Мұстафа Кәмәл Ататүрік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 13:41, реферат

Краткое описание

Мұстафа Кемал Ататүрк, Ғази Мұстафа Кемал-паша (түр. Mustafa Kemal Atatürk; 1881 — 10 қараша 1938) — Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті.
Мұстафа Кемал Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде өзін дарынды қолбасшы ретінде көрсете білді. Кейінірек ол Анадолы және Палестина майдандарында әскери ұрыс қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде атақ-даңққа ие болды. Осман империясының соғыста жеңіліп, Антанта тарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кемал Түрік ұлттық қозғалысын бастады.

Вложенные файлы: 1 файл

Мұстафа Кәмәл Ататүрік.doc

— 219.00 Кб (Скачать файл)

                       Мұстафа Кәмәл Ататүрік

Мұстафа Кемал Ататүрк, Ғази Мұстафа Кемал-паша (түр. Mustafa Kemal Atatürk; 1881 — 10 қараша 1938) — Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті.

Мұстафа Кемал Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде өзін дарынды қолбасшы ретінде көрсете білді. Кейінірек ол Анадолы және Палестина майдандарында әскери ұрыс қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде атақ-даңққа ие болды. Осман империясының соғыста жеңіліп, Антанта тарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кемал Түрік ұлттық қозғалысын бастады. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырған соң, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлердің бетін қайтарып, олардан басым түседі.

Сыртқы интервенциялық күштерді қайтарғаннан кейін Мұстафа Кемал Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформалар бастайды. Ол реформалардың басты бағыттары Кемалдың саяси идеологиясында баяндалған. Ататүріктің ұстанған көзқарасы бойынша Түркия мемлекеті осы заманғы, демократиялық және зайырлы ұлттық мемлекет болып құрылуы тиіс болатын.

Штаб капитаны Мұстафа Кәмәл. 1907 жылғы маусымның 20-сында.

 

Бірінші дүниежүзілік соғыс

Софиядағы қызмет кезінде Мұстафа КәмәлТүркияның соғысқа Германияның одақтасы ретінде қатысуын қатты сынға ала бастады. 1914 жылғы шілденің 6сында ол Истанбулдағы соғыс министрлігіне соғыс бастала қалған жағдайда Түркияның бейтараптық саясатын ұстанып, кейінірек соғысқа Германияға қарсы кірісу керектігі туралы ұсыныс жасап хат жазды. Алайда соғыс министрі Енвер паша Германиямен одақтасуды дұрыс көріп, екі үкіметтің арасында одақ құру туралы құпия келісім жасалды. Соның нәтижесінде Османлы империясы Бірінші дүниежүзілік соғысқа Германияның одақтасы ретінде енді.

Галлиполи шайқасы, 1915–1916

Мұстафа Кәмәл Галлиполи шайқасының кезінде жағалауға келіп түскен Антанта әскерлерінің барлығын дерлік талқандаған 19-шы дивизияға қолбасшылық етті.

Дарданелл бұғазын қорғауға арналған 5-ші армияны басқаруға неміс маршалы Отто Лиман фон Сандерс тағайындалды. Мұстафа Кәмәлға сол 5-ші армияның құрамына енгізілген 19-шы дивизияны ұйымдастырып, оған басшылық ету міндеті жүктелді. Ал 1915 жылғы қаңтардың 8-інде Британия соғыс кеңесі «Галлиполи түбегін зеңбірекпен атқылап, Истанбулды қолға түсіру мақсатымен басып алу» үшін соғыс оперциясын бастап жіберді.

Галлиполи операциясының кезінде жауынгерлеріне басшылық етіп жүрген Мұстафа Кәмәл, 1915 жыл.

Дарданелл бұғазының жағалауындағы қорғаныстарды бұзып-жарып өтіп Истанбулға шабуыл жасау тапсырмасын Британия соғыс кемелері орындай алмады. Сол себепті британиялықтар флотының қимылдарына қолдау болсын деп құрлыққа түсу операциясын бастады. Бұл операция 1915 жылғы сәуірдің 25-інен 1916 жылғы қаңтардың 9-ына дейін орын алды. Галлиполиде орналастырылған Мұстафа Кәмәлдің басшылығындағы дивизия түбекті басып алмақ болған Антанта әскерлерімен бетпе-бет келіп соқтығысты.

1915 жылғы сәуірдің 15-інде Аустралия және Жаңа Зеландияның әскерлері (АНЗАК) АНЗАК қойнауында жағалауға келіп түсіп, ішкеріге басып кіруге бет алды. Бірақ көп ұзамай олар Мұстафа Кәмәлдің қолбасшылығындағы түрік әскерінің қарсы шабуылына ұшырады. Мұстафа Кәмәл жау әскерлерімен төбелерде кездесіп, оларды тоқтатып, биіктіктерді қайтадан қолға түсірді. Оның әскери басшылығының арқасында АНЗАК әскерлері тоқтатылып, жағалауға түсуде қарастырылған әскери мақсаттар орындалмай қалды.

Екі әскердің соқтығысуының алдында Мұстафа Кәмәл өзінің сарбаздарына мынадай бұйрық берді:

Түн түскенге дейін АНЗАК әскерлерінің шығыны 2000-ға жетіп, олар енді теңізге ығыстырылып тасталмай, жағалауда қалу үшін ғана соғыса бастады. Содан кейінгі екі аптаның ішінде Антанта әскерлері жағалауда қалып, әскердің үштен бірінен айырылды.Мұстафа Кәмәл операцияның бастапқы кезеңіндегі Чунуқ Баир шайқасында қарсылас әскерін тоқтатып полковник әскери дәрежесін алған болатын. Галлиполи операциясының екінші кезеңі тамыздың 6-сында басталды. Соның кезінде қолбасшы Мұстафа Кәмәл қызметтерін көбінесе алғы шептен 300 метр ғана қашықтықта атқаратын. Осы операцияның Чунуқ Баир, Юсуфчук тепе, Сары Баир сияқты шайқастарында түрік әскерлеріне басшылық етті.

АНЗАК қойнауы ескерткішіндегі Ататүріктің сөздері.

Галлиполи операциясының он айында түріктерден қорғанумен болып, тырп ете алмаған Антанта әскерлері үшін бұл операция ауыр жеңіліспен аяқталды. Ақыры Антанта басшылары операцияны тоқтатып, әскерді шығаруға шешім қабылдады. Аман-есен кете алғандарының өзі олар үшін ең зор олжа және табыс болды. Османлы империясының жағында соғысқан 5-ші армияның басшысы Отто Лиман фон Сандерс және бірнеше басқа түрік қолбасшылары зор табысқа жетіп, көзге түсті. Алайда Мұстафа Кәмәл өзінің ерекше үздік әскери қолбасшы екенін іс жүзінде көрсетіп зор даңққа бөленді. Шайқастың кезіндегі ерлігі мен жеңімпаздығы үшін ол өзінің бұрынғы қарсыластарының да құрметіне ие болды. Аустралияның Канберра қаласында өткізілетін АНЗАК әскерлерін еске алу парадында Мұстафа Кәмәл Ататүріктің есімі де зор құрметпен аталады. Оның қаза тапқан мыңдаған түрік және АНЗАК әскерлерінің құрметіне сөйлеген сөзіндегі мына сөздер АНЗАК қойнауы ескерткішінде тасқа ұрылып жазылған:

 

 

 

 

 

1916–1917 жылғы Кавказ жорығы

Мұстафа Кәмәл - жаңа қызметке тағайындалған кезде османлы әскері үздіксіз алға басып келе жатқан генерал Товмас Назарбекянның басшылығындағы орыс әскерімен, Андраник Торос Озанянның басшылығындағы армян еріктілері қосынымен және армян қарулы азаматтарынан құралған әскери топтармен бетпе-бет тұрған болатын. Ван қарсылығынан кейін Арам Манукянның басшылығымен Арменияның уақытша үкіметі құрылды[4]. Армян үкіметінің билігі Ван көлінің жағасында алғашқы пайда болған кезінен біраз кеңіген болатын.[5] Бітліс шайқасы мен Мұш шайқасы да басталып кеткен еді. Кәмәл келген кезде бей-берекет жағдайдың қалыптасқанын көрді. Жылдың ең жайлы кезеңдерінде де ондағы ауа райы қатал болатын.[6] Байланыс және әскерді қамтамасыз ету жолдары бас көтерушілердің шабуылдарына ұшырап жатты. Жүздеген мың босқындар, олардың көпшілігі армян қосындарымен жауласқан күрдтер, алға басып келе жатқан орыс әскерлерінен бас сауғалап босып келе жатқан еді.[7] Мұстафа Кәмәлдің алдында тұрған басты мақсат — өз басшылығындағы әскердің дұрыс қызмет атқаруы үшін осы бей-берекет босып келе жатқан жұрттың арасында тәртіп орнат, олардың көріп жүрген азаптарын азайту болды. Орыс әскерлерінің жойқын шабуылы Анатолияның Ерзурум, Бітліс және Мұш қалаларына келіп жетті. Тамыздың 7-сінде Мұстафа Кәмәл топтарын орналастырып, қарсы шабуыл бастап жіберді.[8] Ол өзінің бұрынырақ жеңіліске ұшырап, қатты жүнжіген әскерінің рухын көтере білді. Соның арқасында небәрі бес күннің ішінде оның дивизияларының екеуі зор стратегиялық маңызға ие Бітліс және Мұш қалаларын қолға түсіріп, Ресей қолбасшылығының жоспарларын шатастырып жіберді.[9] Емиль Ленгиель бұл туралы былай деп жазды: «Ол қайтадан егер дұрыс басшылық жасалса түріктің ержүрек жауынгер бола алатынын көрсетіп, түріктердің өздері «Кемел» есімді қолбасшыларының ерекше дарынды қолбасшылығына таңырқай назар аударды».[8]

Алайда майданның басқа бөліктерінде қолбасшылық еткен Іззет паша осы табысты қарсы шұабуылға дұрыс үлес қоса алмады. Қыркүйек айында Мұстафа Кәмәл орыс әскерінің және армян еріктілер қосындарының шабуылынан Мұш қаласын тастап кері шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше рет жеңіліс көрсе де Мұстафа Кәмәл бір рет табысқа жетті.[9] Оның басты стратегиялық мақсаты — қарсыластың әскерін таулы аймақтан шығармай ұстау болды. Оның қол жеткізген табыстары оның сол жылы «Имтияз орденінің алтын семсері» медалімен марапатталуы арқылы бағасын алды.

1917 жылғы наурыздың 7-сінде Мұстафа  Кәмәл 16-шы корпустың қолбасшылығынан  шеттетіліп, бүкіл 2-ші армияның қолбасшысы болып тағайындалды. Сол екі арада 1917 жылғы Қазан төңкерісі басталып, Ресей әскері бытырап кетті.[8] Мұстафа Кәмәл сол кезде басқа жаққа тағайындалып, ол аймақты тастап кеткен болатын

Мұстафа Кәмәл Диярбакырда тұрақтап, 2-ші армияның 16-шы корпусына басшылық ете бастады.

Галлиполи шайқасынан кейін Мұстафа Кәмәл алдымен Едірнеде 1916 жылғы қаңтардың 14-ні дейін қызмет атқарды. Содан соң ол Кавказ жорығына жіберілді. Сәуірдің 1-інде ол бригада генералы әскери лауазымына ие болды. Тарихшылардың көбі оның әскери лауазымының өсуіне Енвер паша әдейі кедергі келтіріп отырды деп ойлайды.

Мұстафа Кәмәл Кавказ жорығында

Мұстафа Кәмәл жаңа қызметке тағайындалған кезде османлы әскері үздіксіз алға басып келе жатқан генерал Товмас Назарбекянның басшылығындағы орыс әскерімен, Андраник Торос Озанянның басшылығындағы армян еріктілері қосынымен және армян қарулы азаматтарынан құралған әскери топтармен бетпе-бет тұрған болатын. Ван қарсылығынан кейін Арам Манукянның басшылығымен Арменияның уақытша үкіметі құрылды[4]. Армян үкіметінің билігі Ван көлінің жағасында алғашқы пайда болған кезінен біраз кеңіген болатын.[5] Бітліс шайқасы мен Мұш шайқасы да басталып кеткен еді. Кәмәл келген кезде бей-берекет жағдайдың қалыптасқанын көрді. Жылдың ең жайлы кезеңдерінде де ондағы ауа райы қатал болатын.[6] Байланыс және әскерді қамтамасыз ету жолдары бас көтерушілердің шабуылдарына ұшырап жатты. Жүздеген мың босқындар, олардың көпшілігі армян қосындарымен жауласқан күрдтер, алға басып келе жатқан орыс әскерлерінен бас сауғалап босып келе жатқан еді.[7] Мұстафа Кәмәлдің алдында тұрған басты мақсат — өз басшылығындағы әскердің дұрыс қызмет атқаруы үшін осы бей-берекет босып келе жатқан жұрттың арасында тәртіп орнат, олардың көріп жүрген азаптарын азайту болды.

Орыс әскерлерінің жойқын шабуылы Анатолияның Ерзурум, Бітліс және Мұш қалаларына келіп жетті. Тамыздың 7-сінде Мұстафа Кәмәл топтарын орналастырып, қарсы шабуыл бастап жіберді.[8] Ол өзінің бұрынырақ жеңіліске ұшырап, қатты жүнжіген әскерінің рухын көтере білді. Соның арқасында небәрі бес күннің ішінде оның дивизияларының екеуі зор стратегиялық маңызға ие Бітліс және Мұш қалаларын қолға түсіріп, Ресей қолбасшылығының жоспарларын шатастырып жіберді.[9] Емиль Ленгиель бұл туралы былай деп жазды: «Ол қайтадан егер дұрыс басшылық жасалса түріктің ержүрек жауынгер бола алатынын көрсетіп, түріктердің өздері «Кемел» есімді қолбасшыларының ерекше дарынды қолбасшылығына таңырқай назар аударды».[8]

Алайда майданның басқа бөліктерінде қолбасшылық еткен Іззет паша осы табысты қарсы шұабуылға дұрыс үлес қоса алмады. Қыркүйек айында Мұстафа Кәмәл орыс әскерінің және армян еріктілер қосындарының шабуылынан Мұш қаласын тастап кері шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше рет жеңіліс көрсе де Мұстафа Кәмәл бір рет табысқа жетті.[9] Оның басты стратегиялық мақсаты — қарсыластың әскерін таулы аймақтан шығармай ұстау болды. Оның қол жеткізген табыстары оның сол жылы «Имтияз орденінің алтын семсері» медалімен марапатталуы арқылы бағасын алды.

1917 жылғы наурыздың 7-сінде Мұстафа Кәмәл 16-шы корпустың қолбасшылығынан шеттетіліп, бүкіл 2-ші армияның қолбасшысы болып тағайындалды. Сол екі арада 1917 жылғы Қазан төңкерісі басталып, Ресей әскері бытырап кетті.[8] Мұстафа Кәмәл сол кезде басқа жаққа тағайындалып, ол аймақты тастап кеткен болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мұстафа Кәмәл Ататүрік