Қазақ өнерінің тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2013 в 14:00, реферат

Краткое описание

"Қазақ өнерінің тарихы" - ежелгі кезеңнен біздің дәуірімізге дейінгі аралықтығы Қазақстан көркем мәдениетінің әртүрлі саласын қазақ халқының өзіндік этникалық мәдениетінің даму нәтижелерінің жиынтығы ретінде талдап көрсететін алғашқы жүйелі ғылыми еңбек. Өнер туындыларының ауқымды мұрасын ашып көрсетуге бағытталған осы көлемді еңбекті жазуға Қазақстан өнерінің сабақтас дамуы тұжырымдамасы негіз болды.
Бұл басылымның ерекшелігі - авторлар мен құрастырушылардың Қазақстан мәдениетін біртұтас материалдық, рухани және көркем феномен ретінде көрсетуге ұмтыла отырып, біздің еліміздегі бейнелеу, музыка және театр өнерлері дамуының жалпы процестерін зерттеп көрсету.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақ өнерінің тарихы.docx

— 24.45 Кб (Скачать файл)

"Орта ғасырлар кезеңіндегі  көркем қолөнер кәсібі" бөлімінде  темір, қыш, ағаш, көн және сүйектен  жасалған көркем бұйымдар өнері  дамуының тарихы қарастырылған.  Мұнда ортағасырлардағы Қазақстанда  өзіндік маңызды роль атқарған  қалаларда пайда болған мәдениет, ғылым, қолөнер мен сауданың  дамуын зерттеуге аса көңіл  бөлінген.

"Орта ғасырлардағы  киіз басу, кілем тоқу, кесте тігу, шым-ши тоқу өнері" бөлімінде  ортағасырлар кезінде қалыптасқан  киіз басу, кілем бұйымдарын жасау,  кесте және ши тоқу технологиясы, композициясы мен аймақтық ерекшеліктері  қарастырылған.

Сонымен, бейнелеу өнеріне  арналған тарауда қазақ халқының рухани өміріндегі адамдардың тұрмыс-тіршілігінен туындайтын дүниетанымымен тығыз байланысты ежелгі ескерткіштердің,  петроглифтер мен нышандардың қалыптасуы мен болмысы зерттеледі.

"Қазақстанның орта  ғасырлардағы музыка мәдениеті" деп аталатын ІІ бөлімі музыканың қалыптасуы мен болмысына қатысты орта ғасырлардағы дыбыс жүйесін қайта жаңғырту, музыканың әр түрлі композициялары мен құрылымдары мәселелерін талдауға арналған. Зерттеу объектісі ретінде бақсы өнерінің концептуалды көрінісі, оның синкреттілігі, фольклорлық бастауларының циклдылығы, поэтикалық және музыкалық қайнарлардың өзара байланысы, т.б. аспектілер қарастырылады; сонымен қатар, бұл тарауда қазақтың тарихи әндері, көне археологиялық ескерткіштердегі музыкалық аспаптардың суреттеріне сүйеніп, олардың құрылымы мен қолданылуы, қобыздағы эпикалық күйлер мен кварталық домбыра күйлері, шығыс ойшылдарының философиялық-эстетикалық көзқарастары зерттелген.

"Қазақстанның орта  ғасырлардағы музыка мәдениеті"  бөлімінің мәселелері төмендегі  мақалалар мен очерктерде баяндалған: Қазақтың музыкалық фольклорындағы  бақсы өнері (С.Ә.Күзембаева), Қазақтың  тарихи әндері (З.Қоспақов), Орта  Азия халықтары музыкасының бастаулары (Ш.Гуллыев), Қылқобызда ойналатын  эпикалық күйлер (Л.Жұмабекова), Кварта  бұрауындағы халықтың төкпе күйлері  (Р.Несіпбай), Әл-Фарабидің музыкалық-эстетикалық  тұжырымдамалары (Ж.Ордалиева).

"Қазақтың музыкалық  фольклорындағы бақсы өнері"  атты тарауда дүние жүзі халықтарының  көбінің өмірі мен дүниетанымынан  орын алған, халық дәстүрінің  ежелгі түрлеріне жататын бақсылық  феноменінің жалпы сипаттамасы  беріліп, оның қазақтың ауызекі-поэтикалық, прозалық және музыкалық фольклорындағы  көрінісі талданады. Бақсылық  өнердің өзектері, біртұтастық және  көпқұрамдылық, циклдылық, импровизациялық  тәрізді негізгі сипаттарының  бақсының шыққан аймағы мен  табиғи дарындылығына байланысты  болатыны туралы баяндалады.

"Қазақтың тарихи әндері" атты мақалада "Ескендір", "Ақсақ  Темір", жоңғар шапқыншылығына  байланысты туған "Елім-ай", "Қалмақ қызының әні", "Жетіарал  жерім-ай", "Алтай" әндеріне  аналитикалық талдаулар жасалып,  олардың нұсқаларының әуендік  және құрылымдық сипатына, ырғақтық-өлшемдік, әуендік-интонациялық ерекшеліктеріне  әр қырынан тоқталып, мысалдар  келтіріледі.

"Орта Азия халықтары  музыкасының бастаулары" мақаласында  қазіргі кездегі немесе жақын  уақыттарда қолданыста болған  музыкалық аспаптардың көбі ежелгі  Орта Азияда пайда болғаны  анықталады.

"Қылқобызда ойналатын  эпикалық күйлер" мақаласында  қобызда орындалатын эпикалық  күйлер нақтылы түрде жан-жақты  қарастырылады. Бұл топқа эпосқа  тікелей байланыстылығы аттарынан  көрінетін "Мұңлық-Зарлық", "Қаншайым", "Қамбар батыр", "Қазан күй"  атты күйлер кіреді. Эпикалық  қобыз күйлерін талдау барысында  автор көне эпостан тарихи  эпосқа қарай даму жолын көрсетіп, әуендік деңгейде типтес белгілердің  нышандарын аңғартады.

"Кварта бұрауындағы  халықтың төкпе күйлері" очеркінде  Батыс Қазақстанда кең тараған  кварта бұрауындағы фольклорлық  төкпе күйлер қарастыралады. Мұнда  бұл дәстүрде белгілі орын  алған фольклорлық төкпе күйлер  формаларының сипаттамасы беріледі.

"Әл-Фарабидің музыкалық-эстетикалық  тұжырымдамалары" атты мақаланың  негізінде орта ғасырлардағы  шығыс ғұлама-ойшылдарының философиялық-эстетикалық  ұстанымдары мен сол дәуірдің  көркем шығармашылығы мен әдебиетінде  көрініс тапқан музыкалық-теориялық  ойлар келтіріледі. Шығыс философтарының  еңбектерін қарастыру барысында  сопылық музыкалық теориялар  мен көне түркілік дәстүрлі  көзқарастардың байланысы нақты  деректермен дәлелденеді.

Сонымен, жұмыстың көлемді  бөлігі музыкалық қажеттіліктердің көркемдік тұрғыда қорытылуына, музыка өнерінің түрлі формаларының композициясы мен құрылымдары мәселелеріне арналған. Тұңғыш рет қазақ тілінде  бақсы өнері комплексті және концептуалды түрде, синкреттілік, фольклорлық бастауларының  циклдылық сипатында, поэтикалық және музыкалық құрылымдарының өзара  байланысында, т.б. зерттеледі.

"Халық өнеріндегі театрлық  элементтер" атты өнертану ғылымдарының  докторы Б.Құндақбайұлының очеркінде  ұлттық дәстүрлі мәдениеттегі  театр элементтері көрсетіледі  - халықтың ойын-сауықтарында, үйлену  салтының әдет-ғұрыптарында, аңыз-әңгімелерде,  жыраулық, шешендік өнерде. Фольклордың  суырыпсалмалық табиғатындағы өзіндік  ерекшеліктері анықталып, көркемдік  сипаттары көрсетіледі. Сонымен  қатар, очерк авторы қазақ халқының  рухани өмірінің басқа да байырғы  және бай көріністерінен болашақ  театр белгілерін табады. Батыс  Еуропа өнеріне тән театр заңдылықтарымен  олардың ұқсастығын және ұлттық  түрде бейнеленгендігін Б.Құндақбайұлы  ауызекі фольклордағы театр өнері  белгілерінен анықтайды, олардың  терең тамырларын кейінірек дамыған  ақындық орындаушылықтан (диалогты  форма), әншілік және ойын-ысқақ  (қазақ жәрмеңкесінде кең тараған  ұлттық өнер) түрлерінен көріп,  ғылыми түрде дәлелдеп, тұжырымдайды.

Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениетіне арналған бұл басылымда  қазіргі кездегі өнертану ғылымының  күрделі және маңызды тарихи-теориялық  мәселелерінің шешілуі көзделген. Авторлық коллективтің оқырмандарға ұсынып отырған "Қазақстан өнері тарихының" екінші томында халық өнерінің түрлі  салаларын қамтитын ортағасырлардағы Қазақстанның бай мәдениеті жүйелі түрде талданған. Бұл іргелі еңбек  өнертанушыларға, тарихшыларға, гуманитарлық сала мамандарына, өнер оқу орындарының  студенттері мен аспиранттарға, Қазақстан өнеріне қызығушылығы бар жалпы оқырман қауымға  арналған.


Информация о работе Қазақ өнерінің тарихы