Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 19:21, биография
Қазақ тарихының ерлікке толы кезеңдерінің бірі ХУІІІ ғасыр. Шоқан Уәлихановтың бұл дәуірді ерлік ғасыры (эпоха рыцарства) атағаны да сол себепті болар. Өкінішке орай, Советтік тарихнама мен әдебиет бұл кезеңді тек «Ақтабан шұбырындымен» ғана байланыстырып, «Елім-айлап» жылаумен, гөй-гөймен болды, сол кездегі саясатқа біздің ерлік дәстүрлеріміз үндес келмеді. Оның үстіне ерлік дәуірінің басты оқиғаларын зерттеу және көпшілікке таныту, сол дәуірдің қаһарманы Абылай ханның өмір баяны, сыртқы саясаттағы сайыпқырандығы мен ерлік істерін еске түсіру, оның жанындағы ірі мемлекетшіл тұлғаларды дәріптеу қазақ есіне тәуелсіздікті түсірер еді.