Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 13:50, реферат
Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестіккүресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Саяси партия: ұғымы, белгілері, саяси жүйедегі орны.
2. Саяси партиялардың жіктелуі.
3. Саяси жүйелер: типологиясы мен салыстырмалы анализ.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
1) Бұл ең алдымен партияның
көздеген мақсатында көрініс
табады. Сонымен қатар партия
сайлауда өздерін жақтап дауыс
берген жақтастарының
2) Саяси партиялардың
мәні оның қызметінде
Ұйымдық қалыптаспаған партияның айқын мысалы ретінде АҚШ-тың республикалық және демократиялық партияларын алуға болады. Екеуі де үлкен ұйымдар. Тиісті партиялар тізіміне сайлауларда дауыс беруші барлық сайлаушылар әлгі партияның мүшесі болып есептелінеді. Партия мен оның мүшелері арасында ұйымдық байланыс болмайды. Бұл партиялардың аппарттарының ұйымдық құрылымы аса күрделі де қым-қуат. Тұтастай алғанада ол ең алдымен сайлаудағы күрестерге лайықталған. Аумақтық партиялық құрылымдардың сайлау округтері орналасуымен сәйкес келуі де осыдан. Ресми партиялық тетік жеке әрекеттік ұйымдармен толығып жатады. Бұларға, мысал үшін, Калифорния республикалық ассамблеясы, Калифорния демократиялық кеңесі жатады. Президент сайлау кезінде «Тәуелсіздер Никсон үшін», «Заңгерлер Хемфри үшін», «Бизнесмендер Кеннеди үшін» және т.б. ұйымдар құрылған. Шетелдердегі саяси партиялардың әркелкілігі. Әлемдік іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, саяси партиялардың орнығуы, жетілуі тоқтаусыз жүріп жатыр. Егер ХІХ ғасырдағы конституцияларда қоғамдық-саяси және мемлекет өмірінде елеулі ықпал бола тұра саяси партияларға пәлендей мән берілмесе, ал қазір олар толыққанды конституциялық-құқылық институттар құрып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі шетелдерде қабылданған барлық конституциялардың барлығында дерлік саяси партиялар жөнінде ережелер бар.
Шетелдерде саяси партяларды заңды инстиуализациялау әдетте саяси партиялар мәртебесіне төмендегі маңызды элементтерді қамтиды:
1) Саяси партиялар түсінігі, саяси жүйе мен мемлекеттік механизмдегі оның орны мен рөлін белгілеу;
2) Партия қызметін құру мен тоқтату тәртібі мен шарты;
3) Партия идеологиясы мен бағдарламалық тәртібіне қойылатын талаптар;
4) Партияның ұйымдық құрылымы
мен қызмет тәртібіне талаптар;
5) Партияның қаржылық –
6) Бұқаралық өкіметпен қарым – қатынастары;
7) Сайлауға қатынасуы;
8) Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқарудағы өкілетті органдар қызметіне қатынасуы.
Егер ұйым ұлттық саяси партия ретінде тіркелгісі келсе, онда міндетті түрде қызметінің принциптер жиынтығын, бағдарламасы мен жарғысын тапсыруы қажет. Декларацияда конституция мен мемлекет заңдылығын сақтауға: саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда идеологиялық негіздер, халықаралық ұйымдар мен шетелдік мекемелер немесе саяси партиялар ықпалына түсіп кетпеуге; бейбіт және демокартиялық жолдармен қызмет жасауға міндеттіліктер қамтылған. Қызмет бағдарламасына принциптерді жүзеге асыру және көздеген нысанаға жету, ұлттық проблемаларды шешудегі саяси ұсыныстар, сондай-ақ партия мүшелеріне идеологиялық басшылық жасау әдістері, оларға саяси білім беру, сайлауға қатынасуға жұмылдыру енеді. Жарғыда бірқатар міндетті реквизиттерді, соның ішінде кандидаттарды сайланбалы мемлекеттік органдарға ашық ұсынуды қарастыруы керек. Заң сондай-ақ жарғыда партия органдарының жүйесін ашық көрсетуді көздейді. Заңға сәйкес саяси партия Федеральдық сайлау комиссиясында тіркеледі. Партиялардың айталық: радио мен теледидарға тұрақты шығуы, басылымдарға жариялануы үшін қаржысы, сайлау науқанына қаржысы, алым-салықтардан босатылуы, байланыс-телеграфқа жеңілдіктері сияқты құқықтар мен міндеттерді заңда айқын белгіленеді. Ұлттық саяси қауымдастықтар идеялары талқыланып, идеологияны таратуға лайықталған азаматтық бірлестіктер болып табылады. Алайда, олар сайлауларға тек партиялармен блок құру арқылы ғана қатынаса алады.Шетелдерде партиялар аумақтық принцип бойынша құрылады, партия ұйымдарының құрылымдары сайлау округтерімен және елдің саяси-аумақтық бөлінуімен белгіленеді. Сонымен қатар аумақты-өндірістік үрдістің де кездесіп қалатыны бар. Әдетте, бұл коммунистік партияларға тән. Бірқатар елдерде сайлау науқанында тең жағдайды қамтамасыз ету үшін партиялардың мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатыны да болады. Мысалы, Дания, Германия, Италия, Швеция, Норвегия, Финляндия және т.б. елдерде сондай. Бірқатар елдердің (Ұлыбритания, Германия, Франция, Үндістан) заңдарында радио мен теледидарды кеңінен пайдалануға зор құқық белгіленген.
Қорытынды.
Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бүл мэселеге эр жақтан қарайды, әр түрлі өлшемді пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып оны қүлдық, феодалдық, капиталистІк жэне коммунистік саяси жүйе деп бөледі.Ал У. Ростоу жэне т.б. «экономикалық өсу сатысы» деген тұжырымдаманы алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттыңдаму тарихы мынандай бес сатыдан түрады: 1)дәстүрлі қоғам; 2)өтпелі қоғам; 3)алға басу қоғамы; 4)индустриялдық және 5) индустрияланғаннан кейінгі қоғам. Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмүны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1)либералдық демократия. Ол саяси,мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі,жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2)коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды; 3)дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси жэне экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4)дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5)авторитарлық-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады. Қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топақа бөлінеді. Демократилық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісізжұмыс істейді. Саяси өмір демократиялық негізде кең өріс алады. Саясат мәселелері ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтіндей тетік жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқындалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады. Сонымен қатар демократиялық тәртіп мынандай белгілермен сипатталады:
Пайдаланылған әдебиеттер.
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006.