Html тілінің негізгі түсініктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 23:52, реферат

Краткое описание

Гипертексті бөлу негізіне құжаттың әрбір элементі тегтерімен қоршаған элементтердің жиынтығы түрінде көрсетуге болатын құжатты сипаттаудың тегтік моделі жататын болған. Өзінің мәні бойынша тегтер программалау тілдеріндегі «BEGIN / END» жақша ұғымдарына жақын және локальды айнымалылардың HTML аттарының арасындағы амалдардың облысын білдіреді, құжаттағы тексттік элементтерді түсіндіру ережелерінің амалдарын анықтайды және т. б.

Содержание

І тарау. Html тілінің негізгі түсініктері
Html құжатының құрылымы
Арнайы символдар тэгі
Басқа құжаттар мен файлдарға сілтеме
Интернеттің өзге ресурстарына сілтеме жасау
ІІ тарау.Фреймдер
2.2.Фреймдерді қолдану салалары, жазу ережелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

отчет.docx

— 39.36 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 

Кіріспе

І тарау. Html тілінің негізгі түсініктері

    1. Html құжатының құрылымы
    2. Арнайы символдар тэгі
    3. Басқа құжаттар мен файлдарға сілтеме
    4. Интернеттің өзге ресурстарына сілтеме жасау

ІІ тарау.Фреймдер

2.2.Фреймдерді қолдану  салалары, жазу ережелері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

HTML   гипертекстік  тілін  1989  жылы   World   Wide   Web  

гипертестік  жүйесін  бөлудің  өңдеу  технологиясының   компоненттерінің   бірі  ретінде Тим  Бернер Ли ұсынғаны белгілі.

Гипертексті  бөлу  негізіне  құжаттың  әрбір  элементі  тегтерімен  қоршаған   элементтердің   жиынтығы  түрінде  көрсетуге  болатын   құжатты   сипаттаудың  тегтік  моделі  жататын  болған. Өзінің  мәні   бойынша  тегтер  программалау   тілдеріндегі  «BEGIN / END»   жақша  ұғымдарына   жақын  және  локальды    айнымалылардың  HTML   аттарының  арасындағы  амалдардың  облысын  білдіреді,  құжаттағы тексттік  элементтерді   түсіндіру  ережелерінің  амалдарын   анықтайды  және  т. б.

Өзімізге белгілі, интернет пайдаланушылары қарастыратын Web-сайт ақпаратты бет түрінде сақтайды. Әрбір осындай Web-бет HTML тілінде жазылған мәтіндік файл түрінде жазылуы тиіс. Броузер осы бетпен байланысқанда  файлды негізге ала отырып бет  түрін жасап  шығарады. 

Мұндай технология Web-беттердің  мазмұнын пайдаланылып отырған броузердің  типіне  қарамастан  өзгеріссіз  бейнелеуге мүмкіндік  береді.

Қазіргі кезеңде Web-құжаттарды құрудың көптеген программалық өнімдері бар. Олар HTML-файлдағы жолдық мәтіндерді теру қажеттілігінен арылтады. Бірақ  біздің мақсатымызда кез келген Блокнот  не WordPad мәтін редакторлардың болуы  жеткілікті.

Сонымен, Web- беттерді дайындаудың  стандартты процедурасының маңызы мынада: HTML-файлының мәтінін қолда бар  кез келген мәтін редакторында теріп  алып .html кеңейтілуімен сақтаймыз. Сонан  соң  файлды  кез–келген Интернет - броузердің көмегімен ашып алып өзіміз құрған бетті тамашалаймыз.

HTML  тілінің  жалпы  құрылымымен  танысайық. Бұл  тілде жазылған кез-келген құжат  беттің мәтін жолдарынан және  басқару символдары – тэгтерден  тұрады. HTML-дің барлық тэгтеры  міндетті түрде бұрыштық жақшаларға < > алынады. Ережеге сай бастапқы  тэг және аяқтауыш тэгтер пайдаланылады. 

Мысалы кез-келген HTML-құжаттың бастапқы, аяқтауыш тэгтері <HTML> және </HTML> жазылады. Көрініп тұрғандай, аяқтауыш тэг бастапқыдан слэштің (/) келуімен  ерекшелінеді.

 

 

І тарау. Html тілінің  негізгі түсініктері

 

HTML-құжатарында белгіліеу  модельдерінің негізі ретінде  тегтер моделі қабылдалынған.  Тегтер моделі құжатты контейнерлер  ретінде түсіндіріледі, мұндағы  контейнерлер дің әр қайсысы  тегтермен басталып, тегтермен аяқталады.  Яғни HTML құжаты кәдігімгі ASCII- файлға HTML басқару кодтары (тегтері) қосылған  файл болып табылады.

HTML-құжатының тегтері  көбінесе қолдануға және түсінуге  жеңіл. Себебі олар ағылшын  тілінің көпқолданбалы сөздерінен  түсінікті түрде қысқартылып  және белгіленіп алынған. HTML-тегі  өзінің атынан, міндетті және  міндетті емес атрибуттардан  тұрады. Тег мәтіні бұрышты жақшалармен  қоршалады. Мысал ретінде қарапайым  варианттардың бірі: <HEAD> немесе <i>. Тегтердің күрделілігі олардың  атрибуттарында болып табылады. Мұндағы атрибуттар тегтердің  функцияларын өзгерту үшін қолданылады  (көлемін, ұзындығын, түрін және  т.б.).

Тегтер атрибуттары оның атынан кейін жазылады және бір-бірінен  бір немесе бірнеше табуляция, пробел немесе жол басына қайтару символдары арқылы ажыратылады. HTML тілінде тегтер атрибуттарын кезекпен жазуды керек  етпейді. Атрибуттың мәні атрибут атынан соң жазылатын теңдік белгісінен кейін жазылады. Егер атрибут мәні бір сөз немесе сан болып келетін  болса, онда оны ешбір қосымша  белгілеусіз теңдік белгісінен кейін  жаза беруге болады. Басқа жағдайларда  атрибут мәндерін бірлік немесе екілік тырнақшаларға алып жазу керек, әсіресе  егер олар пробел арқылы бөлінген бірнеше  сөз болса. Атрибут мәнінің ұзындығы 1024 символға дейін рұқсат етілген. Мысалға, әсіресе HREF атрибутының мәні ретінде  басқа құжаттардың адресін (URL) көрсеткенде  керекті регистрді қолдану маңызды  болып табылады.

Көп жағдайларда HTML тегтері  бастапқы және ақырлы компоненттерден  тұрады және олардың арасына мәтін  және басқа да құжат элементтері  орналасады. Жабушы тегтің аты бастапқы тегтің атына сәйкес болып келеді, бірақ жабушы тегтің атының алдына көлденең сызықша (/) қойылады. Мысалы, шрифт түрі <i>-курсив тегі үшін жабушы сыңары </i> түрінде болады. Жабушы тегтер үшін атрибуттар ешқашанда қойылмайды, қойылса да ол атрибут қабылданбайды. Мәні бойынша тегтер әмбебап программалау тілдерінің “begin \ end” белгілеулеріне түсінігі бойынша өте ұқсас болып  келеді. Тегтер құжаттың мәтіндік интерпретациялау шартының әрекет ету ауданын анықтайды.

Ішкі тегтерді қолданғанда  құжатта ерекше ұқыптылықты сақтау керек. Ішкі тегтерді соңғысынан бастап бастапқысына қарай жазып шығу керек. Кейбір HTML тегінің жабушы тегтері  болмайды, өйткені олар автономды  элементтер болып табылады. Мысалы, бейнелер тегі <IMG> жабушы компонентті  қажет етпейді. Автономды тегтерге тағы да <BR>- жолдарды айыру, <HR>-көлденең сызық және көрсетілетін нәтижеге әсер етпейтін, тек қана құжат туралы ақпараттар сақтайтын <META> және <BASE> сияқты тегтер жатады.

Кейбір жағдайларда жабушы тегтерді жазбаса да болады. Көптеген браузерлер құжат мәтінін өңдегенде  бастапқы тегті алдыңғы тегтің жабушы тегі ретінде қабылдайды. Ең көп  тараған мұндай тегтің түрі абзац  тегі - <P>. өйткені оны құжаттарда жиі қолданады және оны әдетте әр абзац алдына жазады. Бір абзац  біткеннен кейін келесі <P> тегі браузерге осы абзацты аяқтап жаңа абзац бастау керектігін көрсетеді.

Басқа бір жабушы тегтер түрі, жоқ болса да нәтижеге әсер етпейді және браузерлер оларсыз  еш мүлтіксіз істей береді. Оларға мысал ретінде </HTML> тегін алуға  болады. Сөйте тұрса да, әр жабушы тегтерді қойып отырған дұрыс. өйткені  құжатты өңдеуден өткізгенде кейбір жаңылулар мен қателер болуы  мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.Html құжатының  құрылымы

 

HTML құжаты сол құжаттың  негізгі мәтіні мен белгілі  тегтер деп табылады. Сондықтан  оны құрастыру үшін жай мәтіндік  редакторды, Windows ортасындағы блокнотты  пайдалана беруге болады.

1. HTML құжатының кез-келгені <html> тегінен басталып  соған сәйкес жабылу </html>  тегімен аяқталады.

2. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптың бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады. Құжатың тақырыптық бөлігі <head> типтерінің ортасында тұруы, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте бұл бөлікті <title> тегтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Бұл атау терезе тақырыбында тұратын функцияның аты.

3. Жазылатын мәтін құжат тұлғaсы деп аталатын <body> </body> тегінің ортасында жазылады. Осы айтылған 4 тег HTML құжатының кез-келгенінде болуы тиіс.

Мысалы: <html> <head> <title> құжат тақырыбы </title>

</head>

<body>

бұл мәтін экранға шығады

</body>

</html>

Құжаттың функционалдық  бөліктерін анықтау.

1. HTML тілі құжаттардың  ішкі тақырыптарының көлеміне  қарай 6 түрлі деңгейін жасай  алады. Олар: <h1>…</h1>     <h6>…</h6> жалғасады.

2. Жаңа жолдан басталатын  абзацтарды белгілеу үшін <p> тегі  қолданылады. Бір абзацты жаппай  жаңа абзацты бастап кетсек , алдыңғы  абзац автоматты түрде жабылады. Сондықтан <p> тегін жаппаса  да болады. HTML тілінде азат жолдан  басталмайды, тек абзацтар арасында  бір бос жол қалдырылып кетеді. Көбінесе абзацтарды анық етіп  бөліп тұру  үшін көлденең горизонталь  сызық қойылады. Көлденең сызық  қою <hr> тегімен орналастырылады.  Оның жабу тегі болмайды.

3. Сөз арасында қойылған  бірнеше бос орынның тек біреуі  ғана көрініп тұрады. Сол сияқты  келесі қатарға көшіретін Enter пернесі де HTML тілінде ешбір әсер  етпейді.

Егер абзац жасап бос  жол қалдырмай жаңа жолға көшу қажет болса, онда жалғыз қолданатын <br> тегін пайдаланамыз.

 

1.2.Арнайы символдар  тэгі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.Басқа құжаттар  мен файлдарға сілтеме

 

Құжат басының атрибуттары  болмайды. Құжат басы тегтерінің негізгі  міндеттері – бүкіл құжаттың көріну параметрлерін баяндау. Мұндай параметрлерге  құжатты көрсету стилін, жалпы  базалық гипермәтіндік сілтеме  адресін, жалпы гипермәтіндік сілтемелерді, идентификаторды, құжат атын және т.б. жатқызуға болады. Төменде тек  қана жиі кездесетін контейнерлер берілген.

Ең жиі қолданылатын құжат  басы тегі – TITLE құжат аты болып  табылады. TITLE-дің жазылу тәртібі  келесідей: 

<ТIТLЕ> Құжат аты  </ТIТLЕ>

TITLE тегінің құрамы құжат  аты өрісінде көрсетіледі. 

BASE тегі URL формасындағы гипермәтіндік  сілтеме формасымен байланысты. Себебі, URL спецификациясы құжаттардың  екі формасын анықтайды: толық  және толық емес URL адрес формасын  қолдануға болады. Бірақ толық  емес спецификация формасын қолдану  үшін оны бір нәрсеге базалау  керек, яғни толық емес URL формасынан  толық URL формасын құру үшін  базалық адресін беру керек. BASE тегі осы базаны анықтауға  мүмкіндік береді. Солайша, егер  құжат басынана келесі қатар  берілетін болса:

<BASE HREF="http://www.site.kz/>

онда гипермәтіндік сілтеме  түрі:

<A HREF="/catalogue/index.html">

келесі түрге дейін  кеңейтіледі:

<A HREF=”http://www.site.kz/catalogue/index.html”>

Бұл басқа да құжат тегтерінің импорттаушыларына да әсер етеді. Графикалық бейне құжатында келесі команда  бойынша көрсетілсе:

<IMG SRC="/gif/test.gif">

онда ол келесі адрес бойынша  ізделінеді:

<IMG SRC=' http://www.site.kz/gif/test.gif'>

BASE тегі құрамы қолданушы  интерфейсімен тура көрсетілмейді.

META тегі HTML спецификациясында  жоқ конструкцияларды құжат басында  анықтауға арналған. Үш атрибуты  бар: NAME, CONTENT, HTTP-EQUIV. Бұл тегтің күрделілігі  – бұл тег арқылы енгізілетін  конструкцияны интерпретациялау  үшін сервердің немесе қолданушы  интерфейстің конструкцияны қолдана  білу және шифрын оқи білу  мүмкіншілігі болуы қажет. Мұндай  жұмыс түрі үшін программа  SGML конструкцияларын интерпретациялауы  қажет. Бірақ ол ешбір интерфейсті  программада қамтылмаған. Практика жүзінде бұл тегті тек құжаттың басына HTTP-EQUIV атрибуты арқылы анықталған HTTP ақпараттар протоколы бойынша енгізу арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол келесі түрде болады:

<META HTTP-EQUIV="Keywords" CONTENT="Plasma, Nuclear Physics">

Мұндай қолданымнан соң HTTP пакетінің басына келесі қатарлар қосылады: Keywords: Plasma, Nuclear, Physics. Мысалға, бұл почта арқылы жіберу кезінде  өте ыңғайлы.

META контейнерінің ең тиімді  қолданылымын демонстрациялық роликтерді  құру үшін пайдаланады. Мұндай  жағдайда көрсетілетін беттің  өзгеруі Refresh (яғни, құжат өңделу  уақытында) параметрінде құрылады. Құжат басына META контейнерінің келесі  түрі жазылады:

<META HTTP-EQUIV="Refresh": CONTENT=“0, URL=next.html”>

бұл құжат басында шығатын HTTP протоколының хабарламасымен бірдей болып табылады. Ол келесі түрдегідей болады:

Refresh = 0; URL=next.html <LF>

Бұл негізінен құжаттың браузер  қосылғаннан кейін ауысқандығын білдіреді. Сонымен қатар жаңа құжат  ретінде URL параметріндегі құжат қолданылады.

Гипермәтіндік торап құрылымы гипермәтіндік сілтемелермен беріледі. Гипермәтіндік сілтемелер дегеніміз  – басқа HTML құжатының немесе INTERNET ақпарат қорының адресі.

Гипермәтіндік сілтемелерді жазу үшін WWW жүйесінде арнайы форма  құрылған болатын. Оның атауы - UNIVERSAL RESOURCE LOCATOR. Осыған мысал ретінде төмендегіні  келтіруге болады:

Этот текст содержит <A HREF="http://www.site.kz/catalogue/index.html"> гипертекстовую ссылку</A>

Жоғарыда келтірілген  мысалда HTML-да якор (anchor) деп аталатын ”А” тегі URL түрінде сілтемені  жазу үшін “HREF” (HYPERTEXT REFERENCE) атрибутын  қолданады. Бұл жоғарыда көрсетілген  сілтеме ”http” протоколы арқылы ”www.site.kz” серверінің ”catalogue” директориясында  орналасқан ”index.html” құжатына көрсетіп тұр.

HTML-дағы гипермәтіндік  сілтемелер екі түрге бөлінеді: контексті және жалпы гипермәтіндік  сілтемелер. Контексті гипермәтіндік  сілтемелер деп құжатқа енгізілген (ішіне енгізілген) сілтемелерді  айтамыз. Ал жалпы гипермәтіндік  сілтемелерге бүкіл құжатпен  байланысы бар және құжаттың  кез-келген бөлігін көрсету мүмкіншілігі  бар сілтемелер жатады.

1.4.Интернеттің өзге ресурстарына сілтеме жасау

Информация о работе Html тілінің негізгі түсініктері