Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 19:53, реферат
Қазақстандағы ашаршылық, оның демографиялық салдары Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Қарапайым рәсімге (қазақ халқы санының жүргізілген санақтар арасындағы арифметикалық алшақтықты анықтауға) негізделген зерттеулерде шығын, әдетте, 1 млн адам шегінде аталады. Көрінеу көбейтілген бағалаулар да кездеседі, мысалы, белгілі америкалық маман Марта Олкоттың «Әлеуметтік өткенді бағамдау: Орта Азия қазақтары» атты кітабында екі миллиондық құрбандық туралы айтылады.
Қазақстандағы ашаршылық, оның демографиялық салдары Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Қарапайым рәсімге (қазақ халқы санының жүргізілген санақтар арасындағы арифметикалық алшақтықты анықтауға) негізделген зерттеулерде шығын, әдетте, 1 млн адам шегінде аталады. Көрінеу көбейтілген бағалаулар да кездеседі, мысалы, белгілі америкалық маман Марта Олкоттың «Әлеуметтік өткенді бағамдау: Орта Азия қазақтары» атты кітабында екі миллиондық құрбандық туралы айтылады.
Батыстың кеңес кезеңін
Кейінгі кезге дейін проблеманы талдау үшін бірінші және екінші Бүкілодақтық халық санағы (тиісінше 1926 жылғы 17 желтоқсанда және 1939 жылғы 15 қаңтарда жүргізілді) деректері бірден-бір құжат көзі болып келді. Олардың арасындағы қашықтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық кемуінін шыны 1932—1933 жылдардың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткеннен кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ сондай алдынғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыны екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.
1926 жылғы бірінші санақ
Осы деректер тұрғысынан есептесек, сол зұлмат жылдарда Қазақстан өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллионға жуық адамынан айырылған.[5].
Қазақ халық шаруашылығы есеп (Казнархозучет) басқармасы М. Соматовтың жұртқа мәлім мәлімдеме хатында (1937 жылдың 14 қаңтары) Қазақстанның ауыл тұрғындары 1930 жылдың 1 шілдесінен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында 3,4 млн адамға кеміп, ал қала тұрғындары 766,8 мың адамға өскен. Мәлімдеме хатта осы екі аралықтағы қайтыс болғандар айырмашылығы (263,3 мың адам) аштық, індет, жер аудару құрбандары көрсетілмейді.[6].
Осыдан келіп тарихшы-
Аштық құрбандарының саны туралы мәселе
әзірге ашық күйінде қалып отыр деп
ойлаймыз. Елеулі түзетуді, шамасы, МКК
мен ІІБ, Орталық партия органдарының
«К» (құпия) белгісі соғылған, республикалық
жэне облыстық мұрағаттарда сақталған
мұрағат қоймаларынан айналымға
енгізілген материалдардан алуға болатын
шығар. Түбегейлі жаңа деректерді «қуғын-сүргін
санағы» деген атаумен белгілі
Қазақстанда осы кезде басқа халықтар мен этностардың саны: украиндар - 859,4 мыңнан 658,1 мыңға, өзбектер - 228,2 мыңнан 103,6 мыңға, ұйғырлар — 62,3 мыңнан 36,6 мыңға азайғанын да айтқан жөн. Ауыр тағдырға тап болған осы халықтардың өкілдері үйреніскен жерін тастап, азық-түлікке қатысты қолайлылау аудандарға - Сібірге, Өзбекстанға кетуге мәжбүр болды.
Келтірілген деректерден байқағанымыздай, шаруашылықты өктемдікпен талқандаудың салдарынан туындаған ашаршылық ауқымы жағынан жан шошытарлықтай болды. Малдан жұрдай болған қыр халқы өздеріне тән дәстүрлі тағамдары еттен айырылды. Балықшылық, аңшылық және басқа жиын-терім жағдайды түзей алмады. Егін шықпағандықтан ауылда астық болмады (ал болса, астық дайындау науқаны кезінде сыпырып алды).
Мазмұны
Голощекиндік аштық босқындары
Жұтаған аймағын тастап кету де барлық уақытта бірдей қолдан келмеді. Жылқысы, түйесі жоқ, жаяу қалған көшпеліге бірнеше жүз, тіпті мыңдаған шақырымдық орасан зор қашықтықты еңсеру қиынға түсті. Малсыз қалған шаруа шаруашылығына кең-байтақ дала енді асыраушы емес, ажал торына айналды.
Мұқтаждық қуған адамдар тобы бір ғана мақсатпен — тірі қалу үшін қалаларды, кенттерді, станицаларды, теміржол станцияларын кезіп кетті. Олар шоғырланған жерлерде бөртпе сүзегі шықты, адамдар сирек қоныстанған мұндай жерлер үшін бұл бұрын-соңды кездеспеген індет еді. Белпаз ауруға қарсы күресетің иммунитеті болмағандықтан, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметінің әлсіздігінен (көптеген жағдайларда мүлдем болмағандықтан) аштыктан әлсіреген адамдар қазаға ұшырады.
Тұрғылықты халық санына көші-қон да қатты шығын әкелді. Халықтың бастапқы жиынтық санының төрттен бірі, яғни 1 030 мың адам республикадан тыс аймақтарға кешіп кетті. Оның 616 мыңы оралмады, ал 414 мыңы кейін Қазақстанға қайтып келді. Мамандардын бағалауы бойынша оралмай кеткен 200 мыңға жуық адам шет елге — Қытайға, Моңғолияға, Ауғанстанға, Иранға және Түркияға жол тартты.
Қазақтардың іргелес өңірлерге көшіп барып қоныстануына нақты дәлел болатын деректер 1926 және 1939 жылғы санақтарда келтірілген. Егер 1926 жылғы санақ бойынша көршілес республикаларда қазақ, ұлтының 314 мың өкілі тұрған болса, 1939 жылғы санақ бойынша ол 794 мың адамға жетті, яғни көбею салыстырмалы шекте 453 мың адамды құрады.[9]. 1926 және 1939 жылдар аралығындағы санақ аралық кезеңде мигранттар есебінен қазақтар: РКФСР-да 2,3 есе, Өзбекстанда - 1,7 есе, Түркіменстанда — 6 есе, Тәжікстанда - 7 есе, Қырғызстанда 10 есе өсті.[10]. Қайтару және оларды шаруашылыққа тарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бірақ 1938 жылғы «жапон тыңшыларымен» және «ұлтшыл-фашистермен» күрес науқанындағы қуғын-сүргін аласапыранында осы іс-шаралар тежелді. Республика ОК-нің жаңа аппараты «халық жауларының» ісін жалғастыруға тәуекел ете алмады (Л.И. Мирзоян тұтқындалып, атылды). Алайда бұл тарихтың тағы бір зұлмат беттері саналады.
Індет пен Аштықтың демографиялық процесті шайқалтуы[өңдеу]
Аштық және сонымен ілесе келген індет, сондай-ақ көшіп кету өзінің бастапқы кезеңінде-ақ қалыпты демографиялық процесті шайқалтып жіберді. Республиканың тұрғылықты халқының тамыры терең дағдарысты құбылысты еңсере алғанының сыры мынада, оған халық өзінің алғашқы көбею, яғни демографиялық эволюциялық дамудың бірінші сатысында тап болды. Тек соғыстан кейінгі өзінің классикалық нұсқасындағы демографиялық өрлеудің арқасында (шыны 1962 жылға келеді) қазақ этносы орасан зор шығыннан аман қалды. Халықтың бұрынғы саны 40 жылдан кейін, яғни 1969 жылы қалпына келтірілді. Егер демографиялық жарылыс және оның осы кезге дейінгі «өрлеуі» болмағанда, халық санының осы іспеттес ұлттық дағдарысын еңсеру үшін кемінде 100-120 жыл, яғни 2-3 есе көп уақыт керек болар еді. Осыған қарамастан, бұрынғы толқын тәріздес күрделі тарихымызды қайталап, бірақ әр ұрпақтың ауысуы арқылы оны бірте-бірте еңсере отырып, оның салдары әлі ұзақ уақытқа — 150-170 жылға дейін созылатын болады.
Сол жылдардың қайғылы оқиғалары себептерін дәстүрлі тарихнамада айтылып келген «қателіктер мен асыра сілтеулер» салдарымен ғана түсіндіру мүмкін емес. Қайта керісінше, бұл арада заңды құбылыс орын алған, яғни жұмылдыру-әкімшілік және волюнтаристік-күштеу әдістері өзінің табиғатынан стихиялы келетіні анық. Оның негізінде саяси-идеологиялық құралдарды ел өміріне кеңінен енгізу, шаруашылықты басқаруга қолдану, құқықтық нормаларды және адам факторларын (бүгінгі тілмен айтқанда) аяққа басу үрдістері жатыр. Тиісінше, қателіктер мен асыра сілтеулер қоғамды ұйымдастырудың сталиндік үлгісінін объективті логикалық шындығын білдіреді.
Осы алғышарттарды сезіне отырып, сонда да көкейге келген мынадай сұрақтан бас тарта алмаймыз: сол кезде мұндай қайғылы оқиғаларға қалайша жол берілді? Оның үстіне, қазір де Сталиннің және оның ең жақын серіктерінің елдің жағдайын, Даладағы тартыстың ауқымын толық білмегендігі, оларға теріс ақпараттар берілгендігі туралы және т.б. пікірлер айтылуда. Шындығы солай ма?
Шынындада, өлкеде қалыптасқан жағдай туралы Мәскеуде баяндама жасап, оралғаннан кейін Л.И. Мирзоян (оның республикалық партия ұйымының басшылығына енді кіріскен кезі) мен ҚАКСР ХКК-нің төрағасы О. Исаевтің Қазолком бюросы отырыстарының бірінде айтқанындай, Л. Каганович қатты абыржыған. Ол ылғи да: «Бұлай болғаны қалай? ОК бұл туралы неге газеттен оқып біледі (тап-таза жалғандық, өйткені баспасөз ол кезде өз «ақпараттарын» рұқсат етілген насихаттық шамадан әрі асыра алмады. — авт.)? Бұл туралы (яғни ашаршылық, көшіп кету т.б. — авт.) үндемеу кімге («зиянкестерге» үйреншікті тұспал. — авт.) пайдалы?» деп қатты ашуланып, қайта-қайта сұрай берген.
Орталыққа шынында да апаттың ауқымы туралы айтылмады ма, әйтпесе осындай ерсілік қайдан шықты. Бірақ құжаттар мүлдем керісінше деректер келтіреді. Ең алдымен Қазақстан ХКК-нің төрағасы О. Исаев қол қойған ресми үкіметтік жазбада (1932 жылғы мамыр) келтірілген біршама ақиқат ақпарат белгілі. Сондай-ақ басқа да пікір бар, БК(б)П Батыс Сібір өлкелік партия комитетінің хатшысы Р. Эйхе мен Өзбекстан ОАК-нің төрағасы Ю. Ахунбабаев Мәскеуге Қазақстандағы ашаршылықпен көшіп кету туралы хабарлаған (ақылға қонады, өйткені Батыс Сібір мен Өзбекстан босқындардың үлкен тобын қабылдаған және олардың басшыларының Сталинді бұл туралы хабардар етпеуі мүмкін емес).
Сондай-ақ осыған байланысты бір эпизод еске түседі, В. Молотов Батыс Қазақстандағы осындай жаппай ауа көшуге байланысты қатты алаңдаушылық білдіргенде, Ф. Голощекин онда таптық жат элементтер тағы да бірденені бүлдіріп жүр деген түсініктеме берген (сондай жалтарма түсініктемелер сол жылдары бүкіл: құбырдың жарылуынан бастап даладағы өртке дейінгі проблема туралы айтыла салған). Голощекиннің ауа көшудін мәні туралы түсінігі оның сөйлеген сөздерінен байқалады: «Қазақ өз ауылынан басқа ешқайда шықпаған, өзінің көшетін жеріне баратын жолдан басқа еш жолды білмейді, енді Қазақстанның ішінде бір ауданнан екінші ауданға көшіп-қонумен жүр, орыс, украин колхоздарының жұмысына, Еділ бойы мен Сібірдегі шаруашылық құрылыстарына да араласты. Әрине, мұндай көшу шаруашылық пен тұрмысты өзгертеді, ескі тұрмысты бұзады, нәтижесінде дәстүрлі шаруашылық қирауда. Шығын жоқ емес. Олар — ұлтшылдар — мұның тек қайғылы, шаруашылықтың қираған жақтарын, басқалары — «солшыл» сөзшендер бұдан тек контрреволюцияны ғана көреді. Әрине, қайсыбір деңгейде ана элемент те, мына элемент те бар, алайда тұрмысты қайта құру жүріп жатыр».[11]. Халықтың үлкен тобының әрлі-берлі стихиялық қозғалысын «тұрмысты қайта құру» емес, қарапайым экономикалық мұқтаждықтың тудырғаны республиканың бірінші басшысының ойына кіріп те шықпады.
Биліктің жоғары эшелондағыларының екіжүзділігіне РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т. Рыскұловтың [12]. Сталинге жазған хаты куә бола алады.
Онда былай деп жазылды: «Шамамен Қазақстан өлкесімен көршілес көшіп-қонып жүрген жерден алынған соңғы деректер бойынша қазір қазақтар: Орталық Еділде - 40 мың адам, Қырғызстанда - 100 мың адам, Батыс Сібірде — 50 мың адам, Қарақалпақта — 20 мың, Орта Азияда 30 мың адам шамасы. Көшпелілер тіпті Қалмақ жері, Тәжікстан, Солтүстік елке және т.б. шалғай жерлерде де бар. Халықтың бір бөлігі байлары бастап Батыс Қытайға да көшіп барған. Қазақтардың орталық аудандарға қарай көшуі бірінші рет байқалып отыр. Бұл жай көшу емес (әдеттегі жазда, шағын қашықтыққа және малдары болған кезде), аш адамдардын елеулі бөлігінің талғажау іздеп босуы. Көшіп кетушілер жекелеген аудандар бойынша аудандар халқы жалпы санының 40—50%-ына жетеді...
Бірақ қазақ шаруашылықтарының осы көшіп-қонулары мен сергелденге түсуінің ең теріс нәтижесі — қазақ халқының басына түскен 1932 жылы басталған ашаршылық пен індет, ол жазда азайып, енді тағы да жан шошытарлық мөлшерде асқынып отыр. Өткен көктемде қазақ аудандарында және көшіп-қонушылар арасында аштық пен індеттен болған өлімнің көбеюі байқалады. Ашаршылық тудырған індет қазір көктемнің жақындауымен қайта өршиді. Міне, жергілікті материалдардан алынған және соңғы кезге қатысты бірқатар фактілер. Бірқатар өлкелерден РФКСРХКК комиссиясының жұмысына қатысу үшін келген өкілдер мынадай фактілерді хабарлады: Илларионов жолдас (Орта Еділ өлкелік атқару комитетінен) Тұзтөбе және Ор аудандарында көшпелілер арасында күн сайын 5-10 адамның өлетінін айтты; Алағызов жолдас (Батыс Сібіратару комитетінен) тек бір Сібір теміржолы станцияларында 10 мың қазақтың шоғырланып қалғанын, араларында індеттің жайлағанын және олардың едәуір бөлігінің өліп жатқанын хабарлады; Солтүстік жол құрылысы кірпіш зауытында 84 қазақ жұмыс істеген, кейін оларды жұмыстан шығарған, олардың 14-і аштан өлген, сол үшін кінәлілер жауапкершілікке тартылған; Туғанбаев жолдас (Қырғыз OAK төрағасының орынбасары) Фрунзе қаласында және оның айналасында 10 мыңға дейін қазақтың (ол туралы БК(б)П ОК-іне және БК(б)П Кыробкомына жазылды) шоғырланып қалғанын және күніне 15—20 адамның (әсіресе балалар) қайтыс болатынын хабарлады.
Көшпелілердің жағдайы Қазақстанның өз ішінде де онып тұрған жоқ. Көптеген қалалар мен теміржол станцияларында (Әулиеата, Шымкент, Семей, Қызылорда және т.б.) күн сайын өлген қазақтардың мәйітін тасып жатқанын көруге болады. Шу ауданында (уәкіл Жандосов жолдастың хабарлауы бойынша), аудан орталығында, Новотройцк селосында күніне 10-12 қазақ өледі және көшпелілердің 60 пайызы ауданнан кетіп қалған.
Сарысу ауданында жұмыс істейтін 7000 шаруашылықтан 500-ге жуық шаруашылық қалды, ал қалғандары Әулиеатаға және басқа аудандарға көшіп кетті, олардың бір бөлігі тіпті Қырғызстанға барыпты. Қарашада осы ауданнан бірнеше жүз қазақ отбасылары үдере көшкен. Жолда халықтың бір бөлігі аштықтан қырылған. Қаңтардың бір ғана екінші жұмасында 24 мәйіт көмілген. Жолшыбай оларға қарулы бандиттар шабуыл жасаған. Әйелдер балаларын суға лақтырыпты. Әулиеата қаласында 5-6 қаңтарда шайханалардан балалардың мұз болып қатып қалған 20 мүрдесі шықты және осы мерзімде 84 ересек адам қайтыс болды. Ақтөбе облыстық комитетінің 1932 жылғы 16 қазандағы қаулысында Жосалы теміржол станциясына келген (және кейін Сексеуіл станциясына жіберілген, бала-шағасымен кері оралған 300-400 дейінгі көшпелілер отбасынан 100 адамның (дәлемесдеректер бойынша) оларға көмек жасалмағандықтан өлгені (оның ішінде 21 адамның кәдімгі шешектен) көрсетілген, станцияда қазақтардың таяк жегендері де бар. Аталған қаулыда аудандық ұйымдардың «қазақтардың жаппай өлуіне көз жұмып қарағаны» айтылады. Оқиға шілде айының аяғында болған, ал обкомның қаулысы қазан айында шығарылған.