Алтын Орданы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 13:37, лекция

Краткое описание

Алтын Орданы сақтап қалу дегеніміз, шын мәнінде, байырғы Жошы ұлысының тұтастығын қалпына келтіру еді. Мұны Ақ Ордаға хан болған Ұрыс хан да, оның қарсыласы Тоқтамыс та жақсы түсінді. Сондықтан олардың екеуі де Ақ Орда тағымен қанағаттанбай, Алтын Орда тағына отыруға күш салды.

Вложенные файлы: 1 файл

Алтын Орданы сақтап қалу дегеніміз.docx

— 252.93 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

Алтын Орданы сақтап қалу дегеніміз, шын мәнінде, байырғы Жошы ұлысының тұтастығын қалпына келтіру еді. Мұны Ақ Ордаға хан болған Ұрыс хан да, оның қарсыласы Тоқтамыс та жақсы түсінді. Сондықтан олардың екеуі де Ақ Орда тағымен қанағаттанбай, Алтын Орда тағына отыруға күш салды. Ұрыс хан өлген соң, көп кешікпей-ақ Тоқтамыс таққа отырды. Алтын Орда тағын күшпен иемденбек болған Мамайды жеңіп, оны өлтірген соң, ол Алтын Ордадан бөлінуге әрекет жасаған Астрахан хандығына тойтарыс беріп, оны Алтын Ордаға қайта қосып алды. Алайда Мамаймен Күлік (Куликово) даласында 1380 жылы болған ұрыста қол жеткізген жеңіске масаттанған Мәскеу князі Димитрий Донской бастаған орыс княздіктері Тоқтамысты да Мамай тәрізді таққа кездейсоқ келген тұлға ретінде қабылдап, оған бағынудан бас тартты.

        Қыпшақ даласынан әскер жинап әкелген өзінің сенімді серігі арғын руларының көсемі Қарақожаны Тоқтамыс орыстармен бейбіт келісім жүргізуге аттандырды. Мұндай әрекет табысқа жеткізе қойған жоқ. Өйткені Мәскеу князі Алтын Орданың бейбіт келіссөздерді бастауының өзін бұл мемлекеттің әлсіздігі деп түсінді. Ал Тоқтамыс болса осыдан соң ашықтан-ашық Мәскеуге қарсы жорыққа дайындалды. Бұл кезде Қыпшақ даласында оның беделі арта түскен еді. Енді халық арасында «біздің ел Тоқ­тамысты жамандағанын да қоймайды, көрсе, бас иіп тоңқайғанын да қоймайды» деген мақал кең таралып кеткен еді. Ықпалды Тоқтамыстың Мәскеуге жорығына алшын, ноғай, қыпшақ, арғын, қоңырат, жалайыр, үйсін, кердері, қыят, сарай, найман, бақрин, бұржоғлы, бұлғар, мордва тайпаларынан жиналған көп қол қатысты. Басты мақсат – Күлік (Куликов) шайқасынан кейін даңқы орыс даласының басын айналдырған Мәскеудің сағын сындырып, оны Алтын Ордаға қайта тәуелділікке мәжбүрлеу еді. Жағдайды шиеленістіре түскен Мәскеудің Алтын Ордаға қарсы Литвамен одақ құруды көздеп жатқандығы туралы өсек-аяңның өрбіп кетуі болды.

       Орыс тарихшысы Н.М.Карамзин Тоқтамыстың келе жатқаны туралы хабардан қатты абыржыған орыс батыры Дмитрий Донскойдың алды-артына қарауға шамасы да келместен Костромаға қашып кеткенін жазады. Сарбаздары Күлік даласында қырылып қалған оның бұл тұста Тоқтамысқа қарсы тұрар қауқары да жоқ еді. Алтын Орданың қалың қолы Мәскеу іргесіне 1382 жылдың 23 тамызында келіп тоқтады. Мәскеуліктердің жанталаса қорғанулары үш күнге созылды. Екі жақтан да көп адам шығын болды. Түбі жеңілетіндіктерін түсінген мәскеуліктер жертөледегі шарап бөшкелерін таласа ішіп, мастықпен үрейлерін баспақ болды. Мастар қамалдың биігіне шығып алып, Тоқтамысқа шалбарларын шешіп, жалаңаш құйрықтарын көрсетіп, ханның намысына тиді. Сондықтан да ашу буған ол, жаз мезгілінде Мәскеуге басып кірген бетте халықты көшеге айдап шығып, шетінен бауыздады. Осылайша, 24 000 адам бір сәтте қырылып қалды. Никон жылнамасы «көшелермен адам қаны Мәскеу өзені құсап аққанын» жазады. Мәскеудің өртенген қаңқасына қайтып келген Дмитрий Донской қалада тек Кремль мен мұнаралардың ғана аман қалғанын көріп, тіл-ауыздан айырылды. Тоқтамыс Мәскеуді жермен-жексен етумен шектелмей, орыстың басқа да қалаларын қайта жаулады. Дмитрий Донской осыдан соң Алтын Ордаға өзінің бағынатынын толық мойындап, баласы Василийді көптеген қымбат сыйлықтармен сарайға жіберді және оны өзінің орнына Владимирге және Новгородқа ұлы князь етіп тағайындауды өтінді. Әмір-Темірден қатты қауіптеніп отырған Тоқтамыс өзінің тылындағы орыстарды жауға айналдырмау үшін амалсыздан бұл талапты қанағаттандыруға мәжбүр болды. Мұндай жеңістер Тоқтамысты жігерлендіре түсті. Енді ол Алтын Орданың Өзбек хан билеген тұстағы аймақтарын қалпына келтіруді көздеді. Осы мақсатпен ол Әмір-Темір ұлысымен шекаралас аймақ Хорезмге екі рет – алғаш 1383 жылы, одан соң 1388 жылы басып кірді. Ол сонымен қатар Кавказда да Темір жаулаған көрші аймақтарға баса-көктеп кірді. Мұнда да Әзірбайжанға екі рет жорық жасап, Әмір-Темірдің баласы Мираншахтан жеңілген соң ғана кейін шегінді. Қалай болғанда да, ол өзіне дейін орын алған Шыңғыс тұқымдары арасындағы 25 жылға созылған таққа таласқан күрестерді тоқтатып, біраз уақыт Көк Орданың, Хорезмнің, қажы Шеркестің, Астраханның және Мамай ордасының Алтын Ордадан қол үзуді көздеген бөлшектену пиғылдарын іске асырмай тастады.

     Тоқтамыс сонымен қатар сыртқы байланыстарға да көңіл бөліп, Мысыр елімен арадағы дәстүрлі байланыстарды қалпына келтірді. Осылайша, 1393 жылы ол Египет сұлтаны Барқұққа елшілік аттандырып, оны Әмір-Темірге қарсы бірігіп күресуге көндірді. Алайда 1391 жылы Еділге құятын Қондырша аймағында екі жақтан бір миллионға жуық адам қатысқан ұлы шайқаста Тоқтамыстың Әмір-Темірден жеңіліс табуы мұндай байланыстың өрби түсуіне кедергі болды. Әмір-Темір Тоқтамыстың өзінің ықпалынан шығып кетіп, Алтын Орданы және оның шығыс бөлігі болып табылатын Ақ Орданы тұтастай тәуелсіз билеушіге айналғанын кешіре алмады. Оның үстіне Тоқтамыс Қыпшақ даласында да үлкен беделді тұлғаға айналып, болашақ Алаш қауымдастығын қалыптастыруда шешуші рөл атқарған алшындардың, наймандардың, арғындардың, қоңыраттардың сеніміне ие болды. Оны Хорезмге қарсы жорықта Камар-ад-дин әмір басқарған Дулат рулары ашықтан-ашық қолдай бастады. Алғаш Әмір-Темірдің жағында болған жалайырлар да, жалпы Хорезм аймағы енді Тоқтамыстың жағына шығуды жөн көрді.

          Тоқтамыстың Қыпшақ даласындағы ықпалын әлсірету үшін Әмір-Темірдің әскерлері алғаш Алтын Орданың шығыстағы ұлысы Ақ Орданың аймағын көктеп өтіп, Көк Ордаға ентелей басып кірді. Бұл ноғайлардың, аландардың, шеркестердің, бұлғарлардың және орыстардың отаны еді. Осы халықтан құралған жасақ Тоқтамысты қолдап, Әмір-Темірге қарсы күреске шықты. Алайда этникалық тұрғыдан әртүрлі және Алтын Орда хандарының таққа таласқан үздіксіз соғыстарынан әбден зәрезап болған, оның үстіне аумақтық тұрғыдан өзара бақастықтары өршіген бұл қалың қол, Әмір-Темірдің тығыз топтасқан және соғысты тұрақты күнкөріс көзіне айналдырған үйретілген әскерінен әлдеқайда әлсіз еді. Сондықтан да саны жағынан басым Тоқтамыстың қалың қолы жақсы үйретілген Әмір-Темір жасағынан алғаш, жоғарыда атап кеткеніміздей, Еділге жақын Қондырша аймағында 1391 жылы маусымда жеңілсе, одан соң 1395 жылдың көктемінде Кавказдағы Терек өзені бойында тағы да оңбай жеңілді. Енді Әмір Темір Алтын Ордаға ойына келгенін істеді. Сарайды өртеп, Қыпшақ даласын талан-таражға салды. Зорлық-зомбылықтан әбден мезі болған Алтын Орда енді Құйыршық хан, Темір Құтлық басқаратын ордаларға бөлініп, одан Маңғыт жұрты бөлініп шықты. Көп кешікпей-ақ, Қырым хандығы да Алтын Ордадан дербестеніп, жеке отау тікті. 1399 жылдан бастап, Әмір маңғыт Едігеден қолдау тапқан және Құйыршық ханның орнына Алтын Орда тағына отырған Темір Құтлық Әмір-Темірдің қолдауымен Тоқтамысты біржолата күйретуге кірісті.

       1398 жылдың жаз мезгілінде Ворскла өзенінің жағасында Тоқтамыс өзінің одақтасы Литваның ұлы князі Витовтпен бірге Әмір-Темірден көмек алған Алтын Орда ханы Темір Құтлықтан, және оның әмірі Едігеден қирай, қайтып бас көтере алмастай жеңілді. Оның Сібірге қашып, онда өзінің жеке хандығын құрмақ болған әрекетін соңына шам алып түскен Едіге болдырмай тастады. Ол қудалауды тоқтатпай, ақыры Тоқтамысты өлтіріп тынды. Енді таққа Ұрыс ханның ұлы Құйыршық (1395-1399) отырып, одан соң Темір Құтлық (1399-1400), Шәдібек (1400-1408), Болат сұлтан (1408-1410), Темір хан (1410-1412) тақты иемденді. Бұлардың бәрі Тоқтамыстың ата жауына айналған әйгілі Ұрыс ханның ұрпақтары мен мұрагерлері еді.

     Алайда Тоқтамыстың балалары мен немерелері ыдырауға бет алған Алтын Орданың тағын өздеріне тағы да қайтарып ала алды. Тоқтамыстың сегіз ұлының арасында Жәлел ад-Дин, Керімберді, Кебек хан, Жапарберді, Кәдірберді тәрізді ұлдары қысқа мерзімге болса да, сарайдағы таққа отырып, хан атанды. Бірақ олардан Ұрыс ханның Құйыршықтан туған немересі Барақ 1423 жылы Алтын Орда тағын қайта тартып алды. Ал 1430 жылы Ұрыс хан тұқымынан Алтын Орда тағы Тоқтамыстың Кәрімбердіден туған немересі Сейіт Ахмедтің қолына көшті. Осылайша, екі әулет арасындағы тақ тартысы Алтын Орданы одан ары әлсірете түсті.

     Ақырында 1431 жылы Алтын Орда ханы кіші Мұхаммед өлген соң, оның балалары Алтын Орданы әртүрлі ұлыстарға бөлшектеп, иемденуге көшті. Енді атақты Алтын Орданың орнында «Үлкен Орда», «Қазан хандығы», «Қырым хандығы» деп аталатын жаңа мемлекеттер пайда болды. Мұндай бөлініс этникалық тұрғыдан жаңа жіктелулерге жол ашты. Енді өздерін «өзбектерміз» деп атайтындар татарларға, маңғыттарға және көшпелі өзбектерге жіктеле бастады. ХV ғасырдың соңына қарай мұндай жіктеліс тереңдей түсіп, татарлардың өзі Қырым, Астрахан және Қазан татарларына бөлшектенсе, ал көшпелі өзбектер ноғайларға (маңғыттарға) және қазақтарға бөлініп кетті. Алтын Орданың мұрагері болып, есептелген Еділдің жоғарғы жағындағы Үлкен Орда 1481 жылы кіші Мұхаммедтің ұлы Ахмет хан қайтыс болған соң, «Астрахан хандығы» деп аталд ы. Осылайша, аты аңызға айналған Алтын Орда адамзат тарихының мансапқорлықты аңсаған т

 

 


Информация о работе Алтын Орданы