Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 22:09, реферат
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі — қылмыстық заң туралы ілім болып табылатынын анықтау;
қылмыстық заң дегеніміз — Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт екендігіне сипаттама беру;
қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылатындығын зерттеу болып табылады.
Кіріспе................................................................................................................3
1 Қылмыстық заң: жүйесі және құрлымы...........................................................5
1.1 Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні.................................................5
Қылмыстық заңның құрылымы......................................................................6
Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші..........................................................7
2 Қылмыстық заң бойынша қолданылатын шаралар.........................................12
2.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру.......................................................12
2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші..............................................................13
2.3 Қылмыстық заңды түсіндіру..........................................................................15
Қорытынды............................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................20
Мерзімдерді есептеудің жалпы қағидаттарына сәйкес белгіленген мерзімнің соңғы тәулігі өтісімен заң күшіне енген болып саналады.
Қылмыстық занды дәлме-дәл, дұрыс қолдану үшін қылмыстың жасалу уақытын анықтаудың маңызы зор.
ҚК-тің 4-бабына сәйкес қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған уақыт, зардаптың басталған уақытына қарамастан қылмыс жасалған уақыт деп танылады.
Бұл норма материалдық сондай-ақ формальды қылмыс құрамының жасалу уақытын анықтайтын бірыңғай ережені бекітеді.
Қылмыстық заң мынадай әр түрлі негіздерге байланысты өзінің күшін жоюы немесе тоқтатуы мүмкін:
а) сол заңды басқа жаңа заң алмастыруына байланысты;
ә) заңда көрсетілген мерзімнің өтуіне я болмаса басқа заңдардың болуына байланысты;
б) егер қылмыстық заң белгілі бір мерзімге немесе ерекше мән жайларға қатысты шығарылса, онда ол белгіленген мерзімнің өтуімен немесе аталған мән-жайлардың жойылуымен өзінің күшін жоюы не тоқтатуы мүмкін[8].
ҚК-тің 5-бабы қылмыстық заңның кері күшін қолдануға, яғни жаңадан қабылданған қылмыстық занның күшінің ол заңды күшіне енгенге дейінгі болған әрекеттерге қолданыла беруіне мүмкіндік береді.
ҚК-тің 5-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жөңілдететін заңның кері күші болады, яғни мұндай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады[1].
Жаңа қылмыстық заң мына жағдайларда әр кезде де кері күшке ие:
1) әрекеттің
қылмыстылығын немесе
2) жауаптылықты немесе жазаны женілдеткенде;
3) қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолдармен жақсартқанда.
Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын заң болып әрекеттің қылмыс қатарынан (яғни Қылмыстық кодекстен) алынып тасталуын көздейтін немесе осы әрекет үшін оның жазаланушылығын жоятын заң танылады.
Жаңа заңның, ескі заңмен салыстырғандағы жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететіндігін анықтау мәселесі екі заңның да диспозициясы мен санкциясын салыстыру негізінде шешілуі қажет.
Өзгеріске түспеген диспозицияда егер жаңа заң:
1) жазаның бір түрін басқа түрімен — жеңіл жазамен ауыстырса (мысалы, бас бостандығынан айыруды түзеу жұмыстарына ауыстырса);
2) жазаның бұрын көзделген бір түрінің орнына (мысалы, бас бостандығынан айыру) жаңа заңның санкциясында басқа да неғұрлым жеңілірек жазалар енгізілсе (мысалы, бас бостандығынан айыру немесе түзеу жұмыстары немесе айыппұл);
3) көзделген
жаза мерзімінің ең жоғарғы
жазалау шегін азайтса (мысалы, 2
жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге
бас бостандығынан айыруды, 2 жылдан
5 жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айырумен
4) сондай
жазаның ең төменгі жазалау
шегін азайтса (мысалы, 2 жылдан 5 жылға
дейінгі мерзімге бас
5) негізгі жазаны өзгертпестен қосымша жазаны алып тастаса;
6) негізгі жазаны өзгерту мүмкін емес болған жағдайда қосымша жазаның түрін және мерзімін жеңілдетсе;
7) жаңа
заң бойынша жазалауды алдыңғы
заңмен салыстырғанда бір
Бұл орайда алдыңғы заңда белгіленген жазаның ең жоғарғы шегінен, тағайындалған жазаның шегі жоғары болмауы тиіс.
Қылмыстық заңның кері күші сотталған және жазасын отеп жүрген немесе бұрынғы, қатаң норма бойынша жазасын өтеген бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттің жазаланатындығын женілдетсе, тағайындалған жаза жанадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс (ҚК-тің 5-бабының екінші бөлігі).
ҚК-тің 5-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, мына жағдайда қылмыстық занның кері күші болмайды:
1) егер ол әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілесе;
2) егер ол жауаптылықты немесе жазаны күшейтсе;
3) егер
ол әрекетті жасаған адамның
жағдайын өзге де жолмен
Қылмыстық заңды түсіндіру деп, сол заңды дұрыс қолдану үшін оның мазмұнын заң шығарушының еркіне сәйкес ашып көрсетуді айтамыз.
Түсіндірудің қажеттілігі тек кейбір заң мәтіндерінің анық еместігіне және толық еместігіне байланысты олардың мазмұның ашып көрсетуден ғана емес, сонымен қатар оны пайдалануда басқа заңдардан ажыратып, жігін ашып, бөліп қарастырудан туындайды.
Заңды түсіндіру заңдарды, заңнаманы дұрыс түсінуге, заңдылықты нығайтуға үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңды түсіндіру әр түрлі негіздерге байланысты бірнеше түрлерге бәлінеді. Яғни ол:
а) субъектісіне байланысты, яғни кім түсіндіретіндігіне байланысты:
— аутенпткалык, (түпнұсқалық);
— легальды (заңды, ресми);
— соттық;
— дектриналдық, (ғылыми);
ә) көлеміне байланысты, яғни қылмыстық заңның күші тарайтын әрекеттер (қатынастар) шеңберіне байланысты:
— дәлме-дәл;
— таралған (кең көлемдегі);
— шектелген (тар көлемдегі);
б) әдістеріне байланысты, яғни қалай түсіндірілетіндігіне байланысты:
— грамматикалык, (филологиялық);
— жүйелі;
— тарихи болып бөлінеді[2].
Аутентикалық түсіндіру — бұл заң шығарушы органның өзінін занға түсініктеме беруі. Аутентикалық түсіндірудің заңдылық күші бар және ол жалпыға бірдей.
Легальды/ресми түсіндіру — заң бойынша арнайы өзіне жүктелген осы міндетті атқаруға құзыретті органның заңға түсініктеме беруі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституцияның нормаларына ресми түсініктеме береді[10].
Соттық түсіндірме деп — соттың нақты бір қылмыстық істі қараудағы беретін түсіндірмесін айтамыз. Сот түсіндірмесінің нормативтік күші бар. Ол үкімнің заңды күшіне енуінен кейін сол іс бойынша міндетті болады.
Соттық түсіндірменің ерекше түрі болып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының нормативтік қаулылары табылады. Сот талқылауын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құзыретінде. Мұндай соттық түсіндірменің мысалы, Республика Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 23 сәуірдегі "Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін зандарды соттардың колдану тәжірибесі туралы" Қаулысы бола алады.
Доктриналдық ғылыми түсіндіру — ғылыми мекемелердің, заңгер-ғалымдардың, құқық қолдану және құқық қорғау қызметкерлерінің оқулықтарда, монографияларда, ғылыми-тәжірибелік мақалаларда, баяндамаларда, дәрістерде -заңды күшіндегі қылмыстық заңдарға түсініктеме беруі.
Дәлме-дәл түсіндіру деп заңның өз мәтіні мен зан нормаларының оның мазмұнына және мәнісіне, оның сөйлем құрамына тура келетін түсіндіруді айтамыз.
Таралған (кең көлемдегі) түсіндіру — заңға дәлме-дәл түсіндіруден гөрі кең мағына беретін және осы заң нормасын кең шеңберде қолдануға негіз болатын түсіндіру болып табылады.
Шектелген (тар көлемдегі) түсіндіру — заңға өз мәтініндегі дәлме-дәл көрсетілгенінен гөрі тар мағына беретін және заң нормасының тар шеңберде қолданылуын сипаттайтын түсіндіру. Мысалы, тар көлемдегі түсіндірме, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы "Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жаршысы, 1993. №2. 25 заңдарды соттардың қолдануы туралы" Қаулысында "кісі өлтіруге оқталу қасақана ниеттен болады" деп көрсетілген'.
Грамматикалық (филиологиялық) түсіндіру — заңның мазмұнына грамматикалық анализ жасаумен қатар этимологиялық және синтаксистік ережелердің кәмегі арқылы қылмыстық заңда қолданылатын жекелеген терминдердің, сөздердің және анықтамалардың мәні мен мағынасын ашып көрсетуден тұрады.
Заңда қолданылатын терминдердің, ұғымдардын түсінігі, қылмыстық заң нормаларының өзінде де берілуі мүмкін. Мысалы, "лауазымды тұлғалардың" түсінігі ҚК-тің 307-бабының ескертуінде ашылып көрсетілген[1].
Заңда қолданылатын сөздердің, ұғымдардың, терминдердің мағынасы мен түсініктері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының нормативтік қаулыларында да беріліп тұрады. Сондықтан Жоғарғы Сот Пленумының тиісті Қаулыларына жүгініп тұру қажет.
Жүйелі түсіндіру — қылмыстық заңның мазмұнын, оның. қылмыстық заң жүйесіндегі алатын орнын басқа заңдармен және мазмұны жағынан ұқсас заңдармен салыстыра отырып, ажыратуды белгілейді. Яғни, жүйелі түсіндіру осы жолдармен заңның мағынасын аша түседі. Мысалы, КК-тің 109-бабында көзделген қажетті қорғаныс шегінен шығып денсаулыққа ауыр зиян келтірудегі қылмыстық жауаптылықтың негіздерін түсіндіру үшін, осы аталған бапты ҚК-тің басқа баптарымен, яғни 66, 103-баптарымен міндетті түрде салыстыру қажет.
Тарихи түсіндіру — қылмыстық заңды қабылдауға негіз болған әлеуметтік-экономикалык, саяси жағдайларды ескере отырып, заңның мәнін, заң жобасының тарихын және заңның шығарылу себептерін анықтай отырып түсіндіруден тұрады. Қылмыстық заңды түсіндірудің барлық әдістері бір-бірімен тығыз байланысты.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы» атты курстық жұмыстың
І -тарауында «Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы» деп аталып, онда мынадай мәселелер қаралды: қылмыстық заң жазалау қатерімен тынып салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.
Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғарымы немесе қаулымы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.
Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы уәне Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет.
Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.
ҚК-тің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
Казақстан Республикасының 1993 жылғы 13 каңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" заңының 1-бабына сәйкес, Республика аумағының шегін құрғақ құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат құрайды. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.
ІІ-тарауында: « Қылмыстық заң бойынша қолданатын шаралар» деп аталып, онда мынадай мәселелер қозғалды: Қылмыстық заңның мезгілдегі күші Қылмыстық кодекстің 4 және 5-баптарымен реттеледі.
ҚК-тің 4-бабында әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығының сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленетіндігі көрсетілген.
Осы ережелерді басшылыққа ала отырып қылмыстық заңның мезгілдегі күші кезіндегі әрекеттін ғана қылмыстылығын және жазаланатынғын анықтауға болады.
Іске асырылудағы, күшіндегі заң деп өзінің күшіне енген және белгіленген тәртіп бойынша өз күшін жоғалтпаған заң танылады.
Республиканың заң және езге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның палаталарының регламенттерімен реттеледі. Мұндай арнаулы заң Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы болып табылады[11].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ