Афанасьев мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 18:52, лекция

Краткое описание

Афанаьев мәдениеті- Оңтүстік Сібірдегі өмір сүрген қола дәуірінде б.з.б 2- мыңжылдықта көне тайпалардан қалған ескерткіштердің атауы. Мәдениет ке Енесейдің жоғарғы ағысындағы Тес , Сыда,Карасук3 СОндай Алтай өңіріндегі Усть- Кокса , Усть-Кюм т.б зираттар жатады. Бұл өңірлер археологиялық қазба жұмыстарында өте мол мұра қалдырды. Ерекше ескерткішке осы Афанасьев мәдениеті жатады. Мәдениеттері қола дәуіріндегі тек тауларда ғана емес , барлық Сібірдіңде алғашқы ескерткіші болып табылады. Бұл мәдениет өз атауын 1920-1923 ж С.А Теплоуховтың Афанасьев тауында жүргізген қазба барысында алды.

Вложенные файлы: 1 файл

афанасьев .docx

— 15.90 Кб (Скачать файл)

                                                            Афанасьев мәдениеті

        Афанаьев  мәдениеті- Оңтүстік Сібірдегі  өмір сүрген қола дәуірінде б.з.б 2- мыңжылдықта көне тайпалардан қалған  ескерткіштердің атауы. Мәдениет ке Енесейдің жоғарғы ағысындағы  Тес , Сыда,Карасук3 СОндай  Алтай өңіріндегі Усть- Кокса , Усть-Кюм т.б зираттар жатады. Бұл өңірлер археологиялық қазба жұмыстарында өте мол мұра қалдырды. Ерекше ескерткішке осы Афанасьев мәдениеті жатады. Мәдениеттері қола дәуіріндегі  тек тауларда  ғана емес , барлық  Сібірдіңде алғашқы ескерткіші болып табылады. Бұл мәдениет өз атауын 1920-1923 ж С.А Теплоуховтың Афанасьев тауында жүргізген қазба барысында  алды. Бұл кезде Оңтүстік  Сібірде алғаш малшылық және  таулы металлургиялық іс дамыды. Бұның барлығы афанасьев мәдениетімен байланысты болды.  Афанасьев тайпалары Сібірде , Алтайда  осы шаруашықтарды бірте бірте меңгере бастады. Қазіргі уакытта мәдениетте 60-тан астам археологиялық ескерткіштер белгілі.  Соның ішінде жақсы зерттелген  мәйіттер: Айрыдаш-1, Арагол, Бертек-33  т.б болды. Алтайда афанасьев мәдениетінің 2 комплексі Қара-Қоба және Кучер белгілі. Жаксы зерттелген Афанасьев тауы  , Барсучиха, Қызыл Яр және т.б болды. Афанасьев мәдениеті Моңголияда және Синцзян   да табылды , сонымен қатар тұрғын уйлер орны Қара-Текешауылынан табылды. Бұл жертөле уйлер болды. Жерге 0,15-0,2м тереңдікте және уйлерінің пәшәнә тіктөортбұрышты болды. Ошақтары қабырғаға жақын орналасқан және диаметрлері 0,8-1,2м болды. Бірге көмілген керамика , ыдыстар, жануар суйектері , тас қарулар табылды, Қоладан жасалған бұйымдар ерекше көзге түеді. Аскат – ден осындай буйымдар табылды. Афанасьев мәдениеттінде жерлеу комплексі жақсы зерттелді. Мәйіт плиткалармен  вертикаль қоршалған. Ішінде  тас қарулар , ыдыстар табылған.  Алтайга негізінен бәр адам яғни не әйел немесе еркек жерленген молалар  ғана кездеседі. Ал басқа , яғни Минусинде -5-8 адамғ дейін жерленген. Балалармен жасөспірімдерді көбіне улкендермен бірге немесе оларды арнайы барлығын бірге жерлеген екен.  Мәйітті бук тусіріп жерлеген. Қабір ішінде қыш ыдыстар, еңбек құралдарынан: тас, суйек, мүйіз, ішінара меьаллдан жасалған қырғыштар, пышақ, жебе ұштары, әр турлі әшекей бұйымдар кездеседі. Метеллдан жасалған бұйымдар аз. Бұл кезеңде өлкеде көне металлургия ісінің алғаш дами бастаған уақыты.  Бұйымдар негізінен мыстан соғылған. Молалар Батыс пен Шығысқа қарай бағытталған. Денелерінде охраның қалдықтары кездеседі. Адамдар мал өсірумен , егіншілікпен  айналысқан. Уйлері жеркепе түрінде болған.  Киімдері суйекпен  аң азу тістерінен жасалған әр турлі әшекейкелермен , әдемі тұмаршалармен безендірілген .Бұл төңіректе кейін моңғол тектес халықтар қоныстанғанымен, көне тұрғындары денелі , бойлары ұзын, еуропеоид расасына жатады.

   Сонымен қатар  молаларда гляндық ыдыстар (1-4ыдыс) , ал қалғандары тастан , суйектен , қоладан, алтынан, кумістен жасалған  заттар  бұйымдар санаулы ғана. Афанасьев мәдениеттерінің ыдыстарын   лента тәсілімен айналдырып жасалған  екен. Ыдыстар бай тастармен өрнектермен  безендірілген. 

   Минусин жазығында  Афанасьев мәдениетінің молалардың 18 пункті белгілі, соның 14і толық және жартылай қазылып зерттелген. Барлығы 200-ден астам мола қазылған.  Афанасьев мәдениетін 1865 жылы В.В Радлов зерттеуінде де белгілі ескерткіштер  ашылды. Алтай мен Енесейдің афанасьев мәдениеттері ұқсас келеді. Бірақ Алтай ескерткіштері Енесейге қарағанда тізеу дамыған түрінде кезікті. Көпке дейін афанасьевтер  тек өзен дердің жағалауында тұрған делінді.  Онгудайдағы №3 мәйітте В.В Радлов тың альбмарына қарап 3 адам жерленгенің көреміз.  Афанасьев мәдениетінің Орталық Енесейде 310  аса мола, Алтай тауында 230 аса, Моңголияда 10-нан аса жерлеу зираттары зерттелді.  Ыдыстар гляннан және ағаштан жасалды. 

    Афанасьетер аңшылық,  балық аулау мен терімшіліктен   егіншілікпен мал шаруашылығына  ауысты. Олар көбіне қой, жылқы  өсірді. Афанасьевтерде әсіресе   уй қолөнері жаксы дамыған. Олардың молалары улкен емес тас қорғандардан тұрғызылды. Диаметрі 5-16м –ге дейін жетті .Афанасьев мәдениетінің Алтайдағы тарихы өте зор.

   Афанасьев мәдениетінің  басты жетістігі – олар металлды  қолдана білуі болды.  Олардың  тұрмыстық жағдайда қолданатын  құралдары: тас қару – балта,  садақ жебе ұштары болды. ОЛдарда  әлі металл қару болмады.  Бірақ  осы кезде металл , әшекей бұйымдарда  қолданыла бастаған еді. Металл  бұйымдардан мыстан, алтыннан, кумістен  және темірден жасалған. Афанасьев тауындағы бір молада кәрі әйелдің мәйітін қазған  кезде браслет қалдықтары табылған. Оны зерттеген кезде темірден  жасалнганың айтады. Бұл табылға заттар Афанасьев мәдениетін энеолит кезеңіне жататындған да дәлелдейді.Гляндық ыдыстар әр турлі болды, 1,5 л ден 3 л-ке дейін жасалған.  Бұл ыдыс улкен жанұяға арналмады. Ал 200литрлік ыдыстар да болды. Оны көбіне жасы келген адамның жанына қойып бірге жерлеген.

    Барлық афанасьевтер  молалары улкен емес және өлген  адам саны жағынанда ұқсас.Ең улкен афанасьев тауына Карасуда 1-шісінде 67, ал 2-шісінде 58 улкен және балалар жерленген. Есептеген жағдайда бұл қабірге  100жыл болса, жерленген адамдар 20-25  болды , олар 4-5 жанұяны құрды, ал егер қабірге 50 жыл болса,  шамамен 40-45 адам яғни ол 6-10 жанұяны құрады.

    Афанасьев   уакытында  алғашқы қоғамда  улкен аштық болып , балалар  өлімі болған екен. Қазба барысында  зерттелген мәйіттердің жартысы  балалар болды. Балаларды көбіне тума туыстарымен бірген жерлеген. Молада охра қалдықтарыда табылды. Ора скелеттің көп суйегінде сақталған. Амулет ретінде аңдардың, әр турлі жануардың тісі, аюдың тырнақтары табылды.

   Афанасьевтер мұрагерлері  тагар тайпаларының мәдениеті  болды. Олар б.з.д 3-ғ дейін  өмір сурді. Ал басқа бір  нұсұқасында  тагарлар скиф  болды дейді. Негізі афанасьевтердің  арғы аталары тохарамдар болды  деген деректер бар. Афанасьевтертайпаларының  қоға өміріндегі рөлін жерлеу  орындарына қарап –ақ байқауға  болады.  Кей жерлеу орындаында  жұппен жерленген әйел және  еркек табылған, бірақ олар сирек  , көбіне  екі әйел немесе екі  еркек, балалар кездеседі. Молаларда  суйек оң жағында, ал оның  шығарып салушы қолданатын бұйымдары  , ыдыстары сол жақ бетте жинақталған. Қарасу3 мәйітін қазған кезде бірнеше адамдардың суйектері бірге жерленген екен. Бірақ суйектері тугел емес, бірнеше қалдықтары жетіспейді демек оларды көшірген кейін қосып жерленген. Демек афанасьевтер молалары  тұрақты және  көшпелі болған. Олар қысқы және жазғы болса керек. Сонымен шаруашылыққа соқа пайланылды. Зерттеушілер бұл мәдениетті Шығыс Европадан келген мигранттар қалдырды деп болжайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдбиеттер:

М.П Грязнова «Основные  черты афанасьевской культуры», «Афанасьевская культура на Енисее»

 

 

 

 


Информация о работе Афанасьев мәдениеті