Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 22:05, реферат
Мәлік Ғабдуллин — Кеңес Одағының Батыры, жазушы, профессор, филология ғылымының докторы, қоғам қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері, ержүрек батыр.
Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 2 (15) қарашада Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келді. 14 жасынан бастап атақты жазушы Сәбит Мұқановтың тәрбиесін алады. 1924-1931 жылдар аралығында М.Ғабдуллин Көкшетау қаласындағы жетіжылдық қазақ мектебінде оқиды. 1931 жылдың қыркүйегінен 1935 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласындағы Абай атындағы Педагогика институттың «Қазақ тілі мен әдебиеті” бөлімінің студенті болды.
Мәлік Ғабдуллин — Кеңес Одағының Батыры
Мәлік Ғабдуллин — Кеңес Одағының Батыры, жазушы, профессор, филология ғылымының докторы, қоғам қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері, ержүрек батыр.
Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 2 (15) қарашада
Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты
Қойсалған ауылында дүниеге келді. 14 жасынан
бастап атақты жазушы Сәбит Мұқановтың
тәрбиесін алады. 1924-1931 жылдар аралығында
М.Ғабдуллин Көкшетау қаласындағы жетіжылдық
қазақ мектебінде оқиды. 1931 жылдың қыркүйегінен
1935 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласындағы
Абай атындағы Педагогика институттың «Қазақ
тілі мен әдебиеті” бөлімінің студенті
болды.
Ол 1935 жылы Абай атындағы
Қазақ педагогикалық институтын тәмамдайды.
Институттан кейін 1935-1937 жылдар аралығында
әскери борышын өтейді (1937 жылдың қарашасына
дейін Өзбек ССР-і Ферғана қаласында Отан
алдындағы борышын өтеді). Әскерден келгеннен
соң 1937 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде
әдеби қызметкер болып еңбек етеді. 1938
жылы «Қазақстан пионері» газеті редакторының
орынбасары қызметінде болады, КСРО Ғылым
Академиясының Қазақстандық Филиалындағы
Тіл және Әдебиет Институтында ғылыми
қызметкер болады. 1938-1946 жылдар аралығында
Абай атындағы ҚазПИ-де аспирантуралық
дәреже бойынша білім алады. Жас аспирант
кандидаттық диссертация тақырыбы ретінде “Қобыланды
батыр” эпосын таңдап алып, халқымыздың
ауыз әдебиетіне, оның ішінде ұлттық фольклор
тұнығына тереңінен бойлайды. Бірақ сәтті
басталған диссертациялық жұмысын аяқтағанымен,
қорғауға мүмкіндігі болмайды. Себебі
дәл сол кезде сұрапыл соғыстың оты тұтанған
болатын.
Қызмет бастамасы
М.Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандағы филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталды. 1941- 1946 жылдары Кеңес әскерінің генерал И.Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы ерлік даңқы бүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. Соғыс аяқталып, армиядан қайтқаннан кейін Ғабдуллин республиканың ғылыми-педагогикалық мекемелерінде қызмет атқарды. Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтының директоры (1946-51), Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (1951-63) болды. 1963-1973 жылдары Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі болды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында
1941 жылы ел басына күн туып Ұлы Отан
соғысы басталғанда алғашқылардың бірі
болып өз еркімен майданға аттанады.
1941—1945 жылдар аралығында
Мәлік Ғабдуллин ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫна қатысады.
1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың
соңына дейін фашистік күштерден Отанды
қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға
политрук болады. Майданда И. В. Панфилов
атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға
қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына
қарасты Холм қаласының маңында болған
ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық
етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің
тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара
соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде
жаудың екі таңкісін гранатамен жарып,
жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс
кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады.
алайда алған жарақатына қарамастан жауға
қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО
Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен
(№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап
Кеңес Одағының Батыры атағын береді.
Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая
Звезда» медалі де қоса марапатталады. Мәліктің жаужүрек батырлығы жөнінде
очерк жазған Борис Полевой темір өзек
жауынгерлерін көзімен көріп, таңғажайып
ерліктеріне елжіреген дивизия командирі,
генерал-майор И.В.Панфиловтың толғанысын
былайша суреттейді: “…Өзінің көргісі келді. Сұңғақ бойлы, талдырмаш
жасты Панфилов ұзақ айналдырып қарады.
Шынын айтқанда, Мәліктің денесіне соғыстың
әскери киімі әлі қона да қоймаған кезі
еді. “– Мә, саған ғылым адамы! Жарайсың!
Жаман солдат болмассың”, – деді ол Мәлікке
жарықшақты дауысымен. Сөйтті де, Мәлікті
өзіне қарай тартып алып, кәдуілгі орыс
халқының әдетінше, бетінен үш рет сүйді.
Бұлардың қасында жақын тұрған адамдар,
көп езу тартпайтын, салқын жүзді атақты
генералдың сыр бермейтін жүзінде әкелік
қуаныштың лап бергенін байқасып қалысты”, –
дейді ол. Етігімен су кештіріп, қанды
көбік жалатқан қатыгез күндер өз батырын
осылай тудырды”.
Соғыстан кейінгі жылдары
1946 жылдан бастап М.Ғабдуллин
запастағы подполковник болады.
Сұрапыл соғыс жылдарынан соң
елге аман қайтып, түрлі салаларда
белсенді қызмет етеді.
Соғыстан кейінгі жылдары
Әдебиет саласындағы М.Ғабдуллин
М.Ғабдуллиннің әдеби қызметі 1938 жылдан басталды. Оның қазақ фольклоры мен әдебиеті туралы жазған 100-ден астам мақалалары республикамыздың газет, журналдарында жарияланды.
Мәлік Ғабдуллиннің зерттеген негізгі
еңбектері қазақ халқының батырлық
эпостары, мақал-мәтелдері, айтыстары,
ергешілері мен халық әндері болады.
Қазақ әдебиетінің көптомдық
тарихын шығаруға ат салысады. Оның
''Қазақтың батырлық эпостары'' зерттеу
еңбегі 1972 жылы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа
ие болады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-4-шақырылымдарында
депутаттық мандатқа ие болады.
Мәлік Ғабдуллин «Менің майдандас
достарым (Мои фронтовые друзья)» (1947),
«Алтын Жұлдыз (Золотая звезда)» (1948), «Майдандық
очерктер (Фронтовые очерки)» (1949), «Будни
войны» (1968), «Достар, жолдастар жайлы»
(1969), «Ызғарлы жылдар (Грозные годы)» (1971)
атты көркем әдеби шығармалардың авторы
болып табылады. Мәліктің әдеби туындыларының
кейбірі И. П. Щеголихин көмегімен орыс
тіліне аударылды.
Марапаттаулары
Мәлік Ғабдуллин «Алтын Жұлдыз (Золотая звезда)» Кеңес Одағының батыры медалімен, Ленини орденімен, «Қызыл Ту» орденімен, Бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен және екі рет «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Москваны қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Венаны алғаны үшін» медальдарымен марапатталды (суретте: Кеңес Одағының батыры медалі).
Соғыстан кейінгі бейбіт өмірде саяси-қоғамдық істерге белсенді түрде араласып, еңбек сіңіргені үшін оған 1961 жылы ҚазКСР-не еңбегі сіңген қоғам қайраткері атағы берілді.
Қазақ хылқының біртуар батыр ұлдарының бірі болған, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері және жазушы Мәлік Ғабдуллин 1973 жылы 2-қаңтарда Алматыда көз жұмды.
Мәлік Ғабдуллин кезіндегі қазақ әдебиетіне қарсы жүргізілген солақай саясаттан талай мұрамызды сақтап қалған. Артына өшпес мұра қалдырған азаматтарды құрмет тұту өскелең ұрпақтың парызы болғандықтан қазір ол кісінің еңбектері қайта зерттелу үстінде. Батырдың Алматыда тұрған үйі мен қызмет атқарған Институтында батырға арнап мемориалды тақта орнатылған. Өзі туып-өскен аудандағы мектеп пен көше аттары Мәлік Ғабдуллиннің есімімен аталады. Көкшетауда батырға арналып арнайы мұражай ашылған. Алматы, Астана және Көкшетау қалаларында көше аттары М.Ғабдуллин есімімен аталатын болды.
Қазақтың батыр қызы Мәншүкке «Батыр» атағын берудегі М.Ғабдуллин еңбегі
Мәлік батыр сұрапыл соғыз
«Мейлі, 4 мың-ақ болсын. Басқаны қойып, қазақтың жиырмаға жаңа шыққан қызы сонша жерден Отанымды, Мәскеуді қорғаймын деп келіп, қолына орыстың винтовкасын алып, соғысамын деуінің өзі сендерге ерлік емес пе? Осыдан артық немене керек? Дереу құжаттарын қайта дайындаңдар. Комсомолдың Орталық комитетінің бірінші хатшысы Михайловқа, болмаса маған Батыр атағын берген Калининнің өзіне барам. Тіпті Ворошиловқа кірем. Одан түк шықпаса, менің Мәлік атым құрып кетсін, өзімнің жұлдызымды берем» деп, қайтадан дайындалған құжаттарды алып кетеді. Содан алты ай дегенде Мәншүкке 1944 жылы 5 наурызда Батыр атағы беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Интернет желісі:
Жоспар: