Мемлекет және құқық теориясының пәні және оның ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 14:11, реферат

Краткое описание

Мемлекет және құқық теориясының анықтамасы. Мемлекет және құқық теориясы–бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.

Ғылым ретіндегі мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері мынада:

Біріншіден, ол қоғамдық ғылым болып табылады, оның пәнін қоғамдық құбылыстар–мемлекет пен құқық құрайды. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық теориясы бірқатар басқа ғылымдардан (жаратылыстану, техникалық және т.б.) ерекшеленеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Мемлекет және құқық теориясының пәні және оның ерекшеліктері.docx

— 18.11 Кб (Скачать файл)

Мемлекет және құқық теориясының пәні және оның ерекшеліктері

 

Мемлекет және құқық теориясының анықтамасы. Мемлекет және құқық теориясы–бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі. 

 

 Ғылым ретіндегі мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері  мынада:

 

Біріншіден, ол қоғамдық ғылым болып табылады, оның пәнін қоғамдық құбылыстар–мемлекет пен құқық құрайды. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық теориясы бірқатар басқа ғылымдардан (жаратылыстану, техникалық және т.б.) ерекшеленеді.

 

Екіншіден, ол саяси-заңды ғылым бола тұрып, мемлекеттің биліктік қызметі, саясаты саласымен тікелей қатысты қоғамдық құбылыстарды зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық теориясы

ғылымдардан ерекшеленеді.

 

Үшіншіден, ол жалпы теориялық ғылым бола тұрып, мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпы заңдылықтары мен сипаттарын зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы ол арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді.

 

Төртіншіден, ол әдістемелік сипаттағы ғылым болып табылады. Мемлекеттік-құқықтық құрылымның жалпы заңдылықтарын көрсете отырып, ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды меңгеру әдісі мәселесін қарастырады.

 

 Мемлекет  және құқық теориясының пәні.

Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәніне мемлекет пен құқықтың пайда болуы  мен қызмет етуінің негізгі даму заңдылықтарын әлеуметтік құрылым  ретінде, олардың негізін және құрылымын, негізгі элементтерін, принциптерін, институттарын, олардың қоғам өміріндегі орны мен рөлін зерттеу бірінші  орында.

Мемлекет және құқық теориясының пәніне, мемлекеттік-құқықтық құбылыстың маңызды функционалды (негізгі) ерекшеліктері кіреді. Оған жататындарға: мемлекет пен құқықтың түсінігі және олардың жіктелуі, белгілері, негізгі  принциптері және мемлекет пен құқықтың функциясы, мемле-кеттің механизмі (тетігі) мен құқықтық реттеу ерекшеліктері, заңды факторлар, құқықтық қатынастар, құқық жүйесі, заңдар мен мемлекеттік органдар жүйесі, сонымен бірге басқа да көптеген, юриспруденцияның неден қалыптасатыны туралы алғашқы элементтерінің бәрі жатады.

Сонымен, мемлекет пен құқық теориясы – бұл мемлекет пен құқық туралы негізгі заңдылықтардағы  белгілердің жалпы жүйесі, оған оның пайда болуы, негізі, қызмет етуі, мемлекеттік-құқықтық құбылыстың дамуының салалық және қосымша  заң ғылымдарының әдістемелік негізі болатын жағдайлар кіреді.


Информация о работе Мемлекет және құқық теориясының пәні және оның ерекшеліктері