Дәрігер-науқас-мейірбике қарым-қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 19:27, реферат

Краткое описание

Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice – адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология (греч. deon – парыз; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), – яғни бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Қазіргі заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді:



ғылыми – медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы;

Содержание

I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Медбике және науқас қарым қатынасы
2.Дәрігер медбике қарым қатынасы
3.Дәрігер-пациент қарым-қатынасы,модельдері
4.Сұхбаттасудың әдістері
5.Дәрігер қызметінің заңмен реттелуі
III.Қорытынды
—Пайдаланған әдебиеттер:

——

Вложенные файлы: 1 файл

кд жамиля.docx

— 498.39 Кб (Скачать файл)

   Науқас адамдармен жұмыс  жасау – қиын әрі үлкен жауапкершілікті  талап ететін қызмет.

Дәрігердің кәсіби қызметі ауру адаммен байланысты: тірі ағзаларды құрайтын биологиялық жүйелердің ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар қоғамдық байланыстың әр түрлі болуы қайталанбас психикалық көрініс құрайтын тәуелділікке байланысты.

Дәрігердің мамандығы – ерлік.

 

Ол төзімділікті,қайсарлықты, жанның тазалығы мен ақыл ойдың ізгілігін, ішкі болмысының негізін қажет етеді,үздіксіз өнегелі қасиеттерін бойына сіңіре білген маман иесі ғана мақсатына жете алады.

Дәрігер ауру адамға моральдық жағынан да қолдау көрсету қажет. Дәрігер мен ауру адамдардың арасындағы қарым-қатынас белгілі бір жүйеге түсу үшін дәрігердің де бойында адами қасиеттер болғаны дұрыс.

Күйзеліске түскен жандардың ең басты емі - жан жылуы екендігін жақсы түсінуіміз тиіс.

Коммуникативтік дағдыларды қолдану үшін науқастарды емдеудің жаңа технологияларын қолданысқа енгізіп,оның нәтижелі болуына көп көңіл бөліп,сапалы көрсеткіштерге қол жеткізуге үлес қосуымыз қажет.

 

Адам неғұрлым талантты, дарынды болған сайын, ол өзінің еңбегін, шығармашылығын, тапқырлығын үстей береді, сөйтіп оның еңбегі жігерлі еңбек болады.

«Басы ауырып, балтыры сыздаған» кез келген адамға қол ұшын бере алатын, көмек қолын соза алатын құдірет иесі біреу-ақ, ол – дәрігер.Жанары жәутеңдеген, ағзасын ауру меңдеген науқас адамға ерекше көңіл бөлу, рухани дем беру, дертіне шипа беру, жан жылуын сыйлау- әрбір дәрігердің парызы болғанын қалар едім.

Ежелгі грек философы Сократ айтқан екен:

«Жанды емдемей, тәнді емдей алмайсың» деген ұлағатты ойы есіме түседі осындайда.

Маман иесі өте көп, алайда өз ісіне мығым, ойы мен ісін шеберлікпен ұштай алатын нағыз мамандар саусақпен санарлық.

  Сол кезде жүрек сыздап, көңіл құлазитын кездер де кездесіп тұрады.Үстіне ақ желең киіп отырып, есіктен енді еніп үлгірмеген сырқатты сыздана қарсы алып, ызғарымен ықтыратын дәрігерлер де кездеседі:

-Алатыным аз айлық. Сенің асты-үстіңе  түсіп бәйек болатын уақытым  жоқ. Тезірек ауыратын жеріңді  айт,- деп дікеңдейтін де дәрігерлер  бар.

Науқас адам сенен тән саулығын жазар деп үмітпен келгенде,сен оның жан дүниесін де ауыртып жіберетін кездер кездесіп жатады. Сондықтан әрбір дәрігер жақсы маман болумен қатар, жан дүниесі де рухани бай, психолог болу қажет деп ойлаймын.

Әр адамның мүддесі болады. Адам болған соң оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ол тілеуінің жолындағы амалы да адамына қарай түрлі болады. Неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады. Сол секілді науқас адамның бойындағы жігерлікті, қайраттылықты жүрегіне ұялата алсақ, қажеттілікті сезіндіре білсек, психикалық тіршілігінің маз-мұнын байытатын қозғаушы күш болып табыламыз.

 

 

Әрбір науқас қуанышқа жетуге, ауруынан айығуға ұмтылады. Оған жетудің сенімді жолы - ойлау жүйесін бақылай білу. Ол сыртқы факторлар мен жағдайларға да байланысты,әрі қасында жүрген адамдардың да қарым-қатынасына да байланысты.

Науқас адамдарға көңіл бөлу - бүкіл дәрігерге ортақ парыз. Өз қызметін дамыту үшін әр дәрігер өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғам мен ұжым қоятын талаптарды ескере отырып, бұларға сын көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы тиіс. Кім жақын адамдарына бақыт әкелгісі келсе немесе еңбекте табысқа жеткісі келсе, сол адам өз бетімен өзін-өзі тәрбиелеу жолында еңбегін сарп еткені жөн.

 

Адам – ақыл ойы бар қоғам мүшесі. Сондықтан оның психикалық қасиеттері қоғамдық тұрмыс жағдайларының шешуші әсері арқылы қалыптасады. Оның іс-әрекеті белгілі бір мақсатқа бағынады. Қазіргі күрделі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп біліп қана қоймай, сонымен бірге адамдардың түбірлі мүддесі мен заман талабына сай дұрыс шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет.

Адамдармен қарым-қатынасты орнықтыру үшін мәдениеттілікті басты назарда ұстау қажет. Адамдардың ішкі рухани әлемінің маңыздылығын, адамгершілікті жетілдіру қажеттілігін жете түсіну де керек. Ал дәрігер клиникада коммуникативтік дағдыларды тиімді пайдаланғанда ғана философиялық концепцияларды терең түсінуге жол ашады. Дәрігер науқастардың әрқайсысына дұрыс қарым-қатынас орнату үшін жоғарыда айтылған дағдыларды ескеру қажет.

Ибн Синаның дәрігерлерге айтқан төмендегі сөзін

 

«Ақ халатты абзал жан» атанамын деген әрбір дәрігер өз ұстанымы ретінде қабылдаса нұр үстіне нұр болар еді.

Дәрігер қыран құстай қырағы,

Қыз баладай епті,

Жыландай ақылды,

Арыстандай жүректі болуы тиіс».

 

коммуникативтік қарым-қатынас жасау деңгейіне жеткізіп, дәрігер тілінде сөйлету әрекетін жүзеге асыру тұрғысында студенттерге мәтін құрғызу мақсаты көзделді. Міндеті: аналитика-синтетикалық немесе керісінше жасалған сөздермен мәтін құрғызу арқылы науқаспен дәрігерше тілдесім әрекетінде сауатты сөйлесе білуге жаттықтыру.

 

 

 

                    Сұхбаттасудың әдістері

Медициналық сұхбаттасу – клиникаға салымтырмалы жақында  келген термин.

Cұхбат әдісі - әлеуметтік психологияны  зеттеу әдістерінің бірі. Мұнда  зерттеуші (сұхбаттасушы) сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей  оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа  орай, арнаулы жоспар бойынша  жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының  ниетін қас-қабағынан біле алатындай  әдісқой тәсілшіл, білгір кісі  болуы қажет. Сөйлеу әдісінде  анкета арқылы анықталуы қиын, ұсақ-түйек детальдармен мәселенің  түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік  туады. Осы әдіс арқылы жиналған  материалдың объективтілігіне ерекше  мән бермейінше болмайды, өйткені  зерттеушінің әнгімесіне ықыластанған  адам кейде жаңсақ, екі ұшты  мәліметтер беріп қоюы да ықтимал. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне  орай сұхбат бірнеше түрге  бөлінеді. Ол жеке адамдармен (жеке  сұхбат), сондай-ақ арнайы ұйымастырылған  топтармен де (отбасы әулеті,дос-жарандар  тобы т.б ) жүргізіледі. Сұхбаттың  стандарттық (алдын ала жасалған  нақты бағдарлама бойынша), үлкен  тақырыптық төңірегінде құрылған  түрлері де бар.

Сұхбаттасу кезінде зерттеуші белгілі бір дәйектілікпен қойылатын, алдын ала дайындалған сұрақтарды пайдаланады. Сұхбат кезінде жауаптар ашық түрде жазылады.

 

Сауалнама — сауал арқылы бұқаралық әдіспен материал жинау. Сауал кімге жолданған болса, сол сұраққа жазбаша жауап береді. Әңгіме мен сұхбат бетпе-бет сұрау делінсе, сауалнама — сырттай сұрау.

 

Әңгіменің, сұхбаттасудың және сауалнаманың нәтижелілігі көп жағдайда берілетін сұрақтар мазмұны мен құрылымына байланысты болады. Әңгіме, сұхбат және сауал жоспары  бұл сұрақтар тізімі. Сұрақтарды әзірлеп алуға қажетті ақпараттар сипатын анықтауды ұйғарады; қойылатын сұрақтардың құрылымы; сұрақтардың алғашқы жоспарын жасау және оны алдын ала зерттеуде тексеру; сұрақтарды түзету мен оны түбегейлі редакторлаудан өткізу.

 

Өз функциясына қарай сұрақтар негізгі және жорамалды, бақылау немесе анықтаушы болып келеді. Сұрақ түрі жауаптың толықтығы мен шыншылдығына ықпал жасайды. Сұрақтар қысқа, мазмұны жағынан анық, қарапайым, дәл және бірмәнді болуы тиіс.

 

Сауалнама сұрау сұралатынның өмірбаян деректерін, ойын, құндылық бағдарын, әлеуметтік қондырғысын және жеке қасиеттерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

 

Қажетті ақпаратты алу тәсіліне орай сауалды сұрақтардың бірнеше типтері кездеседі: тұтас (мысалы, халық санағы), таңдаулы (жас топтарына, жұмысшы ұжымына қарай); ауызша (сұхбат) және жазбаша (сауалнама); жеке және топтық; күндізгі және сырттай (пошта, телефон арқылы).

       Дәрігер қызметінің заңмен реттелуі

 Дәрігер қызметі кез келген  мамандық секілді заңмен реттелуі  тиіс. Өз ісіне адал дәрігерлер  саны аз, өз қызметіне немқұрайлы  қараған дәрігерді топ моральдық  және әкімшілік емес, сонымен  қатар қылмыстық жауапкершілікке  тарту керек. Жағымсыз нәтижелерге  байланысты ғалымдар көп дәрігерлердің  барлық іс-әрекетін келесі үш  топқа бөледі: Дәрігерлік қателіктер  Абайсыз болған оқиғалар Қылмыстық  тәртіпке сәйкес жазаланатын  қателіктер Дәрігер қателіктерінін  себептері жалпы 2-ге бөлінеді: Тура-деонтологиялық; Жанама- диагностикалық,тактикалық, техникалық. И. Ф. Огарков бойынша дәрігерлік  қателіктерді 2 топқа бөледі: Ауруды  диагностикалаудағы қателік Ем-шараларды  жүзеге асыру мен тағайындаудағы  қателіктер Краковский және Герцман  хирургиялық қателіктер классификациясын  ұсынады: Диагностикалық; Емдеу-тактикалық; Емдеу-техникалық; Ұйымдастырушылық; медициналық  құжаттарды жүргізудегі қателіктер; Медициналық мекемедегі медициналық  қызметкердің тәртіп бұзушылықтары  Заңгер И.Ф.Крылов төмендегідей  дәрігер қателіктерін топқа жіктейді: Диагностикалық, ауруды танымау  не қате тану Техникалық,медициналық  техниканы дұрыс пайдаланбау,сәйкес  емес медикаменттер мен диагностикалық  құралдарды қолдану.

 Деонтологиялық қателіктердің  салдарынан болатын ятрогенді  аурулар болады. Біздің ойымызша  ятрогения емдеу мекемелерінің  жұмысындағы өте маңызды ақау. Ол медициналық қызметкерлердің  жоғары кәсіби дәрежесінің жетіспегендігін, ұжымдағы тәрбиелік шаралардың  әлсіздігін көрсетеді. Халыққа медициналық  көмек көрсетудің сапасы мен  уақтылылығын жетілдіру үшін  аурулардың диагностикасы мен  емделуі, соның ішінде емдеудің  амбулаториялық деңгейіндегі емделуі  хаттамалары әзірленіп, бекітілді. Ортақ дәрігерлік практика енгізу  мақсатында 2006 жылғы №124 «Алғашқы  медициналық-санитарлық көмек көрсететін  медициналық ұйымдардың қызметі  туралы» бұйрық бекітіліп, ҚР  Әділет министрлігінде тіркелген. Осы бұйрықпен сол сияқты АМСК  ұйымдарының үлгі штаттары мен  штаттық нормативтері бекітілген. Денсаулық сақтау министрлігі, жергілікті  органдар және денсаулық сақтау  ұйымдары әлеуметтік маңызды  және айналаға қауіп төндіретін  аурулармен күрес жөніндегі мақсатты жүргізуде.

 


Информация о работе Дәрігер-науқас-мейірбике қарым-қатынасы