Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 15:54, реферат
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкіреп ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтарм бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – күллі әлемге танымал ұлы жерлесіміз - Әбу Насыр әл-Фараби.
Әл-Фараби сарай төңірегіндегі тынышсыз өмірден аулақ болғанды ұнатып, өзіне тамаша лауазымдар ұсынып жатса да, күніне бір дирхемге қанағат тұтып, қарапайым ғана өмір сүрді, өйткені, осы жағдай оны, алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіншілік берді. Оның әшекейге толы бейнесін жасау ақиқаттан алыстау болар еді. Нақ осы сияқты, әл-Фарабиді қазақ етіп көрсетуге тырысу да жасанды әрекет болады. Ол заманда ұлт болып бірігу процесі аяқталудан әлі тіпті алыс еді.
Фактілер негізіне сүйене отырып, әл-Фараби кейін қазақ халқының құрамына қосылған түркі тайпасынан (Қаңлы-қыпшақтардан) шыққанын, оның туған қаласы қазір Қазақ жерінде екенін және ол Шығыс халықтарынын мәдениетіне жақын қатынасы бар қайраткер болды дей аламыз.
Тәжіктердің, өзбектердің, қазақтардың, түрікмендердің, қырғыздардың, ұйғырлардың мәдениеті, дәстүрі және тұрмысы өте ерте заманнан бері ортақ болуына байланысты, олар ерекше бірыңғай мәдени аймаққа жатқан. Атап айтқанда, көшпелі мал шаруашылығын жүргізудің бұл екі түрі тіпті таза күйінде бола бермеген. Оңтүстік Қазақстандағы қалалар көшпелі және отырықшы халықтарды байланыстырушы буындар болып келген.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың орта ғасырлық қалаларының және мекенді жерлерінің қалдықтарын археологиялық жағынан зерттеулер орта ғасырлықтың алғашқы дәуірінен бастап (VI—VII ғ.) Оңтүстік Қазақстанның қалалары мен Орта Азия қалаларының экономикалық және мәдени жағынан біріне-бірі өзара әсер етіп отырғандығын көрсетеді. Бұған, әсіресе, сауда қатынасы қолайлы жағдай жасаған. Батыс пен Шығысты жалғастырған ұлы Жібек жолын, Мервті, Самарқанды, Бұқара мен Чачты (Ташкент), Таразбен, Исфиджабпен және Отырармен байланыстырған керуен жолдар мен жалғыз аяқ жолдарды атап көрсетуге болады. Бұл кездерде архитектура, қол өнерінде бәріне ортақ канондар қалыптасады. Бірақ олардың бір-бірімен ұқсастығына қарамастан, әрбір аймақта өзіне ғана тән ерекше мәдени дәстүрлері қалыптасқан. Бұған айғақтың бірі — Айша Бибі мазары. Дала елі мен отырықшы халықтың егіншілік пен көшпелі шаруашылықтың ұштасқан жеріне, сол замандағы аса маңызды сауда жолдарының тоғысқан жеріне осы сынды кесек тұлғаны шығаруы тегін емес.
Әрине, әл-Фараби туған қаласының дәстүрлерінен әлдеқайда кең келемді дәстүрлерді бойына сіңірді. Өйтпейінше, оның есімі дүние жүзі мәдениеті алыптарының қатарына жазылмас еді. Оның қызметі өзінің сыртқы бейнесі жағынан араби тілдес, Ислам мәдениеті деп аталатын мәдениеттің аймағы шеңберінде кең өріс алды.
Мәдениеттің кейінгі дамуына, соның ішінде, Шығыс, Орта Азия, Қазақстан, Кавказ халықтарының мәдениетіне әл-Фарабидің жасаған ықпалы әр тарапты болды және ұзақ уақытқа созылды. Барлық этникалык топтардың, соның ішінде, түркі тектілер өкілдерінің "мұсылман" Шығысының мәдени өміріне белсенді түрде қатысуы әдеби тілді халықтық негізде дамыту әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызды. Түркі тілінде Махмуд Қашқаридің және Жүсіп Баласағұнның шығармаларынан тамаша энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің рационалистік және гуманистік идеяларының іздері айқын көрінеді.
Бақыт дегеніміз — ол абсолюттік игілік. Фарабидің айтуынша, адамдар көп нәрселерді өзінің өмірінің мақсаты мен негізі деп ойлайды. Олар — өзіне ұнайтын, керекті нәрселер, мысалы: ақша, атақ, тағы басқалары. Адам бақытты ешбір жағдайда басқа күш арқылы емес, тек теориялық ақыл парасат күші арқылы ғана пайымдайды. Бақытты дұрыс түсінетін адамдар — данышпан адамдар.
Фарабидің қолжазбалары дүниежүзінің көп кітапханаларына тарап кеткен және сол жерлерде сақтаулы тұр. Сол сияқты көптеген ғалымдар Фарабидің асыл мұраларын зерттеп, оқып үйренуде. Фарабидің көп шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде басып шығаруда жергілікті ғалымдарымыз да, өз үлестерін қосуда.
1975 жылы Мәскеу және Бағдад шаһарында халықаралық аренада Абу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1100-жылдық мерейлі тойы атап өтілді.
Республикадағы Қазақ Мемлекеттік Университетіне, Шымкент шаһарындағы Мәдениет институтына әл-Фараби есімі беріліп отыр. 1991 жылы Қазақ Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің ректоры профессор Т. С. Садықовтың қолдау ынтасымен тұңғыш рет Алматы, Шымкент шаһарларында Қазақ-Американ мәдени практикумы аясында Фараби мұрасынан алған Фараби оқуы болып өтті. Мұнда рухани мұраларымыздың, мәдениетіміздің өзара әсері, байланыстары мәселелері талқыланды.