы тиіс);

Тақырып-енгізу  терезесінің  тақырыбы ретінде  жазылатын  мәтін;

Түсініктеме- енгізу  терезесінің ішінде  жазылатын түсініктеме мәтін;

Мән-енгізу  терезесі  көрінген кезде  оның  енгізу өрісінде  көрінетін мәтін. Әдетте оны бос  символдық етіп  енгізеді. Мысалы ,х:=4.7  меншіктеу  командасын InputBox функциясын  пайдаланып,  мынадай  түрде беруге болады:

   х:= InputBox (‘Аргумент  мәні ’,   ‘х:=’ ‘’ )

Команданың  орындалу  барысында  көрінетін терезе 1.6- суретте  көрсетілген .Терезенің  енгізу  өрісіне 4,7  мәнін  енгізіп,  ОК  түймесін  шерту керек (не КҚ клавишін  бауғада болады).

Ескерту. Windows-тың  күйге  келтіріліп  қойылуына  байланысты нақты  сан әдеттегідей  үтір (,) арқылы  бөлініп  енгізілуі мүмкін.  Ол меншіктелетін айнымалы  (х)  жолдық типті  болғандықтан, қажет болса, оны  сандық типті  етіп түрлендіру  керек.

 

1.6- сурет. Енгізу терезесі

 

2. Стандартты  типті- түрлендіру  функциялары:

                    1. кесте

Функция

Орындайтын іс -әрекетті

StrToFloat(x)

Кескіні  жолдық  типті  болатын  х нақты  санын  қалпына  келтіру

 

FloatStrTo (x)

 

х нақты  санын  жолдық типті ету

FloatStrToF (x,f,s,o)

х нақты  санын  форматты  жолдық  типке  түрлендіруүМұндағы f-формат (кескіндеу форматы ). Ол көбінесе  ffGeneral  не ffFidex  түрінде  жазылады;

s-барлық  цифрлар саны (дәлдік);

о-ондық нүктеден  соң жазылатын  цифрлар  саны (ондық дәлдік ), мысалы, FloattostrF(x,ffFidex,7.3 );

StrToInt(x)

Кескіні жолдық  типті  х бүтін  санаын   қалпына келтіру ;

IntToStr(x)

Х бүтін санын  жолдық типті ету

(IntToStr-Integer to string,  т.с.с.)


 

    

Ескерту. 1. FloatStrToF функциясының  форматын (f)  ffExponent   түрінде  жазуғада болады. Ол санды  экспонеттік етіп  дөңгелектейді.

  2. Delphi-де Турбо  Паскальда  қолданылатын  Str(x,s) және  оған кері   Val(s,x,code)  типті  түрлендіру  процедураларында  пайдалану мүмкін.Мысалы, x=25  болса, Str(x,s)   процедурасының орындалу  нәтижесі:s=’25’;s=’54’   болса  Val(s,x, code) процедурасының  орындалу нәтижесі :x=54,  code=0.

  

3. Берілгендерді жеке диалогтық терезеде шығару. Showmessage процедурасы

Delphi-де  берілгендерді Showmessage (мәліметтерді көрсету)  процедурасының терезесіне шығаруға  болады. Процедураның (оператордың) жазылу түрі.

Showmessage(s);

 Мұндағы  s-жолдық типті  өрнек .Егер  ол  сандық типті  болса  оны жолдық  типке түрлендіру  үшін s аргументінің  орнына типті  түрлендірудің  сәйкес  функциясын  енгізу керек. Мсыалы, s  нақты  типті  сан болса, оны  шығару  терезесінде  көрсету  операторының  мынадай түрде   жазылуы мүмкін:

      

Showmessag(FloatToStr(s));  не

Showmessag((FloatToStr(s,ffgeneral,7,3));

Жүйе  соңғы  операторды  оқып шығып,  жеті  цифрдан  тұратын  нақты санды  символдық типте шығару терезесінде  көрсетеді.

 

4. Берілгендерді  формада енгізу және шығару.  TЕdit, Tlabel, TButton класстары және олардың  қасиеттері

Компоненттер понеліне формаға оқиғаларды өңдеуіш процедуралар тудыратын түрлі компоненттер (интерфейс элементтерін) орнатып, программа нәтижесін форма терезесінде көрсету – Delphi-де визуальды прогрммалаудың ең түйінді негізі. Әсіресе, ол үшін компоненттер понелінің Standart бетінен мәтіндермен жұмыс істейтін TЕdit, мәтін енгізілетін TLabel және командалық TButton компоненттері жиі пайдаланады. Мысалы, формаға  Еdit1 редакциялау өрісін орнатып, оның Text қасиеті арқылы не іске қосу командасын берген соң оған курсорды енгізіп, клавиатура арқылы бір жолдық мәтін енгізуге және оны редакциялауға болды. (Оны таңдап, буфер арқылы формада орнатылған екінші Еdit өрісіне көшіруде мүмкін.)

Формада орнатылған Label, Еdit компоненттерінің Caption, Text қасиеттеріне праграмма арқылы қол жеткізу – паскальдағы жазу өрісіне қол жеткізу сияқты. Алдымен обьект атауы жазылып, одан соң нүкте қойылады да, оның соңына қасиет атауы енгізіледі. Қасиетке мән меншіктеу тәсілі әдеттегідей. Мысалы:

Label1. Caption:=’біз студенттерміз’;

      Еdit1 өрісіне енгізілген қарапайым мәтінді (S) Label1 –өрісіне шығару да мүмкін. Ол  үшін процедура денесін мынадай етіп алу жеткілікті (Еdit1. Text- Еdit1 обьектісінің Text қасиетін программа арқылы орындау әдісі):

Var s string;

Begin

S= Еdit1. Text;

Label1. Caption :=s;

End;

Формада TButton (түйме) компонентін орнатып, оны программаны іске қосу түймесі ретінде пайдалану қыйын емес.

Осы класстардың тағы да бірнеше қасиеттерін қарастырайық.

TLabel:

  • AutoSize: Boolean - компонент көлемі ішіне жазылған текстке қатысты өзгеру не өзгермейтіндігін белгілейді,

  • Layout: TТextLayout; - компонент ішіндегі тексттің вертикаль бойынша реттелу түрін анықтайды.

  • Transparent: Boolean; - компонент фоны мөлдір болуын не болмауын анықтайды.

TEdit:

  • BorderStyle: TSaticBorderStile; - компонент айналасында рамканың болуын (болмауын) анықтайды.

  • SelText: string; - тексттің ерекшеленген фрагменті (ТMemo классы үшін де тиісті).

тәсілдері (басқа да текстпен жұмыс істейтін компоненттерге де тиісті):

  • Procedure Сlear; virtual – бүкіл текстті жояды.

  • Procedure ClearSelection; - ерекшеленген текстті жояды.

  • Procedure CopytoClipboard; - ерекшеленген текстті алмасу буферәне көшіреді.

  • Procedure PasteFromClipboard;- алмасу буферіне көшірілген текстті курсор тұрған орынға қояды.

 

 

 

Программалау элементтері

Жоспар:

1. Берілгендер. Өрнек

2. Программаның жалпы  түрде құрлымы.

3.Тармақталу командасы.   Таңдау комадасы. Case операторы

4. Циклдер 

 

1. Берілгендер. Өрнек

Автоматты құрылғының не адамның өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық;символдық, мәтіндік т.б. инфармацияны(ақпаратты) берілгендер деп атайды.Программаны орындау барысында мәні программа мәтінінде көрсетілген қалпынан өзгермейтін шаманы тұрақты деп, мәні өзгеріп отыратын шаманы айнымалы деп, айнымалыға берілген атауды идентификатор деп те атайтыны беолгілі.

Delphi Object Pascal программалау тілін басшылыққа алып құрылған.Онда пайдаланылатын көптеген операторлар (нұсқаулар), кілттік сөздер, айнымалыларды сипаттау және программа құрылымы Турбо Паскаль программлау тіліне негізделген.

Delpihi-де жиі пайдаланылатын берілгендер типтері:

Integer, Real, Char, String, Boolean

(Integer-бүтін, real-нақты, char-символ, string-жол, booean-логикалық).

 

Айнымалы атауы үшін латын алфавитінің әріптерін және цифрлар мен кейбір басқа символдарды алуға болады, ол үшін кілттік сөздерді алуға және бос орын (‘’) символын енгізуге рұқсат етілмеген. Атау тек әріппен басталуы тиіс.

Жүйе атауды оқып шыққан соң мәшине жадында ол үшін арнайы ұяшықтар блогын бөледі де, мәнді сонда сақтайды (яғни айнымалы берілгендер сақталатын жад облысы).Айнымалы атауы программаның  var бөлімінде сипатталуы міндетті (variable-айнымалы, кілттік сөз).

Мысалы, программаға енгізілген

a1:=521;   a2:=45; a3:=7; a4:=5, 8; simb:=’k’;

меншіктеу командалары үшін айнымалылар мынадай түрде сипатталуы тиіс:

var a1:integer; a2, a3:byte; a4:real; simb:char;

мұндағы а2, а3 айнымалыларын integer арқылып сипаттап,

а1, а2, а3:integer;деп жазуға болады.

Ескерту. Мәндері integer типті болатын айнымалылардыңсипатталуы тиіс. Мысалы, а1:=40;  a2:=5;  b:=a1/a2; меншіктеу нұсқауларының орындалу нәтижесінде b мәні 8-ге тең, бірақ b-ның сипатталуы:b : real;

Өрнек- берілгендермен әрекет жүргізіліп, мән өндірілетін  тұжырымды жазу.Арифметикалық өрнектің, меншіктеу операторының, т.б. жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты, мысалы, y:=5/(3*x+1); z1:=’a; Мұндай операторлардың орындалуы үшін айнымалы атауы мен өрнек мәнінің типтері бірдей болуы тиіс.

Математикалық өрнекке түрлі операциялар енгізілуі мүмкін.

Мысал.

мәндерді қосу, азайту, көбейту, бөлу(+, -, *, /), т.б.;

mod (бүтін сандарды бөлуде шығатын қалдық );

div (бүтін сандарды бүтін бөлу);

and (және), or (немесе), not (емес );

chr (13) не #13-жаңа жолдан бастау коды.

Өрнекке енгізілген плюс (+) таңбасы элементтердің типі не сәйкес түрлі әрекеттер орындайды:

-сандарды қосу;

-жолдық типті берілгендерді біріктіру (жалғастыру).

and, or, not-құрама шарттарда пайдаланылатын  кілттік сөздер.

Программаға енгізілген математикалық өрнекте типтерді түрлендіру функциялары жиі пайдаланылады.

 

2. Программаның  жалпы түрде құрылымы

Программаға ретімен мынадай  бөлімдердің енгізілуі мүмкін (программа құрылымы):

программа тақырыбы (procedure не function);

ен бөлімі (label);

тұрақтылар бөлімі (const);

айнымалылар бөлімі (var);

қосалқы программалар бөлімі (процедуралармен функциялар);

операторлар бөлімі.

Delphi-де тиянақты бір іс-әрекетті орындайтын программалық элемент жеке процедура арқылы жазылады.Мысалдар келесі тақырыпта берілген.

 Түсініп оқуға жеңіл  болуы үшін күрделі программаның  қажетті жерлеріне түсініктеме мәтіндер енгізіліп қойылады. Түсініктеме оператор алдында енгізілсе, фигуралық жақшалар ({}) ішінде орналастырылады. Егер ол оператор соңында енгізілсе, алдында\\ (екі теріс көлденең сызық) символдары жазылады.Соңғысын тек бір жолдық түсініктемеде пайдалану мүмкін. Мысалы,

1.{Трапеция ауданы}

   s:=(a+b)*h/2;

2. s:=(a+b)*h/2;         \\ трапеция ауданы

 

Компьютер түсініктемені оқымай тастап кетеді, ол тек пайдаланушыға программаның жазылуын түсінуді  жеңілдету үшін қажет.

 

3.Тармақталу командасы.   Таңдау комадасы. Case операторы

Тармақталу командасының қысқа және толық нұсқалары бар. Олардың жазылу түрлері.

 

if p then s                                // қысқа нұсқа

if p then else s2                       // толық нұсқа

 

мұндағы Р- шарт, S, S1, S2- орындалу тиіс сериялар (бір блоктық оперторлар). Егер блок бірнеше операторлардан тұрса, олар бір құрама оператор ретінде қарастырылып, begin-end операторлық жақшалардың ішінде жазылады (мұндағы ескертетін жайт- программа денесі де бір сыртқы блок ретінде қарастырылады):

 

if  p then begin

                    S1

                 end

   else begin

                S2

          end;

  Блокқа   енгізілген тек біреу болса, оны операторлық жақшаларға алу міндетті емес.

   If (егер)  командасының орындалу стандарты Паскальдағы сияқты: егер шарт орындалса, онда then кілттік сөзінен соң жазылған блок, шарт орындалмаса else кілттік сөзінен соң жазылған блок орындалды.

 

Таңдау командасы- көп сериалы тармақталу командасы. Әдетте ол Case (қорап) операторын пайдаланып құралады.

Оператордың жазылу үлгісі:

       Case өрнек of

                   1-тізім: begin

                                        S1

                                          end;

                     2-тізім: begin

                                          S2

                                      end;

               n- тізім: begin

                                     Sn

                                 end;

                     end;

мұндағы

     өрнек- мәні бойынша сәйкес тізім нұсқаулары (S1, 2, …, Sn) орындалатын өрнек. Көбінесе ол мәні case операторының алдында енгізілетін айнымалы түрінде алынады;

  k- тізім сұрыптаушы (таңдаушы) делінеді Ол үтір  арқылы ажыратылып жазылатын тұрақтылар тізімі  (к=1, 2, …n).

   Тізім орнына бір тұрақтыны не тұрақтылар аралығын алуға болады. Ралық екі нүкте арқылы ажыратылып жазылады.  Мысалы: 3.4.5.6 тізімін 3...6 аралығымен ауыстыру мүмкін: егер айнымалы (х)мәні (-¥;2) аралығында алынса таңдаушыны x<2 деп жазуға болады. Сәйкес тізім нұсқаулары орындалып болған соң басқару case операторынан соңғы нұсқауға беріледі. Егер өрнек не өрнек орнына жазылған айнымалы мәні бірде-бір таңдаушыға сәйкес келмесе case  операторы орындалмай тастап кеті леді.

 

4. Циклдер 

Циклдердің  қолдану  тәсілдері  стандартты  Турбо  Паскальдағы  сияқты.While(әзірше),  Repeat (дейін), For(үшін)  циклдік  құрылымдардың   жазылу  үлгілері:

  

1) While P do

                Begin

                    S

     End;

     

2)  Repeat

              S

      Until (not P);

   

3)  For   k:=k0  to  kn  do

              begin

                     S

                  End;

        

           Мұндағы         P-шарт; do -орындау  (кілттік  сөз);

                                    S – цикл  денесі;

Информация о работе Delphi программалау ортасы