Ұлы державалардың позициялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 15:53, курсовая работа

Краткое описание

1853-1856 жж. Қырым соғысының халықаралық қатынастар тарихында алатын орыны ерекше. Қырым соғысы Осман империясы мен Ресейдің дамуына, тарихына үлкен әсер еткен XIX ғасырдың маңызды халықаралық оқиғалардың бірі.
Тақырыптың өзектiлiгi. Соғыстың басталуы, өріс алуы мен аяқталуы жөнінде айтар алдында соғыс қандай дипломатиялық жағдайда туғаны жөнінде, Батыс Еуропа мен Ресейде бұл мәселеге қандай көзқараста болғаны және қандай мақсат ұстағаны жайлы айтып кету керек деп ойлаймын. Бұл кіріспеде, негізгі бөлімде қарастырылып өткен мәселелерге және Қырым соғысын зерттеген тарихшылар, ғалымдардың еңбектеріне қысқаша шолу жасалады.

Вложенные файлы: 1 файл

zhtar_kurs_44.doc

— 183.50 Кб (Скачать файл)

"Қасиетті жерлер" - христиан дінінің пайда болуымен, Иисус Христостың және оның апосталдардың жердегі ғұмырымен байланысты христиандық діни ескерткіштер. Он екі "қасиетті жерлер" Иерусалимде, ал қалғандары Вифлеемнің маңында орналасқан. Орта ғасырлардан бастап "қасиетті жерлер" алты христиандық: грек-православтік, римдік-католиктік, армяндық, сириялық, копттік, эфиоптік, діни ағымдардың ортақ қолдануында болған. ХІ-ХІІІ ғасырларда "қасиетті жерлер" католиктік шіркеудің қол астына өтті. Ал 1516 жылғы Селим I-нің Сирия мен Палестинаны жаулап алуынан кейін "қасиетті жерлер" Түркияға өтіп, бұл жерлерге қатысты жанжалдар да Түркияға мұра ретінде қалды. Сөйтіп, 1850 жылы 28 мамыр күні Константинопольдегі француз елшісі "қасиетті жерлерді" пайдалануға Францияға артықшылық беруді Портаға ұсынды, басқаша айтқанда 1740 жылы Түркия растаған "қасиетті жерлерде" католик шіркеуінің құқығы мен артықшылығын жаңартуға ұсыныс жасады. Бірден орыс дипломаттар жағынан келіспеушілік пайда болды. Ресей Кучук-Кайнарджи бейбіт келісімі бойынша провославие шіркеуінің артықшылығын талап етті. Түркия Францияның ұсынысын жауапсыз қалдырғанымен, 1740 жылғы Түркия мен Франция арасындағы католиктік шіркеуге артықшылық беретін келісімді жоққа шығарған жоқ. Сөйтіп, Порта екі от арасында қалған еді. Мәселені тез арада шешу мақсатымен Порта "қасиетті жерлерді" ортақ католиктер мен протестанттар қол астына беруді ұсынды, алайда бұл ұсыныс бірден француздармен де, патшамен де қабылданбады. Егер алдыңғы уақытта пайда табу мақсатымен Порта біресе бір елді қолдап, келесіде басқасын қолдап отырса, енді қорыққанынан ғана ортақ өзара тиімді шешімге келгісі келді.

1852 жылы 30 қаңтар күні  патшаның ықпалымен "қасиетті  жерлерде" православие шіркеуінің протектораты орнады. Алайда католиктер де өздерінің көптеген талаптарын Портаға орындатқызды. Негізінен Луи-Наполеон үшін де, Николай I үшін де шын мәнінде "қасиетті жерлер" ешқандай нақты қызығушылық тудырғызған жоқ.

Мәселе әрбір елдің  ұстанған мақсатына байланысты еді: Францияның негізгі мақсаты континенталды  одақты ыдырату, державалар арасына от салу, яғни "қасиетті жерлер" арқылы Англия, Австрия мен Ресейді бір-бірінен ажырату. Ресейдің мақсаты "қасиетті жерлер" арқылы Түркиямен ұрысу себебін табу. Сондай-ақ, православие шіркеуін қорғау арқылы үнемі Түркияның ішкі істеріне араласу мүмкіндігін алу.

Сонымен, Николай I өзінің жоспарларына толық сенген: Наполеон III Түркия үшін соғыспайды. Австрия Ресейге қарсы шықпайды, ал Англия Австрия мен Францияның көмегінсіз ештеңе істей алмайды деп сенген. Сөйтіп, патша Түркияға шабуыл жасауға дайындалып, бірақ алдымен дипломатиялық шабуыл жасауды көздеген еді.                                                                                                                             

 

 

 

1.2 Соғыстың дипломатиялық дайындалуы. Меньшиковтың миссиясы

 

Түркияны бөлу туралы патшаның ұсынысына ағылшын үкіметінің суық жағымсыз жауап беруі Николай І-нің соғыс талпыныстарын суытқан жоқ және ол артықшылықтар алу мақсатымен Портаға қысым ету үшін Константинопольге елші жібереді. Патша миссияның басына князь Александр Сергеевич Меньшиковты тағайындайды. Меньшиковқа Портадан келесі пункттерді талап етуге бұйрық етілді: 1852 жылғы Ресей мен Түркия арасындағы православие шіркеуінің құқықтары туралы келісімінің (Түркияның Франциямен құпия келісім қабылдану нәтижесінде) орындалмауы жайлы мәселені шешу. Вифлеем храмдарында православие шіркеуінің иемдену құқығын қалпына келтіру. 1852 жылы 30 қаңтардан кейін католиктерге жасалған артықшылықтарды жою. Болашақта православиялық шіркеудің құқықтары бұзылмайтындығына кепілдік алу2.

Николай I Меньшиковтың миссиясынан үлкен үміт күткен, өйткені елшінің Константинопольге келудің алдында Түркия Австрияның Черногориядан түрік әскерлерін алып кету талабын орындады. Алайда Австрияның мақсаттары Ресейден өзгеше еді. Австрия Черногорияны алғысы келмеді, ол тек Австрияның бұл аймақпен шектесетін территорияларының қауіпсіздігін ойлаған, ал Ресей православиялық шіркеудің өкілдері бар аймақтарда Түркияның тұтастығына, егемендігіне нұқсан келтіруші еді. Меньшиков Николай I қойған талаптарды орындау үшін сұлтанмен ерекше конвенция негізінде актке қол қоюы тиіс еді. Акт келісім күштеріне ие болуы тиіс және православие шіркеуінің құқықтарын қорғау керек. Сонымен қатар, Меньшиковқа сұлтанға құпия "француз үкіметінен қорғанушы" одақты ұсынуға бұйрық берілді. Порта бұған келіскен жағдайда патша құрбандыққа барып, Түркиядан православие шіркеуінің артықшылықтарынан басқа міндеттердің орындалуын талап етпейді.

Портаға Меньшиковтың ұсынысын талқылауға үш күндей уақыт беріліп, және де уақыт бітісімен Порта келіспесе, Николай I өзінің жылы ниетін ашуға аударып, Константинопольден елшілікті шақырып алуға мәжбүр болады.

Меньшиковқа бірден миссия соғыспен аяқталса да, оны ешкім кінәламайтынын анық білдірді.

1853 жылы 28 ақпан күні Меньшиков көмекшілерімен Константинопольге келді. Меньшиковты Түркияда үлкен құрметпен қарсы алған еді, алайда елшінің өзін-өзі ұстауы жағымсыз еді, өйткені ол бірден "қасиетті жерлер" мәселесінде француздарды қолдаған сыртқы істер министрі, Фуад-эфендимен келіссөз жүргізуден бас тартты. Сұлтан Меньшиковқа жарайтын бірден Рифаат - пашаны тағайындады. Меньшиков үш нота негізінде (16, 22, 24 ноталар) келесі нақты шарттарды Портаға қойды:

Православиялық шіркеудің  барлық құқықтарына кепіл болатын келісімге келу;

Патшаның ұсынысымен Портадан тәуелсіз болатын грек-православие патриархын өмірінің соңына дейін тағайындау;

10-12 миллионға жететін  православие шіркеуінің өкілдеріне Портамен Ресейдің қамқорлығын тану;

Түркияның келісімі сұлтанның  жай жарлық сипатында емес, халықаралық-құқықтық міндет ретінде қалыптасуы үшін фирманмен емес, сұлтанның сенедымен расталуы тиіс еді.

1853 жылы 24 (12) наурыз күні Меньшиков сұлтанға Николай I-мен жасалған конвенцияны ұсынды. Бұл құжат бойынша Николай "екінші түрік сұлтанына" айналар еді, басқаша айтқанда конвенция Түркияның тәуелсіздігімен сиыспайтын нәрсе.

Прут бойында, орыс-түрік  шекарасында орыс әскерлерінің шоғырлануы мен Меньшиковтың агрессивті талаптарынан сұлтан қатты шошынды, дегенмен, сұлтан ағылшын өкілінен - полковник Роузден, француз өкілінен - Бенедеттиден көмек сұрайды. Олар бірден өз елдеріне қалыптасқан жағдайды баяндап, елшілердің оралуын талап етеді. Роуз Жерорта теңізінде ағылшын флоттың басшысына тұрақты Мальта аралынан кетіп, Дарданеллаға жақындап, Безик бухтасында орналасуға, ал Портаға келіссөздерді ағылшын және француз елшілері келгенше созуға ұсынады. Рифаат - паша берілген кеңесті орындаған еді. 1853 жылы 5 сәуір күні Константинопольге Түркиядағы орыс ықпалының және Николай I-нің жағы ағылшын елшісі ретінде Стрэдфорд - Каннинг келді. Ол өз заманының өте ақылды, тәжірибелі елшісі болатын. Екі күннен кейін Каннингтің француз коллегасы Делакур келген, алайда оқиғаның ары қарай өрбуіне негізгі әсер еткен Стрэфордтың қызметі еді. Дәл осы кезде Лондонда өзгерістер орын алған еді: сыртқы істер хатшысы қызметінен лорд Россельдің кетуінен кейін Эбердин кабинентіне лорд Кларендон кірді. Петербург бұл әрекетті жылы ниет деп түсінді, алайда Кларендон Стрэдфорд үшін Константинопольде үлкен мүмкіндік берген. Стрэдфорд бірден істі соғыстың басталуына бағыттады.

Ұзақ уақыт бойы Портамен алданып келе жатқан тиянақсыз, өзімшіл  дипломатияда дилетант атанған Меньшиков ағылшын елшісімен теңесе алмады. Меньшиковты алданғаны туралы сол кездегі Жомини деген елшінің айтуынша: "Меньшиков ұзақ уақыт бойы нақты жауап ала алмады, өйткені уақыт ұсынысты жан-жақты талқылауда өткендей болды", негізінен уақыт Еуропадан елшілер келгенше арнайы созылған еді.

Стрэдфорд Меньшиковтың қылықтарынан оның негізгі мақсаттарын айқындап алады. Сондықтан елші Портаға Меньшиковтың "қасиетті жерлер" жайында барлық талаптардың орындалуын талап етті, өйткені Меньшиковтың Константинопольге келуінің мақсаты өзге болғандықтан, мұнымен ол қанағаттанбай агрессивті сипаттағы талаптарды қоя бастайды және бұл кезде Англия мен Франция Түркияны қорғау мақсатымен іске араласатын еді. Бұл негізінен Стрэдфордтың үлкен дипломаттық шеберлігін, Меньшиковтың дәрменсіздігін көрсетеді.

Стрэдфорд пен Делакур  Портаға көмек беретіндігін уәде етті және Николай I мен Меньшиковтың талаптарын орындамауға кеңес берген. Порта бұл кеңеске келісіп, 10 мамыр күні ультиматум негізінде Меньшиковтың Портадан жауап сұрағанына патшаның ұсынысы қабылданбайтындығы жөнінде Рифаат - паша Меньшиковқа достық сипатта нота жібереді. Ал 1853 жылы 17 мамыр күні Мұстафа Решид-паша бастауымен Жоғарғы кеңес жиналысы өтті. Бұл жиналысқа 46 мүше қатысып, патшаның ұсынысы дауысқа салынып, нәтижесінде 43 мүше қарсы және тек 3 ғана ультиматумның қабылдануы үшін дауыс берді. Жиналыстың қорытындысына сәйкес Меньшиковтың ұсынысы қабылданбады3.

Рифаат - пашаның нотасы Меньшиковтың наразылығын тудырды. Мұны пайдаланған Стрэдфорд Ресей үшін дос болып келген Рифаатты жау етіп, оған қарсы Меньшиковты қойған еді. Тіпті соңында ағылшын елшісі Ресейдің нағыз жауы, қарсыласы болған Решид - пашаны сыртқы істер қызметіне тағайындауға және Англия соғыс жағдайында сұлтан жағына шықпайтындығына Меньшиковты көндірді.

Сөйтіп, Меньшиковтың миссиясы толығымен сәтсіздікке ұшырады. Меньшиков Портамен қарым-қатынас үзетінін жариялап, 1853 жылы 21 мамыр күні Константинопольден Одесса жаққа аттанды.

 

II-тарау. ҚЫРЫМ СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

2.1  Соғыстың басталу себептері  мен алғышарттары

 

1853 жылы 28 мамыр күні  Николай I-ге Одессадан Меньшиковтың курьеры келіп, патшаға Меньшиковтың миссиясы сәтсіз аяқталғандығы жайлы және сұлтан протекторат жөнінде ұсынысты қабылдамағаны туралы хабарлады. Бұл жағымсыз жаңалықты патша өзіне деген сыйламаушылық: "Мен өз бетімде сұлтанның қолын сезудемін" – деп айтты. Мұндай келеңсіздік үшін жау жазаланатындай соғыс ашу керек деп жауап берді. Варшава князіне, И.Ф. Паскеевичке келесі күні жазылған хатында патша Түркияға қарсы бағытталған әрекеттерге - орыс әскерлерінің Молдавия мен Валахияға кіргізетінін жариялады. Алайда Ресей Дунай княздықтарына кіріп, нақты әрекеттерге барудың алдында соғысты бастауға ынталы еместігін көрсету мақсатымен, түріктерге соңғы рет талаптарды қойып, сегіз күнді талқылау үшін берді. Егерде жауап қарсы болса, Николай Түркияға қарсы соғыс бастайды деп шешілді.

1853 жылы 31 мамыр күні Ресей түріктердің  сырқы істер министріне Решид-пашаға жоғарыда айтылып өткен хаттың мазмұнындай нота жібереді. Нота бойынша орыс әскерлері келесі бірнеше апта ішінде империяның шекарасына өту үшін бұйрық алады. Бұл әрекет соғыс мақсатымен емес, Константинопольдегі өкілдер және патшаның елшісі арқылы екі жыл бойы сұралған талаптарды Порта орындамағанша материалды кепілге ие болу үшін. Нотаның соңғы бөлігінде айтылып өткен: "Меньшиков ұсынған жоба Сіздің қолыңызда. Сіздің үкіметіңіз бұл нотаға өзгертпей қол қою үшін сұлтаннан келісім алып, тез арада Одессада орналасқан біздің елшімізге жіберсін. Тез арада әрекет ету керек". Демек, Николай I және оның үкіметі қайтадан Меньшиков ұсынған келісімнің қабылдануын талап етті. Алайда Порта қайтадан 16 маусым күні ультиматумды қабылдамай қойды. Келесі күні орыс елшілігінің кеңесшісі, Балабин және басқа қызметкерлер Константинопольден елдеріне шақырылып алынды.

1853 жылы 25 маусым күні Петербургке  Порта соңғы ультиматуды қабылдамай  қайтарып жібергені белгілі болды.  Келесі күннің өзінде Николай  I Бессарабияда орналасқан әскер басшыларына Прут өзенін өтіп, княздықтарды оккупациялау бұйрығын беріп, манифест жариялады. Бұйрық 1 шілде күні әскер басшыларына жетіп, 2 шілде күні әскер Молдавияға кіріп бұйрық орындала бастады. Ресей мен Түркия арасындағы дағдарыстың барысында Николай және оның үкіметі үлкен қателіктер, әсіресе Англия, Австрия, Пруссия, Франция мен Портаның саясаттарын бағалауда қателіктер жіберіп отырды. Алайда сол уақыттың өзінде Англия мен Франция Меньшиковтың ультиматумына күдікпен қарап, Ресей үшін қауіпті әрекеттерге атанған. Ресей Портамен қарым-қатынас үзгеннен кейін ұлы теңіз державалары өздерінің әскери теңіз эскадраларына тұрақтанған аймақтан Дарданелл бұғаздар маңына жақындауға бұйрық береді. 1853 жылы 13 маусым француз, ал 14 маусым күні ағылшын эскадрасы бұл аймақта тұрақтанды. Алайда Франция мен Англияның әскери әрекетін Николай дұрыс түсіне алмады. Батыс державаларында қалыптасқан жағдайды елшілердің дұрыс түсіндірмеуі патшаның көптеген қателіктерінің, сондай-ақ Ресей тек қана Түркиямен соғысатыны туралы жалған ойлардың себепшісі болды. Англия мен Франция Дарданелл бұғазына жақындап эскадраларын орналастырғанымен, патшаның княздықтарды оккупациялау ниетіне ресми қарсылық білдірмеді. Олар тек Ресей үкіметіне бағытталған орыс әскерлерімен княздықтарды оккупациялау әрекеті еуропалық тепе-теңдік принципін және 1841 жылғы Осман империясының тұтастығы жөнінде конвенцияны бұзатындығын жария етті. Іс жүзінде Англия мен Франция екі жақты саясат жүргізді, өйткені олар Николай I-нің олардың саясатын бағалауда қате ойлармен соғысқа одан әрі араласуын, әлсіреуін мақсат етті. Сонымен қатар, олар орыс-түрік соғысын бейбіт жолмен шешуге тырысқанын жалған көрсеткен. Англия мен Францияның негізгі қойған мақсаты орыс әскерлерін княздықтардан шығару, Түркияның да талабы сәйкесінше болған. Порта Ресейдің әрекетін соғысқа деген алғышарт деп түсінді.

Николай I және оның үкіметі Портаның талабын қабылдамады, ал Нессельродтың 1853 жылғы 1 шілдедегі нотасында Ресей сұлтан патшаның талаптарын орындағаннан кейін және француз, ағылшын эскадралары түрік суларынан кеткен жағдайда ғана княздықтардан әскерін шығаратындықтары  жайлы айтылған.

 Күннен-күнге жағдай қиындап  бара жатты, сондықтан 1853 жылы  қыркүйек айында Австрияның ұсынысымен  Англия, Франция, Австрия мен Пруссия қатысуымен Венада державалар конференциясы шақырылған. Австрияның бұл ұсынысынысының негізгі себебі Австрия Балқандағы соғыстармен қатар жүретін тек түрік славяндарының арасында ғана емес сонымен қатар австриялық славяндардың ұлт-азаттық қозғалыстарынан қорыққан. Конференция Ресей үкіметіне арналған түрік нотасын қабылдады. "Келісу нотасы" Түркия мен Ресей арасындағы дағдарысты бейбіт жолмен шешудегі негізгі құрал болуы тиіс еді. Нотаға сәйкес сұлтан Кучюк - Кайнарджи және Адрианополь келісімдері бойынша православие шіркеуінің құқықтары мен артықшылықтарын толықтай қамтамасыз етіуі тиіс.

Информация о работе Ұлы державалардың позициялары