Заттың аморфты және кристалдық күйлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 19:37, реферат

Краткое описание

Кристалдар – атомдары мен молекулалары кристалдық тор түзетін қатты денелер. Кристалдар (грекше krystallos, оның алғашқы мағынасы мұз дегенді білдіреді) қатты денелердің тепе-теңдік күйі болып табылады. Белгілі бір термодинамикалық (қысым, температура) жағдайда кристалдық күйде болатын химиялық заттың нақты, тек өзіне тән кристалды атомдық құрылымы болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 20.68 Кб (Скачать файл)

                                Заттың аморфты және кристалдық күйлері

 

Кристалдар – атомдары мен молекулалары кристалдық тор түзетін қатты денелер. Кристалдар (грекше krystallos, оның алғашқы мағынасы мұз дегенді білдіреді) қатты денелердің тепе-теңдік күйі болып табылады. Белгілі бір термодинамикалық (қысым, температура) жағдайда кристалдық күйде болатын химиялық заттың нақты, тек өзіне тән кристалды атомдық құрылымы болады. Бұл құрылым атомдардың орналасуына

байланысты кристалдардың сыртқы симметриясын және олардың анизотропиялық қасиеттерін бейнелейді. Табиғатта және техникада кездесетін қатты материалдардың көпшілігі – поликристалдар. Олар ретсіз орналасқан ұсақ кристалдардан (кристалиттер) құралады. Бұған көптеген минералдар, техникалық металдар мен қорытпалар жатады. Кристалдардың жеке ірі түрі монокристалл деп аталады. Табиғатта салмағы жүздеген килограмға жететін кварц, дала шпаты, флюорит кристалдарымен қатар мөлшері өте ұсақ алмас кристалы да кездеседі. Термодинамикалық тепе-теңдік жағдайда өсірілген кристалдардың пішіні белгілі бір симметриялы, дұрыс көпжақ түрінде болады. Олардың жақтары жазық болып келеді де, қырлары түзу сызық бойымен тұрақты бұрыш жасай қиылысады, яғни кристалдану кезінде кристалдардың жақтары өзіне-өзі параллель жылжиды. Бұл заңдылық геометриялық кристаллографияда бұрыштардың тұрақтылық заңы деп аталады. Геометриялық кристаллографияның ІІ заңы – бүтін сандар заңы — кристалдық заттардағы микропериодтылықтың макроскопиялық көрінісі болып табылады. Кристалдық тордың кез келген атомдық жазықтығы координаттық осьтер бағытында тор периодының бүтін сандарымен сипатталады. Кристалдың жақтары симметриялы болады, жақтары мен қырлары бір-бірімен симметрия амалдарының нәтижесінде беттесе алады. Әрбір амал симметрия осіне, жазықтығына не центріне байланысты орындалады. Кристалдық көпжақтар да симметрияның белгілі бір элементтерінің жиынтығымен сипатталады. Симметрияның 32 класы (32 нүктелік тобы) бар. Әрбір класс симметрияның белгілі бір элементтерімен сипатталады. Кристалдық тордың ерекшелігіне қарай кристалдың сыртқы пішіні белгілі бір класқа және сингонияға бөлінеді. Температураның не қысымның өзгеруіне байланысты кристалдардың құрылымы да өзгереді. Кейбір кристалды күйлер (фазалар) метастабильді (салыстырмалы тұрақты) күйде болады. Берілген зат құрылымының әр түрлі бірнеше кристалдық фазада болуы полиморфизм (мысалы, ақ және сұр қалайы, алмас және графит, кварцтың түрлері, т.б.) деп аталады. Қатты кристалдарға қарағанда, сұйық кристалдар мен аморфты денелерде (мысалы, шыны) атомдардың орналасу тәрітібі нашар сақталады. Кристалдардың өсуі кезіндегі тепе-теңдік шарттарының бұзылуы, кристалдану кезінде қоспалардың араласуы тәрізді әр түрлі әсерлердің салдарынан кристалдың идеал құрылымында ауытқулар байқалады. Кристалдық тор атомдарының орнын басатын аз мөлшерде қоспа атомдарын өндіру тәсілі кристалдың қасиеттерін өзгерту үшін техникада кең қолданылады. Мысалы, Al2O3 кристалына 0,05% хром5.1.Кристалдық күйдің, негізгі ерекшеліктері Енді атомдық-молекулалық деңгейде заттың қатгы және сүйық күйлерін қарастырайык Табиғагга кездесетін қатты денелердің басым көпшілігінің қүрылымы кристалдық болады деуге болады (минералдар және металдар қатты күйде кристалдар болып табылады). Кристалдық күйді сүйық жөне газ күйінен ажырататын негізгі сипат оларда анизотропияның болатындығы: кристалдың кейбір физикалық (механикалық, жылулық, электрлік, оптикалық) қасиеперІ бағытқа төуелді болады. Қасиетгері барлық бағыттарда бірдей болатын денелер изотропты деп аталады. Газдар және сүйықтармен қатар аморфтық қатгы денелер изотроп-ты болып табылады. Кристалдардың анизотроптығының себебі оларды түзетін белшектердің (атомдардьщ немесе молекулалардың) реттілікпен орналасуында. Бөлшек-тердің реттілікпен орналасуы кристалдардың сыртқы жақтарының дүрыс гео-метриялық пішінде болуынан-ақ көрінеді. Кристалл атомдардьщ ретгілікпен орналасуы олардың геометриялық дүрыс пішіндегі кеңістікгік тордың түйіндерінде орналасуларын ... қосу арқылы кванттық электроникада пайдаланылатын лағыл (рубин) алынады. 


Информация о работе Заттың аморфты және кристалдық күйлері