Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 15:11, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Англияда XIII ғасырда тауар-ақша қарым-қатынастарының дамуына орай ішкі нарық пайда болғаннан кейін, қоғамдық күштердің арақатынасы корольдің күшеюіне және мемлекетті бір орталыққа бағындыруға алып келді.
Ірі феодалдардың және жер иеленушілердің арасында әлсірегендері көбейе берді. Графтар мен барондар ерікті шаруалардың көбін өздеріне бағындырып жатты. Феодалдық рентаны көбейтіп, қауым жерлерін шаруалардан өздеріне тартып алуға тырысты. Шаруалардың салық төлеу сияқты жеке міндеттері де болатын. Міндеттерін орындамаған жағдайларда, король олардың жерлерін тартып алушы еді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………....………………………3

1. Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы
1.1 Англияда ерте-феодалдық монархияның мемлекеттік құрылысы.............5
1.2 Англиядағы сот. Мемлекеттің жоғарғы соты-корольдің соты.........................7
1.3 Англиядағы сословиелік-өкілдік монархия.....................................................10

2. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы
2.1 Англия парламентінің пайда болуы мен құрылымы........................................16
2.2 Англия парламентінің функциясы................................................................20
2.3 Ағылшын парламентінің «Құқық туралы петиция» актісі.........................22
2.4 Абсолюттік монархия кезіндегі парламент..................................................27
2.5 Англиядағы Конституциялық монархия.......................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................33

Вложенные файлы: 1 файл

Angliada_okildik-soslovielik_monarkhia-_parlamen.doc

— 234.50 Кб (Скачать файл)

 

2.3 Ағылшын парламентінің «Құқық туралы петиция» актісі

 

Карл  Бірінші 1628 жылы парламент мәжілісін шақырды. Парламент оның қолына "Құқық туралы петиция" деген актіні ұстатты. Бұл құжатта Англияның бұрыннан келе жатқан еріктері мен әдеттері, парламенттің құқықтары туралы айтылған.

Бұл петицияның 1-бабында Эдуард Бірінші жәнс Эдуард Үшінші корольдердің ХШ ғасырда алынған заңдарына сүйеніп, ешқандай са-лықты  король парламенттің келісімінсіз сала алмайды делінген. Соңғы уақытта заңға қайшы салықтар болды. Оларға парламент рұқсат еткен жоқ,  3, 4- баптарында Еркіндік Ұлы Хартиясы бойынша Англияның бір де бір адамы сотсыз құқығынан айырылуға, түрмеге қамалуға, жерден айырылуға, жауапқа

алу тиісті емес болды.

5 - бабында Жұлдызды  палатаның қызметі заңды емес  делінген. Бұл ерекше трибунал  саяси қылмысты істерді қарайтын. Басқа дінге қарсы істерді  ерекше сот органының "Жоғарғы комиссиясы" қарайтын. Бұл екі сот та корольдің қолында болды. Бұлар Еркіндік Хартияның бостандық-тарына қайшы еді.

6   - бапта  солдаттар мен матростардың жеке  адамдардың үйлерінде тұруы ежелгі  әдеттерге қарсы деп көрсетіледі.  Бұл жағдай ел заңдарына қайшы болатын.

7 - бапта солдаттар  мен матростарды әскери жағдайдың  соттарымен соттаудың дұрыс еместігі  айтылған. Бұндай жағдай тек соғыс  кезінде қолданылуға тиісті. Бұл  заңға және елдің салтына қарсы  енгізілген, ал осы уақытта нағыз  қылмыскерлер бос жүреді.

8,9 - баптарда  өлім туралы көптеген бұйрықтардың  нәтижесіз қалып отырғаны айтылған.

10 - бапта осы  тоғыз бапта айтылған талаптардың  бәрін бірге түйіндеп корольдің  алдына қою принципі бар. Парламент  Ұлы Еркіндік Хартиясының баптарын  корольдің есіне салып дәлелдеген болатын. Бірақ король парламенттің айтқан талаптарына көңіл бөлген жоқ. Парламент бұған наразылық білдіргеннен кейін король парламентті таратып жіберді. Ол 11 жыл парламентсіз мемлекетті басқарды. Парламенттің басқарушысы Тауэр түрмесіне қамалып, сол жерде қайтыс болды.

1637 жылы Шотландияда  көтеріліс болды. Бұған қатысқан  адамдар корольдің әскерлерін  жеңіп, корольдің әскері ыдыраған  соң, мелекеттің экономикалық  жағдайы нашарлады. 1640 жылы король  наурыз айында петицияны есіне  салып, орындалғанына көңіл бөлді. Парламент жаңа салықтар мен ақшаны бекіткен жоқ. Король парламентті қайтадан тара-тып жіберді

1640 жылы күзде  корольдің де, мемлекеттің дс  жағдайлары нашарлады. Феодалдық  абсолюттік құрылыс терең де  саяси қайшылыққа әкелді. Корольдің  жағдайы ауырлай түсті. 1640 жылы 3-қарашада ол парламентті мәжілісіне шақырды. Бұл парламент Ұзақ деген атқа ие болып, Англиядағы төңкерісте буржуазияның органы ретінде үлкен рөл атқарды ол 1653 жылға дейін үзіліссіз қызмет етті. Ол кейбір жоғарғы корольдің уәзірлерін жазалау, тетенше соттарды жою, зиярат етушілерді жауапкершілікке тарту туралы да корольге талап қойды. Парламент халықтың тірегенін сезе отырып, феодалдық-абсолютистік құрылысқа шабуылға шықты. Кейіннен корольді жақын көруші-лорд Страффорд, архиепископ Лод және басқа корольдік абсолютизмнің белсенді мүшелері тұтқындалды. Парламент корольдің әлсіздігін пайдаланып, өмірбойы сайланатын сотты енгізді. Түрмелерден саяси тұтқындар  босатылды, палатаның қаулысы бойынша заң қабылданды, соның нәтижесінде парламенттің шешімінсіз салық жинауға тыйым салынды. 1641 жылы парламент Үш жылдық акт деген заңды қабылдады. Бұл заң бойынша парламенттің екі мәжілісінің арасындағы үзіліс үш жылдан кем болуға тиісті емес. Король парламенттің мәжілісі басталғаннан кейін оны 50 күн тоқтата алмаған болатын. Сөз бостандығы туралы заң қабылданды. Англияда буржуазиясының арқасында абсолюттік монархия орнына шектеулі монархия  құрылды. 1641 жылдың аяғында парламентте королъге қарсы көтеріліске шығуды қауіпті деп есептейтін мүшелер көбейді[8, 159 б.].

1641 жылдың аяғында  парламент корольге Ұлы ремонстрацияны  берді. Парламент  бұл заңды  соғысын қабылдады дегенмен, король  оны қабылдаған жоқ. Бұдан кейін  парламент корольге 19 баптан тұратын  ұсыныс енгізді. Бұл талаптарда  корольдің билігін шектеу туралы айтылған болатын. Бірақ король бұған да көңіл аударған жоқ. Ал 1642 жылы король мен парламенттің арасында ашық шиеленіс басталды. Король өзі бұрыннан келе жатқан әдеттерді бұзып, парламентке оппозицияныц өкілдері қамауға келді. Бірақ, олар тығылып, ұстатқан жоқ.

Осыдан кейін  король Англияның солтүстігіне кетіп, әскерлерін соғысқа дайындай бастады. Корольді жақтаған адамдар кавалерлер деп аталды. Ал оған жағынған өкілдер  өздерін "дөңгелек бастылар" деп  атады. Сонымен, төңкерістің заңды  бірінші кезеңі аяқталды. 1642 жылы жазда парламент пен корольдің арасында ашық азаматтық соғыс басталды. Корольді ағылшын шіркеуі, ескі дворяндар, феодалдар, батыс және солтүстік графтіктер жақтады. Ал парламенттің жағында өнеркәсіп дами бастаған графтіктер, буржуазия, жаңа дворяндар және халықтың көбі болатын. Джентридің әлеуметтік рөлі екіге бөлінді. Бір жағынан олар дворяндарға жақтасып корольді жақтайды және түсінеді, бірақ олардың экономикалық мүддесі буржуазияға жақын. Сондықтан олардың төңкерістегі рөлі ерекше. Соғыс басталғаннан кейін бірінші кезеңінде королъдің әскерлері жеңе бастады. Бұл жағдайды түсінуге болады. Корольдің әскерлері дайындалған, жақсы қаруланған, үйренген, ал парламент әскерлерінің бұндай жоғары сапасы жоқ еді.

Парламенттегі партиялардың арасында қайшылық туындады. Парламент мүшелері: пресветериандар, индепеденттер және левеллерлер деген үш топқа бөлінген. Пресветериандар - ең ірі сауда иелерінің және қаржы буржуазияның және жоғары джентридің мүддесін қорғайтын. Олар парламенттің әскерлері жеңілгенінен қорқып, корольмен татуласу керек және онымен бейбітшілік шарт құрып, қайтадан Лондон қаласына шақыру керек деген болатын. Олар конституциялық монархияны, шіркеудің реформасын, корольмен татуласуды, төңкерісті тездетіп аяқталуын қолдады. Өздеріне керегін революциядан алғаннан кейін, королъдің билігін шектеп, конституциялық монархия құрса, шіркеуді шектесе болды деп санағаны мәлім.

Бірақ оларға қарсы  индепеденттер шықты. Индепеденттер  орта сауда, өнеркосіпті буржуазия  және орта джентрийлерге арқа сүйеді. Олардың басшыларының біреуі О.Кромвель болатын. Индепеденттердің алдына қойған талаптары пресветериандардан көп артық болатын. Олар монархия емес, республика құрғысы келген еді. Шіркеудің жерін тәркілеуге ұшыратын, жер иеленушілердің бәрін сайлауға жіберу, саудамен байланысты жеңілдіктердің бәрін жою, төңкерісті жалғастыру керек деп санады. Олар шіркеу реформасын талап етті.

Левеллер - теңестірушілер, орта шаруалармен және қалалық буржуазиямен байланысты еді. Оның басшысы полковник  Джон Лильборн болды. Олардың талабы-сайлау жүйесін демократизациялау, барлығының заң алдында тең болуы, парламентті жыл сайын қайта сайлап отыру. Сотты демократязациялау, сауданың толық бостандығы, сауда-саттықтағы салықты айқындауға халықтың қатысуы. Олар халық егемендігін бірінші болып жариялады. Бұларды кейіннен француз, америка төңкерісінің өкілдері қолдап кетті. Халықтық егеменділіктің бірінші негізгі мағынасы - халықтық билік. Бірақ левеллерлер толық теңгерушілікке жете алған жоқ.

Парламент әскерлері  жеңілгеннен кейін Кромвельдің ұсынған жоспарын қабылдауға мәжбүр болды. Кромвель жалпы бір ортақ әскерді ұйымдастыру керегін дәлелдеп шыкқан еді.

О. Кромвель әскербасының орынбасары болып тағайындалды. Тәртіпке келтіріп, бір орталыққа бағындырғаннан кейін Парламенттің әскерлері жене бастады. Корольдің жағдайы ауырлады. Оның әскері әлсіреп, оларға төлейтін ақшасы бітіп, солдаттар қаша бастады. Бірталай адамдар парламент жағына шыға бастаған еді. 1645 жылы парламенттің әскерлері ірі жеңіске жетті, Незби деген жерде олар корольдің әскерлерінің быт-шытын шығарды. Король Бірінші Карл Шотландияға қашты, кейін Шотландияның адамдары оны Англияның қызметкерлеріне қайтарып берді. Англиядағы жағдай қатты шиеленіспен еді. Бар билік әскердің қолында, король тұтқында, ал парламент не істерін білмейді. Индепеденттер әскер қолында болғанын қолданып, пресветериандардан билікті тартып алды. Пресветериандар корольмен татуласу керек, оның құқықтарын шектеп орнына қою керек деген саясатта ұсынған. Олар парламентте басым көпшілік еді. Оларға қарсы ұйымдасқан индепеденттер мен левеллерлер монархияны құртқысы келді. Әскердің басшылары осы партиядан болғаннан кейін, оларды әскер де жақтады. 1646 жылы парламент революциясын қабылдап, үш маңызды принципті бекітті: Биліктің кайнар көзі-халық; Парламенттің қауымдар палатасы-Англияның ең жоғары билігі; Қауымдар палатасы қабылдаған заң-ең жоғарғы заң. Король мен лордтар палатасы қабылданған заңға қарсы болса да, бұл заң өз күшін сақтайды. 1647 жылы күзде әскерде левеллерлер қозғала бастаған болатын. Бірақ индепенденттік басшылық олардың қозғалысын басты.11

1648 жылы Кромвель  парламентті тазартты. Бұл оқиға  полковник Прайдтың тазартуы  деген атақ алған болатын. Прайд  парламентке келіп, депутаттардың  бәрін бір есіктен тексеріп  кіргізді. Ол парламентке пресветериандарды жіберген жоқ. Олар: "Сіздің осылай істеуге қандай құқығыңыз бар?"-деп сұраған кезде, Прайд-"қару құқығым", -деп жауап берген екен.

Индепеденттердің  бағдарламасын одан әрі левеллер апарды. Олар корольдің және лорд палатасының  билігін жою туралы айтқан болатын. Парламентке депутаттарды жылда сайлау керектігін айтты. Депутаттар халық алдында жауапты. Азаматтардың туғаннан болған құқықтарын ешкім қайтып ала алмайды. Левеллердің бағдарламасы индепеденттердікімен салыстырғанда прогрессивтік сипатта болатын. Бірақ олар оны жүзеге асыра алған жоқ.

Билік басымдағылар Англияның халқына қауіпті, реакцияның тірегі және пайдасыз деп 1648 жылы лорд палатасының көзін жойды да, 1649 жылы корольдің өзін соттады. Бұл  сотты басқарған белгілі Джон Бредшоу деген заңгер. Король "Сіз мені соттайтындай құқығыңыз жоқ, маған осы біздің мемлскетіміздің корольді халық соттаған бір прецедентің көрсетіңіз"-деді. Шынында, жалпы құқық бойынша оның айтқаны заңды еді. Бірақ сот көп куәгерлерді сұрастыра келді де, корольдың өзі халқына қарсы шыкқанын дәлелдеді. Куәгерлердің бөрі оның қаталдығын көрсетті. 131 сот қызметкерінің тек қана 59-ы шешімге қол қойды. Ал басқалары жауапкершіліктен басын тартып, соттың мәжілісіне келмегенін дұрыс көрді.

1649 жылдың 30 қаңтарында  Англия королін сот өлім жазасына кесті. Король тиран, адам өлтірген қылмыскер, өзінің отанын сатты және осы мемлекеттің қарапайым жақсы азаматтарының жауы деп мәлім етті. Корольдің билігі бостандық үшін, Англия халқының мүддесі үшін қауіпті деп есептелді. Енді корольдің билігі Англияға керек емес, ол бостандыққа, қоғамдық қауіпсіздікке қауіпті және пайдасыз деп жарияланды. Корольдің билігі осы елде жоне Ирландияда бір адамның қолында болуы тәжірибе жүзінде мойындалды. 1649 жылы акті бойынша Англия республика болып жарияланды. Бірақ бұл көпке созылған жоқ, Англияда протекторат деген саяси режим құрылды[10, 153 б.].

Осы парламентте  жиналған рухани және зайырлы лордтар  мен кауымдардың мәртебесінің қарауындағылардың  әр түрлі құқықтарына қатысты  үсынған петициясы және мәртебелі корольдің парламенттің толық жиналысында оған қайтарған жауабы.

Жақын арада  әр түрлі ұйғарымдар шығарылды, соған  орай әр түрлі жерлердегі сіздің халқыңыз жиналып, сіздің қүзырыңызға берілуге тиісті ақшаның белгілі сомасын  талқылауға кірісті және мүны жасаудан бас тартқан кейбіреулер сіздің Қүпия Кеңесіңізге және өзге жерлерге жауап беруге баруға мәжбүрлендірілді және басқалар да осындай себептермен ұсталып түрмеге жабылды, олар басқа да түрлі тәсілдермен ығыстыры-лып, өуре-сарсаңға түсірілді; сіздің мәртебеңізбен немесе сіздің Құпия Кеңестің бүйыруымен немесе нүсқауымен көптеген графтіктегі сіздің халқыңыздан корольдіктің заңцары мен еркін ғүрыптарына қарсы басқа да алымдар алынып жатыр.

Игі зандар мен  статустарда айтылғандарға қарамастан, сіздің таяу уақыттағы көптеген бодандарыңыз қайсыбір себептері көрсетілместен түрмеге қамалды және оларды босату үшін сіздің мәртебелі нүсқауыңыз бойынша судьяларыңызға әкелгенде, үстаудың себебін анықтау жөніндегі бүйрыққа орай, түрмедегілер соттың өкіміне сәйкес әрекет жасаудың орнына, ол адамдар Қүпия Кеңесіңіздегі лордтар куәландырған сіздің айрықша мәртебелі бүйыруыңызбен қамауға алынды дегеннен басқа ешбір себепті көрсеткен жоқ, және соған қарамастан, оларға қарсы еш-қандай кінәлау болмаса да, олар оған заңға сәйкес жауап бере ачар еді, олар әр түрлі түрмелерге жіберідді.

Сол себепті  рухани және зайырлы лордтар мен  қауымдар сіздің жарқын жүзді мәртебеңіздің  алдыңда иіліп, мүнан былай парламент  актісі берген жалпы келісімсіз сыйлық, қарыз түріндегі төлемдер жасауға  не-месе беруге, салық немесе басқа да қайсыбір алымдар әкелуге ешбір адам-Ды мәжбүрлемеуді және осы алымдар мен оны төлеуден бас тартуға бай-ланысты ешкімнің жауапқа шақырылмауын, ант қабылдауға әкелінбеуін; бірде-бір еркін адамның жоғарыда еске алынғандай түрмеге қамалмауын немесе күзетпен үсталмауын сүрайды.

 Осылардың  барлығы жөнінде олар сіздің  мәртебелі жарқын жүзіңіздің  алдында қүлдық үра отырып, осы  корольдіктің заңдары мен статустарына  сәйкес өздерінің қүқықтары мен  еркіндіктері туралы айта келіп,  сіздің мәртебеңізбен жарияланғаннан бөлек, көрсетілген тармақ-тардың қайсыбіріндегі халыққа залалы тиетін нәрсенің болашаққа зар-Дабьщ тигізбеуді немесе мүнан былай оның үлгілі қызмет ретінде көрсетілмеуін жөне де сіздің қанағаттануыңызбен халықтың тыншуы үшінкорольдік еркіңіз бен тілегіңізді жария етуді, сіздің барлық шенеуінік_ теріңіз бен лауазымды адамдарыңыз осы корольдіктің зандары мен ста-тустарына сәйкес қызмет етуін сүрайды.

Осы Петиция  оқылғанша және оның мазмүнын король толық анық-тап, парламенттің толық жиналысына жауап бергенше, былай деп тілейік:"Осы тілегіміздің жүзеге асуын қалаймыз».

(Ағылшын революциясының  заңдары, 1640-1660).

 

2.4 Абсолюттік монархия кезіндегі парламент

 

Республиканың жариялануы кейін халықтық келісім  бойынша бағдарламаны жүргізу үшін көптеген мүмкіндіктер ашылды. Бірақ бәрі керісінше болды. Азаматтық соғыс Англиядағы халықтың жағдайын ауырлатқаны белгілі. Шіркеудің, қуылған дворяндардың жерлерін буржуазия және джентрилер сатып алды. Шаруалар мен жұмысшылардың қолына ештеңе тиген жоқ. Енді рыцарлер королге бұрынғы феодалдық салықтарды төлемейтін болды. Ал шаруалар өздерінің феодалдарына салықты бұрынғыдай төлей берді. Бұл жағдайдың халық наразылығын туғызуы да заңды. Бұдан басқа діни және саяси бостандықтар берілген жоқ. Индепеденттер әскердегі беделін пайдаланып, өздеріне керек тәртіптерді енгізді. Левеллерлер Кромвельге қарсы шығып, Лильборнге қарсы әскер аттанды да оларды жеңді. Бірақ, левеллерлік көтеріліс бұнымен аяқталған жоқ. Әскерде де көтерілістер басталып, олар демократиялық өзгерістер керегін мәлім етті. Бұл жағдайда Кромвель және оның генералдары Ирландиядағы көтерілісті басу үшін әскер жіберді. Көтерілісті басқаннан кейін Кромвель және оның өкіметі Ирландияның жерлерін офицерлер және солдаттарға таратты, солай олардың алдындағы қарызын өшірді. Жаулап алудан түскеп пайда әскерді ыдырапы да оның революциялық рухын бөсендетті. Кромвельдің қабілеті және оның өкіметінің ішкі саясатты жүргізуі буржуазия мүддесіне жауап бере алатын[11, 52 б.].

Информация о работе Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы