Эволюциялық теорияның даму тарихы және қоғамның қалыптасу кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 20:59, реферат

Краткое описание

Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарауы ғана болып табылады. Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.

Содержание

I Кіріспе
II Эволюциялық теорияның даму тарихы және қоғамның қалыптасу
кезеңдері
1 Адамның пайда болуы және олардың жануарлар дүниесіндегі орны
2 Антропогенез процесінің қозғаушы күші
3 Көне заманғы гоминидтер мен олардың еңбек қызметі
III Қортынды

Вложенные файлы: 1 файл

Адамның шығу тегі туралы эволюциялық теория.docx

— 448.94 Кб (Скачать файл)

Кестеде көрсетілген сурет ежелгі адамдардың бас  қаңқасы

 

 

Көне  заманғы гоминидтер мен олардың еңбек қызметі

Адамның  хайуандық  шыққан тегі туралы теория негізделгеннен  кейін  ғалымдар алғашқы  тұрмыстық маймыл адамдардың тіршілік етуі туралы болжауларды айтып, тіпті олардың морфологиялық тұрпаты жайында  айтып келтіруге тырысты. Бұл болжаулар мұндай тіршілік иесінің қазба қалдықтары шыныда да Явадағы Сола өзенінің ерте плейстоцендік шөгінділерінде  ашылған кезде 1890-1891 жылдары  нақты тұжырымға  ие болды. Бас сүйегінің қақпағы мен төменгі аяқтарының ұзын сүйектері табылды, оларды зерттеу негізінде сол тиісті болған тіршілік иесі тік жағдайларда жүріп тұрған деген қортынды жасалады, сондықтан да Pitecantrhopus erectus немесе «тік жүретін маймыл-адам» деген ат қойылды. Питекантроп тік жүретін тіршілік иесі бола отырып, осы заманғы адамнан, сірә , жартылай иілген аяқтарының  неғұрлым аз жүрісімен көзге түскен.  Бірақ оның заманғы аданан жалпы айырмашылығы бас сүйек қрабыныңқұрлысына қарағанда бұл ерекшелігінде де аз еді. Тік жүруге дағдылану, әрі  алдыңғы  қозғалыс мүшелерін еңбек  іс – әрекетінебосату, осы сатаның өзінде - ақ аяқталған ,ал мидың дамуы бұлармен салыстырғанда әлі кешігіп жатқан еді деп айтуға болатын. Питекантроп қаруларды даярлай білді деген дәлелдер жоқ, өйткені бұлармен тас индустриясының ешқандай қалдықтары табылмаған. Алайда барлық төрт особьтің сүйек қалдықтары қаруларды табу мүмкіндігі жоқ ауысып кеткен күйде табылған.Австралопитектік  маймылдармен бірген Оңтүстік Африка қабаттарынан 1949 жылы табылған төменгі жақ сүйек сол бір геологиялық заманға жатады. Жақ сүйектері мен тістердің морфологиялық ерекшеліктері тіршілік иесін бұлар тиісті болған гоминид  семьялығына кіргізуге мүмкіндік берді. Мұның питекантроппен және атлантроппен толық салыстырмасы әрі олардың арасындағы айырмашылықтарды  табу олжалардың фрагментарлықтығынан мүмкін емес еді. Өте көне гоминидтің морфологиялық типінің эволюциясын түсіну үшін , 1927 жылдан бастап солтүстік Қытайда Пекинге таяу Чжоукоудянь үңгірінде аса маңызды жаңалықтар ашылды. Мұнда табылған ең көне аңшылар лагерінің қазбасы орасан үлкен археологиялық материялға қол жеткізді, бұл 40-тан астам индивидуумдар ер адамдардың, әйелдер мен балалардың сүйек қалдықтары еді. Мәдениет дамуы жағынан да, сондай – ақ өзінің морфологиялық тұрпаты жағынан да питекантропқа қарағанда бұл адамдар осы заманғы адамға жақын келуі жолында біраз жоғары алға басқан болып шықты. Олар питекантропқа қарағанда неғұрлым кейінгі заманға – орта плейстоценге жатады – және пекин маймыл адамы дербес туыс пен түрге  Sinanthropus pekinensis бөлінген болады. Питекантроп сияқты синантроп орта бойлы және денесі мығым болып келген тіршілік иесі еді. Алайда оның жүрісі неғұрлым орнықты болатын, бұл оның аса қозғплғыштығына жол ашты. Миның көлемі питекантроп миының көлеміне асып түсетін және түрлі индивидуумдарда 900 см – тен 1200 см арасында ауытқып, орташа 1050 см болды. Алғашқы тұрмыс адамның өмірінде от жағу үлкен роль атқарады. Мұны пайдалану адам мүмкіндігін бірнеше еселеп ұлғайта түскен төтенше қуатты табиғат күшін игеру деген  сөз еді. От жылу береді, тамақ даярлауға пайдаланылды, осындай өңдеуден кейін тамақтың көптеген түрі организмге едәуір жақсы сіңетін болды. Жыртқыштарды үркіту үшін ағаш құралдардың жұмыстық бөлігін күйдіру т.б. үшін амалдап аң аулағанда кеңінен қолданылды. Алғашқы тұрмыс адамы отты табуды бірден үйренбегені түсінікті. Ең ықтималырағы, оны әуелі орман өрттерінен ұқыптап алып, үңгірге келген де, оны тұрақтандырып сақтаған. Маймыл тәрізді адамдар питекантроп , синантроп , атлантроп , гейдельберг адамы – өзінің әуел бастапқы пайда болған аймағынан тыс алыс жерлерге ірге теппей және жылу сүйетін хайуандардың қоршауында жылы климат жағдайларда  өмір сүрген; қазылып табылған олжаларға қарағанда Африканың үлкен бөлігі мен Европаның Оңтүстігі және Азияның Оңтүстігі меккенделген. Жоғарыда саналып өткен  фактілерімен адамзаттың өте көне өкілдерінің морфологиялық типі туралы біздің біліміміз тамамдалады. Олардың даму қарқыны біркелкі болған жоқ ал рпогресивті сапалардың өсе  түсуі,  олардың осы заманғы адамдардың дәрежесіне жақындауды қатаң дәйектілікпен өтіп отырмады. Гоминид семьялығының эволциясы барысында бұл жолдан ауытқулар, тіпті кейін кетулер де байқалды. Бұл жағдайда алғашқы тұрмыс қоғамының тарихын зерттегенде үнемі еске алып отыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Қортынды

«Адамдар мәңгілікке туылмаған, 
Күн, жұлдыз аспанда ол суылмаған». 
Қортындыла келе, адам өмірін мазасыз, үнемі өзгеретін процесс ретінде қарайтын халық шығармашылығы дүниедегі барлық құбылыстар мен заттарға осы пікір, осындай көзқарасты қолданады: «Әрбір дамудың құлдырауы, әр қуаныштың артында қайғысы болады, тәтті мен ащы ауысадың, «…Аспан үнемі қозғалыста болады, …Түнді күн ауыстырады».            Адамның рухани дамуы туралы, оның этикалық құндылықтары жайлы қазақ ойшылдарының еңбектерінде көрініс тапқан. Отандық ғалымдардың да адам туралы ғылыми пікірлері ерекше. Мысалы белгілі философ 
А.Х. Қасымжанов: «Кеңістікте адам дүниеге келгеннен бастап, белгілі бір өмірілік болмысын қалыптастырып, нақты бір мінез-құлық стереотиптерін меңгеріп, қоршаған ортаға, дүниеге деген дүниетанымын, көзқарасын орнықтырады», – деген ой түйеді. 
Танымал философ, профессор Б.Ғ. Нұржановтың көшпенді адам туралы: “көшпенді үшін ең жоғарғы құндылық қозғалыс, белгілі бір территорияда мәңгілік шектеліп қалмау. Демек, қозғалатын, өзгеретін, ағыста болатындардың барлығы көшпенді үшін құнды болып табылады. Ал, қозғалмайтын, отырықшылыққа бейімділер құндылығы, екінші орында қалып қояды. Тоқтау, тұрақтану, отырықшы болу – қозғалысқа, өзгеріске деген бейімділікті, қабілеттілікті, тұтастай алғанда ең жоғарғы құндылықты жоғалту”, – деген пікірі орынды.         Әйгілі қазақтанушы, профессор Ж.Ж. Молдабеков: «Қазақ халқы ежелден әділеттілікті, сыпайылықты, шындықты, жарқын жүзділікті, өз тілегін іште ұстау, өсек-аяңнан бойын аулақ ұстау секілді құндылықтарды адами құндылықтар деп қастерлеген», – деген ой айтады. Жалпы, Қазақ философиясы мен мәдениетінде адам туралы ой қозғалғанда, ең алдымен оның рухани құндылықтарына көңіл бөлінген. 
Мәдени антропологиялық ой дәстүріндегі адам мәселесіне қатысты философиялық һәм мәдени антропологиялық пайымдауларға тоқталу маңызды мәселе. Сондықтан да, адамның шығу тегі туралы көптеген ой-тұжырымдамалар, көзқарастар, дәлелдемелер әлі де жалғасын табады. Өйткені, адамның қалыптасуы әлі де болса- жұмбақ. Қаншама дәлелдемелрдің дұрыс-бұрыстығын ешкім де білмейді деп ойлаймын.              Таптық қоғамдардағы алғашқы қауымның қалдықтары осы кезге дейін сақталып, түрлі даулы сұрақтарды туғызып отыр. Көптеген халықтардың тұрмысында сақталып қалған алғашқы қауымның қалыңмал, көп әйел алушылық, т.б. сияқты қалдықтары түрліше түсіндіріледі. Дамудың капиталистік жолын өтпеген халықтарда бұл құбылыстарды этникалық мәдениеттің негізгі бөлігі болып саналатын халықтық әдет-ғұрып деп қабылдайды. Трайболизм құбылыстары – туыс-тайпалық бірлік пен айырмашылық, көсемдер мен жасырын қоғамдардың әсері, т.б. дәл осы сияқты қабылданады. Олар негізінен үшінші әлемнің жас мемлекеттеріне тән, дегенмен трайболизмнің кейбір белгілері, әсіресе территориялық-тайпалық бәсекелестік бұрынғы Кеңес Одағы халықтарында да сақталған. Трайболизмнің түп-тамырымен жойылуы қиындау, ал кейбір халықтарда ол соңғы кезде қайта жаңғыра бастады.Сонымен, алғашқы қауымның салт-дәстүрлері халықтардың көп бөлігі үшін белгілі бір роль атқарады деуге болады.Сонымен мәнжазбамды қортындылай келе, қандай да кезең болмасын адамзат қоғамы одан әрі дами береді және қоғамдық өмір  де әрі қарай жылжитын болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

  1. Алғашқы қоғам тарихы . А.И. Першиц, Алма-Ата 1974 жыл

 

 

  1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. А., 1996 жыл

 

  1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк) А., 1994жыл

 

  1. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықов, Алматы 2011 жыл

 

  1. Ғаламтор желісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Эволюциялық теорияның даму тарихы және қоғамның қалыптасу кезеңдері