Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 19:01, реферат
Уәлиұлы Абылайхан (1711-1781) - қазақ халқының әйгілі ханы. Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, төре. Шежіре деректері бойынша Шыңғыс хан - Жошы хан – оның төртінші ұлы - Тоқайтемір - Қожа - Бадақұлан - Өріс хан - Құйыршық хан - Барақ хан - Әз Жәнібек - Жәдік - Шығай хан - Ер Есім хан - Жәңгір хан - Уәли Сұлтан - Қанішер Абылай сұлтан - Көркем Уәли - Абылай (Әбілмәнсүр) хан болып таратылады.
УӘЛИҰЛЫ АБЫЛАЙХАН
Уәлиұлы Абылайхан (1711-1781) - қазақ халқының әйгілі ханы. Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, төре. Шежіре деректері бойынша Шыңғыс хан - Жошы хан – оның төртінші ұлы - Тоқайтемір - Қожа - Бадақұлан - Өріс хан - Құйыршық хан - Барақ хан - Әз Жәнібек - Жәдік - Шығай хан - Ер Есім хан - Жәңгір хан - Уәли Сұлтан - Қанішер Абылай сұлтан - Көркем Уәли - Абылай (Әбілмәнсүр) хан болып таратылады.
Абылай хан, әкесі Көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін жойылып кету қаупі төніп тұрған, өлім мен өмірдің арасында күн кешкендей алмағайып заман болатын. Батысында отаршылдық дәмін татып, тәсілін меңгеріп үлгерген Ресей империясы кеуделеп келе жатты. Шығысында өзін аспан әміршісіне балайтын Қытай империясы айдаһардай ысқырып тұрған кез. Оңтүстігіндегі елдерді ислам фанатизмі тұтастындырып, тәңірлік наным сенімді өмір салты еткен қазақ даласына олар да ит көрген ешкідей ажырайып қарайтын. Әсіресе, көшпелі өмір салты ұқсас, мекен тұрағы жапсарлас Жоңғар хандығы деп аталатын ойраттардың саяси бірлестігі (1635 - 1758) аш бүйірден шаншудай қадалады. Осынау тарихи жағдайды сол кездің дуалы ауыз ақыны бір ауыз өлеңмен былай бедерлейді:
«Былай барсаң Қоқан бар,
Қоқаңдаған әкең бар.
Былай барсаң Қалмақ бар,
Күшіңді еппен алмақ бар.
Былай барсаң Қытай бар,
Жапырағыңды бұтай бар.
Былай барсаң орыс бар,
Балаңды берсең қоныс бар.
Бір шумақ өлең аясына сол кездің әскери саяси ахуалы ғана сыйып тұрған жоқ, сонымен бірге қазақ даласына сұғын қадаған елдердің дипломатиялық талғам тәсілі мен басқыншылық тактикалары да айқын аңғарылады.
Абылай хан көзін ашар-ашпастан тағдырдың осындай зұлмат тауқыметімен беттесті. Жастайынан жетім қалған Абылай Төле би сияқты ақылгөй абыздың, Әбілмәмбет сияқты ханның, Бөгенбай сияқты батырдың тәрбиесін көріп ел жұрттың саяси әлеуметтік өміріне қоса жорық жортуылдардың да қыр сырына көз қанықтырып, көңіл зерделетіп, бой үйретіп өседі.
Абылай ханның бүкіл өмірі бір ғана мақсатқа бағынды. Ол ең далада еркін өскен қазақ халқын аман сақтап қалу үшін барлық ақыл-ойы мен қажыр қайратын сарқа жұмсады. Осынау ұлы мұрат жолында Абылай хан пендешіліктің бәрін тәрік етіп, шын мәнінде исі қазақтың біртуар көсемі бола білді. Ол он бес жасынан бастап қан майданды көзімен көріп, кейін небір қырғын шайқастарда жеке басының ерлік тапқырлықтарымен жеңіс туын желбіретті. Талай рет жекпе жекке тіленіп түсіп, Қалдан Шеріннің сүйікті жиені Шарышты бірме бір шайқаста өз қолымен өлтірді.
«Ықпалы жүрген ер еді,
Алтыннан қылыш будырған.
Абылайлап ат қойып,
Жауды көрсе құтырған»,
деп жырлады оның ерлігіне сүйсінген жырау. Бұл орайда, Абылай хан өзінен бұрынғы Мүде, Бумын, Күлтегін, Шыңғысхан, Ақсақ Темір, Едіге, Тоқтамыс, Әз Жәнібек, Керей, Бабыр, Есімхан, Қасымхан сияқты, өмірдің барлық сәтінде жеке басымен үлгі өнеге бола білген көшпелілер көсемінің соңғы тұяғы еді. Ел қамы, халық тағдырына қатысты істе Абылай хан ештеңеден тартынған жоқ. Ол елі мен жеріне қауіп төндірген Ресей мен Қытайға тосқауыл болу үшін күші жетпей, сөзі өтпей қиналған сәттерде ең сүйікті бел балаларын кепілдікке берді. Рухы осындай мықты Абылай хан ардақты батырлары қан майданда қаза тапқанда көзінің жасын сығып тастайтын кездері болған.
Абылай хан ауырып жатқанда Бұхар жырау былай деп көңілін сұрапты деген сөз бар:
«Қалыңсыз қыз алдырған, ханым ай,
Қайырусыз жылқы салдырған, ханым ай.
Үш жүздің боздағын жолыңа шалсам,
Қалар ма екен бір шыбындай жаның ай!» депті.
Халыққа қадірі артқан ханға айтылар сөз осындай ақ болар еді.
Абылай хан қазақ халқының тарих сынынан аман өтуі үшін ең алдымен елдік тұтастық пен дербестіктің қажет екенін терең түсінді. Ол бүкіл қажыр-қайраты мен ақыл-айласын тек қана осы мүддеге бағындыра білді. Бұл мүддені жүзеге асыру жолында ол ерлік ісімен де, шешендік тапқырлығымен де, көреген ақылымен де, шебер ұйымдастырушылығымен де төңірегін таң қалдырып, өз замандастарының бәрінен де бір бас жоғары тұрды. Абылай хан қазақтың айыр көмей, жез таңдай ақын жырауларын, абыз билерін ғана аузына қаратып қойған жоқ. Ол Қытай мен қалмақ тілдерінде еркін сөйлеп, олардың да ықпалды адамдарын ұтқыр сөздерімен тосылтып отырды. Абылай хан қазақтың дәстүрлі мәдениетіне де жүйрік болды. Ол өз жанынан тамаша күйлер шығарып, Шоқан айтқандай, сол заманның эпикалық қарымдағы ерлік істерін күй тілінде бейнелей білді.
Абылай хан қазақ халқының саяси әлеуметтік өміріне қырық жылдан астам уақыт ықпал етіп, билігін жүргізді. Бұл ретте, Әбілмәмбет өлген соң ғана Абылай ресми хан болды деп келетін кәуесет Ресейдің аққаптал саясатынан туындаған жалған сөз. Себебі, Абылай сияқты ірі тұлғаны мойындамау арқылы оның беделіне шіркеу келтіреміз деген дипломатия ол кезде осыны қажет етті. Ол жөнінде И.И.Неплюев: « Қырғыз халқында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай тұрсын, зиянды да болуы мүмкін» деп жазды. Ал, ақиқатында Абылайдың ақ киізді басып, хандық биліктің тіАБЫЛАЙ ХАН
(1711-1781)
АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711 [Ресейдеректеріңде 1713] - 23.5.1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі - Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. А. - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыкқана жауы шақ келмейтін батыр болып, Канішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) "ақтабан шұбырынды" жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған "Сабалақ" деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.
Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің
ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда,
Абылай 20 жасында қан майдвнда ерлігімен
танылған. Бұқардың Абылайға "Сен жиырма
жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде
Ақ сұңқар құстай түледің" деуі осының
дәлелі. Қай жылы туса да, 1730 - 33 ж. аралығында
болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас
жігіт Әбілмансүр жекпе-жекке шығып, қалмақгың
бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын
туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы)
Шарышты өлтіреді.
Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға
Абылайлап ат қойған Әбілмансүр жеңісті
ұрыстан соң, Орта жүздің сүлтаны деп танылып,
қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің
біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр
есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың
20 жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты,
қай шайкасқа қатысқаны туралы болжам
айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай катысқан
алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи
жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының
құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын
айғақтайды. Аңырақай шайкасына катыспады
дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730 - 33 ж.
болған бір ірі шайқаска қатысқаны дау
тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз
жасақтары мен жоңғарлардың арасында
1930 ж. да, 1731 ж. да бірнеше үлкен ұрыстар
болғаны белгілі. 1732 ж. жоңғарлардың 7 мыңнан
астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі
ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа
тап болады (Ресей сыртқы саясатының архиві,
Жоңғар істері қоры, 113/1-т., 1-іс, 95—96 парақ).
Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес
келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында
үлкен майдан болғаны қытай деректерінде
атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі,
қолбасылық қабілеті 30 - 40 жылдардағы шайқастарда
ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан
беріскен соғыстардың бірін Бүқар жырау
"Калданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп..."
деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың
қанды көйлек жолдастары: Каракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ
Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақгың
белгілі батырлары тізе қоса катысады.
Бұл да Абылайдың жауға карсы қазақ халқының
басын біріктіре білгендігінің дәлелі
болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы
бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет
ханнан (ол да Салқам Жәңгірдің әулеті)
өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың
ерлігі мен ақыл-парасатына бас үрған
Әбілмәмбет ақылшы аға болып калып, кеңесші
хан дәрежесімен шектеледі.
18 ғ-дың 30-жылдарының аяғында
1745 ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет,
Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса,
3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем
өзгерді. 1749 ж. тамыз айында Неплюевпен
кездесуінде Жәнібек тархан: "бұрын
Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ
ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр,
ел басқарудан калған. Барақ сұлтан зұлымдық
ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай
сұлтан ғана билік жүргізіп отыр", -
деп көрсетті. Жазба деректерде Абылайдың
шетел басқыншыларына карсы табанды соғыс
жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752 ж.
ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың
адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс
берді. 1753 ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен
жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай
қазақ жерін азат етті. 1754 ж. сәуірде Абылай
бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың калмақпен
соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз. бойында),
сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен
Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты түтқынға
алып келген.
1756 ж. Абылайдың бастауымен
1757 ж. Абылайдың 6 мың әскері
Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан
соң, қытайлар Абылайдан бітім
сұрады.
1753 - 54 жылдардағы шайқастарға
Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай
қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан
басқалармен ымырасыз күрес жүргізді.
1754 — 55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз
ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ|
пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді
Ақсу, Көксу| және Шу бойында талқандайды.
Осы себепті Абылай 1755, 1765І жылдары Қырғыз
ұлысына карсы жорық жасап, Іленің сол
жағасын, Шу бойын тазартады (қ. Жайыл ,қырғыны
пен қырғыздың Ңарынқолдан Қордайға тартылған,
күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын
анықтайды. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта
Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес
жүргізді. 1765 — 67 ж. Абылай қолының Қокан
билеушісі Ерденбекпен | соғысының нәтижесіңде
Түркістан Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан
казақтар иелігіне өтті,| Ташкент алым
төлеп болды.
Екі жүз жылға созылған халкының
жоңгар шапқыншылығына қарсы
азатгық күрессінің соңғы жаңғырығы алаш
жұртының санасыңда "Шанды жорық"
деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ калмақтарының
(170 - 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға
қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші
жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып,
Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы
береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай
бастаған қазақтың қалың қолы калмақтарды
қоршауга алды. Осы кезде қалмақ басшылары
Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл
ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап,
елші жібереді. Кіріптар үсынысты талқылау
үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай
тағы да көрегендік танытып, жеңілген
жауды қырып-жоюдың кажеті жоқ екендігін
дәлелдеуге тырысады.Еділден ауған калмакпен
келіссөзге келіп, тым кұрыса олардың
Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік
беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында
шығыстағы ұлы көршімен болашақ тағы қарым-катынасты
ойлау жатар. Жоңғардан азат етілген шығыстағы
жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті
қоныстандыру да Абылай саясатының терендігін, кемеңгерлігін
айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті
қазақ халқының бүтіңдігін, елі мен жерінің
тұтастығын сақтауға бағытталды.Билікке
таласкан Барақ сұлтан Әбілкайыр ханды
өлтіргенде де Абылай ел бірлігін ойлап
қынжыльш, Төле бимен Іізе қоса кимылдап,
бұзық сұлтанды жазаға тарту жағыңда болады.
Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы
елде, әсіресе, әскер ішінде катаң тәртіп
орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің
ел-жүрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары,
ұзақ жорықгарға шыдамды, шайқас даласында
тегеуріні катгы болған. Абылай сан жағынан
әлдекдйда басым жаумен шайкасудан еш
тайынбасган және көбіне үстем шығып отырган.
Абылай казақ хандығының күшін біріктіріп,
әскери жағынан куатты мемлекетке айнылдырды.
1771 ж. жасы жеткен Әбілмәмбет
хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр
бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбетгің
інілерінің бірі, не үлкен үлы Әбілпейіз
сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың,
старшындардың, Әбілпейіздің өз калауымен
үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда
Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде
жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ
ордасының (хандығының) үлы ханы бодцы.
Тарихи деректер, аңыз-жырлар да Абылайдың
Үш жүздің әміршісі ретінде ардақталғанын
көрсетеді. Қытай императоры, Жонғария
хаңдығы, Орта Азия мемл-тері Абылайды
бүкіл қазақ ханы деп ресми түрде танығанымен,
Абылай ханның беделінің өсіп бара жатқанынан
сескенген Ресей патшасы Екатерина II Абылайға
Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат
көрсетті. Бұл бір жағынан "Бөліп ал
да, билей бер" саясатының көрінісі
еді. И.И. Негопоевтің: "Қырғыз халқында
бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай
тұрсын, зиянды да болуы мүмкін" деген
пікірі мүны айғақтай түседі.
Ш. Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке
ие болған бір де бір қазақ ханының болмағанын,
оның мемл. билігін орталықтандырып, нығайту
бағытындағы әрекеттерін, "ханның бшлігін
алкалы кеңес арқылы шектеп отыратын ру
басылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін"
тыйғандығьш жазды. Шоұадн: "Қазақтардың
аңыз-әңгімелерінде Абылай айры