Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 18:15, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы. Солтүстік Американың 1775-1783 жж. тәуелсіздік үшін соғысы Англия тарапынан жасалынып отырған әділетсіздіктер мен зорлық-зомбылықты дәріптеп, Солтүстік Американың наразылығы мен бөлінуге деген ұмтылысын күшейтті.
ХVІІІғ. орта тұсында колонияда шаруашылық жағдайларымен, ішкі сауда анағұрылым өсті. Плантаторлар өз өнімдерін сыртқа шығара бастады, портты қалалары болғандықтын метрополияға тәуелді болмады. Тұрғылықты халықтың саны күнен-күнге өсе түсті.

Содержание

Кіріспе
1 ХVІІІғ. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары
1.1 Отарлардың әлеуметтік - экономикалық жағдайы
1.2 Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы
2 Саратога түбіндегі жеңіс
2.1 АҚШ-тың құрылуы
2.2 Соғыстан кейінгі жағдай
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары..docx

— 67.50 Кб (Скачать файл)

Англия тарапынан жасалып  отырған әділетсіздіктер мен зорлық-зомбылық Солтүстік Американ тұрғындарының жаппай наразылығы мен одан бөлінуге деген ұмтылысын күшейтті. Англияның тарапынан жасалған бұл сияқты зорлық-зомбылық сипатын «Практикум по новой истории» (1640—1870) деген кітаптың деректі мәліметтерін оқу арқылы жақсы түciнyre болады. Әcipece, Томас Пейннің «Здравый смысл» деген памфлетін оқу аса қажет. Бұнда автор корольді және оның үкіметін қатты сынады. Король тек соғысуды біледі, қызметтерді таратуды ғана біледі, ұлтты қайыршыландырып, оның арасында алауыздық туғызуды ғана біледі — деп жазды Т. Пейн. Сондай-ақ ол осы памфлетте Ұлыбританиямен байланысты әсірелеуші адамдарды әшкерелеп, Англиямен байланыста болғалы Американың тек күйзелістен басқа, дамуына келтірген кедергілерінен басқа ештеңе таппағанын айта келіп, ажырасатын уақыт келді— деп жар салды. Корольмен ымыраға келудің Америка үшін өліммен тең екенін айта келіп, «біздің күшіміз санда емес, бірлікте, енді біздің күшіміз жеткілікті»— деп сенім ұялатты.[3]

XVIII ғасырдың 70 жылдарында  Англия үкіметі тарапынан жасалып отырған сауда және өнеркәсіптегі шектеулерден құтылуға деген ұмтылыс күшейді. Корольдің тарапынан салынатын еркін салықтар да ығырын шығарды.

Жеті жылдық (1756—1763 жылдар) соғыстан кейін қарыз көбейді, «пәтерлік акт»—деген құжат бойынша отарларға әскер әкеліп орналастырды. Оны отар тұрғындары асырауға тиісті болды. Екiншi жағынан, король әскерді әдейі әкелгені түсінікті  болып отыр.

XVIII ғасырдың  басында отарларда жаңа мануфактуралар ашуға, отарлардан жүн бұйымдар, басқа аспаптар алып шығуға тыйым салған жарлық шықты. Бұл жарлық ағылшын кеңестерінің экономикалық мүддесін көздеді.

1765 жылы ағылшын  парламенті елтаңба салығын салды. Оның мәні — шаруашылық және заң құжаттарын жасау үшін, хабарландырулар мен анықтамалар үшін баж салығын салу болды. Елтаңба салығы Солтүстік Американ қоғамының барлық әлеуметтік топтарын қамтыды. Анықтамасыз, хабарландырусыз, шаруашылық құжаттарынсыз өмір сүру мүмкін емес. Бұл салық отар тұрғындарының арасында наразылықтың күшеюіне зор түрткі болды. Салық жинаушы — чиновниктерді сабап, өлтіріп жіберіп отырды. Отарларда демократиялық күштер 6ipiгiп топтаса түсті. Оның мысалы ретінде 1765 жылдың. аяғы мен 1766 жылдың басында құрылған «Сыны свободы» деп аталатын бірінші көпшілік-революциялық ұйымды атауға болады. Бұл — қозғалыстың радикалды көзқарастағы өкілдерінің ұйымы болды. Олар бірінші күннен-ақ көпшілікті өз жағына тарту үшін әрекет жасады. Ағылшын тауарларына бойкот жариялауға мұрындық болды. 1764 жылы тұңғыш әрекет болған бұл қозғалыс 1765 жылы жаппай сипат алды. 1765 жылы қазанда Нью-Йорк көпестері бастаған бұл бойкотқа кейін Филадельфия, Бостон көпестері қосылды. Ұйымның өкілдері бойкот шартының бұзылмауын қатаң қадағалады. Ұйымға қоныс аударушылардың қалың бұқарасының қатысуы оған үлкен түрткі болып, одан әpi күшеюге итермеледі. Елтаңба салығының 1766 жылы 22 ақпанда қысқартылуы үлкен жеңіс болды. Америка тұрғындарының енді Англия королінен жалынып сұрау арқылы емес, күрес арқылы табысқа жетуге болатыны туралы ceнімі күшейді.

Бойкот үлкен  нәтиже берді. Ағылшын тауарларының солтүстік және орталық отарларға әкелінуінің көлемі - 6ip жылда 2,5 есе азайды. Ал 1770 жылдан бастап (1770 жылғы 2 наурыздағы Бостон оқиғасы) тәуелсіздік жолындағы қозғалыстың жаңа кезеңі — белсенді қарсыласу кезеңі басталды.[4]

1765 жылы күзде  13 Солтүстік американ отарларының өкілдерінің конгpeci шақырылды. Онда «Первая декларация прав колонистов и причин их неудовольствия» деген құжат қабылданып, отар тұрғындары өкіл-дерінің Ұлыбританияның қауымдар палатасында жоқ екені туралы, салықтардың сырттан салынатындығының әділетсіз екендігі туралы ашына айтып, отарлар мен метрополия арасындағы қатынасты екі жаққа да тиімді eтiп реттеп отыруға болатынын ұсынды.

Ағылшын үкіметінің аграрлық саясаты да фермерлер мен жалгерлердің наразылығын күшейтті. «Қатаң рента» шартын енгізді. Астық шықса да, шықпай қалса да, су тасқыны, дауыл болып, 6ip сөзбен айтқанда табиғат құдіретінің кесірінен өнім болмай қалса да, жалгер жер иeciнe белгіленген мөлшердегі  берешегiн «жерден қазса» да тауып беруге тиіс болды.

Бұның бәpi елде британ отаршыларына қарсы үлкен наразылықтың нeгiзi бар екенін көрсетті, ал екінші жағынан отар тұрғындарының өз  арасында да әлеуметтік қайшылық шиеленісе бастады. Оған  мысал тәуелсіздік жолындағы соғыстың   қарсаңында Солтүстік Америка отарлары үстем таптарының король үкіметіне деген көзқарасында тәуелсіздік төңірегіндегі ұстанған бағытынан  көруге болады.

Король сыйлаған жері бар Шығыстың жер иелері, плантаторлардың Лондонмен немесе Англиямен тиімді байланыс жасап отырған тобы, ағылшын рыногынан айрылып қалудан қауіптенген көпестер, король үкіметімен байланысты қызмет атқарып отырған чиновниктер, дін басылары Солтүстік Америка отарларындағы Англия үстемдігін қолдап, одан бөлінбеуді уағыздады.   (Бұлар тори тобы — роялистер). Сондай-ақ   Виги  тобы да қалыптасты. Бұлардың өзінің eкi ағымы — самарқау және    радикалды яғни революцияшыл-демократиялық ағымы болды. Самарқаулар тобына кіргендер — плантаторлар мен буржуазияның патриоттық тобы. Бұлар батыстан жер алып, отарлардың экономикасын дамытуға қажетті жағдайлар жасау үшін ұмтылғандар. Фермерлер, қолөнершілер, жұмысшылар, ұсақ саудагерлер — революцияшыл-демократиялық ағым ретінде тәуелсіздік сатысында батыл да шешуші қимыл жасауға бейім топ болды. Сондай-ақ тәуелсіздік соғысы кезінде негрлер үлкен үлес қосты.

Революция басталған  кезде негрлердің саны шамамен 600 мың яғни көтерілген отарлардың тұрғындарының 20 % болатын.

Жоғарыда айтқан роялистерден 1775— 1783 жылдардағы соғыс қимылы кезінде 30-дан 50 мыңға дейін адам Англия жағында соғысты. Мысалы 1780 жылы роялистердің әскери құрамаларында 8мың адам болса, Ва-шингтонның тұрақты әскерінде 9 мың ғана адам болды.

1770 жылы 5 наурызда Бостонда  қала халқы мен британ жасағының  арасында қақтығыс орын алды. Нәтижесінде бірнеше адам қайтыс  болып, жараланады. Осы тұста «Бостандық  ұлдары» Англиядан әкелінген  тауарларға ұжымдық бойкот жариялайды  да, көше саясатын қолайлы пайдаланып  кетеді. Осы әрекеттерді ұйымдастырушылардың  бірі, бостандық күрескері Сэмюэл  Адамстың ұсынысымен отардағылардың  бір тобы үндістердің киімін  киіп, Англияға кетуге даяр тұрған  Ост-Үнді компаниясының шай тиеген  кемесіне басып кіре, тауарларды  суға лақтыру әрекетін ұйымдастырады.  Бұл оқиға тарихта «Бостондағы  шәй ішу» деген атпен қалды.  Бұл әрекет патриоттық немесе  британдарға қарсы күштердің  орталықтануының байланыс комитетінің  негізін салды.

Ағылшын үкіметі бұл жәйттерге  шара қолдану ретінде Бостондық  порттарды жауып және американдық  солтүстік-батыс бөліктерді өзінің Квебек (Канада) провинциясына қосу шараларын, Массачусетсте арнайы қатаң  әкімшілік талаптарды ұйымдастыра  бастайды. Отарлардағы патриоттық ұйымдар  тағы да бұл төзгісіз актілерге қарсы  тұрады. 1774 жылы қыркүйекте Филадельфияда  тарихтағы отар өкілдерінің кеңесі – Бірінші құрлықтық конгресс шақырылады. Конгресте қабылданған  «құқықтық декларацияда» отарлардың өзін-өзі басқару құқығы және отардағы азаматтардың өмір сүру, бостандық, жеке меншік құқықтары туралы айтылды. Бұл  конгреске Джорджиядан бөлек  барлық отардың өкілдері қатысты. Конгресс мүшелерінің көпшілігі  туындаған  мәселені бейбіт жолмен реттеуді және американ отарларының Британ империясы  құрамында қала беруін ұсынды. Алайда С.Адамс, П.Генри, К.Гадсден және олардың  ізбасарлары Британ әскерлеріне  қарсы шабуылдың жақтаушылары  болды.[5]

 

1.2 Тәуелсіздік  үшін соғыстың басталуы

      1775 жылы 29 қарашада  құпия комитет құрылды. Алғаш  ағылшын-француз бәсекелестігін, сондай-ақ  жалпыға мәлім Францияның Англияға  деген жауластығын пайдаланып, американдықтар  француздармен АҚШ-қа қару-жарақ  әкеліп түсіру жөнінде құпия  келіссөздер жүргізуге кірісті. 1776 жылы 3 наурызда құпия комитет  Континентальды конгресс мүшесі  Сайлас Динді өзінің құпия  өкілі ретінде Францияға жіберді.  С. Дин Парижге жергілікті көпес  ретінде келді. Оған Франциядан  әрі қарай көмек алуға қол  жеткізу жүктелді. Ол ресми түрде  француз үкіметінен Францияның  өзінен не болмаса, басқа да  Еуропа державасынан конгреске  қару-жарақ мәселесі бойынша көмек  көрсетуді сұранды. Өзінің Франциядағы  миссиясын орындап болғаннан  кейін, ол осыған ұқсас тапсырмамен  Голландияға жіберілу керек еді.

Король үкіметінің сыртқы істер министрі граф Верженн Франция  атынан жас Американ республикасына әскери көмек көрсетті. Шарль де Верженн ескі мектеп дипломаты болды. Ол атақты Н. Макиавеллинің «мақсатқа жетуде барлық әдіс-амалдар жақсы» ережесін ұстанды. Ол Ұлыбританияның әлсіреуі үшін жас Американ республикасына көмек көрсетуді жөн көрді. Осының арқасында ол Еуропада Франция үстемдігін орнатуға ұмтылды. 1775 жылдан Америкадағы көтерілген ағылшын отарларына құпия көмек көрсетуді бастаған Ш. де Верженн Францияның Англияға қарсы тікелей соғысқа араласуын көздемеді. Ол екі жақтың бір-бірін толығымен әлсіреткенін күтті. Сонда да АҚШ тәуелсіздігін қолдап, жас республикаға түрлі көмек көрсеткендер де болды. Мәселен, маркиз Лафайет және «Севильский цирюльник», «Женитьба Фигаро» еңбектерінің авторы Бомарше. Отарларға көмек көрсету мақсатында Бомарше 1775 жылдың өзінде-ақ «Родриго Горталес және К» деп аталатын сауда үйін құрды. Бомаршенің көмегімен Сайлас Дин Франциядан АҚШ-қа қару-жарақ,офицерлерді өткізді. Жас француз офицері маркиз Лафайет корольдің тыйымына қарамастан, өзінің қаржысына кеме жабдықтап, 1777 жылы Америкаға бет алды. Сондай-ақ Бомарше де американдықтармен қатынастар жүргізу миссиясын атқаратын Францияның ресми емес өкілі болып тағайындалады.

1776 жылы 15 желтоқсанда Парижге  Франциядағы АҚШ-тың ең алғаш  ресми елшісі Бенжамин Франклин  келеді.[6]      

Б.Франклин 1741 жылы жалпы американдық журнал шығарып, 1743 жылы Американдық философиялық қоғам құрды. Ол кеден қолөнершінің баласы, жас кезінде баспаханада жұмыс істеді, кейін ғылыммен айналысты. Діни соқырлыққа қарсы күpесті, пресвитериандық идеяларды қолдады. Экономия және тарихпен айналысты. Ол өзінің көзқарасында буржуазиялық қатынастарды уағыздап, қор жинауды қолдады. Ағарту ілімін жақтады. Отарлардың дербестігін күшейту үшін күpесті, кейін революция барысында Англиядан бөлінуді уағыздады. Франклин — буржуазияның өкілі, бұл оның нақыл сөздерінің  мазмұнынан да көрінеді «Ұйқыдағы түлкі тауық алмас», «Бос қап  тік тұрмайды», «Уақыт— ақша». Ол сәннің заң шығарушы қаласында тұрып, «а ля Франклин» атты жаңа сән түрінің негізін қалаушы болып танылды.

     1776 жылы 23 желтоқсанда Париждегі Б.Франклин  басқаруындағы американ миссиясы  Ш. де Верженнге АҚШ-тың ең  алғаш дипломатиялық нотасы болып  табылатын құжатты ұсынды. Бұл  нотада американдықтар француздарға  одақ және сауда келісіміне  келуді сұранды. Граф де Верженн  қаржылай көмек көрсетуді жалғастыра  отырып, одақ туралы келісімді  қараудан бас тартты. Ол Американ  республикасына тек өзінің қарсыласы  Англияны әлсірету үшін ғана  көмек көрсетті.

     Американ-француз  ресми одағы мәселесінің ұзаққа  созылуы отарлардың жағдайын  қиындатты. Олар Англиямен бейбітке  келуге бет бұра бастады. Бұл  1777 жылы тамызда француз үкіметіне  жіберілген Американ республикасының  меморандумында айтылды. Англия  мен отарлар арасында келіссөздер  басталды, ал граф де Верженн  американдықтармен одақ құруға  асықпады. Алайда ол отарларды  қарумен қамтамасыз етті, ақшалай көмек көрсетті.

     Дипломатиялық  қатынастар орнату үшін Еуропа  мемлекеттеріне сәтті сапарлар  жасалды. Б. Франклин Францияға  барған сапарында қару-жарақ сатып  алуға 2 млн. ливр ақша алуға  қол жеткізді.

Америкадағы жағдай көтерілгендер үшін қауіпті болды. Ағылшындар Филадельфияны басып  алды, конгресс Йорктаунге көшуге мәжбүр болды.[7] 

     1774-1775 жж. қыста  отарларда стихиялы түрде қарулы  отрядтар пайда бола бастады.  Оған қатысушылар өздерін «бостандық  ұлдары» деп атады. Олар өздерінің  ортасынан қолбасшыларды сайлады,  қару-жарақ алды, сондай-ақ британ  әскерлерінің әрекеттеріне қатаң  бақылау жүргізді.1775 жылы 19 сәуірдегі  Лексингтон және Конкордтағы  алғашқы шайқаста ағылшындар  әскерінің  1/3 бөлігінен айырылды. Британияға қарсы көтеріліс басталды. 1775 жылы 10 мамырда екінші континентальді конгресс  жиналды. Ол үзілістермен 1781 жылдың 2 наурызына дейін созылды

     15 маусымда армияны құру, ұйымдастыру  туралы шешім қабылданды. Оны  виргиниялық бай плантатор Джордж  Вашингтон басқарды. Конгресс тез  өтіп жатқан оқиғаларға үлгеріп  үйлесе алмады. Бұл кезде «минута  адамдары» және өзін «бостандық  лагері» деп атаған отарлық  милицияның 20-мыңдық армиясы Бостонды  қоршауға алды. Бэнкерсхиллді жаулап  алып, американдықтар бір күн  ішінде 17 маусымда қарсыластардың  үш қатыгез шабуылдарына жауап  қайтарды. 450 қаза тапқан және  жарақатталған жоғалтулармен олар  Бэнкерсхиллден кетті. 

Британдықтар  мыңдаған әскері мен офицерлерінен  айырылды. 1775 жылы шілдеде Лексингтон мен Бенкерсхиллден кейін Джон Диккинс  басқаруындағы конгресс мүшелері корольға петиция жіберіп, достасудың жаңа жолын  іздеді. Георг III үкіметі көтерілісшілерді қарумен басатындығын айтты. Британ флоты Фольмаус (Портленд) қаласын  жақты және 1776 жылы қаңтарда Вирджиния  жағалаулары тоналды. Отарларда  қолданылған репрессиялар мен қатыгездіктер  халық арасында тек антибритандық  емес, сондай-ақ антимонархиялық наразылықтардың  күшеюіне әкеп соқты.

1776 жылы көктемде  буржуазияның революционндық қанаты  конгресте жеңіске жетті. Көптеген  іс-шаралар жүргізілді. Конгресс  сыртқы қатынастардың құпия комитетін  құрды. Бұл комитет өзінің жұмысын  Еуропада Англияның қарсыластары  арасында өздеріне одақтастар  іздеумен бастады. 1776 жылы 10 мамырда  конгресс барлық отарларға корольдік  шенеуніктердің орнына жаңа үкіметтер  құруды ұсынды. Барлық жерде тәуелсіз  республикалар – штаттар жарияланды, конституцияның үлгілері жасалды.[8]

Информация о работе Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары