Мұстафа Шоқай
Орындаған: 9 “г” сынып оқушысы Амергалиева
Шынар
- Қазақ халқында өз елінің тәуелсіздігін
бейбіт, демократиялық жолмен алуды көздеген
зиялы саясаткерлер мен асқақ мұратты
азаматтар көптеп саналады. Қай дәуірде,
қай елде жүрсе де ұлтын жанып сүйген,
азаттық жолындағы күрес тарихында аса
көрнекті тұлға- Мұстафа Шоқайұлы.
- «Кеңестік тарихнама ұзақ жылдар бойы оны Отанының сатқыны ретінде, қашқын, тіпті гитлершіл Германия жағында соғысқан, әйгілі қайғылы Түркiстан легионының ұйымдастырушысы, қашқын ретінде көрсетіп келді. Алайда, оның көп қырлы тұлға ретіндегі басқа еңбектері, соның ең бастысы - еркiн Түркiстанда өмiр сүру арманы туралы айтылмады» М.Шоқай арманы
туралы.
- Өмірінің соңғы сәттерінде, 1940 жылы соғыс
тұсында ол үнемі Түркістанның большевиктерден
құтылуын армандайтын. «Алла елімнің тәуелсіздікке
қол жеткізгенін көруге нәсіп етсе, мен
тек үгіт-насихат ісімен ғана айналысар
едім. Жастар үкімет құрса, мен елімнің
тарихы және басқа өлке халықтары туралы
тамаша кітаптар жазумен шұғылданар едім»-
дейтін Мұстафа Шоқай.
- « Мен халыққа қарсы емес, халықты басқарып
отырған басшыларға қарсы сөзбен күресудемін. Бұның екі арасын ажырата білу керек. Егер мен күннен-күнге сеператист болып бара жатсам, оған да кінәлі орыстардың өздері. Түркістан - тек қана қағаз жүзінде федеративті республика. Қоғамдық ойда, не экономикада жаңалық бола қалса, Мәскеу тарапынан тез арада қарсылыққа ұшырайды».
- 1940 жылы Францияны басып алғаннан кейін фашистер М.Шоқайды тұтқынға алып, Конпьен лагеріне қаматады. Босатылғаннан кейін ол Берлинге жөнелтіліп, онда «Түркістан» легионын басқаруға ұсыныс алады.
- Алайда, ол «Түркістан» легионын
құрып, Кеңес Одағына қарсы қарулы күреске
шығудан бас тартады, 180 мың соғыс тұтқындарының
тағдырына араша түсіп, оларды ату жазасынан
аман алып қалған.
- Мұстафа үстелге
еңкейіп, хат жазып отырады.
- «Сіздер, немістер,
өздеріңізді Еуропадағы ең мәдениетті
адамдармыз деп санайсыздар. Егер сіздердің
мәдениеттеріңіз менің көріп жүргендерім
болса, онда мен сіздерге де тұтқындардың
шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін.
Сіздер ХХ ғасырда өмір сүре отырып, ХІІІ
ғасырда Шыңғыс ханның жасаған зұлымдығынан
да асып түстіңіздер. Мәдениетті халықпыз
деп айтуға хақыларыңыз жоқ!»
- Хатты бүктеп
конвертке салады да, кіріп келген СС офицеріне
ұсынады. СС офицері хатты ашып қарайды
да, Мұстафаға:
- СС офицері: Пікірлеріңді тым тура айтыпсың,
мұның артықтау емес пе?!
- Мұстафа: Егер сіздер осыған байланысты маған ату немесе асу жазасын берсеңіздер – қарсылығым жоқ. Мұндай мәдени қоғамда өмір сүргеннен гөрі өлгенім артық. Бұл қорқынышты жағдайдан соң, тіпті де өмір сүргім келмейді.
- Мұстафа сөйлеп болған соң, СС офицерлері
оны тұтқындап, алдарына салып алып кетеді.
Бауырларды
көре алмадым елдегі,
Елім
маған «Кел», «кел» деді,
«Кел»
деді.
Қазағыма
әпере алмай бостандық,
Шерден
өлген,
Мұңнан
өлген пендемін.
Мен,
әрине, өртенемін,
Күйемін.
Түгім
де жоқ
Тек
арманға иемін!
Ақырғы
арман:
Ерте
болар, кеш болар,
Түркістанға
жету керек сүйегім!
- Осылай деп армандаған Мұстафа Шоқай
1941 жылы желтоқсанда Берлинде беймәлім
жағдайларда қайтыс болады. Осылайша
шет жерде жүрсе де өз елінің қамын ойлаған
ұлы тұлғамызға туған жерінің топырағы
да бұйырмады. Алайда ол өзіндік бейнесімен
халқының жүрегінен мәңгі орын алды.
- Мұстафаның аз ғана тірлігі, бар ғұмыры
болашаққа арналған. Сондықтан Мұстафа
ауруханада өлген күні Мұстафаның үлкен
болашағы басталды. Ол әлі шығыс халықтарына
үлгі болады. Адамзат тарихында аса ірі
тұлға ретінде ірілене береді!