Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2014 в 13:12, реферат
Жаппай саяси қуғын-сүргін біздің бұрынғы ортақ отанымыз – Кеңес Одағы тарихындағы аса қайғылы кезеңдердің бірі болды. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының соңына қарай бұрынғы Кеңес Одағының тоталитарлық жүйесі халықты күштеп ұжымдастыру, кулактар мен байлардың көзін жою, қолдан ұйымдастырылған ашаршылық, халық дүрлігулерін аяусыз жаншып-басу, халықтарды еркінен тыс жер аудару, еңбекпен түзеу лагерлерін ұйымдастыру, зиялы қауымның көрнекті өкілдерін құртып жіберу сияқты адамзатқа қарсы қатыгез қылмыстар жасады. Қазақ халқының көптеген аса дарынды және парасатты ұлдары «контрреволюциялық қастандық жасаушы», «террористік әрекеттерді ұйымдастырушы», «Жапонияның тыңшысы», т.б. ойдан шығарылған өтірік айыптаулардың құрбаны болды.
Карлаг - кеңестік биліктің зорлықшыл саясатының қасіретті куәсі
Жаппай саяси қуғын-сүргін
1930 жылғы 25 сәуірде лагерьлерді
Карлаг тарихын тек оның 1931 жылы
құрылуымен және 1953 жылы Сталин
өлгеннен кейін жабылуымен
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Гулаг жүйесі одан әрі кеңейе түсті. Оның құрамында 56 еңбекпен түзету лагерьлері, 910 лагерь бөлімшелері, 424 еңбекпен түзету колониялары орналасты.1953 жылы 1 қаңтарда қазақстанда 1 млн-ға жуық арнайы қоныс аударылғандардың 13 мыңга жуығы лагерьлерде, колонияларда және түрмелерде тұтқында отырды. Арнайы қоныстанушылардың ішінде 450 мыңы неміс, 245 мыңы шешен, 80 мыңы ингуш, 37 мыңы грек, 35 мыңы поляк, 33 мыңы Грузиядан, 6,5 мыңы Қырымнан жер аударылған аз ұлт өкілдері еді.
ГУЛАГ-тың жабылғанына жарты
ғасыр өтті. Оның ең ірі бөлімшесінің бірі
Карлаг болатын. Қарағандының үш ауданында
– Тельман, Жаңаарқа және Нұрада 1930 жылы
НКВД-ның ең ірі еңбекпен түзету лагері
құрылды. Құжаттарда ол НКВД-ның Гигант
совхозы деп аталды. Аталмыш совхоздың
негізінде кейін 1931 жылдың 19 желтоқсанында
Карлаг құрылды. Қарағанды қаласынан 45
шақырым қашықтықтағы, орталығы Долинка
селосы болған Карлаг Гулагқа қарайтын
36 еңбекпен түзету лагерлерінің ең үлкені
және танымалы болған. Карлаг Қазақстанның
орталығында солтүстігі мен оңтүстігіне
шейін 300 шақырым, шығысынан батысына шейін
200 шақырым жерді алып жатты. Карлагты
құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол
кезде қарқынды дами бастаған Орталық
Қазақстандағы Қарағанды
көмір бассейніне, Жезқазған және Бал
Карлаг–«мемлекет
ішіндегі мемлекет» атанды. Ол Қазақстан
республикасының басшылығына емес, тікелей
Мәскеуге ғана бағынатын. Коммунистік
билік кезінде репрессия шеңгеліне іліккен
миллионға жуық адам Карлагтың тозағын
басынан өткерді.Тұтқындар құрамы үнемі
өзгеріп отырды. Жаңадан лек-легімен адамдар
әкелініп, кезең-кезеңмен өзге лагерьлерге
жөнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша
Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал, шын
мәнінде, мұнда 75 мыңға жуық адам отырды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «халық
жауы» деп тұтқындалғандардың санын қосылған
территориялардан ұсталғандар, эмигранттар,
Гитлер лагерлеріне тұтқынға түсіп қалған
совет әскерилері толықтырды. Бұлардың
қаншасы өліп, қаншасы өмірлік мүгедек
болып қалғанын ешкім тап басып айта алмайды.
Өйткені ол жылдарға қатысты тарихи құжаттардың
қаншасы өртеліп, көзі жойылып кеткені
беймәлім. Мұның бәрі коммунистік жүйенің
адамзатқа қарсы жасаған зұлымдық қылмыстарын
жасыру әрекеті.
Карлагтың құрылымы да мейлінше күрделі еді. Оның көптеген бөлімшелері болды: әкімшілік-шаруашылық (ӘШБ), есепке алу, бөлу бөлімі (ЕББ), бақылау-жоспарлау бөлімі (БЖБ), мәдени-тәрбие бөлімі (МТБ), кадрлар, жабдықтау, сауда, жедел-чекистік, қаржы, көлік және саяси бөлімдер.Карлаг шаруашылығының негізгі бөлігі Қарағанды мен Ақмола облыстарының аумағында жатты. Егер 1931 жылы Карлаг аумағы 53 000 гектар болса, 1941 жылы 1 780 650 гектар,1950 жылы 2 087 646 гектар, яғни 20 876 шаршы шақырым болды. Егер 1931 жылы Карлагта 14 бөлімше, 64 учаске болса, 1941 жылы 22 бөлімше, 159 учаске, 1953 жылы 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері болды.
Карлагтың
негізгі бөлігін «саяси» - «халық
жауы» деп сол кездегі
1997
жылы 5 сәуірде «31 мамырды саяси қуғын-сүргін
құрбандарын есте сақтау күні деп жариялау»
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы шықты. Республика жұртшылығы
саяси қуғын-сүргін жылдарының зардабын
тартқан отандастарын еске алып, жыл сайын
атап өтуде. Мұражай дегеніміз тек тарихи,
мәдени ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу
орталығы. Мұражай ұжымының осы қасіретті
өткен тарихымызды мұрағат деректеріне
сүйене отыра зерттеп, оның зардаптары
мен салдарын, саяси террордың қанқұйлы
әрекеттерін мұражайға келушілердің зердесіне
құя білуінде, әсіресе, өскелең ұрпақты
патриоттық сезімге тәрбиелеуде, олардан
рухани дүниесі бай, өнегелі тұлға қалыптастыруда
алатын орны бөлек.Саяси қуғын-сүргін
құрбандарын есте сақтау мұражайы ең алғаш
2002 жылы Президент Н.Назарбаевтің тапсырмасымен
бұрынғы Карлаг басқармасының ауруханасының
ғимаратында ашылған еді. 2008 жылы «Мәдени
мұра» бағдарламасы аясында Карлаг басқармасының
бас әкімшілік ғимаратында жаңғырту жұмыстары
басталып, 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасына
орай ол күрделі жөндеуден өткізіліп,
мұражай үйі толықтай сонда көшірілді.
Екі қабатты ғимарат жертөлесімен бірге
1933-35 жылдары тұтқындардың күшімен салынған.
Мұражайдың аумағы 3326 ш.м, 14 экспозициялық
залдан тұрады. Онда Карлагтың құрылу
тарихынан бастап Тәуелсіз Қазақстанның
қазіргі күндеріне дейінгі тарих тұтас
қамтылған. Қазақстанда саяси құрбандарды
еске алу үшін ашылған бірнеше жақсы мұражайлар
бар. Солардың бірі Астанаға жақын маңдағы
Ақмола елді мекенінде орналасқан. Әйелдердің
АЛЖИР лагері (Отанын сатқандардың әйелдеріне
арналған Ақмола лагері) – Карлагтың 26-нүктесі.
Бұл - үлкен тарихи-мемориалды кешен. 2007
жылы ашылған. Президент Назарбаевтың
өзі ашқан. Кешен құрамына жақсы жабдықталған
үлкен мұражай кіреді. Содан кейін қара
мәрмәрдан жасалған "Еске алу қабырғасы"
тұр. Онда АЛЖИР тұтқынында болған барлық
әйелдердің аты-жөні ойып жазылған.
Бұдан басқа 2010 жылы ашылған, бұрынғы Карлагтың басқарма ғимаратында орналасқан Долинкадағы мұражай бар. Бұл да үлкен мемориалды кешен. Ол ғимаратты қайта жөндеуден өткізіп, қалпына келтірген. 1931 жылы тұтқындардың алғашқы легі салған бұл екі қабатты ғимаратта 30 жылдардағы Қазақстандағы ұжымдастыруға қарсы көтерілістен бастап, репрессияға қатысты біраз материалдар жиналған. Оған қоса, аштық туралы, лагерьдің соңғы күніне дейінгі сталиндік репрессияға қатысты құжаттар бар. Осы екі үлкен мемориалды кешен бар.
Тарих бетіне қара таңба боп қатталған құғын-сүргіннің сарқыншағы «Карлаг» ғимаратын қайта қалпына келтіруге екі жарым жыл кеткен. Тас-талқаны шыққан тас қапасты мұражай етуге 300 млн теңге жұмсалыпты. Ғимаратта қазір 13 үлкен экспозициялық залдар бар. Алғашқы зал «Карлагтың» құрылуынан басталады. Одан кейін балалар мен әйелдерге арналған, ғылыми жұмыстармен айналысқан үлкен ғалымдарға арналған залдар бар.
Мұражай
экспозициясын, қорын жаңа артефактармен
толықтыру мақсатында
«Ұлы жұт»
тақырыбын суреттейтін залда
өткен ғасырдың 20-шы және 32-33 жылдарындағы
нәубет жан-жақты баяндалған. Ашаршылық
азабына шыдай алмай, шетелге
көшіп кеткен қазақтардың
«Қарлаг Ұлы
Отан соғысы жылдарында» атты залда Қарлагтың
бөлімшесі болған, 1941 жылы арнаулы әскери
тұтқындар лагеріне айналған бұрынғы
Песчанлаг өмірі суреттелген. Сонымен
қатар, бұл залда Қарлагтан әскерге алынған
тұтқындардың тізімі мен КСРО Батыры Бреусовтың
суреті ілініп, майданнан келген хаттар,
көлемді экспонаттар қойылған көрнектер,
Қарлаг кәсіпорындарының жұмысын бейнелейтін
диорамалар орын тапқан.
«Қуғын-сүргін
көрген қарағандылықтар» экспозициялық
залында репрессияға ұшыраған Қарағанды
облысында туып-өскен белгілі тұлғалардың
өміржолы баяндалып, суреттері мен олардың
құжаттары, кітаптары, хаттар, қолданған
заттары мұражай сөрелеріне қойылған.
Балалары мен туған-туысқандарының естеліктері
жарияланып, тақырыпқа сәйкес диорама
жасалған.
21 ғасыр
– ғылым ғасыры. Сондықтан, экспозицияны
жасау кезінде қазіргі заманың
озық үлгілерін кеңінен
Қарағандыдағы “Қарлагтың” мұражайға айналған қабырғасы өткен ғасырда саяси құғын сүргінге ұшырағандар қамалған ғимарат енді тарихымыздың
қаралы кезеңін еске түсіретін қастерлі орны және байырғы Кеңес үкіметі елдеріндегі ең ірі естелік орны болмақ.
Көкжиектен көкжиекке дейін қабірлер. Қарағандыны көмір мен адам сүйектерінің үстінде тұрған қала дейді!? Облыстық архив деректері бойынша өзінің 30 жылдық тарихында Карлагта 50 ұлт өкілдерінен тұратын 786 мың 98 адам өлген немесе атылған.
Бүгінгі күннің ұрпағының міндеті –Қазақстанға 20 ғасырдың басында төнген саяси қуғын-сүргін құйыны, әрбір дерлік отбасын жайпап өтіп, біздің елде тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың небір тамаша өкілдерін баудай түсірген бұл тарихи кезеңнің жазықсыз құрбандарын есте сақтап құрметтеу..
Информация о работе Карлаг - кеңестік биліктің зорлықшыл саясатының қасіретті куәсі