Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 19:01, реферат
Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Кіріспе
Негізгі бөлім:
a) Саяси иделогия ұғымы
b) Қазіргі идеологияның негізгі түрлері
c) Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
3. Қорытынды
Яғни, қай салада болмасын, әртүрлілік қажет екені байқалады. ХХ ғасырдың екінші жартысында еркін нарықтық қатынастар және демократия
принциптері одан әрі дамып,
жеке адамның құқықтары мен
Неоконсервативтіктер
Неоконсерватизм идеологиясының негізгі мақсаты – саяси, экономикалық, рухани реформаларға жол ашу, сол арқылы қоғамның дамуына әсер ету. Неоконсерватизм идеологиясын дамытуға көптеген ғалымдар мен саяси қайраткерлер қатысты.
Коммунистік идеялар ХIХ ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар Карл Маркс пен Ф.Энгельс. Олар жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғалы келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализмді орнататын бірден-бір құрал – социалистік революция. Оны жасай алатын күш – жұмысшы табы. Социалистік революция нәтижесінде ескі мемлекет түбірімен қиратылады да, оның орнына жаңа мемлекет – пролетариат диктатурасы орнайды. Барлық тарихи прогресс қоғамдық-экономикалық формациялардың жүйелі түрде ауысуымен байланыстырылады.
ХIХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың марксистік саяси идеология марксистік және реформистік болып екіге бөлінді.
Марксизм дегеніміз қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм және коммунизм құрып, қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнату мақсатындағы идеология.
Бұл идеологияға негіз
болған жоғарыда айтылған неміс ойшылы,
ғалымы К.Маркстың(1818-1883) идеясы. Оның идеясы
бойынша, «таптық қоғамда әділеттік
жоқ, байлар, капиталистер, фермерлер
— қарапайым жұмысшыларға, шаруаларға
қанаушылық жасайды, олардың еңбегін
толық төлемейді, соның арқасында
өздері байиды. Бұл жағдай әлеуметтік
экономика саласында орын алса, ал
саяси салада әділеттілік, демократия
жоқ. Билік басында отырғандардың
бәрі байлар. Халықтық сайлауға қалай
бақылау қойылса да – бәрі бір
билікке байлар ғана келеді. Соңында
қоғам олигархиядан шыға алмайды».
«Осындай әділетсіз жағдайдан
Маркстік идеяны іске асыру
үшін, яғни, бұл идеяны идеологияға
айналдыру үшін орасан зор белсенділікпен
күрес жүргізген саяси топ
–Ресейдегі 1898 жылы ұйымдастырылған
Ресей социал-демократиялық
Реформизм идеологиясы үш бағытқа бөлінеді, олар: эволюция, реформа және модернизация. Осы үш бағыттың арнайы аталуының өзі – революция идеясына қарсылық білдіру үшін қажет болды.
Реформистік идеологияның негізін
қалаушы — неміс саяси
Марксшыл Ф.Энгельстің серігі
болып, екеуі Германияда 1869 жылы құрылған
социал-демократиялық
Социал-демократия идеологиясы «демократиялық социализмд» идеясын алға тартты. Оның басты құндылықтары – еркіндік, теңдік, әділеттілік және ынтымақтастық. Бұл құндылықтарды, олардың ойынша, экономикалық, саяси және рухани демократия арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол аралас экономиканы, мемлекеттік әлеуметтік-реттеу рөлін, саяси өмірді демократиялық түрде ұйымдастыруды талап етті.
Фашизм идеологиясының басты ерекшелігі –еңбекшілерді басып-жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрлерін қолдану, шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік-монополиялық реттеу тәсілдерін кеңінен пайдалану, азаматтырдың қоғамдық және жеке өмірін толық бақылау, т.т. соғысқа дайындалу, көсемшілдік идеялары кең тарайды. Фашистік идеологияның негізгі қағидалары А.Гитлердің «Менің күресім» кітабында баяндалды. Онда соғыс тазартушылық процесс ретінде сипатталады, неміс ұлтының тазалығы, оның басқа ұлттардан «артықшылыға» дәріптеледі.
3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
Әрбір мемлекеттің болашақты
бағдар ететін идеологиясының болуы
айқын. Себебі мемлекеттің саясаты,
оның даму жолдары идеологияға
Бұның себебі қазір түсінікті
де, кеңестік жағдайда өз идеясын бүкіл
халыққа күштеп міндеттеген қоғам
емес, тіпті мемлекет те емес, ол демократияға
негізделмеген биліктегі
Осы тұрғыдан қоғамда деидеологизация, яғни идеологиясыздандыру туралы ұсыныстар көбейді. Яғни, идеологиясыз мемлекет, идеологиясыз қоғам құру қажет деген түсінік қалыптасты.
Саяси ғылымда деидеологизация (идеологиясыздандыру) өзекті теориялық проблема, бірақ бұл қоғамды немесе мемлекетті идеологиядан арылту деген түсінік емес. Бұл жөніндегі саяси ғылымның ақиқат ұстанымы мына анықтамадан білінеді: Деидеологизация (идеологиясыздандыру) дегеніміз — идеологияның әсерінсіз, еркін, таза ғылымды жасауға, қоғамдық прогресті идеологиядан тазартуға ұмтылу. Яғни, ғылым – идеологиядан тәуелсіз болуы қажет. Қоғамның дамуы идеологияның қысымына түсіп қалмауы, елдің дамуын тек ғана ұлттық мақсатты ұстанып, басқа елдердің дамуынан оқшауландырмау, әртүрлілікке, көппікірлікке бақылау қойып кедергі жасамауы керек. Әсіресе ғылым идеологияның қызметшісіне айналмауы тиіс.
Идеологиясыздандыру тұжырымдамасының негізін салушылар: саясаттанушы француз ғалымы А.Раймон, американ ғалымы П.Талкотт, неміс ғалымы К.Манхейм және т.б. Мысалы, К.Манхейм: «идеологиясыздандыру –қоғамдағы партиялық, топтық үстемдіктің болмауын мақсат ететін әлеуметтік-философиялық ілім, ал қоғамдық, мемлекеттік идеологияның болмауын мақсат ету – ол қателік» десе, белгілі орыс философы Н.Бердяевтың айтуы бойынша: “Қоғамда идеология құлатылған кезде, утопия шабуыл жасайды”, яғни, халық өзіндік болмысынан, ерекшелігінен, ұлттық мәдениетінен, рухани құндылықтарынан айырыла бастайды, қоғамның даму бағыты күйреп, дағдарыс күшейеді.
Өтпелі кезеңді басынан
кешірген біздің елімізге бұл жағдай
жақсы белгілі. Кеңес Одағы ыдырап,
Қоғамда өнегеліліктің деңгейі
төмендеп, қылмыскерлік, жемқорлық, коррупция,
көлеңкелі кәсіп, нашақорлық кең
орын ала бастады. Бұндай келеңсіз құбылыстардың
ізі бүгінгі күнге дейін
Ал бүгінгі күні біздің
мемлекеттік идеологиямыз арқылы Қазақстанда
тұрақтылық, тыныштық, халықтардың
бірлігі сақталып, алғашқы тәуелсіздік
жылдарының ауыртпалықтарына қарамастан
демократиялық бағыттағы
Себебі, біздің елімізде халықтарды
топтастыратын, тұтастыратын нәтижелі
мемлекеттік идеология
Мемлекет үшін идеология
— әлеуметтік-саяси
Сонымен, идеология мемлекеттілікті
демеуші жүйе. Ол елдің саяси құрылысының
қорғаушысы, одақтасы, буыны, (биологиялық
тілмен айтар болсақ), идеология
– мемлекеттің сырқаттан
Мемлекеттік идеологияның халық арасында толық қолдаушылық табуы, мемлекеттің өзінің заңды, легитимді (яғни, демократиялық) болуына байланысты. Егер мемлекетті қалыптастырушы шын мәнінде халықтың өзі болатын болса, халық мемлекеттік идеологияны өз мақсатындай қабылдайды.
Пайдаланған әдебиеттер:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы: Саяси идеологиялар.
Орындаған: 1 курс студенті, Ибрагимова А.
Тексерген: Даркенбаев А.
Алматы, 2013.