Түркілердің сәулет өнері және материалдық мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 18:15, реферат

Краткое описание

Тіл оғыз, қарлық, қыпшақ, сібір топтарына бөлінсе, антропологиялық кейпі монғолоидтық пішіннен евпропеоидтық кейіпке өтсе, діндері көк тәңірінен ислам, буддизм, христиан тіпті яһудиге бөлініп кетті, негізгі бөлігі отырықшылыққа өтті.
Түркілердің басым бөлігі Ресей қол астына, біраз бөлігі Қытайдың қол астына түсті, енді біраз бөлігі Иран құрамында қалды.
Жалғыз тәуелсіз түркі елі 1399 жылдан 1923 жылға дейін өмір сүрген Осман империясы құрған қазіргі түркі елі – Түркия ғана болды. 1923 жылы Батыс Еуропа мемлекеттері мен Грекия бірігіп Анатолия жерін де қол астына қаратуға тырысты. Бірақ кейін Ататүрік атанған түріктердің көсемі Мұстафа Кемальдің басшылығымен жеңіп шықты.

Содержание

Кіріспе

1. Түркі халықтарының діни нанымдары
2. Жазу ескерткіштері
3. Археологиялық ескерткіштер
4. Көшпелі және жартылай көшпелі халықтың 6-10 ғасырлардағы материалдық мәдениеті.
5. Ғалымдар мен ойшылдар, олардың мұраларының маңызы
6. Түркілердің сәулет өнері және материалдық мәдениеті

Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Түріктер.doc

— 131.50 Кб (Скачать файл)

 Әйтседе, Жүсіптің  есімін әлемдік әдебиет тарихына  мәңгілікке өшпестей етіп жазып  қалдырған бірден-бір әдеби мұрасы – «Құтадғу білік» дастаны. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихы, қоғамдық саяси өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, т.б. жөнінде аса қызықты, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды.

Жүсіп Баласағұнның өмірі  туралы мәлімет мүлдем аз сақталған. Ол жөнінде бірен саран деректер осы шығармаға бірі қара сөзбен, екіншісі өлеңмен жазылған алғы сөздерінде бар.

Жүсіп Баласағұн өз өмірі  мен ақындық қызметі жайындағы  кейбір деректерді «Құтты білік» дастанының соңғы 3 тарауында қысқаша түрде, Үстірт ғана әңгіме етеді. Осы шығарманы ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалымдардың  есебі бойынша, Жүсіп Баласағұн өз дастанын шамамен 54 жасында жазып бітірген. Демек, ақын 1015-1016 жылдары туылған деп шамалаймыз. Ал 1070 жылы ол «Құтты білікті» жазып болып, сол жылы оны  «хандардың ханына» тарту етті. Бұл тартуға риза болған Боғра хан ақынға ұлы хас хажиб «бас кеңесшіміз» немесе «ұлы уәзір» деген жоғары атақ берді.

Ортағасырлық мәдениеттің қаншалықты деңгейде дамығандығына философ, ғалым энциклопедист, Отырардан (Фарабтан) шыққа Әбу Насыр ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат-Түріктің (870-950) ғылыми еңбектері куә. Немістің шығыстанушысы Ф.Дитерицтен бастап Дж.Сартонға дейін мәдениет пен ғылымның өкілдері, көрнекті тарихшылар ӘлФарабидің кереметтей ұлы тұлға екендігін ерекше баяндайды. Ол астрономияны, логиканы, музыка теориясын, математиканы, социология мен этиканы, медицина мен психологияны, философия мен құқықты зерттеді. Оған «Муаллим ассана» - «Екінші ұстаз» деген атақ берілген. Бұл жерде «екінші» деген Аристотельден кейінгі дегенді білдіреді. Әл-Фараби шын мәнінде әлемдік дәрежедегі адам болды, ол өзінің шығармаларында араб, парсы, грек, үнді және өзінің, түрік мәдениетінің жетістіктерін бір-біріне жақындастырып, біріктіре білді. Ол атақты «Китаб аль-музык аль-кабир» атты еңбегінде музыка мәселесіне ерекше мән береді. Ол ғылымды жаңғыртушы болды, бұл оның «Ғылымды топтау туралы сөз» деген еңбегінде қамтылды.

Білімді саяси философия мен этикаға ерекше мән берді, өйткені, солардың арқасында шын мәніндегі бақытқа қол жеткізуге болады, бұл бақытты алдамшы бақыттан ажырата білу керек, міне, Әл-фараби сондықтан да жақсылық тілеуші қаланы надан, адасқан қалаға қарсы қояды, ақ ниетті адамдар үшін өтірік айту, алдап-арбау және астамшылық жат нәрсе деген. Рухтың еркіндігі туралы Әл-Фараби шығармаларында өте анық жазылған әрі өте маңызды, тағылымы мол. Әл-Фарабидің тап осы еңбектерінде арабтың ортағасырлық ғылымы қалыптасты, оның ықпалымен Ибн Руштің, Ибн Синаның, Омар Хайямның, Роджер Бэконның, Леонардо да Винчидің және өзге де ойшылдардың дүниетанымы қалыптасты.

Дамыған ортағасыр кезеңіндегі  ірі әдеби поэтикалық шығарма  «Құдатғу білік» - «Ғылым бақытты болуы  тиіс», немесе «Қайырымды білім» поэмасы болып табылады. Оны Қарахан мемлекетінің билеушілерінің бірі Сатұқ Боғра-ханға арнап Баласағұнның тұрғыны Жүсіп Хас-Хаджиб жазды. «Құдатғу білік» 6520 бейіттен (85 тараудан) тұрады жәе 124 бейіттің қосымшасы бар. Шығарманың жалпы көлемі 13 мың екі шумақтан құралған өлең. Поэманың үш қолжазбасы сақталған: ұйғыр жазуымен венгерлік, сондай-ақ араб ғарпімен жазылған каир мен намангандық нұсқалары. «Қайырымды білім» тек әдеп-мораль трактаты ғана емес, терең философиялық шығарма, онда идеалды қоғамның нормаларын, бұл қоғамдағы әр түрлі тап өкілдерінің мінез-құлық ережелерін, билеушілір мен бағыныштылардың арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін суреттейді. Жүсіптің пайымдауынша, негізгі принцип «бақытты» және «әділ» патша, бұл ақыл-ойды, бақытты, әділ өмірді тең ұстау заңдылығын қатаң сақтау болып табылады. Терең мазмұны мен көркем тілі поэманы мейлінше кеңінен таратты. Білім – билеуші үшін де, халық үшін де игілікке қол жеткізудің бірден бір қайнар көзі деген идея оның мазмұнына арқау болған. Жүсіп мемлекеті білімді, қайырымды билеуші басқаруы керек деп ой түйеді.

Түрік тайпаларының тілі, фольклоры, этнографиясы туралы шығарма авторы Махмуд Қашғари (1029-1101) еді, оның халиф әл-Мухтадиге арнап 1072-1074 жж жазған атақты «Диуани лұғат та-түрік» атты шығармасы бар. Онда тарихи-мәдени, этнографиялық және лингвистикалық материалдар жинақталып, кеңінен қамтылған. «Диуани лүғат ат-түрік» - 11 ғ түркі халықтарының дүние танымының ерекшелігін, этикалық құндылықтарды мен мінез-құлық нормаларын сипаттайтын түркі мәдениетінің ескерткіші, онда ата-бабаларымыздың бұрынғы мұралары толық қамтылған. Кітапта ежелгі, зороастрийлік-шамандық дүниеге көзқараспен қатар жаңа идеология – исламның элементтері мен оның бір тармағы суфизм туралы да айтылған.

«Сөздік» қазіргі кезде А.Н.Кононовтың айтуы бойынша 11 ғ түріктердің өмірі туралы бірден бір ақпарат көзі болып табылады: атап айтқанда, олардың материалдық мәдениеті, тұрмыс-салты туралы, этнонимдер мен топонимдер, рулық бөлініс жөнінде, түрлі лауазым иелерінің атақтары мен атаулары, тағамдар мен сусындардың атаулары туралы, үй жануарлары мен құстар туралы, мал шаруашылығы жөнінде, өсімдіктер мен дәндер туралы, астрономиялық терминдер, халық күнтізбесі, ай мен күн аттары туралы, балалар ойыны туралы және т.б.». Махмуд Қашғари өзінің кітабында мынадай негізгі жанрларды бөліп қарады: түркі тілді фольклорлық-тұрмыс-салт және лирикалық әндер, батырлар жырынан үзінділер, тарихи ертегілер мен аңыздар, 400-ден астам мақалдар,  мәтелдер және шешендік сөздер.

Түркі суфизмінің негізін қалаушы, ойшыл әрі ақын Қожа Ахмет Яссауи орта ғасырда өмір сүріп, артына мол мұра қалдырды. Оның өмірі мен қызметі Яса қаласымен тығыз байланысты. Оның «Диуан-и және хикмет» атты кітабы сақталған. Яссауи түркі суфизмінің көшбасшысы. «Диуан-и хикметте» исламның негізгі ережелері мен қағидалары баяндалады. Автор 4 позицияны, атап айтқанда, шариатты, тарихатты, хакихатты, мағрифатты түсіндіруге ерекше мән береді. «Шариат» - ислам дінінің заңдары, дәстүрі, салт-дәстүрі. «Тарихат»-суфизм идеясы. «Хакихат»-Құдайға құлшылық ету, бірігу. «Шариат»-дінді танып-білу. Ахмет Яссауидің пікірінше, шариатсыз, тарихатсыз, мағрифатсыз хакихат жоқ. Ол «Хикметте» Алланың атын түріктер бұрын өздерінің құдайы санаған Тәңір атымен жиі алмастырып отырған. Түріктер жаңа исламдық өркениетке көшкен соң ол халықтың даму бағытын діни идеологияны бұқараның ғасырлар бойы қалыптасып қалған сана-сезімімен, олардың ұстанып келген сенімдері Тәңірге табынушылық-шаманизммен, зороастрийлікпен біріктіре білудің орны ерекше болды, кейін мұндай процесс «түркі халқының мұсылмандығы» деген атауға ие болды. Ал бұл орайда яссауилік ілім зор рөл атқарды, ол әділдікті, рухан тазалықты және адамның рухани дамуын жетілдіруді насихаттады, ал мұндай игі қадам түркі халықтарының көңіліне қонды. Егер рухани күш болмаса, құдайға шын көңілмен сенбесе, тіпті соған орай өзін-өзі құрбан етуге дейін бармаса, адамның өзін-өзі тануы мүмкін емес деген қағиданы ұстанған Ахмет Яссауи өзінің барлық ғұмыры мен қызметін тап осындай идеялық-өнегелілік жолға арнады. 14-15 ғ Ақсақ Темір жергілікті халық ерекше қастерлеп, қадір тұтатын Ахмет Яссауиге арнап Түркістанда «Хазірет Сұлтан» мазарын салғызды, кейін бұл мұсылмандар тәуеп ететін қасиетті жерге айналды.

6. Түркілердің сәулет өнері және материалдық мәдениеті

Зерттеушілердің айтуына қарағанда, бір ғана Қазақстанда ата-бабамыздан қалған заттық мәдениетпң 25 мыңға тарта ескерткіші бар. Олар негізінен Сыр бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас — Шу аңғарына, Жетісу мең Ертіс сыртына шоғырланған. Көкше өңіріндегі мұнан 5 мың жыл  бұрынғы қоныстың орны Ботай, Іленің оң жақ қанатындағы Бесшатыр қорғандары (б. з. б. ҮІІ—ІҮ ғ.), Қаракеңгірдегі Домбауыл  ғибадатханасы (ҮІІІ ғ.),  Маңғыстаудағы Шақпак Ата мешіті (X ғ.) халқымыздың  мақтанышы, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан құрылыс мәдениетінің жетістіктері болып табылады.

Қазір ғылым  тарапынан қолдау таба бастаған Отырар өркениетін Отырар мен оның өзінен кем түсе коймайды, іргелестері — Көкмардан, Кедер (Құйрық төбе). Оқсыз, Қаракөншек, Шілік (Бұзық), олардың тікелей ықпалында болған Иасы (Түркістан), Сауран, Сьнанақ, Шорнақ, Қарнақ, Хүзақ (Созақ), Баба Ата, Құмкент, Сүткент, Қараспан, Хұрлық (Шымқент.) сияқты ортағасырлық қоныстар қалыптастырылған. Мұны біз Отырар-Қаратау мәдениеті дегенге жататын Көкмардан, Күйкімардан, Қыркескен қазбаларынан табылған заттардан әсіресе балшықтан күйдірілген, тастан қашалған; металдан соғылған бұйымдардан, еңбек құралдарынан аңғарамыз. Қалалардың қаулай өсуіне ҮІ—IX ғасырларда архитектура мен қосалқы өнердің жаңа үлгілерінің туындауы себеп болды. Бертін келе, X—XI ғасырлар құрылыста күйдірілген кірпіш, гипс, алебастр кеңінен қолданылып.

Отырар— 18 ғасырдан астам өмір сүрген ұлы қала, бүгінде өзінің үйіңдісінің ауқымымен қайран қалдыратын алып төбеге айналған.

Отырардың берік қамалы, айнала қазылған сулы ор үстіндегі аспалы көпірлермен жабдықталған үш қақпасы болған. Олар арқылы жұрт мұқият орналастырылған көшелермен  қаланың орталық алаңына шығады екен. Ақша соғатын орынның, қолөнершілер тұрағының, су құбырының, нәжіс жүйесінің болуы мұндағы қала тіршілігінің астаналық сипатта болғанын көрсетеді. Отырармен аттас көгалды алқаптың қалаға тіркесе жатқан бөлігінің өзінде оннан астам үлкенді-кішілі қалалар болған. Ғажайып сулаңдыру жүйесі бар қала еіістігінің өзі әлденеше шақырымға созылып жатқан. "Отырардағы баспананың негізгі ұясы,— деп жазған археологтар К.Ақышев, К. Байпақов, Л. Ерзакович,—дәлізді немесе қоймалы бөлме, сол сияқты көп бөлмелі тіркеспелер отырықшы қазақтардың үйлеріне ұқсас".

Сыр бойында  отырықшы және жартылай отырықшы халқының бірінде өздері тұрып, екіншісінде қонақ күтетін ортасы дәлізбен ажырасатың екі бөлмелі "қоржын үйі" (мұны қоржын іспетгі болғандықтан осылай атаған), оның өн бойына түнек (қойма) салатыны  археологтар пікірін растайды.

Профессор М. Мендіқұлов қазақ арасында кеңінен тараған тұрғын жайдың негізгі екі түрінен — далалық қыстаудан, ондағы "ауыз үй", "оттық үй", "жатақ үй", "қонақ үй" тіркеспесінен де, оңтүстіктің "қарсы есіктісінен" де қоржын іспетгі ұядан тұратын баспана сұлбасын ашқан. Оның үстіне кенді Алтайдың орманды алқабында тұратын түркілердің ағаштан қиыстырып тұрғызатын төрт қабырғалы "қыстағынан" да, бес қабырғалы "дүкенінен" де, оларға тіркестіре орналастырылған "шарбақ үйінен" де, тіпті Арал мен Каспий балықшыларының лашығынан да "қоржын үй" сарыны байқалады.

Қазақтың  өзіне тән түрғын үйлері — шошала, қоржын үй, тіпкеспе, тоқалтам, қыстық, дүкен, шарбақ үй, жертеле ояшек ғылым мен мәдениет үшің ең алдымен бізде қалыптасқан сәулет өнерінде қаңқаның (қабырғаның), төбежабының (итарқаның), үстынның (бағананың), есік-терезе ойықтарының құрастырма бөлшектердің орнығу үрдісін, құрылыс тәсілдеріндегі, материал тандаудағы жапсарбастағы түбегейлі өзгерістерді, қазақ құрылысшыларының қарсы, немесе үй тұрғызуда ұқыптылық көрсете білгенін айқындайтындығымен  құнды.

Тағы да айта кететін жайт — түркінің әуізді, шүңетті суландыру жүйесінің, кіші-гірім атыздарға егістікті орналастыру тәртібінің Отырар тұрғындарының диқаншылық іс-қарекетін еске салатыны. Оның үстіне қазіргі Шәуілдір каналы ескі оман арықтың ізімен қазылған. Арыс — Түркістан каналын салуда ежелгі Ақарықтың көне заманда Арыс пен Бөгенді қосқаны ескерілген. Отырардан табылған еңбек құралдарының, ат өбзелдерінің көпшілігі казақтікіне сәйкес келеді. Сонымен Қазақстан жеріндегі түркі қалаларының дамуына тән құбылыс — түркілерде отырықшылық пен көшпенділік тығыз байланыста болған.

Отырардың біз  үшін аса маңызды болатыны — әлемге әйгілі осы бір көгалды алқапта атам заманнан, шамамен айтқанда, мұнан 2 — 2,5 мың жыл бұрын қоныс тебе бастаған қаңғұй (қаңлы), каңғар, кеңгерес, кейініректегі қият (қоңырат), қыпшақ тайпаларының қазақтың тектестік құрамында аса күрделі қоспа болып қазақ халқының қалыптасуына жол ашқанында болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Арғы бабамыз түркілердің  жалпы адамзат өркениетіне қосқан үлестері, оның ішінде ислам мәдениетін қалыптастырып, орнықтыруға сіңірген еңбектері қазақ тарихында әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді. Көшпелі түркілердің тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі көп өзгеріске ұшырамай тек қазақ этносында ғана сақталғаны даусыз. Сондықтан қазіргі қазақтар түркілердің тікелей ұрпағы және мирасқоры десек, еш қателеспейміз.

ІХ-ХҮІ ғасырларда ислам  өркениетін күйреуден сақтап, ерлікпен қорғап, оны алға қарай дамытқан қазақ даласынан шыққан түркі-бабаларымыз  деуге толық хақымыз бар.

Түркі елдерінің мәдениетіне қатысты  әр түрлі тарихи жәдігерлерді түгендеуге бір ғана Қазақстан ғалымдарының шамалары келмейді. Өйткені, көне тас  ескерткіштер Ресей, Қытай, Монғолия, жалпы  төрт елдің аумағында орналасқан. Әр елдің заңы басқа дегендей, көп жағдайда кешенді зерттеулер жүргізу үшін қолайлы мүмкіндіктер туғызыла бермейді. Міне, сол үшін де өзара шекаралас отырған осы төрт ел ғалымдары бірігіп, Түркі ескерткіштерін зерттеу орталығын құрса, бұл ғылыми-зерттеу ұйымына заң жүзінде белгілі бір мәртебе, құқықтар берілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бұлай етпейінше әркім өзінше үзіп-жұлып іске кіріскенімен түркі дүниесін түгендей алмаймыз. Түркология саласына қатысты бұл халықаралық ғылыми-кешенді зерттеу жұмысына дүние жүзінің білікті ғалымдары мен кейбір алпауыт елдердің техника-қаражатын да тартқан абзал. Әрине, мұның өзі ел басшылары деңгейінде шешілетін іс. Біз, келешек тарих ғылымының мамандары түркі ескерткіштерінің зерттеліп, түгенделуіне және де құпия жазуларды оқуға өз үлесімізді қосамыз деген ойымда еш күмәнім жоқ. 

Ғылымда көне түркі ескерткіштеріндегі қытайша мәтіндер әлі күнге дейін  жүйелі түрде зерттелмеген. Олардың  кейбірі батыс ғалымдары тарапынан  аударылды деген күннің өзінде де, ойжота болжамдардан кенде емес. Оның үстіне олар ескерткіш орнатылған тарихи дәуірге, ескерткіштің нақты қандай себептерге байланысты орнатылғанына, онда өз заманының қандай  актуальды мәселелері  тілге тиек етілгендігіне жіті көңіл бөлмеген. Еш ғалым көне түркі ескерткіштеріндегі қытайша мәтіндердің хронологиялық жалғастығына, тұтас бір тарихи кезеңнің келбетін ашып беретін қосымша дерек көзі екендігіне маңыз бермеген. Ендеше, бұл деректерді бүгінгі отандық тарихтың қажетіне жарататын уақыт жетті.

Информация о работе Түркілердің сәулет өнері және материалдық мәдениеті