Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 10:06, реферат
Мәтін
Қосымша ақпарат
Өзгерістер тарихы
Сілтемелер
Екі тілде
Көшіру
Басып шығару
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық заңы
Жинақталған:
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Тақырыбында
және бүкіл мәтін бойынша "
Ескерту. Бүкіл
мәтін бойынша «мемлекеттік
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
1-бап. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік
Елтаңба, Мемлекеттік Гимн
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында
қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік
бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының
тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде
нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран
және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы
- 1:2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір
түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы
күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген,
шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап
уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы
мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар
бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде
- бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі
бөлігінде "Қазақстан" деген жазу
бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың,
аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі,
сондай-ақ "Қазақстан" деген жазу
- алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Гимні - осы Конституциялық заңда көзделген
жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық
туынды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары
Қазақстан Республикасы Президентінің
Резиденциясында сақталады.
2-бап. Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк
дайындауды және
пайдалануды реттейтiн Қазақстан
Республикасының
заңнамасы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.06.28 N 23-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық Заңымен.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздерін
Ескерту.
2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.28 N
23-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Конституциялық Заңымен.
3-бап. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
бекіту
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Туының бейнесі (осы Конституциялық заңға 1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Елтаңбасының бейнесі (осы Конституциялық
заңға 2-қосымша);
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтіні
(осы Конституциялық заңға 3-қосымша) бекітілсін.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
4-бап. Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
пайдалану тәртібі
1. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы мынадай
1) Қазақстан Республикасының
Президенті Резиденциясының, Парламентінің,
Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына
кірмейтін орталық атқарушы органдардың,
Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік
органдардың, олардың ведомстволары мен
аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық
Кеңестің, Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының,
жергілікті өкілді және атқарушы органдардың,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының,
мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің,
халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің,
сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа
да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің
басшылары резиденцияларының ғимараттарында
және сол мемлекеттің протоколдық практикасына
сәйкес көлік құралдарында - ұдайы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің,
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары
төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік
хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының,
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Төрағасының және жергілікті соттары
төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы
Төрағасының, Қазақстан Республикасының
Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлінің, министрліктердің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына
кірмейтін орталық атқарушы органдардың,
Қазақстан Республикасының Президентiне
тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік
органдардың, олардың ведомстволары мен
аумақтық бөлімшелерінің басшыларының,
жергілікті өкілді және атқарушы органдар
басшыларының, Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде
- ұдайы;
3) Қазақстан Республикасының
Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен
және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы
Парламенті палаталарының, Үкіметтің
үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары
өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің отырыс залдарында,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
және жергілікті соттарының сот мәжілісі
залдарында, орталық, жергілікті өкілді
және атқарушы органдардың, Қазақстан
Республикасының Президентіне тікелей
бағынатын және есеп беретін мемлекеттік
органдардың алқа отырысы залдарында,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
және үкіметтік наградалары тапсырылатын
залдарда, Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында,
сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін
үй-жайларда - ұдайы;
4) мемлекеттік органдардың ғимараттарында
алғаш ашылған кезде, салтанатты жағдайда;
5) егер халықаралық құқық нормалары
мен Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарында көзделген болса, Қазақстан
Республикасы Президентінің, Қазақстан
Республикасының Парламенті палаталары
төрағаларының, Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің және олардың өкілетті
өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар
өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда;
6) ресми адамдар ретінде Қазақстан
Республикасының Президенті, Қазақстан
Республикасының Парламенті палаталарының
төрағалары, Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі мінген теңіз кемелерінде,
ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қатынас
құралдарында;
7) Қазақстан Республикасында
тiркелген кемелердiң бұлқынындағы ту
ретiнде - белгiленген тәртiппен;
8) Қазақстан Республикасының
әскери корабльдерi мен кемелерiнде - әскери
жарғыларға сәйкес;
9) Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінің әскери құрамаларында, бөлімдерінде,
бөлімшелерінде және мекемелерінде, басқа
да әскерлері мен әскери құралымдарында
- Қазақстан Республикасының ұлттық және
мемлекеттік мерекелері күндерінде, ант
қабылдау кезiнде;
10) мемлекеттік органдар, мемлекеттік
ұйымдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар өткізетін
рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар
кезінде;
11) жалпы орта, кәсіптік бастауыш,
кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарында - жаңа оқу жылының ашылу
және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде;
12) Қазақстан Республикасына
мемлекеттік және ресми сапарлармен келген
шет мемлекеттердің мемлекет басшыларымен,
парламенттері мен үкіметтерінің басшыларымен
кездесу кезінде.
Қарулы Күштердің әскери құрамаларында,
бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде
және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда
Мемлекеттік Туды пайдалану (тігу, орналастыру)
тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
Ғимараттарға тұрақты тігілген
Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде
жарық түсіп тұруға тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туы басқа да ғимараттарда (үй-жайларда)
олардың иелерінің еркі бойынша тігілуі
мүмкін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Туының бейнесi міндетті түрде:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің,
Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына
кірмейтін орталық атқарушы органдардың,
Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк
органдардың және олардың ведомстволары
мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан
Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
және жергілікті соттарының, жергiлiктi
өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының шетелдегі
мекемелерінің веб-сайттарында Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен;
2) Қазақстан Республикасының
әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында
орналастырылады.
Мемлекеттiк Тудың бейнесi өзге де материалдық
объектілерде орналастырылуы мүмкін.
3. Мемлекеттiк Ту оның көлемiне
қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес
келуге тиiс.
Мемлекеттiк Ту ұлттық стандартқа сәйкес
келмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстырылуға
және жойылуға тиіс.
Мемлекеттiк Тудың бейнесiн қоғамдық бірлестіктер
мен басқа да ұйымдар туларының геральдикалық
негізі ретінде пайдалануға болмайды.
Мемлекеттiк Тудың бейнесi Қазақстан Республикасы
мемлекеттік наградаларының, Ұлттық Банк
банкноттары мен монеталарының элементі
немесе геральдикалық негізі ретінде
пайдаланылуы мүмкін.
4. Ұлттық аза тұтуға байланысты
Мемлекеттiк Ту ұлттық аза тұту мерзiмi
ішінде тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн
төмен түсiрiледi.
Ескерту.
4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.28 N
23-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Конституциялық Заңымен.
5-бап. Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк
басқа да туларды
Қазақстан Республикасының
аумағында бір мезгілде
пайдалану
1. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын шет
Бұл ретте Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен
орналастырылмайды.
2. Қоғамдық бірлестіктердің және
басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк Туымен бірдей
болмауға тиіс.
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
6-бап. Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
пайдалану тәртібі
1. Мемлекеттік Елтаңба
міндетті түрде:
1) Қазақстан Республикасы Президенті
Резиденциясының, Парламенттің, Сенат
пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына
кірмейтін орталық атқарушы органдардың,
Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік
органдардың, олардың ведомстволары мен
аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті
соттарының, Қарулы Күштердің әскери құрамаларының,
бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің,
басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың,
жергілікті өкілді және атқарушы органдардың
ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы
тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің,
шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің,
шетелдегі мекемелері басшылары резиденцияларының
ғимараттарында - ұдайы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің,
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары
төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік
хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Төрағасының және жергілікті соттары
төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы
Төрағасының, Қазақстан Республикасының
Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлінің, министрліктердің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына
кірмейтін орталық атқарушы органдардың,
Қазақстан Республикасының Президентiне
тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік
органдардың, олардың ведомстволары мен
аумақтық бөлімшелерінің басшыларының,
жергілікті өкілді және атқарушы органдар
басшыларының, Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде
- ұдайы;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің
Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және
бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасының
Парламенті палаталарының, Үкіметтің
үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары
өтетін залдарда, Конституциялық Кеңестің
отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының
сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті
өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан
Республикасының Президентіне тікелей
бағынатын және есеп беретін мемлекеттік
органдардың алқа отырыстары залдарында,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
және үкіметтік наградалары тапсырылатын
залдарда, Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында,
сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін
үй-жайларда - ұдайы орналастырылады.
Қарулы Күштердің әскери құрамаларында,
бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде
және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда
Мемлекеттік Елтаңбаны орналастыру тәртібі
жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі міндетті
түрде:
1) Қазақстан Республикасының
Президенті мен оның Әкімшілігінің, Парламенттің,
оның палаталары мен олардың аппараттарының,
Қазақстан Республикасының Парламенті
палаталары Бюроларының, Үкіметтің және
Премьер-Министр Кеңсесінің, министрліктердің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына
кірмейтін орталық атқарушы органдардың,
Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік
органдардың, олардың ведомстволары мен
аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті
соттарының, Қарулы Күштердің әскери құрамаларының,
бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің,
басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың,
жергілікті өкілді, атқарушы органдардың
және өзге де мемлекеттік ұйымдардың мөрлері
мен құжаттарының бланкілерінде;
1-1) нотариустардың мөрлерiнде;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің,
Қазақстан Республикасы Парламентінің,
Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің
және Жоғарғы Сотының ресми басылымдарында;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің банкноттары мен монеталарында,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бағалы қағаздарында;
4) Қазақстан Республикасының
азаматтарына берілетін жеке куәлікте,
туу туралы куәлікте, паспортта және өзге
де паспорттарда, мемлекеттік органдар
мен мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің
қызметтік куәліктерінде;
5) Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасына орнатылатын шекара
бағаналарында;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің,
Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына
кірмейтін орталық атқарушы органдардың,
Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк
органдардың және олардың ведомстволары
мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан
Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
және жергілікті соттарының, жергiлiктi
өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының шетелдегі
мекемелерінің веб-сайттарында Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен орналастырылады.
Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесі өзге
де материалдық объектілерде орналастырылуы
мүмкін.
3. Мемлекеттік Елтаңба оның көлеміне
қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес
келуге тиіс.
Мемлекеттік Елтаңба ұлттық стандартқа
сәйкес келмеген жағдайда ол Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстырылуға және
жойылуға тиіс.
4. Осы Конституциялық заңда белгіленгеннен
басқа жағдайларда мемлекеттік емес ұйымдардың
және олардың лауазымды адамдарының бланкілерінде,
мөрлерінде және басқа да реквизиттерінде
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының
бейнесін пайдалануға тыйым салынады.
Мемлекеттік Елтаңбаны қоғамдық бірлестіктер
мен басқа да ұйымдар елтаңбаларының геральдикалық
негізі ретінде пайдалануға болмайды.
Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесі әскери
немесе өзге де мемлекеттік қызмет атқаратын
адамдар үшін белгіленген айырым белгілері
мен нысанды киім үлгілерінде, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік наградаларының
элементі немесе геральдикалық негізі
ретінде, сондай-ақ спортшылардың спорттық
костюмдері мен басқа да спорттық керек-жарақтарында
пайдаланылуы мүмкін.
Ескерту.
6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.28 N
23-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Конституциялық Заңымен.
7-бап. Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк
және басқа да елтаңбаларды
Қазақстан
Республикасының
аумағында бір мезгілде пайдалану
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы мен шет
мемлекеттердің елтаңбаларын
Бұл ретте Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы басқа елтаңбалардан
(геральдикалық белгілерден) төмен орналастырылмайды.
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
8-бап. Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
пайдалану тәртібі
1. Мемлекеттік Гимн:
1) Қазақстан Республикасының
Президенті қызметке кіріскен кезде -
ол ант бергеннен кейін;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті
сессияларының ашылуы және жабылуы кезінде;
3) Қазақстан Республикасының
ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне,
сондай-ақ өзге де салтанатты іс-шараларға
арналған жиналыстар мен мәжілістердің
салтанатты ашылуы кезінде;
4) теле-, радиоарналар эфирге
шыққан кезде тәулiк сайын, олардың хабар
таратуы басталғанда және аяқталғанда;
5) Қазақстан Республикасы халқының
өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларды
атап өту құрметіне ескерткіштерді, монументтерді,
құлпытастарды және басқа да ғимараттарды
ашу кезінде;
6) Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары, сондай-ақ қоғамдық
бірлестіктері мен өзге де ұйымдары өткізетін
рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар
кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туы көтерілген кезде;
7) Қазақстан Республикасына мемлекеттік
немесе ресми сапармен келген шет мемлекеттердің
басшыларын қарсы алу кезінде - тиісті
шет мемлекеттің мемлекеттік гимні орындалғаннан
кейін;
8) жалпы орта, кәсіптік бастауыш,
кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарында жаңа оқу жылының ашылу
және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде,
сондай-ақ өзге де салтанатты іс-шаралар
өткізілген кезде;
9) Қазақстан Республикасының
ұлттық (құрама) командасы қатысатын спорттық
іс-шаралар өткізілген кезде орындалады.
2. Қарулы Күштердің әскери құрамаларында,
бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде
және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда
Мемлекеттік Гимнді орындау тәртібі жалпы
әскери жарғыларда айқындалады.
Ескерту.
8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.28 N
23-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Конституциялық Заңымен.
9-бап. Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
орындау тәртібі
1. Мемлекеттік Гимн
көпшілік алдында орындалған
кезде қатысушылар оны орнынан
тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдары мен өзге де ұйымдары шет мемлекеттер
аумағында іс-шаралар өткізген кезде Мемлекеттік
Гимн осы Конституциялық заңға, сондай-ақ
сол мемлекеттің заңнамасы мен протоколдық
практикасына және жергілікті салт-дәстүрге
сәйкес орындалады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туын салтанатты жағдайда көтеру және
тігу кезінде Мемлекеттік Гимн орындалады,
бұл ретте қатысушылар жүздерін Туға қарай
бұрады.
2. Мемлекеттік Гимнді оркестр,
хор, оркестр мен хор орындайды не ол өзге
де вокалдық және аспаптық түрде орындалады.
Бұл ретте дыбыс жазу құралдары пайдаланылуы
мүмкін.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Гимнін ықшамдап орындауға жол беріледі.
3. Мемлекеттік Гимн бекітілген
мәтіні мен музыкалық редакциясына дәлме-дәл
сәйкестікпен мемлекеттік тілде орындалады.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Гимнінің мәтіні мен музыкалық редакциясын
басқа музыкалық шығармалардың және өзге
де өнер туындыларының негізі ретінде
пайдалануға болмайды.
5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
10-бап. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің
Үкіметтің құзыретіне:
1) Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының
осы Конституциялық заңда бекітілген
ұлттық стандарттарға және олардың бейнелеріне
сәйкес келетін эталондарын дайындау
жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасының
ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін
Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын
ауыстыру және жою ережелерін бекіту;
3) Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын
және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін
орналастыру ережелерін бекіту;
4) Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері саласындағы уәкілетті
органды айқындау;
5) өзiне Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, Қазақстан Республикасының
заңдарымен және Қазақстан Республикасы
Президентінің актiлерiмен жүктелген өзге
де функцияларды орындау жатады.
Ескерту.
10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.28 N
23-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Конституциялық Заңымен.
11-бап. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
саласындағы уәкілетті
органдардың құзыреті
Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы