Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 21:08, лекция
Конституция термині латын сөзінен алынған – «constitio», – «құрылыс», «құрылым», - деген мағананы білдіреді. Яғни, мемлекетті құру, қоғам құрылысын қалыптастыру деген сөз. Ал қазіргі түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің ең жоғарғы негізгі Заңы. Яғни – барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы болып есептеледі.
Ежелгі дәуір және орта ғасырларда көпшілік елдерде деспотиялық жеке билікке негізделген абсолюттік билік орнаған еді. Т.ғ.к., құқықтану доценті Ғ.Маймақовтың пікірнше, - «Патшалар, императорлар, корольдер мен хандар билеген заманда Конституция ұғымы қабылданбады. Монархтар өзі би, өзі заң, өзі мемлекет болды.
Конституцияның дамуы
Конституция термині латын сөзінен алынған – «constitio», – «құрылыс», «құрылым», - деген мағананы білдіреді. Яғни, мемлекетті құру, қоғам құрылысын қалыптастыру деген сөз. Ал қазіргі түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің ең жоғарғы негізгі Заңы. Яғни – барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы болып есептеледі.
Ежелгі дәуір және орта
ғасырларда көпшілік елдерде деспотиялық
жеке билікке негізделген абсолюттік
билік орнаған еді. Т.ғ.к., құқықтану
доценті Ғ.Маймақовтың
Басқа ғалымдардың пікірі бойынша «Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель қалыптастырған», -деген жорамалдар бар. Ол кезде «Конституция» деген сөз «саяси құрылыс» ұғымын білдірген. Уақыт өте келе Конституция ХҮІІ ғасырда Англияда «Хабеаккорпус акт» деген атпен пайда болған. Содан соң, Одан кейін 1787 жылы АҚШ-та қабылданған. АҚШ Конституциясының құрылғанына екі ғасырдан астам уақыт өтседе бар болғаны 27 өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Келесі Конституция 1791 жылы Францияда қабылданып, бұл сөз рентаны, рента шартын бейнелеген
Конституцияның бірнеше қасиеттері мен ерекшеліктері бар. Олардың қатарында: Конституция ең жоғарғы заң күші; Конституцияның тікелей қолданылуы, Конституция барлық заңдар мен заң актілерінің қайнар көзі; Конституцияның ерекше тәртіппен қабылдануы мен өзгертілуі; Конституцияның қоғамдағы әртүрлі саяси күштер мен таптар, топтар үшін компромистік құжат екендігін айтуға болады.
Енді Конституцияның түрлеріне аздап тоқтала кетсек. Олар төмендегіше:
1. Заң жүзіндегі Конституция.
Заң жүзіндегі Конституция
2. Іс жүзіндегі Конституция.
Іс жүзіндегі Конституция
Сонымен қатар, Конституция нысанына қарай үшке бөлеміз. Олар:
1. Сараланған Конституция;
2. Сараланбаған Конституция;
3. Аралас тұрпаттағы Конституция.
Сараланған Конституция бұл – конституциялық сипаттағы барлық негізгі мәселе-лерді реттейді және сол жөніндегі бірыңғай құқықтық акт болып саналады. Оның барлық басқа заңдарға, нормативтік – құқықтық актілерге қатысты жоғары заңи күші бар, ол – ұлттық құқық жүйесінің қайнар көзі. Негізінен, өзге нормативтік – құқықтық актілердің бәрі Конституцияға сай келуге тиіс.
Сараланбаған Конституция бұл – айқындауға тиіс мәселелердің жекелеген бірнеше заңнамалық актілермен реттелуі. Заңгерлер оған Ұлыбританиядағы, Жаңа Зеландиядағы, Израильдегі мемлекеттерінің Конституцияларын жатқызады.
Аралас тұрпаттағы Конституция бұл - парламенттік заңдарды, соттардың үлгі іс-тәжірибесін, конституциялық рәсімдер мен қағидалық түсіндірулерді қамтиды. Солардың бірі Конституцияның негізгі мәтінін құрайды. Яғни, аралас тұрпаттағы Конституция ішінара сараланған құқықтық актілер. Бұған Австрия, Канада, Швеция, Чехия, Финляндия мемлекеттерінің Конституцияларын жатқызуға болады. Мысалы, Швецияның Конституциясы үш заңнан құралған: Басқару нысаны; Тақ мұрасы туралы акт; Баспасөз бостандығы туралы акт.
Сондай-ақ, Конституция болжалды мерзіміне сәйкес мынадай түрлері де бар:
1. Уақытша Конституция;
2. Тұрақты Конституция.
Уақытша
Конституция бұл- елдің
Тұрақты Конституция бұл
дегеніміз – Нақыт шешімін
тауып тұрақты қабылданған
Өзгерістер
енгізу тәсіліне байланысты Конститутция
мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Икемді Конституция;
2. Қатаң Конституция.
Икемді Конституцияның жай заңдар қабылдау жолымен өзгертілуі мүмкін. Ал, Қатаң Конституция арнаулы рәсімдемелер жолымен ғана өзгертіледі. Олар: парламент мүшелерінің басым көпшілік дауысын талап ететін, Конституцияға енгізілетін түзетулерді бекіту үшін кейде референдум өткізуді қажет ететін күрделі сипаттары болады. ТМД елдері Конституциясының құрылымы а) Кіріспе; ә) Жалпы ережелер (Конституциялық құрылыстың негіздері); б) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары; в) Заң шығарушы билік; г) Атқарушы билік; д) Сот билігі. е) Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару; ж) Конституциялық түзетулер; з) Қорытынды және өтпелі ережелер.
Конституцяның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар құқық нормаларының жүйесі, ол бір жағынан адам мен қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, сонымен бірге мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негіздерін қоғамдық және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші әрі реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып, құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау қажеттілігі туралы мәселенің өзіндік тарихы бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан саяси тәуелсіздік алғанға дейін өз аумағында үш рет Конституция қабылдаған болатын. Оның ең алғашқысы – 1926 жылғы наурыздағы Жалпы Қазақстандық кеңестің Х съезінде бекітілген Қазақ КСР Конституциясы, екіншісі – 1936 жылғы 5 желтоқсанда өмірге келген Ата Заңымыз, үшіншісі – 1977 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясында қабылданған Конституция. Өзімізге белгілі, 1993 жылдың қаңтарына дейін елімізде 1987 жылы соңғы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Қазақ ССР Негізгі Заңы әрекет етті. Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялау, нарықтық экономика, демократиялық және құқықтық мемлекет құруда мемлекет пен қоғам өмірінің конституциялық негіздерін сапалы жаңарту қажеттілігі тұрды. Қазақ ССР Конституциясына енгізілген көптеген түзетулер бұл мәселені шеше алмады. 1990 жылы жаңа Конституция жобасын жасауға жұмыс жүргізіле бастады, нәтижесінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясында 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданды. Алайда 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енгеннен кейін оның кемшіліктері - Қазақстандағы шынайы әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістен алшақтығы байқала бастады. Сонымен қатар, заңгерлердің, саясаттанушылардың пайымдауынша, 1993 жылғы Конституцияда елеулі олқылықтар орын алды. Бұл құжатта ескі саяси жүйенің жаңа саяси жүйеге трансформациялануы заңдастырылды. Ұзақ жылдық тәжірибесі бар Батыс демократиясын елдің кеңестік саяси жүйесін жаңартуға пайдалануға әрекет болды. Өтпелі кезеңнің экономикалық және әлеуметтік қайшылықтарын жеңе алатын тиімді вертикальды атқарушы билік жасалынбай қалды. Осындай қателіктің салдарынан Қазақстан терең экономикалық дағдарыс қыспағында қалды. Осы тұста елдің саяси жүйесін өзгерту қажеттілігі туды.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев 1995 жылы 24 наурызда
Алматы қаласында болған Қазақстан
халықтары Ассамблеясының бірінші
сессиясында былай деп атап өтті:
«Саяси, әлеуметтік және экономикалық
қайта құру бізде тоқтап тұрғаны және
осы күнге дейін заң шығарушы базаның
әлсіздігінен, сот жүйесінің аяқталмағанынан,
кримогендік жағдайдың асқынғанынан тоқтап
тұрғаны ешкімге де құпия емес. Осы салалардың
әрқайсысының жеке мәселелерін шешумен
айналыссақ та, басты қадам - конституциялық
реформаны іске асырмайынша, біз тиісті
нәтижені ала алмаймыз. Тек Парламент
екі палаталы жүйемен мұқият сараптама
және ымыраға келуді іздеуден кейін консессусқа
келіп, заң шығару қызметімен білікті
айналысуға қабілетті.
Конституциялық өзгертудің маңызды бөлігі
сот реформасы болып табылады. Конституцияда
тежеу және таразылауға қарсы жүйе жоқ.
Бұл жерде белгілі жағдайларда Парламент
мемлекет басшысының өкілеттігін тоқтата
алу және керісінше Президент Жоғарғы
Кеңесті тарату сөз болып отыр. Жалпы конституциялық
реформа орталықта да, басқа орындарда
да тұрақты және теңгерілген билікті жасауға
тиіс. Демократиялық қоғамның ажырамас
анықтағышы – шынайы заң үстемдігі, барлық
азаматтардың қоғаммен жасалған және
қабылданған ережелерді сақтауы. Сіздерді
және барлық азаматтарды ерекше жауапкершілікті
сезінуге шақырамын, біздің үлесімізге
ұлы өзгеріс заманында өмір сүру және
әрекет ету тиіп отыр. Біздің бүгінгі істегенімізге,
ертең біздің ұрпағымыз баға береді. ХХ
ғасырға Қазақстанның қандай болып кіруі
бізге байланысты! Біздің балаларымыздың
да тағдыры солай болмақ», деген болатын.
Осылайша, елімізде конституциялық реформа
жүргізу қажеттілігі туды, парламенттік
дағдарыс, 1995 жылдың көктемінде Үкіметтің
орнынан түсуі жаңа Конституция қабылдауға
әкелді.
Осының бәрін түсінген Қазақстан Республикасының
Президенті еліміздің Негізгі заңын қабылдауға
бастамашы болды. Жаңа Конституция жобасының
негізінде адам және азаматтардың бостандықтар
мен құқықтарының үстемдігі, берік конституциялық
мемлекет құру болды.
1995 жылы 28 шілдеде Қазақстан
Республикасының Президентінің
1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық
талқылауын ескерумен
Бұл жаңа Конституцияда биліксіздік
құбылысын жеңу мақсатында парламент
құқықтары елеулі шектеліп, президенттік
билік вертикалі күшейтілді. Сөйтіп,
атқарушы биліктің тікелей президентке
бағынушылық тетіктері
Кейiнгi Конституцияның алдыңғысынан айырмашылығы сол — бұл тұңғыш рет мемлекет тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеологиялық және саяси әр алуандығы (сөз бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының
кiрiспесiнде Ата Заңды
Қазіргі
таңда Қазақстандағы өркенді өзгерістердің
бәрі Ата Заңның аясында жүзеге асып келеді.
Еліміздің өркендеуі мен өрлеуінің негізі
– Конституция. Мемлекетіміздегі экономикалық
қуаттылық пен саяси тұрақтылықтың негізі
де – Конституция. Конституцияның орнықтылығы
– елдің орнықтылығының кепілі.