Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 17:59, реферат
1920 жылы 26 тамызда Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті мен
РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Кеңестік Ресей Федерациясының
бір бөлшегі ретіндегі «Автономиялы Киргиз (Қазақ) Социалистік Кеңес
республикасын құру туралы» В.И.Ленин мен М.И.Калинин қол қойған
декреті шықты. Осы декретте кеңестік қазақ автономиясының жоғарғы
мемлекеттік билік және басқару органдары белгіленіп: «Автономиялы
Киргиз (Қазақ) Социалистік Кеңес Республикасының басқару органдары
депуттардың жергілікті Кеңестері, Киргиз (Қазақ) Кеңестік Социалистік
Республикасының Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары
Кеңесі болып табылатындығы» айтылды [2].
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазақ АКСР-ның құрылуы
Қазақ АКСР-ның алғашқы басшылары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
1920 жылы 26 тамызда Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті мен
РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Кеңестік Ресей Федерациясының
бір бөлшегі ретіндегі «Автономиялы Киргиз (Қазақ) Социалистік Кеңес
республикасын құру туралы» В.И.Ленин мен М.И.Калинин қол қойған
декреті шықты. Осы декретте кеңестік қазақ автономиясының жоғарғы
мемлекеттік билік және басқару органдары белгіленіп: «Автономиялы
Киргиз (Қазақ) Социалистік Кеңес Республикасының басқару органдары
депуттардың жергілікті Кеңестері, Киргиз (Қазақ) Кеңестік Социалистік
Республикасының Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары
Кеңесі болып табылатындығы» айтылды [2].
Қабылданған декретке сәйкес 1920 жылы қазан айының 4 мен 12-сі
аралығында Орынбор қаласында Бүкілқазақтық Кеңестердің бірінші
құрылтай сиезі өтеді. Сиездің күн тәртібінде мынадай негізгі мәселелер
қаралып талқыланды және қабылданды: 1) Президиумды сайлау, 2)
Мандат және редакциялық комиссияларды сайлау, 3) сиездің уақыт
тәртібін белгілеу, 4) комиссияларға сайлау( әкімшілік, әскери, жер,
экономикалық, құрылыс), 5) секцияларды айқындау және секциялардың
төрағаларын сайлау (оқу, денсаулық сақтау, юстиция, әлеуметтік
қамсыздандыру және қаржы), 6) Қазақ Революциялық комитетінің қазақ
өлкесін басқару жөніндегі баяндамасы, 7) қазақ халқы еңбекшілері
праволарының декларациясы, 8) азық-түлік мәселесі, 9) жер мәселесі, 10)
әскери мәселе, 11) секция баяндамасы, 12) экономикалық және құрылыс міндеттері, 13) ұйымдастыру мәселесі, 14) Қазақ Орталық Комитеті мен
Халық Комиссарлары Кеңесін сайлау
Қазақ АКСР-ның құрылуы.1920 жылы 20 тамызда РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерініңсъезі өтті. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетініңтөрағасьі С. Мендешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесініңтөрағасы В.А. Радус-Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. «Декларацияда» Қазақ АКСР-ның мемлекеттік басқару оргаңдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.
Құрылтай сиезінде қабылданған басты мәселелердің бірі автономиялық
республикадағы мемлекеттік билік және басқару органдарының құрылуы
болды. Қазақ автономиялық республикасындағы мемлекеттік биліктің
жоғарғы органы Кеңестердің бүкілқазақ сиезі болып табылды. Ол өз
қызметінде өзіне есеп беріп отыратын Қазақ Орталық Атқару Комитетін
сайлады, Қазақ АКСР-ы үкіметінің есебін тыңдады, Ресей
Федерациясының Орталық Атқару комитетінің ұлттар кеңесіне өкілдер
сайлады, сондай-ақ бүкілресейлік Кеңестер сиезіне де делегаттар сайлады.
Бүкілқазақтық кеңестер сиезі заңдық билікті атқару құқығына және
Қазақ АКСР-ның конституциясын қабылдау өкілеттігіне ие болды.
Мәселен, өз өкілеттігін атқарған алғашқы бүкілқазақтың құрылтай сиезі
Қазақ автономиялық республикасын жариялады, Республиканың үкіметін
құрды, «Қазақ АКСР-і еңбекшілері праволарының декларациясын»
қабылдады. Кезекті Бүкілқазақтық Кеңестер сиезін жылына бір рет Қазақ
Орталық Атқару комитеті шақырды. Бүкілқазақтық сиездер арасындағы
мемлекеттік биліктің заңдық, атқарушы және бақылаушы органдары Қазақ
Орталық Атқару комитеті болды.Алғашқы Бүкілқазақтық кеңестер
құрылтайы 76 мүшеден тұратын Қазақ Орталық Атқару комитетін,
25адамнан тұратын Орталық Атқару комитетіне кандидаттарды сайлады.
Мемлекеттік биліктің бар тармағы ретінде құрылған Қазақ Орталық
Атқару Комитеті (бұдан былай Қазатком) кең көлемдегі өкілеттілікке ие
болды. Бүкілқазақтық кеңестер сиезі аралығында ол Кеңестердің
өкілеттілігін атқарды. Біз қарастырып отырған 1920-1938 жылдар
аралағында Қазақ Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметін мына
төмендегі қайраткерлер атқарған болатын:
1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;
1919 жылы Қазревком терағасының орынбасары;
1920-1925 жылдары Қазақ
АКСР Атқару Комитетінің
1937 жылы репрессия құрбаны болды.
2) И.Алманов.1922 жылдың қыркүйек айы. уақытша.
3) М.Атаниязов. 1922 жылдың желтоқсан айы. уақытша.
4) Ә.Жангелдин. 1924 жылдың қыркүйек айы. уақытша.
1915жылы коммунистік партия мүшесі;
1916жылы ұлт-азаттық
1918 жылы Торғай облыстық
1918 жылы Қазревком
5) Ж.Мыңбаев (1925-27 ж.ж).
6) Е.Ерназаров (1927-1934 ж.ж).
7) Ұ.Құлымбетов (1934-37 ж.ж).
8) Н.Өмірзақов (1937-38 ж.ж).
А. Байтурсынов (1873-1937)
«Алаш» партиясын құрушылардың
«Қазақ» газетінің редакторы.
1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі.
А. Байтұрсынов - жазушы, аудармашы, түрколог, лингвист ғалым.
1937 жылы репрессия құрбаны болды.
Пестковский Станислав Станиславович
(3.12.1882, Польша, Калишская губ. —
15.11.1937, Москва) — қоғам қайраткері.
Ұлты поляк. Лодзь қаласындағы гимназияны,
Лондон университетін бітірген. Орыс,
француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген.
1905 — 06 жылдары Польша мен Литвадағы социал-
Пестковский Станислав Станиславович (1882-1943) - қоғам және мемлекет қайраткері. Ресейдегі революциялық қозғалысқа қатысушы. Калинин губерниясындағы Келчиглув селосында туған. (қазіргі Польша республикасы) 1905-1906 жылдары Литва мен Поляк Карольдігінің социал демократиялық ұйымы басшыларының бірі болды. 1917жылы Петроград кәсіподақтарының Орталық Кеңесінің мүшесі, кейін РСДЖ Р ОН секретариятында істеді.
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақ ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі [Ерғазы] Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.
Ахмет Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.
Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.
А.Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.
Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты
Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды
Қорытынды
Десек те, сол жылдары Қазаткомын және Қазхалкомын басқарған кейбір
қайраткерлердің өз құзырларының шектеулі болғанына қарамастан ұлт
мүддесі үшін істеген ерен жұмыстары, бастарын бәйгеге тігуі қайран
қалдырады. Сол қазақ автономиясы құрылған Қазақстан кеңестерінің
бірінші құрылтайының мәжілісінде-ақ әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде
баяндама жасаған А.Байтұрсынов бұрынғы патша үкіметінің қазақ халқына
ешқандай көмек көрсетпегенін көтере отырып: «Егер буржуазиялық үкімет
еңбекші бұқара дегенде өте-мөте аз мөлшерде қамқорлық жасаған болса,
ол қырғыз халқына келгенде тіпті ешнәрсе істеген жоқ. Алда-жалда бұған
ұмтыла қалса, зымиян мақсаттарын жүзеге асыруға тырысты. Мен бір үзім
нан үшін қырғыздарды христиандыққа азғырған миссионерлер туралы
айтып тұрмын. Бұл тұрғыдан алғанда аштық жылдары миссионерлер үшін
тым пайдалы болды»,-деп ашына айтқан болатын. [4].
Қазақ автономиясының мемлекеттік басшылық орындарында болған
қайраткерлердің алғашқы қолға алған мәселесінің бірі-халық ағарту болды.
Олар денсаулық саласына да айрықша көңіл бөлді. Халық
шаруашылығының барлық салалары үшін мамандар даярлауды да