Қазақстан Республикасының астаналары
Жоспар:
- Орынбор
- Ақ-Мешіт (Қызылорда)
- Алма-Ата (Алматы)
- Астана
Орынбор - қазақ елінің тұңғыш астанасы (1920–1925)
Туы
Таңбасы
- Орынбор — Ресей Федерациясындағы қала, облыс орталығы. 1735 ж. бекініс қамал ретінде қаланып, аты Ор өзенінің атына байланысты қойылған. Орынбор Жайық өзенінің жағалауында орналасқан Солтүстік батыс бөлігі Сақмар және Жайық өзендерінің қосылған қиылысына дейін жетеді.
1735 ж.
15 тамызда И. Кирилов бастаған экспедиция
Жайықтың сол жақ жағалауына құяр сағасына
қала (қазіргі Орск) сала бастады. «Орынборды»
200 шақырым Жайық ағысымен төменірек
жерден, Қызылту стансиясының іргесі қаланды.
- Жаз айларында арадағы сауда қатынасы Жайық өзенінің сол жағалауында жүргізілді. Осы жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы салынды. Сауда алаңынын Орынбордағы және қазақ даласына қараған екі үлкен қақпасы болды. Орынбор 1868 жылдан Ресейдің Қазақстан және Орталық Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылды. Орынбор 1920–1925 ж. Қазақ АКСР-інің астанасы болды.
- Қазіргі уақытта Орынбор облысында 120 мыңдай қазақтар тұрады. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты облыс қазақтары «Достық». «Үркер», «Қазақ тілі» және т. б. мәдени орталықтарға бірігіп, өздерінің «Айқап» атты газеттерін шығарады.
Қызылорда — қазақ елінің екінші астанасы (1925–1929)
- Қызылорда облысының әкімшілігі 8 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Белкөл, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзек, Ақсуат, Ақжарма ауылдары.
Айтбай мешіті
Қорқыт ата кешені
- Қала негізі Қамысқала атты елді мекенде 1817 ж. салынған Қоқан хандығының Ақмешіт бекінісі ретінде қаланды. 1854 жылдың тамызынан басқыншы, генерал В. А. Перовскийдің атымен бекініс Перовск порты аталды. 1857 ж. Перовскіге қала мәртебесі беріліп, уезд орталығына айналды. 1901–1906 ж.. Орынбор — Ташкент темір жолы салынған тұста қала халқы тез қарқынмен өсті. 1917 ж. 30 қазанда (12қараша) Кеңес өкіметі Қазақстанда бірінші болып Перовскіде орнады. 1922 ж. қаланың Ақмешіт аты қайтарылғанымен 1925 жылдың сәуірінде Қызылорда деп қайта өзгертіліп, Қазақ АКСР-нің астанасының мәртебесі берілді (1929 жылға дейін).
- Қалада 1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ драма театры (қазіргі М. Әуезов ат. Қазақтың мемлекеттік академиялық театры) ашылды. Денсаулық сақтау, білім беру орындары көбейді.
- 1938 жылы облыс орталығына айналды.
Алматы- қазақ елінің үшінші астанасы (1929 - 1936)
Туы
Таңбасы
- Алматы қаласы Еуразияның ортасында, Іле Алатауының солтүстік бөктерінде, оңтүстіктен солтүстікке қарай еңістеу келген теңіз деңгейінен 750 – 880 метр биіктікте орналасқан. Алатау баурайынан бірнеше өзен бастау алады. Олар: Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Есентай, Қарасу, Бекенбай, Беделбай, Кімасар, Жарбұлақ, Күреңқұлақ, Тереңқара тағы басқалар.
- Алматының тарихында ең ірі жер сілкінісі 1887 жылдың 28 мамырында және 1910 жылдың 22 желтоқсанында орын алды. Алматы қаласы негізінен күші 9 балл немесе одан жоғары деңгейде жер сілкінісі болу қаупі бар аймаққа жатады. Сондықтан Алматы қаласының құрылысы да ерекше әдіспен салуды талап етеді.
- Қаланың ауа райы өте қолайлы. Орташа температура +7–8 градус мөлшерінде болса, ең жоғарғы температура +43, ең төменгісі – 38 градусқа жетеді.
- Астана Алматыға 1929 жылдың жазында көшіп келді. Алматы астана мәртебесін алғаннан кейін қала экономикасы өсіп, халықтың саны артты. 1930 жылы 19-шілдеде Түркістан-Сібір темір жолы іске қосылды. Өнеркәсіп орындары іске қосылды. 1941–1942 соғыс жылдарында Алматыға Ресейден 30-дан астам кәсіпорын, 8 госпиталь көшірілді. Алматы – Орталық Азиядағы өркениеттегі ірі қалалардың бірі болды.
- 1854 жылы Алатау баурайына орыстардың бекінісі салына бастады. Бекініс «Заилийское» деп аталды. Сол жылы күзде бекіністің құрылысы аяқталды. Келесі жылы Ұлы жүз билеушісі, майор Перемышльский Заилийское деген атауды Верный деп өзгертті.
- 1921 жылы 5 ақпанда Жетісу облыстық революциялық комитеті Верный қаласын Алма-Ата етіп өзгерту жөнінде шешім қабылдады. Сол жылы 8- шілдеде қаладағы Карл Маркс (қазіргі Д. Қонаев) көшесінің бойымен ғаламат сел тасқыны жүріп өтті.
- Астана Алматыға 1929 жылдың жазында көшіп келді. Алматы астана мәртебесін алғаннан кейін қала экономикасы өсіп, халықтың саны артты. 1930 жылы 19-шілдеде Түркістан-Сібір темір жолы іске қосылды. Өнеркәсіп орындары іске қосылды. 1941–1942 соғыс жылдарында Алматыға Ресейден 30-дан астам кәсіпорын, 8 госпиталь көшірілді. Алматы – Орталық Азиядағы өркениеттегі ірі қалалардың бірі болды.
- Қалада орта, арнаулы және жоғары оқу орындары, ғылыми, мәдени мекемелер ашыла бастайды. 50-жылдары қалада Үкімет үйі, Ғылым академиясының бас корпусы, Орталық стадион, Абай атындағы опера және балет театрының ғимараты салынды. Ал 60–70-ші жылдары бой көтерген зәулім құрылыстардың қатарына Республика сарайы, Достық үйі, Неке сарайы, «Медеу» мұз айдыны, «Алатау» қонақ үйі, Бейнелеу өнері мұражайы және т. б. сәулет объектілері бар. 9–12 қабатты тұрғын үйлердің жаппай бой көтеруі қала бейнесін тіпті өзгертіп жіберді.
- 1966 жылдың 21 қазанында қаладан 18 км жердегі Медеу шатқалында жарылыс жасалып, биіктігі 100 метр бөгет салынды. Ол 6–2 млн текше метр су мен басқа қауіпті заттарды ұстап тұра алады.
- Алматы қаласы 70 жыл бойы еліміздің астанасы статусында болды.
- Н. Назарбаев Алматыға 1979 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің хатшысы болып Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметінен келді. Осы қызметті 1984 жылға дейін атқарды және Орталық комитетінің бюро мүшесі болды. 1984–1991 жылдар арасында Қазақстан министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.
- 1991 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды.
- Алматы – республикамыздың ірі ғылыми, мәдени, білім және өндіріс орталығы. Басында мәңгі қар жатқан әсем Алатаудың баурайына орналасқан Алматы – дүниежүзіндегі көрікті қалалардың бірі. 1998 жылы Қазақстанның астанасы қазіргі Астана қаласына көшірілді. Осыған орай «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң қабылданған болатын. Ол заң бойынша Алматы бұрынғысынша еліміздің ғылыми, мәдени, тарихи қаржы және өндіріс орталығы болып қала бермек. Бұл – қала дамуының кепілі.
- Еліміздің аса ірі, әсем де сұлу қаласы Алматы 1991 жылдың 16-желтоқсанынан 1997 жылдың 10 желтоқсанына дейін егеменді Қазақстан Республикасының бірінші астанасы болды.
Астана- қазақ елінің төртінші астанасы (1998)
Туы
Таңбасы
- ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі (1994ж. 6 шілде, 106-қаулысы) және Мин. Каб-і (1996 ж. 6 шілде) ҚР-ның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. Оған себеп Ақмоланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі өнеркәсіптік әлуеті, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуник, инфрақұрылымның болуы, жоғары білікті кадрлар әлеуеті, жеке меншік секторды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткіліктігі сияқты факторлар еді. ҚР Президентінің жарлығымен арнайы Ақмола экон. аймағы (ААЭА) құрылды (1996 ж. 9 қазан).
- 1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлыққа қол қойды. (1998 жылдың 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
- Бүгінде Астана орналасқан жердің ежелгі атауы Қараөткел деп, Орал мен Сібірді Кіндік және Орта Азиямен байланыстырған Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағында қоныс тепкен қазақ елді мекенінің атауымен аталған. Есіл өзенін кешіп өтетін ыңғайлы керуен жолындағы Қараөткелде 1830 жылы қазақ ауылдары өкілдерінің кеңесімен Ақмола әскери бекінісі салынған. 17–18 ғасырларда Ақмола облысының аумағына Ресей мен Украинаның орталық губернияларынан шаруалар көптеп қоныстандырыла бастады.
- Сол кездегі Ақмоланың жәрмеңкелеріне Қазақстанның Ресейдің, Орталық Азияның түпкір-түпкірінен саудагерлер ағылды.
- 2000 — Қазақстан үкіметі «Астана қаласын дамытудың бас жоспары туралы» қаулы қабылдады.
- Елбасының қатысуымен елорданың Жаңа алаңы, К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры, бизнес-сервис орталығы ашылды.
- Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы" Елбасы Жарлығы шықты, оған сәйкес қала аумағының жалпы көлемі. ұлғайды.
- 200 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылға дейінгі кезеңді қамтитын «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды.
- 2003 — Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер көшбасшыларының халықаралық сьезі болды.
- 2004 — ауқымы мен бұрын-соңды болмаған мерзімнің ішінде ірі әкімшілік мекемелерін сол жағалауға көшіруде орасан зор жобалар жүзеге асырылды.
Назарларыңызға рахмет!