Қазақстандағы жауынгерлердің майдандагы ерлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 16:21, реферат

Краткое описание

Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады.

Содержание

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
II.1. Қазақтар Ұлы Отан соғысында
II.2 Шығыстың қос шынары
II.3 Халық қаһарманы атанғандар
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі.docx

— 36.64 Кб (Скачать файл)

 

 Шығыстың қос шынары 

1941-1945 жылдары 5 жылға созылған Кеңес одағы мен фашистік Германия арасындағы соғыста талай жан қыршынынан қиылды. Міне осы соғыста ерен ерлігінмен көзге түсіп, мерт болғаннан кейін одақтың ең жоғарғы атағы Кеңес Одағы Батыры атанған қаршадай қазақ қызы Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген. Жалпы Әлияның өмірбаяны баршаға мәлім, ол жайында көркем фильм де түсірілген болатын. 1943 жылдың қарашасында Әлия Холм түбінде немістерден «тіл» алу мақсатында жүргізілген барлау соғысына қатысқан. Осы соғыс барысныда Әлия солдаттармен бірге немістердің траншеясына басып кіріп, 5 немісті тұтқындаған. Қаңтардың қақаған аязында Насва стансасы үшін қырғын шайқаста 19-дағы өрімдей қыз жаңбырша жауған оқтың астында сиреп қалған қаруластарын 6 рет шайқасқа өзі бастап шыққан. Ресейдің Псков облысының Новосокольники жері қазақтың қаршадай қызының қаһармандығы айқындалған соғыс алаңы болды. Дәл осы жерде 1944 жылы 14 қаңтарда Новосокольники ауданына қарасты Казачиха деревнясын азат етуде Әлия Молдағұлова ғасырларға жалғасқан аңыз қалдырды. Бұл Әлияның соңғы соғысы еді. «Кеңестік идеологияда батыр не болса да ерлікпен дер кезінде өлу керек деп шешкен. Негізінде зерттей келе Әлия сол шабуыл кезінде қатты жарақаттанады. Бірақ оны қасындағы Яновлева, Нажеда Матвеевна, Зинаида Поликова деген үш қыз және Поликованың күйеуі Попов деген азамат плащ палаткаға салып, Әлияны көп солдаттар жатқан жерге апарып, қайтып келе жатқанда сол жерге бомба түседі. Әлия сол жерде қайтыс болады. Енді ол жөнінде бізге көпке дейін айтқызған жоқ. Бірақ, 1980 жылы Зинаида Поликова деген Алтай өлкесінде тұратын Әлияның майдандасына хат жолдағанда, ол осылай қайтыс болды деді. Оған кейбіреулер қарсы шықты. Дегенмен шындық осы», - депті «Қос Шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Бәйдербес «Қазақстан» телеарнасы берген сұхбатының бірінде. 

Ерен ерлігімен тарих беттеріне есімі алтын әріппен өрілген тағы бір қызымыз -  Мәншүк Мәметова. Батыр қыздың майданға аттануы мен ұрыс даласындағы бiзге беймәлiм болып келген кейбiр сырлары жайында «Үш қиян» газетімен сыр бөліскен Әлияның немере сiңiлiсi Айман Мәметов: «Мәншүк майданда 418 күн болды. Ұлы Отан соғысы 1418 күнге созылды десек, оның 418 күнiнде қазақтың ержүрек қызының азапты күндерi мен ерлiк iсi қалды. Әлемге даңқы шыққан Мәншүк жұмыр жердiң бетiнде небәрi 21 жыл 13 күн өмiр сүрдi. Бұл көп пе, әлде аз ба?! Әдетте ерлiк жасау үшiн ұзақ өмiр сүру парыз болмаса керек болар!», - депті. Расында да соғысқа атанып бара жатып анасымен де қоштасып үлгермеген Әлияның фашистік басқыншылармен арадағы қан майдандағы ерлігі бүгінгі ұрпақ үшін мәңгілік үлгі болып қалмақ.

 

 

 Халық қаһарманы атанғандар 

Елімізге сіңірген ерен еңбегі,Отан қорғауда, азаматтардың өмірін қауіпсіздендіру барысында ерлік көрсеткені, Қазақстанның бостандығы мен Тәуелсіздігі жолында аянбай күрескені үшін берілетін «Халық қаһарманы»  жоғары атағы 1993 жылы Елбасы заңымен бекітілген болатын. Міне осы мәртебелі атаққа ие болғандардың бірі  «қазақтың қанатты қызы» атанған тұңғыш әскери ұшқышы Хиуаз Доспанова.Запастағы полковник Сағидолла Көшімбаевтың жазуынша, Хиуаз Доспанова Қазақстанның батыс өңірінің орталығы, атақты Жайық өзенінің бойында көсіліп жатқан көне қала Оралда 1922 жылдың мамыр айының дәл ортасында дүниеге келген. 1940 жылы Мәскеу қаласындағы Медицина институтына оқуға түседі. Ал соғыс басталған кезде атақты орыс ұшқышы М.Раскова басқарған 46-гвардиялық полкке қабылданады. Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Белорусъ, Польша және Шығыс Германия жерлерін фашистерден азат ету барысында үш жүзден аса әуе шайқасына қатысып, жауынгерлік ерліктері үшін "қанатты қыз" атанған. Х.Доспанованың жастық шағының бес жылы бірдей қанқұйлы соғыс майданында, аспандағы жау ұшақтарымен шайқаста өтті. Неміс фашистері біздің ұшқыш қыздарымызды "түн перілер" деп атап, зәре-құты қалмай қорыққан көрінеді. Қайсар да қайтпас штурман қазақ қызының бір өзі Украина, Белоруссия, Қырым, Кавказ, Польша және Албания сияқты фашистер басып алған ел аспанында "ПО-2" бомбалағыш ұшағымен, үш жүз рет жау төбесінен ажал оғын сепкен. Айта кетерлігі, таяуда Сенат депутаты Атырау халықаралық әуежайына Ұлы Отан соғысында өшпес ерлік көрсеткен, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімін беру әбден лайықты шара болатындығын айтып, үкімет басшысына сауал жолдаған болатын. «Қазақ батыр қыздарының бірегейі - Хиуаз Доспанова. Ағымдағы жылдың 15 мамырында Халық қаһарманы, қазақтың батыры Хиуаз Доспанованың туғанына 90 жыл толады.  Сондықтан да халқымыздың даңқты қыздарының есімін елдің жадында мәңгіге қалдыру үшін облыс жұртшылығы Атырау әуежайын Хиуаз Доспанованың атымен атау туралы ұсыныстарын білдіріп жатыр», - деген еді ол. Расында да Атырау әуежайында батыр апамыздың есімін беру игі іс болар еді.Осы мәртебелі атаққа ие болғандардың бірі КСРО-ның және Қазақстанның халық әртісіРоза Бағланова болатын. Оның ерекше әуезді дауысы соғыс жылдарында жауынгерлерді ерлікке жігерлендірді, ол қазақ мәдениетін халықаралық сахнаға шығарды, оны Кеңес Одағының барлық түпкірінде танып-біліп, сүйіспеншілікпен таңдай қақты. Ал Қазақстанда ол бірнеше ондаған жылдар бойы халқының махаббатына бөленген шын мәніндегі халық әртісі, өнердің шыңына көтерілген дарабоздарының бірі болды. Әнші апамыз 2009 жылы «ҚазАқпарат» агенттіген берген сұхбатында алғашқы алған наградасын еске түсіре келе: «Бұл 1945 жылы болды. Мен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін алдым, бұл менің ең қымбат марапаттарымның бірі, оны кезінде кез келген адамға берген жоқ. Мен мұндай құрметке екі рет ие болдым. Біреуін маған маршал Коневтің өзі, екіншісін - Рокоссовский тапсырды. Сонда «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін тапсырып тұрып, Рокоссовскийдің маған: «Қазір сен кішкентай Розасың, болашақта кеңес өнерінің мақтанышына айналасың», - дегені бар тебіреніп. Оның айтқаны келді. 1949 жылдың өзінде Будапештегі халықаралық фестивальда мен Майя Плисецкаямен, Мстислав Ростроповичпен, Игорь Ойстрахпен (Давид Ойстрахтың ұлы), Зара Долухановамен бірге бірінші сыйлыққа ие болдым. Біз алдыңғы шепте тәулігіне 15 сағат ән салдық, соғысты қатардағы гвардия солдаты болып аяқтадым. Екі рет Сталиннің алдында ән шырқадым. Сондай концерттердің бірінде оның өтінішімен аңызға айналған «Самара қаласы» майдан әнін орындадым. Сталин де, онымен бірге бүкіл залдағы көрермен орындарынан тік тұрып тыңдады. Мен майданда бес жылға жуық болдым. Біздің армия ұрысқа әзірленіп жатқанда мен өз әндеріммен олардың рухын көтеріп, жігерін жаныдым. Халық қаһарманы атағы Кеңес Одағының Батыры деген атаққа теңестірілген ғой, бұл награда да мен үшін өте қымбат. Мен оны майданда алған қос «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен бірдей бағалаймын. Нұрсұлтан Назарбаев маған осы атақты тапсырып тұрғанда «Сіз соғыс кезінде де, бейбіт жылдарда да халықтың рухын көтеріп, жігерлендіріп отырдыңыз. Мен сіздің дауысыңызды бала кезімнен естім келем», - деді. Мен жылап жібере жаздадым. Есіме майданның алғы шебінде медбикемен бірге жүгіріп келе жатқаным, қолымда плащ, арқамда - автомат... сол бір қиын-қыстау күндер түсті. Әрине, біз сол жылдарда өлімді, халық басына түскен ауыртпалықты көп көрдік, жаралы жауынгерлер әніңді тыңдап, жарасын қайтадан таңдырып алады да, ұрысқа аттанады. Міне, осындай сәттерде әннің жігерлендіруші күшін терең түсіндім», - дейді.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстандағы жауынгерлердің майдандагы ерлігі