Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 19:47, реферат
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. НазарбаевҚазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылыТәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.
I Кіріспе:
1Ассамблеяның қызметі
II Негізгі бөлімі:
1Ассамблея туралы Заң
2Ассамблеяның негізгі міндеттері
3Ассамблея құрылымы
III Қорытынды:
Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі.
Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды.
Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.
Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.
Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.
Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық
келісім кеңесінің
ҮЛГІ ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
1.Қазақстан халқы
2.Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысы
мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілерін, өзге де нормативтік құқықтық
актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа
алады.
3.Кеңес төрағасы облыс (республикалық
маңызы бар қала, астана) аудан (облыстық
маңыздағы қала), ауыл әкімі немесе ұжымның
жалпы жиналысында сайланған тұлға болып
табылады, сондай-ақ төрағаны тағайындаудың
басқа тәртібі белгіленуі мүмкін.
4.Кеңес құрамы заңнамада белгіленген
тәртіпте қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік
емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер,
мемлекеттік органдар өкілдері қатарынан
қалыптастырылады.
2.Кеңестің міндеттері мен функциялары
5.Кеңестің негізгі міндеті
6.Кеңес келесі функцияларды орындайды:
1)қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті
нығайту жөнінде, сондай-ақ мемлекеттік
органдар мен қоғамдық институттар арасындағы
өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсынымдар
мен ұсыныстар әзірлеу;
2)Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары
мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған
қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызды,
патриоттық жобаларды және бағдарламаларды
қолдау және дамыту;
3)ардагерлер, кәсіподақ, жастар бірлестіктерін
және басқа да қоғамдық ұйымдарды мемлекеттік
ұлттық саясатты насихаттауға және іске
асыруға тарту;
4)теріс тенденцияларды болдырмауға және
алдын алуға, келіспеушіліктер мен жанжалдарды
реттеу, кикілжің жағдайларға жол бермеу
бойынша, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын
жою жөнінде тәжірибелік іс-шараларды
іске асыруға қатысу.
3. Кеңестің өкілеттіктері
7. Мемлекеттік комиссия өз
1) мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген
міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты,
құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) Кеңес отырыстарында Кеңес құзыретіне
кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік
органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін
тыңдауға;
3) Кеңес құзыретіне жатқызылған нақты
проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар
тұжырымдау мақсатында жұмыс топтарын
және комиссиялар құруға;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша
шешімдер қабылдауға құқылы.
4. Кеңес қызметін ұйымдастыру
8. Кеңес отырыстары
9. Кеңес отырыстары Кеңес мүшелерінің
жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде
заңды болады.
10. Кеңес шешімдері отырысқа қатысып отырған
мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен
қабылданады. Кеңес мүшелерінің дауыстары
тең болған жағдайда, төрағалық етушінің
дауысы шешуші болып табылады.
11. Кеңес отырыстарына Кеңес мүшесі болып
табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ
қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің,
Қазақстан халқы Ассамблеясының және
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері
шақырылуы мүмкін.
12. Кеңес төрағасы:
1) Кеңес қызметін басқарады және оның
отырыстарына төрағалық етеді;
2) күн тәртібін айқындайды және Кеңес
отырыстарының хаттамасына қол қояды.
13. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін
төраға белгілеген орынбасар атқарады.
14. Кеңес хатшысы:
1) Кеңес Мүшелеріне отырыстың өткізілетін
уақыты мен орны туралы хабарлайды;
2) Кеңес отырыстарына материалдар дайындауды
ұйымдастырады;
3) Кеңес отырыстарының хаттамасын рәсімдейді;
4) Кеңес төрағасына қабылданған шешімдерді
орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы
оның мүшелері дайындаған есепті ұсынады;
5) Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша
басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Кеңес хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
15. Кеңестің жұмыс органын облыс (республикалық
маңызы бар қала, астана) аудан (облыстық
маңыздағы қала), ауыл әкімі немесе ұжымның
жалпы жиналысы айқындайды.
Кеңестің жұмыс органы:
1) Кеңес қызметін ақпараттық-талдамалық
қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2) Кеңес құзыретіне жататын мәселелер
бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды
адамдармен және ұйымдармен қызметтік
хат алмасуды жүргізеді;
3) Кеңес қызметін қамтамасыз ету үшін
қажетті өзге де өкілеттіліктерді жүзеге
асырады.
16. Жергілікті мемлекеттік органдар Кеңес
жүктелген міндеттерін орындауда оған
жәрдемдеседі.
1 құрылтай сессиясы (1995ж. наурыз) –
«Біздің ортақ үйіміздегі
2 сессия (1995ж. маусым) – «Өткенді
ұғыну және қоғамның
3 сессия (1996ж. сәуір) – «Қоғамдық
келісім – Қазақстанның
4 сессия (1997ж. маусым) – «Тарихи
зерде, ұлттық келісім және
5 сессия (1999ж. қаңтар) – «Ұлттық келісім – Қазақстанның дамуы мен тұрақтылығының негізі».
6 сессия (1999ж. желтоқсан) – «Достық пен келісіммен XXI ғасырға».
7 сессия (2000ж. желтоқсан) – «Халықтың
рухани мәдени дамуы –
8 сессия (2001ж. қазан) – «Тәуелсіздікке 10 жыл: бейбітшілік, прогресс және қоғамдық келісім».
9 сессия (2002ж. қараша) – «Қазақстан
халқы Ассамблеясының
10 сессия (2003ж. желтоқсан) – «Ұлтаралық
келісімнің қазақстандық
11 сессия (2005ж. қараша) – «Бейбітшілік,
ұлтаралық келісім мен
12 сессия (2006ж.қараша) – «Әр жүректе – бір ел».
13 сессия (2007ж.тамыз) – «Бейбітшілік,
тұрақтылық және келісім
14 сессия (қазан 2008ж.) – «Еліміздің күші – халықтың бірлігінде».
15 сессия (2009 ж.қазан) – «Ұлттық бірлік – біздің стратегиялық таңдауымыз».
16 сессия (20.10.2010 ж.) - «Қазақстан халқы Ассамблеясы: Сенім. Дәстүрлер. Ашықтық. Төзімділік».
17 сессия (18.04.2011г.) - «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісім мен жасампаздықтың 20 жылы».
18 сессия (16.01.2012ж.) – «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы».
19 сессия (27.04.2012ж.) - «Қазақстандық бағыт: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру».
20 сессия (24.04.2012ж.) - «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр».
21 сессия (18.04.2014ж.) - «Қазақстан-2050» стратегиясы» : бейбітшілік, рухани және келісім мәдениеті».
22 сессия (23.04.2015ж.) - «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті»
Мемлекеттік Республикалық корей музыкалық комедия театры
Тарихи анықтама.
1932 ж. Владивостокта ұйымдастырылды. 1937 жылы Қазақстанға көшірілді (Үштобе, Қызылорда қалалары),ал 1968 ж. Алматыға қоныс аударды. 2003 жылы театр өзінің меншікті ғимаратына көшті ( бұрынғы «Жалын» кинотеатры). Корей театры Корей түбегінен тысқары жұмыс істейтін әлемдегі ең алғашқы этностық және меммлекеттік театр.
Театр директоры Ни Любовь Августовна
Мақсаты – корей пьесалары негізінде спектакль қойылымдарын ұйымдастыру.
Қызметтің негізгі бағыттары: Театр репертуары Корей, қазақ және шет ел авторларының шығармалары бойынша қойылымдардан тұрады. Аталмыш спектакльдердің қойылымына үлкен үлес қосқан әртістер: Ким Дин, Ли Гир Су, Ли Хам Дек, Пак Чун Себ, Цой Бон До, В.Е.Ким, Р.И.Ким, режиссерлер мен театр шеберлері: Ен Сен Нен, Мен Дон Ук, Те Ден Гу, А.А.Пашков, И.Ким, О.С.Ли және т.б. . ТМД елдерінің аумағындағы бірден-бір кәсіби корей ұжымының құрамында «Ариран» және «Самульнори» ансамбльдері жұмыс істейді. Олардың жарқыраған би және вокалды- аспаптық өнері Қазақстан, Орталық Азия, Ресей Федерациясы мен Корей Республикасының көптеген қалаларыда ел ықыласына бөленуде. 80 жылда театр сахнасында 5 млн. көрермен тамашалаған 250 қойылым мен концерттік бағдарламалар қойылды. Театр репертуарында ұлттық және заманауи спектакльдер, сонымен қатар қазақстандық және шет ел драматургтерінің қойылымдары. Барлық спектакльдер корей тілінде қойылып, ілеспе аударма арқылы орыс тілінде беріледі. Театр корей шығармашылығының барлық жанрын көрсете алатын кәсіби күшін жұмылдырған: драмалық труппа, «Самульнори» фольклорлы-этнографиялық тобы, корей дәстүрлі би өнерінің балет тобы, жеке орындаушылар- вокалистер. Қазақстанның біріккен этно мәдени саясаты арнасында дамып келе жатқан Корей театры этностық ерекшелігі мен тілін сақтап, көп этностық айналада корей мәдениетінің баюына үлес қосуда.