Астанам-қазағымның жүрегі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 16:21, реферат

Краткое описание

Астана дегенде аузымызға ең бірінші бәйтерек түседі.Ал шет елдік азаматтар үшін Қазақстан дегенде еліміздің ордасы Астананы айтары сөзсіз.Күннен-күнге құлпырып келе жатқан Астананы көріп болашақтың қаласына айналар,әлі де өзіне таң қалдырып тамсандыра беретін,келбеті көз тартар,кез-келген жанды нәзік те сыршыл бейнесімен,жыл сайынғы емес күн сайын жаңарып отыратын әсем ғимараттарымен ,жанға сезім дарытып,тәтті ертегіге толы ұмытылмас сәттер сыйлайтын жас қаланың бүгіні мен болашағы жарқын,келешекте еліне үлкен тартулар дайындап қойған жас та болса бас қала ретінде санауымыз әсте орынды.

Вложенные файлы: 1 файл

Астанам.docx

— 36.70 Кб (Скачать файл)

Бүгінде Астана түрлі  халықаралық деңгейдегі шараларлы өткізетін орталыққа айналып үлгерді. Мәселен, 2010 жылы елордада 11 жылдық тоқыраудан кейін ЕҚЫҰ саммиті ұйымдастырылып, өте жоғары деңгейде өткізілді. Сонымен қатар өткен жылы 7-ші қысқы Азиада ойындары да жоғары талапқа сай ұйымдастырылды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі де тұрақты өткізіліп келеді. Астана алдағы уақытта да осындай жоғары деңгейдегі шараларды өткізу орнына айналады. Атап айтқанда, 2013 жылы тамызда Қазақ елінің елордасында бокстан 17-ші әлем чемпионаты, ал 2014 жылы ауыр атлетикадан 81-ші әлем чемпионаты өтеді. Бұдан бөлек, Астана 2017 жылы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені жоғары деңгейде өткізуге барын салатын болады.

Автор: Марлан Жиембай

 

Он бес жыл бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Ақмола қаласы (қазіргі Астана) 1997 жылдың 10 желтоқсанынан Қазақстанның астанасы болып жарияланды. 
 
Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі астананы ауыстыру туралы шешімді 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылдаған болатын. Осыдан кейін дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. Құрылыс қарқынын арттыру әрі инфрақұрылымын дамыту мақсатында 1997 жылы Ақмола қаласында (қазіргі Астана) Ақмола арнайы экономикалық аймағы құрылды. Ол белгілі бір деңгейде жаңа елорданың дамуына өз септігін тигізді. ҚР Президентінің астананы көшіру туралы Жарлығы жарыққа шыққаннан кейін Алматыда Ақмолаға мемлекеттік органдарды қоныстандыру жұмыстары басталды. 
 
1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы бойынша, Ақмола атауы Астана болып өзгерді. Астана қаласының қазақ елінің жаңа астанасы ретінде халықаралық таныстырылымы 1998 жылы 10 маусымында өтті. 
 
Астана күні 6 шілде күні аталып өтіледі. Өйткені дәл осы күні Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі астананы Алматыдан Ақмола ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл күн мемлекеттік мереке болып саналады. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. 
 
1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар. 
 
Бүгінде Астана түрлі халықаралық деңгейдегі шараларлы өткізетін орталыққа айналып үлгерді. Мәселен, 2010 жылы елордада 11 жылдық тоқыраудан кейін ЕҚЫҰ саммиті ұйымдастырылып, өте жоғары деңгейде өткізілді. Сонымен қатар өткен жылы 7-ші қысқы Азиада ойындары да жоғары талапқа сай ұйымдастырылды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі де тұрақты өткізіліп келеді. Астана алдағы уақытта да осындай жоғары деңгейдегі шараларды өткізу орнына айналады. Атап айтқанда, 2013 жылы тамызда Қазақ елінің елордасында бокстан 17-ші әлем чемпионаты, ал 2014 жылы ауыр атлетикадан 81-ші әлем чемпионаты өтеді. Бұдан бөлек, Астана 2017 жылы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені жоғары деңгейде өткізуге барын салатын болады.

Бүгін Астанаға 15 жыл

Осыдан 15 жыл бұрын Ақмола қаласы ресми түрде ел астанасы болып жарияланды.

Осыған орай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми қабылдауға қатысты. Басқосуға жаңа Астананың қалыптасуына белсенді атсалысқан азаматтар жиналды. Елбасы сол жылдарды еске ала отырып, бұл қадамның дұрыстығына күмән келтіргендер мен шүбәланғандар болғанын, алайда алғашқы күннен жаңа Астанаға келіп, оның дамуына белсенді атсалысқандардың ерен еңбегі туралы айтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «біз үлкен міндетті атқара білетінімізді дәлелдедік. Бүгін сол кезде дұрыс шешім қабылдағанымызды сеніммен айтуымызға болады және идея толық ақталды. Жақында біз тәуелсіздігіміздің 21 жылдығын мерекелейміз. Астана – Қазақстан жетістіктерінің символы» деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының Астанасы болып ресми түрде жарияланған еді.

 

 

 

 


Информация о работе Астанам-қазағымның жүрегі