Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 16:40, реферат
Әскери өнердің дамуында сақ жауынгерлерінің үлкен орны бар. Олардың соғыс жүргізу өнері мыңдаған жылдар бойы жаулары мен достарының назарын аударып келеді. Және де ежелгі құл иеленушілік мемлекеттердің әскери өнерінің дамуына өзіндік әсерін тигізді.Ежелгі әскери өнерді зерттеуші теоретиктер сақтардың әскери өнерін зерттей келе, олардың ерекшеліктерін көрсетті және пайдалануға өздерінің кеңестерін берді.
І) Кіріспе
ІІ) негізгі бөлім
1) Сақтардың әскери өнері мен қару-жарақ түрлері
2) Сақ тайпаларының парсы патшасы Кирмен соғысы және оның жеңілуі.
3) Сақ тайпаларының Александ Македонскиймен соғысы.
4) Ғұн тайпаларының әскери өнерінің дамуы және олардың жорықтары.
5) Сақ және ғұн тайпаларының мемлекеттік құрылымын талдау.
ІІІ) Қорытынды.
Осыдан кейін Македон басқыншылары негізгі күштерін Маракадан тұрған Спитамен басқарған жауынгерлерге қарсы жұмсады. Бірақ
Спитамен жағдайды дұрыс сарапқа салды да, шайқасқа түскей
Мараканды тастап, тез шегініп, сақ әскерлеріне барып қосылды.
Соғыстың екінші кезеңі - Аралдағы македондықтарды қоршау және құртып жіберу. Спитамен сақ жасақтары македондарды, негізінен, жебенің астына алды. Македондықтардың бір бөлігі сақ тосқауылына тап болды және барлық Македон әскер басқыншылары оққа ұшты.Қырық шақты атты әскер ғана қашып құтылды.Сақтар кейіннен Александр Македонский армиясында қызмет етті. Сақтардың замандастары олардың әскери өнерін жоғары бағалады. Мысалы, Александр Македонский жағында сақтардың атты әскері болған. Арриянның “Анабазис Александра” кітабынан мәлім болғанындай, Александрдың бойшаң жауынгерлерінің өзі сақ жауынгерлерінің иығына әрең жетеді. Сақтар империясының ең шалғай өңірлерінде де қызмет көрсетеді.
Ғұн тайпаларының әскери өнерінің дамуы және олардың жорығы.
Ғұн тайпаларының ежелгі түркі мемлекеті болып саналады.Орыс ғалымы Н.А.Аристовтың айтуынша, б.з.д. III ғасырда ғұндар түркше сөйлеген. Ғұн тайпаларына: қыпшақтыр, қаңлылар, үйсіндер және Жетісу бойынан ығыстырылған сақтар жатады.
Әскери өнері жағынан оларды нағыз жауынгер халық деуге тұрарлық. Соғысты алыстан, арнайы жасалған ұшы өткір жебе мен мықты садақ арқылы жүргізеді. Қоян - қолтық шайқаста олардай ешкім қылышпен шебер соғыса алмайды. Жауының қашып құтылуына мүмкіндік бермес үшін, олар арқан мен тұзақ алып жүреді, сол арқылы ұстап алады.
Өздеріне қауіп төнсе, соғысуға шақырады. Соғысқан кезде жауын шеберлеріне құрсауға алып, қатты ашулы дауыстар шығарады, жеңіл және айлакер олар қасақана бытырап кетіп, бірақ майдан шебін бұзбаған күйі, жауларын оп - оңай қынадай қырады. Олардың жау бекінісін қалай алғанын бақылау мүмкін емес сияқты.
Олар қас қағым сәтте-ақ дүниенің астан - кестеңін шығарады.Тарихшылардың айтуы бойынша, Аттила әскер басы болуға, саясаткерлікке қабілетті адам еді. Мұны Римдіктер мойындаған болатын.
Ғұндардың патшасы Аттила 450 жылы Рим империясының шекарасын кесіп өтуге дайындалды. Ол Рим императоры Валентино III-ден қарындасы Генорияны өзіне әйелдікке және Рим мемлекетінің байлығы мен билігінің біраз бөлігін беруге талап етті. Римдіктер мұны біліп қатты дүрлігеді.
451 жылы Аттила
алып державаның әміршісі болды. Оған
Днестірден Римге дейінгі, Балтық теңізінен
Қара теңізге дейінгі жерлер бағынды.Ол
қай жерге аяқ басса, сол жерде үрей туғызды.
Аттилаға бағынбаған Рим ғана қалды. 451
жылы аттила Рейн өзенінің басы өткенде,
Римнің тағдыры қыл үстінде тұрды. Римнің
әскер басы Аэци деген адам еді. Ол ғұндар
әлемін жақсы білетін. Аэцидің туы
астында весьтоготтар, аландар, алемендер,
бургундар, франктар бірігіп 451 жылы маусымда
Тура қаласының жанындағы жазықта Аттила
әскерімен шешуші шайқас болды. Мұндай
жүздеген мың әскер қатысқан ірі соғысты
бұдан соң тарихты XIX ғасырға дейін ешкім
көрген емес. Өлгендердің саны 166 мыңға
дейін жеттіп, жапа шеккен жаралылар өзеннен
қан араласқан су ішкен екен.Алғашқы шайқас
Аттиланың жеңілісімен бітті. Ол әскерлерімен
бірге күшті лагерьге тасалануға мәжбүр
болды. Шабуылды күту кезінде, ол ғұндардың
дәстүрі бойынша, жау қолына тірі түспеу
үшін өзін отқа жағуға дайын еді. Римдіктер
құрған одақтың арасында өзара келіспеушілік,
сенбестік, араздық басталды. Аттила өз
әскерлерін ертіп,
аман - есен кері қайтты. Көп ұзамай ол өзінің әскері қатарын толықтырып, Италияның оңтүстігіне, яғни Римге қарай бет алды. Милан қаласы Аттилаға тіпті өз еркімен берілді.Қала басшысы қақпаны ашқан үшін Аттила қайырымдылық жасап, қаланы жай ғана тонады.
Ендігі кезең Римдікі еді. Мәңгілік қаладан Рим папасы - I Лев Аттилаға, қайырымдылық сұрау үшін, елші жібереді. Елшілер Аттилаға көп алтын,асыл заттар тарту еткен. Күтпеген жерден Аттила келісім берді. Себебі, ғұн елінде оба ауруы басталған еді. Ғұн патшасы Попнонияға кетпекші болды, бірақ римдіктері Гопорияны әйелдікке бермесе, келесі жылы келіп қаланы шабамын деп қорқытты. Аттила қайтып келмеді.Ол өз сарайында әйелдікке бургун елінің сұлу қызы Ильдиконы алды. Бірақ, Аттила тойдың ертесі күні өлейін деп жатқанын көрді. Аттиланың өлімі туралы оның бургун карольдігін күйреткені және туысқандарын өлтіргені үшін кек алу мақсатымен Ильдико у берді деген хабар еуропаның шартарабына тарайды.
Аттила өлгеннен кейін ғұн империясы құлайды және ыдырайды.
Гитлер өзінің
баспанасында отырып фашистік адамдарына
болашақта шығысты құлдықта ұстау үшін
мынадай кеңес берген: “Шығыс облыстарының
халқына қару - жарақ бермеу керек, мұны
бізге тарих үйретті, қару берсек, бұл
ұлттарды билеу жойылады. Егер басып алған
халықтардың: қырғыздардың, қазақтардың
қолына қару берілсе, бұл халықтар біздің
билеуімізден кетеді. Біздің мақсатымыз
- шығыс облыстарының жерінде әскери тірек
пунктер орнату және барлық немістер осы
әскери пункттермен тығыз байланыста
болуы керек. Олар өз тарихын, мемлекеттік
ұғымды білсе, бізге қауіп туғызады,”-
дейді.
Сақ және ғұн тайпаларының мемлекеттік құрылымын талдау.
Б.з.б. VII-IV сасырлары сақ тайпалар одағы құрылды. Сақ қоғамы ұйымдастырған еді - деген сауал осы күнге дейін ғалымдар таласын тудырумен келеді. Жазба деректерде өздерінің дәулетіне, шұғылданатын іс - әрекетіне, рөліне қарай сақтардың құрылымы адамдардың қандай тобы кіргені туралы мәліметтер өте аз.
Тек, Рим тарихшысы Квинт Курций Гуф қана сақтарда тәңір егіншілерге - соқа мен қамыт, жауынгерге- сүңгі мен оқ, абызға- табақ сияқты сиқырлы силықтар берген деген аңызды қайталап айтады.Осыған сүйене отырып, сақ мемлекетінің құрылымының ішінен қоғамына келсек, сақ қоғамының сипаты - әскери - демократиялық. Үш негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған. Бірінші жауынгер - (жауынгердің ежелгі үнді-ирандық аты “арбада тұрған ратайштар”), түсі қызыл және сары - қызыл, екінші топ - абыздар жігі,олардың танымал белгісі құрбан табақ пен айрықша бас киім болған; қауымшыл сақтар, “сегізаяқтылар” жігі яғни соқа жегетін екі өгізі барлар жігі, бұл үшіншісі қауым мүшелері, түсі - сары мен көк түстері таңдап берілген.
Көсемдер мен патшалардың тұлғаларына айрықша тоқталып кетейік. Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Тайпа көсемі әскери жіктердің өкілдері болған. Гректер оларды басилев патша деп атаған. Жауынгерлердің және патшалардың белгісі жебелі садақ екен. Патша садағын баласына әрі мұрагеріне тапсырып отырған, сол себепті дежауынгерлер мен патшалар зиратына садақ пен жебелерді бірге қойған. Садақты мейлінше шебер ату патшаларға тән қадір қасиет болған.
Қоғамда маңызды мәселелер халық жиналысында шешіліп отырған. Оған әйелдер де қатысқан. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге соғысу құқығына ие болған. Малға жеке меншік пайда болып, мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқындарын құлға айналдырып, үй шаруашылығында жұмыс істеді.
Бұл кезең - алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезі.Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаныңда тұрды.
Ал, ғұндардың мемлекеттік құрылымы, сақтардан өзгешелеу себебі, олар патриархалдық - рулық қатынастар үстемдік етті. Ғұндар, деректемелерге қарағанда 24 руға бөлінді,әр руды ақсақалдар басқарды.
Жылына 3 рет өткізілетін халық жиналысында мемлекеттік іс талқандалып, көк аспан құдайына арнап құрбандық шалған.
Сақтармен ұқсас жақтары да болды, ол малға, жерге жеке меншік болған. Соғыс тұтқындарын құл етіп, үй қызметшісі, бақташы, қолөнерші, жер жыртушысы есебінде пайдаланған. Мемлекет билеушісінің титулы - шаньюй. Олар өз туыстарын түменбасын (әскер басын) сайлап, оларға жер бөліп берді.
Сақ және
ғұн тайпаларының негізгі әскері - атты
жауынгерлер. Басты қаруы садақ. Басқару
апаратын қаржыландыру үшін халыққа салық
салынды. Ғұндарды жазу ісі жақсы дамыды.
Қорытынды.
Сақ және ғұн тайпалары әскери өнерінің тереңдей зерттемелерде көптеп кездеседі.Сақ жауынгерінің өз жауын күшпен емес, айламен қолға түсірген.Олардың сана - сезімдерін ұшқыр болғандығын көрсетеді.
Сақтардың көсемдері әйел патшасы Томирис парсы патшасы Кирді қалай өлтіргені туралы мәліметтер өте көп. Парсы, грек деректемелерінде Томиристің батылдығына қарап, сақ әйелдерінің жігерлі екенін байқады.Сол кезеңдерде сақ әйелдері ерлерімен соғысқа қатысқандығын айтып өттік.
Ғұн тайпасының әскери өнері жақсы жетілген. Тарихшылардың айтуынша 'Аттила әскер басы болуға, саясаткерлікке қабілетті адам еді.Мұны римдіктер мойындаған,”- делінген. Аттила қазіргі венгр халқының мақтанышы, Венгрияда Аттила атында университет бар.
Ал, мемлекеттік құрылымы бойынша, екі тайпаның да көсемі бар. Ол әскери өнері дамыған, әскер басы болды. Сол кезде жекеменшік болды.
Қорыта айтқанда, сақ және ғұн тайпаларының әскери өнері де, мемлекеттік құрылымы өз жағынан дамыған.