Ежелгі гомининдер және олардың еңбек қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 21:39, реферат

Краткое описание

Австралопитектер жөнінде мағлұматтар артып, зерттеу жұмыстары біршама аяқталған соң, гомининдерді, яғни, адамдарды зерттеу үрдісі қолға алынған болатын. Адамды жануардан пайда болды деген тұжырымдама ғалымдардың осы тұрғыда алғашқы маймыл-адамның бар болғандығын айтуына түрткі болды, олар тіпті, маймылтектес адамның морфологиялық бет-бейнесін елестеткілері келді.

Вложенные файлы: 1 файл

Ежелгі гомининдер және олардың еңбек қызметі.docx

— 13.69 Кб (Скачать файл)

                                      Ежелгі гомининдер және олардың еңбек қызметі.

 

         Австралопитектер  жөнінде мағлұматтар артып, зерттеу жұмыстары біршама аяқталған соң, гомининдерді, яғни, адамдарды зерттеу үрдісі қолға алынған болатын. Адамды жануардан пайда болды деген тұжырымдама ғалымдардың осы тұрғыда алғашқы маймыл-адамның бар болғандығын айтуына түрткі болды, олар тіпті, маймылтектес адамның  морфологиялық бет-бейнесін елестеткілері келді.

         Бұл жорамалдар өзінің нақты дәлелін 1890-1891 жж., Ява аралында, плейстоцендік шөгінділерде табылған заттай дерек арқылы тапты. Ол жерде адам басы қаңқасының қақпағы және ұзын келген төменгі түпкіліктердің сүйектері табылды. Бұл дегеніміз, олардың түзу қалыпта қимыл жасағандығын көрсетеді. Сол себепті де оларға Pithecanhropus erectus немесе «маймылтектес тік жүретін адам» деп ат қойылды. Осы табылған заттай деректің айналасында көп пікірталастар жүрді. Мысалы: бұл қаңқаны үлкен  гиббонға, заманауи микроцефалға тиесілі деп санады. Алайда, бұл тұжырымдар нақты морфологиялық зерттеуден өткен кезде ақталмай қалды. Кейін, XX ғасырдың 30-шы жылдарында Ява аралында одан басқа тағы да жиырма маймылтектес адамның сүйегі табылды. Осы негізде, питекантроптардың өмір сүргендігін нақты айтуға болады.

        Питекантроптарды  қазіргі адамдардан оның бас  қаңқасының қақпашасы ерекшелендіреді. Олардың тік жүру, еңбекке баулу қасиеті өз шыңына жетіп, дамуын тоқтатқан кезде, олардың миларының өсу процесі баяу дамып, кешігіп жатты. Питекантроптардың  тік жүруі, қолдарымен көптеген операцияларды жасауы еңбек ісін дамытуда үлкен рөл атқарды. Австралопитектермен салыстырғанда, олардың миы бір жарым есе үлкейіп, бас қаңқасының құрылымы біршама прогрессивті түрде дамыған.

              Ғалымдар питекантроптардың қару-жарақтарды  жасағаны-жасамағаны туралы әлі  күнге дейін пікірталасып жүр, өйткені, олардың қасында тас  дәуірінің белгілері табылған жоқ еді. Алайда, барлық табылған қаңқалар  бір орыннан екінші орынға ауыстырылған болып шықты, ал сол Ява аралында дәл сондай қабатта, сондай фаунада тастан жасалған құралдар табылды. Осы деректерге сүйене отырып, питекантроптардың тас-құралдарды жасағандығын айтуға болады.

              Ал 1927 жылы Солтүстік Қытайда, Бейжіннің маңындағы Чжоукоудянь үңгірінен қырықтан астам еркектер мен әйелдердің, балалардың сүйектері табылды. Өзінің мәдениеті және морфологиялық бет-пішіні жағынан олар питекантроптарға қарағанда біршама алда болған. Оларды Sinanthropus pekinensis – пекиндік маймылтектес адам деп атайды. Синантроптар питекантроптар сияқты орта бойлы, алып денелі болды. Миының ауданы 900-1200 cm3 арасында құбылып тұрды.

             Питекантроп, синантроп, атлантроп, гейдельбергтің  адамы және т.б жылы климаттық  аймақтарда өмір сүруге бейімделген. Олармен қатарлас тіршілік еткен жануарлардың ерекшелігі де осында. Біз, қолымыздағы бар факторларға қарап, ежелгі адамдардың морфологиялық типіне берген сипаттамаларды дұрыс қарастыруымыз керек. Мысалы: олардың даму үрдісі біркелкі болмаған, оларды адамдарға жақындатқан қасиеттері бірдей уақытта дамып кетпеген. Барлық өзгерістер, жаңалықтар белгілі бір заңдылыққа бағынбай жүріп отырған. Тіпті, гомининдердің эволюциясында кейбір ауытқулар мен артқа кету кездері де байқалады. Осындай ерекшеліктерді, қасиеттерді ежелгі адамзат тарихын зерттеген кезде ескеріп отыру қажет.


Информация о работе Ежелгі гомининдер және олардың еңбек қызметі