Криминологияның идентификациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 17:36, реферат

Краткое описание

Қылмысты тергеу барысында, кейде қандай да бір заттың, адамның, құбылыстың қылмыстық оқиғамен байланыста болғанын анықтау қажеттілігі туындайды.
Ол үшін криминалистикалық идентификация және диагностика деген криминалистиканың арнайы әдістері кеңінен қолданылады.
«Идентификация» термині латынның identificare -теңдестіру деген сөзінен шыққан.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ WordPad (7).doc

— 68.43 Кб (Скачать файл)

 

Объектінің нақтылы бір топқа жататындығын анықтау осы объектінің белгілерін зерттеу негізінде және топтас басқа объектілердің белгілерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Осылайша, ұңғыдан өту нәтижесінде пайда болған оқтағы өзгерістер, яғни, қалыбы, өлшемі, конструкциясы және іздері арқылы қандай қару моделінен атыс жүргізілгендігін аңғаруға болады.

 

Осы жерде қару  табылып және оқиға болған жерден алынса, зерттеудің келесі кезеңі ретінде нақты қаруды теңдестіру, яғни, идентификациялау жүреді. Алайда, қару болмаса, ал объектінің жеке даралығын анықтайтын оқ үстінде белгілер болған жағдайда да, теңдестіру тек белгілі бір топқа жататындығын анықтаумен ғана аяқталады.

 

Іздерде объектіні жеке даралайтын белгілер кескінделмеген жағдайда да белгілі бір топқа жататындығын анықтаумен шектелуге тура келеді. Осылайша, көлік құралдарының іздері бойынша автомобиль моделін (яғни, ол көліктің тобы) анықтауға болады, алайда ізде осы көлікті теңдестіретіндей белгілердің болмауы, көліктің өзі табылған жағдайда да, оны идентификациялауға мүмкіндік бермейді.

 

Сонымен, белгілі бір топқа жататындыеын анықтау деп объектінің нақты топқа, түрге, яғни, біртектес объектілер тобына жататындығын анықтауды айтамыз (мысалы, ұрлық болған жерде табылған бұзу құралынан қалған із бойынша құрал түрін анықтау).

 

Белгілі бір топқа жатқыза отырып жіктеудің бір түріне шығу тегінің біртектес екендігін анықтауды жатқызуға болады. Мұндай зерттеу нәтижесінде бір немесе бірнеше объектілердің бір топқа жататындығы анықталады.

 

Аталмыш объектілер қатарына қаламсаптағы және мәтін штрихтарындағы сия жатады; мәйіттен алынған бытыра және күдікті патрондардағы бытыра және т. б. Бұл жерде салыстыру негізінен объектілердің ішкі қасиеттерін көрсететін белгілер арқылы жүргізіледі.

 

Басқа жағдайларда шығу тегінің біртектестігі сыртқы белгілерді салыстыру негізінде анықталады. Мысалы, өндіріс механизмдерінің жасалу процесін көрсететін іздер бойынша нақтылы кезеңде белгілі тауарлар жиынымен бірге шыққандығын анықтау болады. Мұндай зерттеулер көбіне көптеп шығаратын өнімдерге қатысты жүргізіледі.

 

Сонымен түйіндей келе, белгілі бір топқа жататындығын анықтауға әр түрлі себептерге сәйкес идентификация мүмкін болмаған жағдайларда жүгінеді, осыларды тағы да атап өтейік.

 

Бірінші оқиға. Теңдестіруге жататын объектіде бейнеленген белгілер жиынтығы тепе-теңдік туралы мәселені шешуге жеткіліксіз. Мысалы, аяқ киім ізінде тек табанның өлшемі мен қалыбы кескінделген. Бұл белгілер әдетте, аяқ киімнің түрі мен мөлшері туралы мағлұмат бере алады.

 

Екінші оқиға. Тендігін шығаруға тиісті объект біршама өзгеріске ұшырады. Белгілердің жаңа жиынтығы идентификациялауға көмектесетін объектіде кескінделген белгілермен сәйкес келмейді. Мысалы, оқ атылған оқиға болған жерден алынған тапанша, көп уақыт дымқыл жерде жатып қалып, оның ұңғысы даттанып кеткен. Әрине, оңтағы іздер кескінделген белгілер өзгеріске ұшырап, кейбіреулері мүлдем жоғалған. Тепе-теңдігін табу туралы мәселе ашық қалады. Сарапшының қарудың түрі немесе моделі жайлы қорытындымен шектелуіне тура келеді.

 

Үшінші оқиға. Іздердің пайда болу механизмінің ерекшелігі соншалықты, нақты объектіні жекелейтін белгілер көбіне кескінделмей қалады. Мұндай іздерге мысалы, егеумен жасалған аралау іздерін жатқызуға болады. Құрал-сайманды идентификациялауға бұл іздер көмек бермейді. Кейде олар бойынша егеудің түрін және түсірген ізін, яғни, осындай құрал-саймандар тобын анықтау мүмкіндігі пайда болады.

 

Төртінші оқиға. Теңдестіруге көмектесетін объект (мысалы, із) бар, алайда теңдігін табу қажет объект белгісіз (анықталмаған). Мұндай жағдай тергеудің бастапқы кезеңіне қатысты, әдетте, окиға болған жерді қарау процесінде осы жерде табылып жатқан іздер белгілі бір топқа жататындығын анықтау үшін қолданылады. Бұл тергеу оқиғасына қатысты объектілердің іздеп-табылуын жеңілдетіп, жылдамдатады.

 

Қарағанды облысының шаруа қожалығының бірінде белгісіз қылмыскерлер түнде дүкен иесіне қатысты қарақшылық әрекет жасайды. Оқиға болған жерді қарау барысында қылмыскерлер қолданған автокөлік дөңгелегінің іздері табылады. Қарауға қатысқан маман-криминалист іздерді алдын ала зерттеуден өткізіп, олар «ВАЗ-2121» автокөлігімен қалдырылған  деген өз ойын білдірді.

 

Жол полициясы басқармасының тіркеуіне сөйкес мұндай көлік түрі аудан әкімшілігінде бар екен. Жедел іздестіру қызметкерлері тез арада жүргізушіні анықтап, ол өзінің сыбайластарының сырт келбет белгілерін атайды. Қылмыскерлердің барлығы сол күні ұсталады.

 

Бесінші оқиға. Бірқатар объектілер өзінің кеңістікте тұрақты құрылымы болмағандықтан, мүлдем идентификациялауға келмейді.

 

Әңгіме бұл жерде сұйық, ұнтақты, сусымалы және осы тәріздес нәрселер туралы болмақ. Аталмыш объектілерді зерттеу нәтижесінде олардың тек белгілі бір топқа жататындығы ғана анықталуы мүмкін. Мұндай зерттеулер осы объектілер арасындағы байланысты аңғаруға немесе олардың бір шығу тегін анықтау мақсатында жүргізіледі.

 

 


Информация о работе Криминологияның идентификациясы