Спандияр Көбеев (1878 - 1956)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 08:45, реферат

Краткое описание

Спандияр Көбеев (1878 - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiр үшiншi ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған, бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi.

Вложенные файлы: 1 файл

СПАНДИЯР КӨБЕЕВ.docx

— 24.70 Кб (Скачать файл)

Спандияр Көбеев (1878 - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiр үшiншi ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған, бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады. 1887 жылдың желтоқсанындан Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен Спандияр сол мектепке алынады. Содан кейiнгi жылдары Қарағайлыкөл деген жердегi төрт жылдық болыстық мектепте бiлiм алады да, Қостанай қаласындағы Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебiнде оқуын жалғастырады. Ендi ол осы қаладағы жаңадан ашылған екi жылдық педагогикалық курсқа түсiп, оны 1901 жылы бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады. Спандияр Көбеев революцияға дейінгі кезеңде әрі педагогтік, әрі жазушылық қызметпен шұғылданады. 
С. Көбеев өзінің сүйікті қызметінен – жас ұрпақты тәрбиелеу ісінен совет дәуірінде де қол үзбейді, бар саналы өмірін сол мақсатқа арнайды. Осындай зор, бағалы еңбегі үшін Ленин орденімен екі рет наградталды, ал 1947 жылы Қазақ ССР Жоғары Советіне депутат болып сайланды. Спандияр 1956 жылы қайтыс болды. Спандияр Көбеевтің творчестволық іске ден қоюы оның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты болған. Ол ел ішінде мұғалімдік, солардың ой-санасын оятуға көмектескен. Көбеев Пушкиннің «Дубровский» повесі мен Гогольдің «Өлі жандары» романының мазмұнын қазақшалап айтып беріп жүрген. Оны Крылов мысалдарымен табыстырған да – осы мақсат. Спандиярдың Крыловтан аударған қырықтан астам мысал-өлеңі 1910 жылы Қазанда «Үлгілі тәржіма» деген атпен басылып шыққан.

С. Көбеев 1912 жылы «Үлгілі бала»  атты хрестоматиясын бастырды.бұл кітапқа  автордың бірсыпыра төл шығармалары  мен орыс жазушыларынан аударған еңбектері енді. 
С. Көбеевтің творчестволық мұрасында «Қалың мал» романы ерекше орын алады. Жазушының бұл шығармасындағы негізгі кейіпкері Ғайшаның тағдыры арқылы қазақ қызының сол бір бейуақыттағы аянышты өмірін, аңсаған арманы мен үмітін, сол жолдағы талабы мен күресін шынайы түрде жинақтап көрсеткен және әлеуметтік теңсіздік пен соған қарсылық тақырыбын да қамтыған. Бұл Көбеевтің творчествосындағы прогресшіл бағыт пен демократтық беталыстың айқын да, даусыз шындығы еді.  
Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнелеумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма.  
Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер характерін даралап көрсеткен.

 

 

 

Көбеев ұзақ жылдар бойы ағартушылық  жұмыспен айналысып, жас ұрпақты  оқыту, тәрбиелеу ісімен шұғылданды, қазақ мектептерінде орыс тілі мен  әдебиетінен сабақ берді. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын  «Орындалған арман» атты мемуарлық  кітабында баяндады. Мұнда автор  өз көзімен көрген екі өмірдің  қарама-қарсы бейнесін, басынан кешірген оқиғаларды баяндау арқылы көрсетеді. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген. Ұлы ағартушының iзбасары С. Көбеевтiң кезiнде жоғары бағаланып, екi дүркiн Ленин орденiмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi» деген құрметтi атақ алған және Республика Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды. Өз дәуірінің прогресшіл талап-тілектеріне жауап беруге тырысқан, орыс мәдениетінің жаршысы бола білген және ұлттық әдебиетте тұңғыш роман жазған Спандияр Көбеевтің есімі ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихынан құрметті орын алады.

Кітаптың революция алдындағы  қазақ өмірі шындығының талай-талай  көріністерін және сол оқиғаларға жазушының  өзі қалай араласқанын, оның қандай көзқараста болғанын байқауға болады. Мемуардың соңғы тарауы жазушының  совет дәуіріндегі өмірі мен  еңбегіне арналған. 
С. Көбеевтің жарық көрген шығармалары 
С. Көбеев. Үлгілі тәржімә. Қазан, 1910; Үлгілі бала. Қазан, 1912, Қалың мал (Роман). Қазан, 1913; Алматы 1953. Орындалған арман. Алматы, 1951 1954, Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1960.

Спандияр Көбеевтің әңгімелері мен аудармалары.

Балалар мен мұғалім 
Екі бала келе жатып бір кітап тауып алды. Бірі айтты: «Кітап менікі, не үшін десең, мен сенен бұрын көрдім». Бірі айтты: «Жоқ кітап менікі, не үшін десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп алдым». Осылай балалар кітапқа таласып жатқанда оларға бір мұғалім келді де, балалардан сұрады: «Оқи білесіңдер ме?» – деп. 
Балалар: «Жоқ оқи білмейміз», – дейді. «Егер оқи білмесеңдер, кітап сендерге неге керек, бұл кітапты мен алайын, қай бұрын оқи білгеніңе беремін», – деді.

Қайырымды бала 
Бір кісінің баласы мектептен үйіне қайтып келіп, әкесіне сабағын тыңдатты. Баласы сабағын жақсы білген соң, әкесі баласын қуантайын деп он тиын күміс берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бір нәрсе сатып алу үшін базарға шықты. Жол үстінде ол бір аш, жалаңаш қайыршы шалды көрді. Бала ойлады: Керек нәрсем болса, сатып алуға әкем ақша берер. Бұл ақшаны орынсыз жерге жұмсамайын, - деді де,әлгі қайыршыға берді. Үйіне келіп еткен ісін әкесі мен шешесіне айтты.

Ит пен қайыршы 
Бір ит үйді күзетіп жатыр еді. Қораға бір қайыршы шал кірді. Ит оны көріп үре бастады. Шал айтты: Ая, мен ашықтым. Ит оған жауап берді: Мен үргенде соның үшін үрем, менің дауысыммен үйден шығып, сені көрер де, тамақтандырар деп.

Түскі тамақ пен кешкі  тамақ 
Таңертең бала ешбір жұмыссыз үйде отырды. Түскі асты ішетін уақытта шешесі ет пен сорпа әкелді, бала сорпаны татып қарады да: «Бүгін сорпа дәмсіз екен», – деді. Шешесі айтты: «бұл дәмсіз болса, кешке дәмді сорпа пісіріп берермін», – деп.Түскі тамақтан соң әкесі шөп тасыды. Баласы аттың басына мініп, шөптің төбесіне шығып, бек шаршап, кешке үйіне келді. Кешкі тамаққа түстен қалған сорпаны, нанды дастарханның үстіне қойды. Баласы сорпаны татып байқады да айтты: «түстегі сорпаңнан мына сорпа дәмдірек», – деп. 
Сонда шешесі айтты: «бұл түстегі сорпаның қалғаны еді, саған бұл сорпаның дәмді болғаны – сен түстен кейін жұмыс қылып бек шаршадың. Таңертең ешбір жұмыссыз үйде тек отырған соң ас саған дәмсіз көрінді». – деп.

Атасы мен немересі 
Ата қартайып күші кеміді; нашар көретін, нашар еститін болды; ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз оның аяқ, қолы кәріліктен қалтыраушы еді. Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға тамақты бөлек беретін болды, алдына жаман дастархан, жаман ыдысқа құйып. Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмай, бір күні бір ағашты жонып отырады. Әкесі көріп: «Шырағым, не ғып жатырсың?» - дейді. Сонда баласы айтады: «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам құсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін», – дейді. Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қойды.

Мектепке шақыру 
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте, 
Мәз болмай деген сөзге «мырза, ерке». 
Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты, 
Зат емес надан кісі алар текке. 
Ертеңгі шақыруымен әтеш, құстың 
Халықтар кетіп жатыр егіндікке. 
Күн шығып терезеге сәуле түсті, 
Тұрыңыз, жарамас тек уақыт өтсе. 
Адам да, аңдар-дағы, құстың бәрі 
Әрқайсысы қызметінде келгенше әлі, 
Қалбаңдап көбелек те тек жүрген жоқ 
Бал жинай кетіп барады ұшып ара. 
Тоғайдың қызығына тоймастай жан, 
Орманда қыбырлаған әртүрлі аң. 
Тұра сап тоқылдақ та тек жүрген жоқ, 
Ертемен құстар сайрап салады ән. 
Шөпшілер тоғайда жүр шөбін шауып, 
Қол күші еңбегімен пайда тауып. 
Балықшы ауын қарап қайыта жүр, 
Ден сауда жұмыс та бір қызық сауық. 
Қарасақ әр мақұлық қызметінде 
Көрінеді осылайша күнде-күнде. 
Ынтамен сабағыңызға қол қойыңыз,  
Надан боп жұрт болмассың тек жүргенде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

  1. Кіріспе

Спандияр Көбеевтың өмір баяны.

  1. Негізгі
    1. Балаларға арналған шығармалары.
  1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалынған әдебиеттер:

  1. http://bilimdiler.kz/akin_zhazushi/11-spandiyar-kbeev.html

Информация о работе Спандияр Көбеев (1878 - 1956)