Сырым Датұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 10:06, реферат

Краткое описание

Сырым Датұлы ескерткіші, Орал қаласы Датұлы, Сырым (1712—1802) — Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.

Содержание

1.Кіріспе
2. Сырым Датұлының бірінші көтерілісі
3. Сырым Датұлының екінші көтерілісі
4. Хиуаға ығысуы
5. Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Сырым Датулы.doc

— 78.50 Кб (Скачать файл)

 

Сырым Датұлы ескерткіші, Орал қаласы Датұлы, Сырым (1712—1802) —  Ресей патшасының отарлау саясатына  қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары  көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі —  Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.

Сырым Датұлы 1-ші көтерілісі

Жасы ұлғайған кезінде  отарлаушылардың озбыр саясатына  қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы Игельстромға жазған бір хатында былай деп жазады: Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі. Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады.     1783 ж. Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген

казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша  әкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған  орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Сырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер йдан кейін босатып алады.

  Сырым Датұлы 2-ші көтерілісі

Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен орал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады.Міне, осы кезден, яғни 1784 ж. бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады.1785 ж. күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартады. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болады. Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соғады.Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық оғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алады.1797 ж. көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болады.

 Хиуаға ығысу

Есімнің орнына Айшуақ хан  сайлағаннан кейін, ол Есімнің кегін  алмақ болып, арнайы отряд жасақтап, Сырымға қарсы аттанады. Соңынан індете қуып, маза бермеген патша экспедициясынан ығысып, Сырым Хиуа хандығының жеріне өтіп кетеді.Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасайды. Ақыры оның есебін тауып улап өлтіреді. Бұл жөнінде халық ауызында түрлі әңгімелер айтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданған әдебиеттер

Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы

«http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B0%D1%82%D2%B1%D0%BB%D1%8B,_%D0%A1%D1%8B%D1%80%D1%8B%D0%BC» бетінен алынған.

Санаттар: Қазақстан тұлғалары | Қазақ батырлары | 1712 жылы туғандар | 1802 жылы қайтыс болғандар.КөрінісМақала  Талқылау Өңдеу Тарихы Кирил Latın توتە Жеке құралдар Кіру /

  Тіркелгі жасау Шарлау

  Басты бет

  Қауым порталы

  Ағымдағы оқиғалар

  Жуықтағы өзгерістер

  Кездейсоқ бет

  Анықтама

  Демеу беру

  Іздеу

       Бұл беттің өзгертілген соңғы кезі: 02:23, 2008 ж. қарашаның 17. Мағлұмат GFDL-ға сай қатынаулы (тағы Ауторлық құқықтарын қараңыз). Wikipedia® тіркелген сауда белгісінің иесі — Wikimedia Foundation, Жеке құпиясын сақтау Уикипедия туралы Жауапкершіліктен бас тарту .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР  Білім және ғылым министрлігі

Үш  тілде оқытатын

№21 орта мектеп - гимназиясы

 

 

 

МӘНЖАЗБА

 

 

   Тақырыбы:Сырым Датұлы

 

    Тексерген:Тойшымарова М

   Орындаған: Қуанышева Н

 

 

 

 

 

 

 

  Ақтөбе 2008

 

 

 

Кіріспе

Сырым Датұлы - Кіші жүздегі 1783 - 97 жылдардағы ұлт - азаттық қозғалыстың жетекшісі, батыр, би, шешен. Өз заманындағы беделді  де ықпалы зор адамдардың бірі. Ол батырлығымен бірбеткейлігімен дараланып, төрелердің қолынан қаза тапқан. Патша әкімшілігінің озбырлығына, хан сұлтандардың дәрменсіз халіне ашынған Сырым Датұлы рубасыларының қалауымен қару алып, қалыптасқан саяси жүйеге қарсы шықты.

1797 ж. күзде Сырым Датұлы Хиуа  хандығы иелігіне өтіп кетті.  Сонда дұшпандарының қолынан  қаза тапты. Оған у беріліп  өлтірілгені жайлы мәліметтер  бар. 1803 ж. Сырым Датұлына арналып  ас берілді. Бұл астың өзіндік  маңызды оқиға ретінде аталып  өткендігін сол кезде Бұхарға сапар шегіп бара жатқан Ресей елшісі поручик Я.Гавердовский өз күнделігінде жазып қалдырған. Батыс Қазақстан облысында Сырым Датұлы атындағы аудан бар.

Жоспар:

1.Кіріспе

2. Сырым Датұлының бірінші көтерілісі

3. Сырым Датұлының екінші көтерілісі

4. Хиуаға ығысуы 

5. Қолданылған әдебиеттер  

 

 

 

 


Информация о работе Сырым Датұлы