Paint редакторы туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2015 в 21:28, реферат

Краткое описание

Графикалық редактор – графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген суретпиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер арқылы салынады, ал нүктелердің әркайсысы түрлі түске бояла алады.

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовой.doc

— 225.50 Кб (Скачать файл)
  1. Кіріспе.

1.1 Paint редакторы туралы түсінік.

Графикалық редактор – графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген суретпиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер арқылы салынады, ал нүктелердің әркайсысы түрлі түске бояла алады. 
Paint (Paintbrush) – Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан професионалды графикалық редактордан біршаматөмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеоу онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталды. 
Компьютер графикалық құрудың және графикалық кескіндерді реакциялаудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады.Ең қарапайым графикалық редакторлар сурет салуға,әртүрлі бояу жаққышты пайдаланып,суреттерді әр түрлі түске бояуға қалыңдығы мен түсі әртүрлі сызықтарды сызуға,суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді.Бұдан күрделірек графикалық редакторлар арнайы эффектілерді :көлем,көлеңке жасауды, суреттің бір бөлігін үлкейтуді түстерді өңдеуді және түзетуді бірінші кескіннен екіншісіне біртіндеп өтуді т.б.орындауға мүмкіндік береді.редакторлар әртүрлі пішімді кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Стандартты кескіндердің,суреттердің және дайындамалардың өте үлкен кітапханалары бар,оларды пайдаланып тіпті сурет салудан хабары жоқ адам да қажетті суретті жылдам салып шыға алады. 
Paint сурет салу бағдарламасы әртүрлі графикалық кескіндерді салуға,реакциялауға мүмкіндік береді.Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. 
Paint бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows-тың басқа қолданбаларын алмастыру буферге көшірілген дайын суреттерді қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді қоюға болады. 
Программа терезесі 
Редакторды іске қосу үшін (Windows 3.х) «Реквизиттер» тобындағы Paintbrushбелгісін таңдаңыздар. 
Ал Windows 98 жүйесінде Іске қосу→ Программалар→ Стандартты → Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның құрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтермен (жұмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары)бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар.Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар. Кез келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың бейнесі (белгісі) айқын түспен ерекшелінеді. 
Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер политрасы орналасқан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен және фон түсімен. Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбұрыш тұр, осылардың үстіңгісі – негізгі түсті, ал астыңғысы – фондық түстерді көрсетеді.кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын шерте отырып – фондық түсті өзгертуге болады. 
Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:

  • аэрозоль болонының сиясының ені;
  • өшіргіш (ластик) ені;
  • бояуыш немесе қылқалам (кисть) ені.

Жұмыс аумағы – салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тіктөртбұрышты ауданы. Егерде мөлшері жұмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда терещзе шеттерінде жылжу сызықтары пайда болады. Олар экран бетінде жилжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді. Ал егер жұмыс аумағынан кіші сурет салынса, онда ол терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында қара жақтаулармен қоршалып көрсетілетін болады. 
Қолданылатын аспаптар Paint аспаптарын іс жүзінде игеоуге кіріспес бұрын ескертетін бір жайт – редакторда жұмыс істей барысында соңғы орындалған әрекетті өзгерту мүмкіндігі бар. Өзгерту операциясы алғашқы кезде жиі қолданылады. Оны іске асыру үшін менюдегі Түзету → Өзгерту {Ctrl+Z} (Редактирование → Отменить) командасын таңдау керек. 
Аспаптар тақтасы қарапайым суретшінің аспаптарының жиынына ұқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапқа Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу жұмысын атқарады. Мұндай аспапты таңдаған соң, «тышқанның» стандартты курсоры Қылқаламға айналады. Тыщқанның сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей) курсорды экран бетімен жылжытсаңызкурсор артында із қалдырады, оның түсі сол мезеттегі тағайындалған түске сәйкес болады. 
Мұнан төмен орналасқан аспап – Аэрозольді баллон немесе Шашыратқыш. Оны таңдап алғаннан кейін тышқан курсоры косу символына ұқсас таңбаға айналады. Енді сол жақ батырманы басып тұрып курсорды экран бетімен жүргізсе, оның артында шашыраған бояуға ұқсас із қалады.              
Тақта құлрамында екі түрлі өшіргіш (ластик) бар, олардың қарапайым өшіргіштен басты айырмашылығы белгілі бір түспен өшіреді. Бірінші ластик барлық кескіндерді фондық, түспен өшіруге арналған. Ал екінші өшіргіш негізгі түспен боялып салынған барлық фрагменттерді ғана фондық түске айналдыра отырып өшіреді.  Бірінші өшіргіш арқылы кейінен керекті фондық түсті таңдап алып, экрандағы әртүрлі түстегі бейнелерді жаңа фондық түске бояуға болады. Осы тәсілді пайдалану кезінде тышқанды екі рет шертсек, онда курсор маңы бірден фондық түске боялады.       
Екінші түрдегі өшіргіш арқылы өзімізге қажет негізгі және фондық түстерді тағайындаған соң, өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагменттер фондық түске бояла бастайды. Осы тәсілмен тышқанды екі рет шерту суреттегі курсор маңындағы бір түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне бірден өзгнртуге мүмкіндік береді (яғни, дәл осы уақытқа дейін негізгі түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді). 
Сызықтар мен доғалар Paint редакторы аспаптарының көмегімен белгілі бір қалындықпен берілген түзу сызықтар мен доғаларды сызуға болады.       
Геметриялық фигуралар Paint редакторында тіктөртбұрыштар, эллипстер және көпбұрышты тұйық сызық сызатын арнайы аспаптар бар. Барлық фигуралардың контуры берілген қалыңдықтағы негізгі түстегі сызықтармен салынады. Фигуралардың іші бос болуы мүмкін немесе белгілі бір түспен бояуға да болады. Аймақатрдың ішін бояу Paint редакторы тұйық сызықтар ішін негізгі түсін бояуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Білік (валик) аспабын таңдап белгілеп алып курсор кішкене білік түрін айналғанда, оны тұйықталған аймақтың кез келген ішкі нүктесіне алып барып, тышқанды шерсе болғаны.Тұйық аймақты бояу барысында оны қабырғаларының үздік жері болмауын қадағалап отырыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Негізгі бөлім.

 

2.1 Delphi туралы түсінік.

Жұмыстың мақсаты графикалық редактордың жұмысын атқаратын, яғни  геометриялық фигуларды салуға, сурет салуға болатындай бағдарлама Paint гра құру.

Delphi (Де́лфи) — аттас жобалау  ортасында қолданылатын бағдарламалау тілі. Алғашқыда бұл бағдарламалау тілі Object Pascal деп аталатын болған. Delphi 7.0 жобалау ортасынан бастап, Borland компаниясының ресми іс-қағаздарында Delphi атауы Object Pascal тіліне қатысты қолданыла бастады. Бастапқыда Delphi жобалау ортасы Microsoft Windows қосымшаларын әзірлеуге қолдануға ғана шығарылды. Кейін GNU/Linux платформаларында да жүзеге асырылды, бірақ 2002 жылы Kylix 3 шыққаннан кейін бұл жоба тоқтатылды. Осыдан кейін Borland компаниясы өзінің Delphi жобалау ортасының Microsoft .NET платформасын қолдайтындығы туралы ресми мәлемдеме жасады.  
Delphi бағдарламалау ортасының интерфейсі.

Тарихы.Delphi – Turbo Pascal тілінің дамуы нәтижесінде пайда болған бағдарламалау ортасы, ал Turbo Pascal, өз кезегінде Pascal тілінен дамытылған. Паскаль толықтай процедуралық тіл болып табылған. Turbo Pascal-дың 5.5 нұсқасынан бастап объектілі бағытталған қасиеттер пайда болды. Осы кезден бастап Object Pascal тіліне мәліметтер типтерінің динамикалық идентификациясы қосылды. Бұл қасиет компиляцияланатын кодта кластар метамәліметтеріне рұқсат ету мүмкіндігін қосты. Бұл технология RTTI (Runtime Type Information) атауын алды.

Borland корпорациясы аз ғана  мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі  версиялары мен бірнеше модификацияларын  шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтамассыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесінде “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.

Жалпы қазіргі уақытта Delphi, MathCad, Maple туралы алған білімдердің болашақ мамандар және қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай пәндерді игеру үшін көптеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылуда. Мысалы, Delphі ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде Фаронов, Культин Н секілді жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал компьютерлік математикамен танысуда жазушы В.И.Дьяконовтың еңбектерінің орны ерекше.

Delphi Windows жүйесiнде программалаудың ыңғайлы құралы.Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзiрiн құру,анимация, мультимедиа процестерiн ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистiк қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс iстеу және т.б. iс-әрекеттердi орындау да мүмкiн. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.

Delphi екi түрде дайындалған: бiрiншiсi – күрделi қосымшаны бiрлесiп  дайындаушылар үшiн (Delphi Client – Server),екiншiсi – қалған программалаушылар үшiн (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрi. Ол тек маман программаушылар емес, барлық Delphi - мен жұмыс iстеушiлерге арналған. әдетте пайдаланылатыны – екiншi түр.

Delphi-дi Паскаль программалау  тiлiмен жұмыс iстеген адамдардың  меңгеруi көп қиындық келтiрмейдi. Бiрақ, мұнда программалауды үйрену үшiн объект, оқиға, қасиет түсініктемелерiмен еркiн танысып, онда компоненттердi пайдалану және әдiстер деп аталатын түрлi командалардың жазылу түрлерiн бiлу қажет. Жалпы, Delphi-де пайдалылатын процедуралар (әдiстер) мен түрлi кластарға, компоненттерге енгiзулi мәндер меншiктелетiн қасиеттер көп. Нақты есептердi шешу программаларын құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де программалауды үйренуге болады. Ол үшiн кiтапқа енгiзiлген программаларды iс жүзiнде орындап, оларға түрлi өзгерiстер енгiзiп, жаттығу да мүмкiн. Жетiстiк тек тәжiрибеге байланысты.

Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB –парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.

Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену , түсіну және логикалық ойлауға өте қарапайым, әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар. Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды.Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды. Delphi – де шамамен 200 – ге жуық дайын компоненттер бар. Delphi-де программа құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді.

DELPHI – бұл Borland International-дың  қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер “ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және "файл-серверлік" архитектурасында жұмыс істейді.

DELPHI тілі объектілі –  бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. DELPHI-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын кәсіби өндеуде өзінді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.Delphi 6 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi 6 ерекшелігі: көптеген Delphi 6-да құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады.

Программалардың сәйкестендірілуі үлкен роль атқарылады. Бұл аппаратпен қамтамассыздандырумен байланысты (HardWare) жекелеген жағдайда

- Мобильді компьютерлерді  тарату кең ауқым алуымен байланысты.

Дыбыс, сурет, тексттік және цифрлық типтермен берілген информацияларды беру және оқыту, алу үшін арналған техникалық жабдықтардың әрі қарай дамуы. Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi 6-дан өздерінің есептерін шешу үшін идеал көмекші құрал тапты. Delphi 6-дің Visual Basic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы делінеді.

Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі ол- көмекші жүйесінінің күштілігі.

Delphi 6-да басқа да қазіргі  программалау ортасы сияқты, объектілі  бағытталған программаларға негізделген. Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді. Delphi 6 қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.

2.2 Delphi программалау жүйесі

Delphi 6 ортасын жүктегеннен  кейін экранда интегралданған  программаланған ортасының терезесі  пайда болады: негізгі терезе, проектілеу  ортасы код редакторы және  объектілер инспекторы.

Информация о работе Paint редакторы туралы түсінік