Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы мен Ресей

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2014 в 20:08, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы бергі уақытта отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы, оның сипаты, қазақ зиялылары мен қоғам қайраткерлерінің қызметі жайлы бірқатар ғылыми еңбектер дүниеге келді. Осыған қарамастан көптеген мәселелер, әсіресе түрікшілдік қозғалысы, оның шығу себептері мен алғышарттары, барысы мен нәтижесі, мәні мен мазмұны әлі де зерттей түсуді қажет етеді. Осы орайда Түркия мен Ресейдегі түрікшілдікті теориялық-методологиялық жағынан, салыстырмалы түрде зерттесек қазақ тарихының жаңа қырлары ашылатынына күмәніміз жоқ. Сондықтан түрікшілдік мәселесін тек қозғалыс ретінде сипаттап қана қоймай, оны түркі халықтарының өзара ынтымағының дамуы және империалистік мемлекеттердің үстемдігіне қарсы бағытталған аса маңызды құбылыс қатарында қарастырған жөн.

Содержание

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------2-4
І.Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы------------------------------5-7
1.1.Осман империясының қоғамдық құрылысы.
1.2.Антифеодалдық қозғалыстар мен көтерілістер-----------------------8-9
1.3.Осман империясының жаулап алушылары-------------------------10-11
ІІ.Осман империясының сыртқы саясатындағы орыс мемлекеті.
2.1.Осман империясының сыртқы саясатындағы
өзекті мәселелер--------------------------------------------------------12-14
2.2.Орыс-түрік соғыстары--------------------------------------------------15-18
Қорытынды------------------------------------------------------------------------19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі---------------------------------------------20

Вложенные файлы: 1 файл

Кейінгі орта ғасырдағы Осман.doc

— 197.00 Кб (Скачать файл)

«Шығыс мәселесінің» мазмұны ұлы державалардың агрессивті ұмтылыстары мен   ғана шектелген жоқ. Осман империясындағы езілген халықтардың ұлттық тәуелсіздігі мен тәуелсіз мемлекет құру үшін күресі оның маңызды құрамдас бөлігі болды.

  Езілген халықтардың ұлт- азаттық қозғалыстарына қарсы сұлтан үкіметінің күресін Англия мен Франция қолдады. Осман империясының аумағын басып алуға ұмтыла отырып, жылдан жылға әлсіреген империяны тұтастай өздеріне бағындыруға ұмтылды.

  Ресей  керісінше, езілген халықтардың түрік шапқыншылығының  қарсы күресі желеу, Балқан түбегіне орнығып, Қара теңіздегі бұғаздарды жаулап алуға ұмтылды. Осман империясы әсіресе сыртқы саясатта  өзінің пәрменділігін жоғалтқан кезде, XVIII ғасырдың екінші жартысында

«Шығыс мәселесі»  асқындай түсті.[10.120]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             

                            2.2.Орыс-түрік соғыстары.

 

    Бұл екеуінің арасындағы ең бірінші байланыстар ХҮ ғасырдың аяғында Түркияның қалауы бойынша орнатылды. Россияға жіберілген ең бірінші Түрік елшілігін польша-дитва үкіметі ұстап алып жібермей қойған болатын. 1497 жылы Түркияға М.Плещеев аттандырған орыс елшілігі келді. Ол түрік үкіметінің алдына Азов пен Кафа /Феодосия/ қалаларынан қара теңізге шығатын сауда жолдары туралы мәселе қойды.

   Екі жылдан соң  Түркияға тағы бір елшілік аттанды. Сұлтан орыстарға достық өмір сүруге, Түрік жерлерінде орыс көпестерінің саудасына ыңғайлы жағдай туғызуға уәде берді. Ол кезде Түркия да, Россия да ешқандай саяси немесе аумақтық мәселелер көтерген жоқ. Бұл мәселелер ХҮІ ғасырдың басынан орын ала бастады. 1514 жылы түрік сұлтаны сауда мәселелерімен қатар Мәскеуде тұтқында отырған Қырым Ханы Абдуллатифты қайтаруды талап етті. Бұл талап орындалмаған соң түріктер орыстардың ноғайлардағы елшісі Семен Мальцевті тұтқынға алды.

   Орыс қазақтарының басқыншылығы, олардың Түркия шекарасына жақын жерге қоныстануы, қамалдар тұрғызуы, орытсрадың түркі тілдес Астрахань, Қазан хандықтарын басып алуы, Кабарда халқын езгіге салуы /1557/-осының бәрі 1569 жылғы І-орыс-түрік соғысының себебі болды.

   Түріктің 60 мыңдық  әскері 1569 жылы жазда /шілде-тамыз/ Астраханьға /15қыркүйек/ сәтсіз шабуыл жасап, кейін қайтуға мәжбүр болды. Кавказдағы  түркі тілдес халықтар бірауыздылық  танытпады, түріктерге көмек, қолдау  көрсетпеді. Бұл кезде Ливон соғысында есі шығып жатқан орыстарды түріктердің жеңуіне, әрине, болатын еді. ІҮ Иван түріктердің Астрахаьнан кейін қайтқанына қуана-қуана дереу келіссөз жүргізуге елшілер жіберілді. Түріктер Астраханьның Россияға қосылғандығын мойындауға мәжбүр болды. Бірақ Астрахань арқылы мұсылмандардың  қажылыққа барып тұратын жол ашуды, орыстардың Теректегі қамалын жоюды, Солтүстік Кавказға орыстардың жақындамауын талап етті.

   1569 жылғы жеңілістің  кінәсін сұлтан Қырым ханы  Дәулеткерейге артты. Ол Қырымға  шетелдіктердің шабуыл жасауынан қорқып, сұлтанның Астрахань түбінде қыстау керек деген бұйрығын орындамай, әскерін алып кеткен болатын. Дәулеткерей өз кінәсін жуып-шаю үшін 1571 жылы Мәскеуді талқандап қайтты. Бірақ уақыт өтіп кетті. Келесі, 1572 жылы Қырым ханының орыстардан тас-талқаны шығуы түріктерді онан әрі әлсірете түсті.

1568 жылғы Австрия мен  Түркия арасындағы Венгрия үшін  қақтығыс бейбіт бітім шартымен  аяқталды. Аввстрия Венгрияның біраз  бөлігін алып қалды, бірақ сұлтанға  жыл сайын 30 мың дукат салықты  сыйлық ретінде төлеп тұратын болды. Австрия сондай-ақ Валахия, Молдавия, Трансильванияны Түркияға вассалдық тәуелсіздігін мойындады. 1570-73 жылдары Түркия Кипр аралы үшін Венециямен соғысты. Соғыстың басында Түркия Кипрдің басым көпшілігін, астанасы Никозияны басып алды. Бірақ Жерортатеңізіндегі саудада үлкен маңызы бар Кипр тәуелсіздігін сақтап қалу үшін Венеция, Австрия, Испания, Генуя, тағы басқа мемлекеттер Түркияға қарсы одаққа бірікті.

   Шешуші шайқас 1571 жылғы 7 қазанда Лепанто қаласында /Патраикос шығанағында/ болды. Одақтастар жағынан 207 галера, 6 галас қатысты. Оны Испания корлі ІІ-Филипптің інісі Хуан Австрийский басқарса, түріктердің 210 галерасы мен 66 галиотын Али-паша Муэдинзаде басқарды. Түрік флоты бұл шайқаста талқандалды: 224 кемесінен айырылды. Оның 117-ін одақтастар қолға түсірді. Одақтастар 15 галерасынан айырылды. Бірақ бұл шайқас соғыс барысына әсер ете алмады. Одақтастар арасындағы алауыздықты түріктер орынды пайдалана білді. Олар тез жаңа флот құрып, соғысты табысты аяқтап шықты. 1573 жылғы бебіт бітімі бойынша Венейия Кипрді Түркияға беріп тынды. ХҮІ ғасырдың екінші жартысындағы соғыстар Түркияны айтарлықтай әлсіретіп тастады.

    ХҮІ ғасырдың  аяғынан бастап османдардың жаулап  алуы аяқталды. Олжаның түсуі тоқтағаннан кейін сұлтан қазынасының табысы кеміп кетті. Салықтар мен міндеткерліктер өсті. Әскери-феодалдар әскердегі қызметі үшін алған иеліктерін өзінің жеке меншіген айналдыра бастады. Олардың көпшілігі жорыққа қатысудан жалтарды. Армияның саны кеміді. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың аяғынан Осман империясының құлдырауы басталды.

   ХҮІІ ғасырдың  бірінші жартысындағы көтерілістер 1595 жылы көтерілісі Ирактың солтүстігі  мен Сирияда болды. Бұл антифеодалдық  қозғалыс еді. Көтерілісті Уфа  қаласынан шыққан ағайынды Абдалхалим  менДели-Хасан басқарды. Көтерлісшілер 1600 жылы Кайсери маңында сұлтан әскерін талқандады. 1601 жылы көтерілістер сәтсіздігіне ұшырады. Қара-Язшы деп аталып кеткен Абдалхалим тауға барып паналап, 1602 жылы сонда өлді. Көтерілісшілерді Дели-Хасан басқарды. Ол 30 мың қолмен Токатты басып алды. Сұлтан Дели-Хасанды Боснияға патша етіп қоямын деп алдады. 1605 жылы Дели-Хасан өлтірілді. Көтеріліс жеңілді. 1610 жылы Әзербайжан мен Сирияда шиіт туының астындағы көтеріліс болып, жеңіліспен аяқталды.

  1768-1774 жылдардағы орыс-түрік  соғысы Осман империясының сыртқы  саясатта беделінің түскендігін көрсетті. Түріктерді осы соғысқа итермелеген Франция оған ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Нәтижесінде Осман империясы Еуропадағы иеліктерінен толық айырылды. Батыс елдері түріктерді Еуропа аумағынан толық қуып шығып, «осман мұрасын» бөлісу мәселесін күн тәртібіне қоя бастады. Бірақ Ресейдің балқан мен Жерорта теңізінде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығып, Осман империясының тұтастығын қорғауға мәжбүр болды. Осыдан келіп империядан бөлінген аумақтардың тағдыры еуропалықтардың қолына көшті. Осман империясынан бөлінген аумақтар үшін бәсекелестік күрес «шығыс мәселесі» деген саясатты дүниеге әкелді.

   ХҮІІІ ғасырдың  екінші жартысында Осман империясында  оның құрамындағы халықтардың  ұлт-азаттық күрестері өршіді. Түрік  үстемдіігне қарсы балқанда, араб елдерінде, Кавказда ұлт-азаттық көтерілістер басталды. Әсіресе еуропалықтарға, ресейге арқа сүйеген болгарлар, гректер, албандар, молдавандар, валахтар наразылқтарын күшейтті.

 ІІІ Селим сұлтанның  реформасы Сұлтан өкіметі мүлдем  әлсіреп, еуропалықтарға тәуелділігі күшейе түсті. Импеияны мүлдем күйреуден сақтап қалудың ең соңғы жолы-тез арада реформа жүргізу керек болды. Бұл міндетті жаңадан таққа отырған түрік сұлтаны ІІІ Селим (1789-1807) атқарды. Ең бірінші кезекте елдің әскери күш-қуатын сақтап қалу үшін әскери реформалар жүзеге асырылды. Тұрақты жаңа әскер қалыптастырылып, оны еуропалық үлгіде даярлауға көшірді, флотты қайта құрды. Артиллерия жаңаша құрылып, Стамбұлда әскери-инженерлік училище ашылды. Жаңа тұрақты әскердің құрылуы янычарлардың наразылығын тудырды. Янычарлар өздерінің барлық жеңілдіктерінен айырылып қалудан қауіптенген еді.

 

  Сөйтіп, янычарлар консервативтік  топтардың реформалық әрекеттерге  наразылығын қолдап, 1805 жылы бүлік  жасайды. Көтеріліс еуропалық бөлікте  басталып, одан әрі Стамбұлға тарады. Янычарлар көтерілісі салдарынан 1807 жылы ІІІ Селим тақтан кетіріліп, жазаға тартылды. Барлық реформалар жойылып, оны жақтаушылар жазаланды. Реформалық әрекеттер осылайша сәтсіздіпен аяқталды.

   Осман империясында  реформа жасау әрекеттерін жалғастыруды Румыниядағы әкім Мұстафа паша  Байрақтар қолға алады. Тақта отырған, жаңалық атаулыға жаны қас, консервативтік пиғылдағы ІҮ Мұстафа орнынан түсіріліп, сұлтан тағына жас ІІ Махмұт отырғызылды. Мұстафа Байрақтар өзі ұлы уәзір қызметіне ие болып, реформаларды жалғастыру әрекетіне кіріседі. Бірақ Мұстафа байрақтар реформа жүргізуде ІІІ Селим жолын қайталамауға тырысады. Ол феодалдарды сұлтан өкіметіне күшпен бағындырмай, олардың Порта (Түрік үкіметі) мен ірі әкімдер арасында бейбіт  одақ құруға тырысады. Сол үшін белгілі ауқатты бай феодалдарды астанаға шақырып, олардың үкімет адамдарымен бірге реформалық жоспарларды талқылап,»одақтық келісімді» бекітуге үгіттейді. Байрақтардың  бұл жоспары іске асырылған жоқ. Янычарлар тағы да бүлік ұйымдастырып, Байрақтарды өлтіреді, оның барлық реформалық әрекеттері жойылады.

   Бұл оеформалардың  жеңіліске ұшырау себептері-оның  тек әскерді ғана еуропалық  үлгіде қайта құрумен шектеліп, Осман империясының феодалдық  негізін сақтап қалуынан еді. Реформалардың өзі негізінен прогрессивті, жүйенің ыдырауына әкелуі тиіс болатын. Бірақ ІІІ Селим және оның жақтастары Осман империясының феодалдық-сұлтандық тәртібін жоюды көздеген жоқ. Олар ескі жүйені сақтай отырып, Осман империясының қол астына бағынған халықтарды бұрынғыша езгіде ұстағысы келді. Бағындырылған халықтардың саяси, экономикалық, мәдени, діни жағдайларымен санаспады. Бұл ұлт-азаттық көтерілістердің күшейіп, империядан бөлінудің етек алуына әкелді. Сонымен қатар Анадолыдағы түрік халықтарының жағдайы да қиындай түскен еді. Түрік сұлтаны халық бұқарасының әл-ауқатын жақсартуға дәрменсіз болды. [10.131]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

 

 

 

                                           Қорытынды

 

Түркия және Ресейдегі түрікшілдік қозғалысын салыстырмалы түрде сараптама жасап, дәлелдеу. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді орындау алға тартылды:

– Түрікшілдіктің түп тамырын, идеяның жүзеге асыру барысындағы түркі халықтарының өзара байланыстарын анықтап, құқықтарын қорғау үшін жүргізген күрес екендігін нақты құжаттар негізінде көрсету;

– Түркиядағы түрікшілдіктің пайда болуы тарихына тоқталып, оның Ресей түркі-мұсылман халықтарына әсерін және эмигранттардың қызметіне шолу жасау арқылы, сол замандағы тарихи оқиғаларға сараптама жасау;

– Түрікшілдік пікірінің қоғам арасында қолдау тауып, оның халық санасына әсері мен ұйымдарының қызметін, сол заманда түрікшілдік көшбасшыларының баспа беттеріне шығарған құнды мақалаларына және Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарының ұйымдарстырған құрылтайларының шешімдеріне талдау жасау;

– Түркия империалистік мемлекеттерінің ықпалынан құтылып, Республика құрған тұсындағы түрікшілдіктің өрістеуін және ондағы түрікшілдіктің осы елде ғана барынша дамығанына көз жеткізу;

   Бүгінге дейін Түркия мен Ресей, сонан соң Кеңес өкіметі құрылған алғашқы жылдарында түрікшілдік қозғалысының тарихы тұтас, салыстырмалы түрде зерттеле қойған жоқ. Түрікшілдік мәселесінің ұлттық тұрғыдан зерттелудің қарқыны КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан, Башқұртстан т.б. елдерде күшейе түсті. Алайда көптеген ғалымдар оны біржақты, өз мемлекетінің идеологиялық ұстанымы тұрғыдан қарастыруда.

Осман империясының сыртқы саясаты бай Закавказье жерлерін бағындыруды көздеді. Бірақ түрік-османдардың бұл арманын жүзеге асыруға Сефевидтер кедергі келтірді. 1525 жылы Турция Алжирды басып алды. 1524 жылдан 1533 жылға дейін Турция Габсбургтер империясымен соғыс жүргізді. Венгрияны жаулап алумен аяқталды. Шешуші шайқас 1526 жылы Дунайдағы Мохач қаласының маңында болды. Вегер, чех әскерлерін талқандап, түріктер Буда және Пешті алды. Трансильван воеводасы Иоанн Запольені  Венгрияның королі етіп тағайындады да, оны өзінің вассалы деп жариялады.

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Әдебиеттер тізімі:

 

  1. Васильев Л.С. История Востока. Т. 1, 2. М., 1994.  
    2. Витол А. Османская империя (начало XVIII в) М., 1987. 
    3. Всемирная история. М., 1999. 
    4. Гасратян М.А., Орешкова С.Ф., Петросян Ю.А. Очерки истории Турции. М., 1983. 
    5. Гордлевский В.А. Государство Сельджуков Малой Азии. В 4-х томах М., 1960 
    6. Достян И.С. Борьба сербского народа против турецкого ига XV-начало XIX вв. М., 1958. 
    7. Еремеев Д.Е., Мейер М.С. История Турции в средние века и новое время. М., 1992. 
    8. Еремеев Д.Е. На стыке Азии и Европы. Очерки о Турции и турках. М., 1980.  
    9. Еремеев Д.Е. Этногенез турок. М., 1971. 
    10. Жуков К.А. Османские хроники XV-XVIIвв. о создании войск «яя ве мюселлем». -Turcologica . 1986. К восьмидесятилетию академика А.Н.Кононова. Л., 1986. 
    11. Жуков К.А. Проблема происхождения тимара в современной историографии. – Письменные памятники и проблемы истории культуры народов Востока: XVI годичная научная сессия ЛО ИВ АН СССР. М., 1982.  
    12. Жуков К.А. Эгейские эмираты XIV-XVвв. М., 1988. 
    13. История Востока. Т.3 на рубеже средневековья и нового времени. XVI-XVIII вв / ред. Г.О.Ковтунович. – М.: «Восточная литература», 1999. 
    14. Источниковедение истории средних веков. Л., 1955. 
    15. Карпов С.П. Трапезундская империя и западноевропейские государства в XIII-XVвв. М., 1981. 
    16. Коняшин Ю.Н. Очерки истории права и экономики средневековья. А., 2002. 
    17. Крымский А.Е. История Турции и ее литературы. М., 1916. 
    18. Люблинская А.Д. Источниковедение истории средних веков. Л.: Изд. ЛГУ, 1955. 
    19. Маштакова Е.И. Турецкая литература конца XVIII – начала XIXв: К типологии переходного периода. М., 1984. 
    20. Мейер М.С. К вопросу о происхождении тимара. Формы феодальной земельной собственности и владения на Ближнем и Среднем Востоке. М., 1979. 
    21. Мейер М.С. К периодизации истории Турции эпохи феодализма. – Тюркологический сборник. М., 1978.  
    22. Мейер М.С. Османская империя в в.: Черты стуктурного кризиса. М., 1991. 
    23. Новичев А.Д. История Турции. Т.1. Л., 1963.

24.Тортаев С.Ә.Орта ғасырлардағы және Азия және африка тарихы.-А,   2009

Информация о работе Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы мен Ресей