Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 15:37, реферат
Франктер Галлияны басып алғаннан кейін Рим қүқығымен танысуға мәжбүр болды. Бірақ оларда Рим құқығын пайдаланатындай қарым-қатынастар әлі туған жоқ еді. Сондықтан бұл мемлекетте екі қүқық Жүйесі қатар қолданылатын. Галло-римдер рим құқығының нормаларың іске асырды, ал германдар әлдеқашаннан келе жатқан ата-бабаларының әдет-ғүрыптарын қолданды. Бесінші ғасырдан бастап варварлар өздерінің әдеттерін кодификацияға жатқызып, оларды "Шындықтар" ретінде таратты. Сөйтіп, Салистік, Рипуарлық, Алемандық және басқа құқықтар дамыды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы: Саллистік шындық
Орындағын: Еркебаев Б
Қабылдаған: Бисенғалиева Д
Астана 2013
Салистік шындық
Франктер Галлияны басып алғаннан кейін Рим қүқығымен танысуға мәжбүр болды. Бірақ оларда Рим құқығын пайдаланатындай қарым-қатынастар әлі туған жоқ еді. Сондықтан бұл мемлекетте екі қүқық Жүйесі қатар қолданылатын. Галло-римдер рим құқығының нормаларың іске асырды, ал германдар әлдеқашаннан келе жатқан ата-бабаларының әдет-ғүрыптарын қолданды. Бесінші ғасырдан бастап варварлар өздерінің әдеттерін кодификацияға жатқызып, оларды "Шындықтар" ретінде таратты. Сөйтіп, Салистік, Рипуарлық, Алемандық және басқа құқықтар дамыды.
802 жылы Ұлы Карл империя құрамындағы бүкіл тайпалар әдет-ғүрып-тарының басын біріктіріп пайдалану жөнінде ұсыныс жасаған еді. Бұған бұрынғылардан басқа жаңадан қабылданған құқықтық нормаларды енгізу көзделді.
Билігі күшейген король зандарды шығаруға кірісті. Бұл заңдар капитулярий деп аталады да, халықтың бәрі оны орындауға міндеттелді. Капитулярийлер арқылы король феодалдық қарым-қатынастарды нығайтуға ұмтылған болатын.
Ерте-феодалдық құқықтың
қайнар көздеріне иммунитетті
"Шындық" деп аталатын құжаттардың ең ежелгісі "Франк шындығы» Бұл құжаттың нормалары көбіне германдардың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрыптары. Меншіктің екі түрі болды: қауымдық және жеке меншік Пайдаланбайтын жерлер, жайылым және ормандар бәрінің бірлескен меншігі болатын. Сонымен бірге жеке меншіктегі жерлер де кездесе олар әрбір отбасына бекітілген. Егін жиналып, қоршауды алып тастағаннан кейін барлық жерге мал жаюға рұқсат етілді. Бірақ жер сатылады деген нормалар кездеспейді және өлген адамның жер үлесін қауымның өзі таратады. Жаңағы жерге жаңа адам келетін болса, ол көршілердің пікірін сұрап, келісімін алуға тиісті. Көршілерінің біреуі нарызалық білдірсе, жаңағы адам таңдаған жеріне көше алмайды.
Шаруалардың жеке шаруашылығы өте мықты қорғалды. Ұрлық туралы бұл нормаларда көп айтылған және кесілген жазалары өте ауыр.
"Салистік Шындықты" оқығанда мынандай ерекшелік байқалады: ұжымдық меншікпен қатар жеке меншік пайда болды. Үй, үйдің жанындағы жер, ауыл шаруашылық құралдары, мал әрбір жеке отбасының меншігі. Айтылған меншіктің түрлері мұрагерлік ретінде, қыз және ұл балаларға беріледі. Салистік Шындық жария етілгеннен кейін, егістік жер де сатылатын жеке меншікке айналды. Жеке меншік пайда болғаннан кейін теңсіздік туды.
"Салистік Шындықта"
мүліктік қарым-қатынастарға
Жеке меншік институтының дамығанын мынадай нормалар дәлелдей
түседі: көрші ауланың шарбағын сындырған, не бірнеше шыбық жұлып
алған адам-15 солид, біреудің салған және әлі жиналмаған егінімен жүрген
(жаяу, немесе ат арбаменен) адам-3 солид, біреудің ауласына ұрлық істеу
үшін қараңғыда кірген адам-45 солид айып төлейді. Көптеген баптарда
ат, шошқа,ірі қара мал, құлдарды ұрлағаны үшін жауапкершілікке тар-
тылатын. Жеке меншіктің дамығанын өлген адамның дүниесін
мұрагерлікпен қалдырылатыны дәлелдейді. Қозғалыстағы мүліктер ба-
лаларына берілетін, жер тек ер балаларға ғана қалдырылатын. Алайда,
561 жылдан бастап Хильпериктің эдикті бойынша өлген адамның ұлдары
болмаса, оның жер үлесі қыздарына қалдырылатын болды.
"Салистік Шындықта"
мүліктік қарым-қатынастарға
Ер адамдар мен әйел адамдардың құқықтары бірдей болды деуге негіз бар. Әйелдің құқығын шектеген нормалар болған жоқ. Мұрагерлік нормалар бойынша жылжымалы заттар әкесі өлгеннен кейін баласы мен қызына бірдей бөлінеді, бірақ жер тек қана ер балаларының арасында бөлінетін. Алтыншы ғасырдың аяғында ер балалар болмаған әйел адамдар да мұрагер ретінде жер алатын болды.