Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2014 в 17:36, реферат
«Монғолия қазақтарының ата-тек шежіресі» атты Рахметұлы Шынайдың еңбегінде: «Туыстас немесе көршілес бірнеше отбасы бір қоныста отырса – ауыл, ауылдас, көрші. Іргесі алшақтау болса- жерлес. Қандас- жеті атадан құралғандар (бір атаның кіндігінен тараған), бір ата 13 атадан асса — ру. Бірнеше ру қандастықпен, я бір мүддемен біріксе- тайпа. Бірнеше тайпа қоғамдасып, жүз болып қауымдасады. Тайпадан ірілесе халық немесе ел, оның мемлекет ішінде өзге ұлт, ұлыстармен саяси теңдігі болса ұлыс, дербес шекара, саяси-экономикалық тәуелсіздікке қолы жетсе мемлекет, тілі мен дәстүрі, мәдениеті, өзіндік мекен- жері, әлеуметтік рух, жігері, этникалық ерекшелігі ортақтасып, дараланса ұлт болады» – деп өте орынды көрсеткен.