Марокко патшалығы және Қазақстан Республикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 09:09, творческая работа

Краткое описание

Марокко Солтустік-Батыс Африка мемлекеті. Толық ресми атауы- Марокко Патшалығы. Астанасы-Рабат қаласы. Әкімшілік жағынан 35 провинцияға және 8 профектурага бөлінген. Марокко-конституциялы монархиялы ел. Мемлекет және үкімет басшысы-король. Жоғарғы заң шығарушы органы-екі палаталы парламент (Өкілдер палатасы және ұлттық жиналыс). Ақша бірлігі-дирхем.

Вложенные файлы: 1 файл

Марокко патшалығы.pptx

— 907.41 Кб (Скачать файл)

Марокко патшалығы және Қазақстан Республикасы

Марокко Солтустік-Батыс Африка мемлекеті. Толық ресми атауы- Марокко Патшалығы. Астанасы-Рабат қаласы. Әкімшілік жағынан 35 провинцияға және 8 профектурага бөлінген. Марокко-конституциялы монархиялы ел. Мемлекет және үкімет басшысы-король. Жоғарғы заң шығарушы органы-екі палаталы парламент (Өкілдер палатасы және ұлттық жиналыс). Ақша бірлігі-дирхем.

Марокко королі Мұхаммед VI бен аль Хассан. 1999 жылдан бері осы лауазымда отыр.

Тарихындағы ең елеулі оқиғалар

 

    • 1912 ж. Мароккода француз протектораты орнады.
    • 1921 ж. маусымда Марокконың Абд әл-Керим басқарған риф тайпалары Анвал түбінде испан армиясын талқандап, тәуелсіз Риф республикасын құрды.
    • 1926 ж. Франция мен Испанияның біріккен күштері Риф республикасын талқандады.
    • 2-дүниежүзілік соғыс (1939 — 45) кезінде елде ұлт-азаттық қозғалыс күшейді.
    • 1952 ж. Марокко қалаларында протекторат туралы шарттың 40 жылдығына байланысты бұқаралық шерулер өтті.
    • 1955 ж. 7 желтоқсанда Франция ұлттық үкімет құруға келісім беруге мәжбүр болды.
    • 1956 ж. 2 наурызда Франция Марокконың ұлттық тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын мойындады.
    • 7 сәуірде Марокконың испандық аймағы қайта қосылып, елдің тұтастығы қалпына келтірілді.

 

 

    • 1956 ж. 12 қарашада Марокко БҰҰ-ға мүшелікке қабылданды.
    • 1958 ж. Марокко Тарфая провинциясын испан үстемдігінен азат етті,
    • 1961 ж. қарашада елден француз әскерлері толық шығарылды.
    • 1962 ж. желтоқсанда конституция қабылданды. Марокко Араб мемлекеттерінің лигасына мүше.
    • 1992 ж. 28 мамырдан Марокко мен Қазақстан арасында дипломат. байланыс орнаған. Екі ел арасындағы мәдени, оқу-ағарту саласының қарым-қатынастары біршама дами бастады. Мароккода балық және мал шаруашыдлығы дамыған.Экспортқа фосфорит, теңіз өнімдері, темекі, тоқыма бұйымдары шығарылады. Шеттен мұнай, электр, өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алады. Жалпы ішкі өнім 87,5 млрд. АҚШ долл-н құрайды, жан басына шаққанда 3060 долл. болады (1994). Негізгі сауда серіктестері — ЕО, АҚШ, Үндістан, Сауд Арабиясы. Ел аумағында Касабланка, Мохаммедия, Танглер, т.б. ірі теңіз порттары орналасқан.

 

Касабланка теңіз порты

 

   

    Қазақстанның Мароккомен өзара қатынастарына қазіргі уақытта еліміздің Египеттегі Елшілігі жетекшілік етеді. 2009 ж. 27 қазаннан бастап Марокконың Ресей Федерациясындағы Елшісі Әбдель Кадер Лешехеб Марокконың Қазақстандағы Елшісі міндетін қоса атқаруда. Екі ел арасындағы алғашқы саяси қарым-қатынастар 1992 ж. 26-28 мамырда Корольдіктің Сыртқы істер министрінің орынбасары Абдель Латиф Мулин бастаған Марокко СІМ делегациясының Қазақстанға жасаған сапарынан басталды.

 

Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі

арасындағы  қатынастар

  

    Өткен жылдар ішінде ҚР Вице-Президенті Е.Асанбаев бастаған делегация Касабланка қаласында өткен Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының 7-ші саммитіне (1994 ж. желтоқсан), ал ҚР Сыртқы істер министрлігінің делегациясы Мараккеш қаласында өткен «Ауа райының өзгеру проблемалары» атты 7-ші халықаралық конференцияға (2001 ж. қазан) қатысты. ҚР Индустрия және сауда Вице-Министрі А.Баталов бастаған делегация 2007 ж. шілдеде Мароккода іссапармен болды. 2006 ж. тамызда Марокко Королінің арнайы өкілі - Ауыл шаруашылығы, ауылды дамыту және балық шаруашылығы министрі Муханнада Лаэнсердің, сондай-ақ 2007 ж. маусымда Марокко Корольдігінің Энергетика және тау-кен өнеркәсібі министрі М.Буталебтің Қазақстанға сапарлары ұйымдастырылды. Сапарлар барысында әртүрлі салаларда екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

 

    Атап айтқанда, екі ел арасындағы сауда айналымын жандандыру, өзара инвестиция тарту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету, шарт-құқықтық базаны дамыту, сондай-ақ Қазақстан бидайын Мароккоға тасымалдау мүмкіндіктері қарастырылды. Жалпы, қазақстан-марокко қарым-қатынастарын талдайтын болсақ, елдер арасындағы қарқынды байланыстардың болмағандығына қарамастан, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуға екі жақтың тең қызығушылығы мен оған қажетті әлеуетінің бар екендігіне көз жеткізуге болады.

 

 


Информация о работе Марокко патшалығы және Қазақстан Республикасы