Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2014 в 13:34, курсовая работа
Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.
КІРІСПЕ .....3
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........6
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................6
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....15
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.......................................................................................................................18
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..25
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..31
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі..................................................................................................................31
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................36
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..42
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................43
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................50
Шарттың субъектілері болып мемлекет және әкімшілік - аумақтық бөліністер де бола алады. Мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының субъектілері жайлы Азаматтық Кодекстің 884- бабының 3 тармағында : «Сенімгер, басқарушы болып табылмайтын кез келген адам, сондай -ақ мемлекет немесе әкімшілік - аумақтық бөлініс пайда алушы (мүддесі үшін мүлікті басқару жүзеге асырылатын тұлга) бола алады.» делінген.Сонымен, қорыта айтқанда азаматтық-құқықтық шартқа кімдер қатысса, олар шарттың субъектілері болып табылады.
Шарттың нысаны мәмілелер нысаны туралы ережеге сәйкес анықталады. Шарт ауызша немесе жазбаша жасалады. Жазбаша шарт жай жазбаша және нотариалдық жазбаша болып бөлінеді Жазбаша түрде мынандай шарттар жасалады.
Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде шартқа тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға тиіс.
Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша шартқа басқа азамат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау қүқығы бар басқа лауазымды адам, шарт жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерді көрсете отырып куәландыруға тиіс.
Жазбаша түрде жасалған шартты орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.
Шарттарды жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік шартты орындаған тараптың да осындай құқығы бар.
Заңнама бойынша шарттың
бұл түрін нотариалдық
Шарттың жазбаша формасының сақталғаны бір құжат жасау немесе хат, телграмма, телефонаграмма, факс сияқты құжаттар алмасу аркылы расталынады. Азаматтық Кодекстің 394-бабының 2-ші тармағына сәйкес оферта алған адамның шарттың офертада көрсетілген талаптарды (тауарлар жіберу, қызмет көрсету, жұмыс орындау және т.б.) орындау жөнінде конклюденттік әрекеттерді жазбаша формада жасауы шарттың жазбаша формасына теңестіріледі. Мұндай әрекеттерді жазбаша форманы сақтау деп тануға тыйым салу заңнамада немесе офертада белгіленуі мүмкін [6].
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі
Сақтау шарты туралы жалпы жағдайлар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінде көрсетілген.
Сақтау шарты бойынша бір тарап(сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді. Сақтау шарты екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама-қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құкығы (несие беруші), екіншіснде - сол құқыққа икемделген міндет (борышқор) болады.
Сақтау шартын рим құқығы үш түрлі мағынада: кұқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады [1].
Сақтау шарты ұғымының пайда болуы және дамуына тоқталатын болсақ, азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болып, дамуы Ежелгі Рим құқығынан шыққандығын айта кету керек. Рим құқығы шамамен мың жыл, біздің эраға дейінгі 450 жылдан біздің эрадан кейін 350 жыл аралығында дамыған. Міне, осы даму кезеңінде азаматтық құқық қатынастарының ішіндегі міндеттемелік құқықтық қатынастың туындауына ықпалын тигізетін құқықтық қатынас болып табылатын шарттың да дамуы көрініс алады.
Қазақстан отар болуды бастаған, яғни 1731 жылғы 19 ақпаннан -ақ патшалық Ресей қазақтардың құқықтық жүйесіне өзінің заңын енгізуді қолға алды[2]. Қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын қалайда өзгертуге патша үкіметі жанын салып бақты, сөйтіп, орыс мемлекетінің құқық нормалары оның орнын біртіндеп баса берді.
Ақырында, отаршылдық саясат дегенін істеп, айтқанға көндіріп, айдауға жүргізе білді. Дей тұрғанмен, қоғамның құқық өмірінің кейбір салаларында орыс заңы мен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтары тоғысты. Демек, қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын түбірімен өзгертемін деген патша өкіметінің пиғылы жүзеге аса қойған жоқ, соған байланысты Қазақстанда екі құқық жүйесі де қолданылып келді.
Кеңес дәуірінде әдет-ғұрып
Кейіннен, XIX ғасырдың 60 жылдары Қазақстанның Ресей империясының заңдары Қазақстанда қолданыла бастады. Қазақтарға жаңа капиталистік қатынастар жағдайында орыс құқықтарының нормаларымен есептесуге тура келді
Міне, осы кезеңдерден келісім шарттың жаңа түрлері мен нысандарының пайда бола бастағанын көреміз.Соның ішінде сақтау шартының да элементтері бар шарттық-құқықтық қатынастар пайда бола бастады.
Кеңес Одағының құрамында болған алғашқы кезеңдерде Қазақстандағы сақтау шартының дамуы социалистік заңдылық негізінде болды. Онда мүліктік қатынастардың негізі социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құрал-жабдықтарына социалистік меншік екендігі бекітілді. Сондықтан да бұл кезеңде азаматтық - құқықық шарт кең ауқым ала алмады. Шарттың жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалардың арасында жасалынуына көпшілік жағдайда мемлекет ықпал етіп отырды.Өйткені, жеке меншікте тек адамның өзінің жеке қажеттіліктеріне қолданатын ғана болды. Қалған мүліктің бәрі мемлекет меншігінде болды және азаматтық айналымға қатыспады .
Ал, барлық капиталистік елдерде шарт міндеттеменің пайда болуының басты негізі болып табылды және осы шарт, келісім міндеттемелік құқықтың орталық институты болып есептелді. Континентальдық жүйеге кіретін Европа елдерінің азаматтық құқығындағы шарт анықтамасында негізгі акцент тараптардың келісімі болды.
Шарттық құқықтық коцепциясы жалпы соттармен жүзеге асатын англо-амрикандық құқықта шарт уәде беру түрінде жасалды немесе кепіл яғни бір тарап екінші тараппен қарым қатынасқа түседі. Бүл уәде ету құқықтық сипат алу үшін ол екінші тарапқа тиімді болу керек. Шарт түсінігін Англия және АҚШ - тың жаңа доктринасы мен заң шығаруы шарт анықтамасында міндетті элемент сапасында енгізді. Шарттың құқықтық институт болып қалыптасуы шарттық құқықтың нормаларының дамуына сәйкес ең негізгі сипаты- сауда айналымымен тығыз байланысты. Капиталистік экономика жағдайларында айырбас шарты ең негізгі құқықтық нысанда болды.
Шарт нысанында болатын бұл құқықтық қатынас - заңмен бекітілген немесе бекітілмеген жағдайда да экономикалық сипаттағы ерікті қатынас болып табылады.
Кейіннен Қазақстан өз егемендігін алып, тәуелсіз Қазақстан Республикасы болған соң, меншіктің көп түрлілігі мен олардың теңдігі қамтамасыз етілген кезеңде, Қазақстанның заң жүйесінде де үлкен реформалар болып өтті. Соның нәтижесінде құқық салаларының барлық түрлері түбірімен өзгерді.
Тәуелсіз Қазақстанның
мемлекеттік құрылымын
жаңа демократиялық, нарықтық қатынастарды
реттеуге бағытталған заңдар
қабылданып, соның ішінде Азаматтық Кодексі
нормалары да жаңадан
қабылданды. '
Қазіргі кезеңдегі сақтау шарттық қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен реттеледі.
1999 жылдың 1-шілдесінде
Қазақстан Республикасының
Сақтау шартының категориялары қоғамдық
өмір шеңберінде көптеп
қолданылады. Мысалы,экономика әлеуметтік қа
Сақтау шартын топтастыру әртүрлі негізде жүргізіледі. Міндеттемелер туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген топтастыруда, атап айтқанда , тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқты шарттарға да қолданылуы мүмкін.
Егер, заң актілеріне сәйкес сақтау шарты жасалу үшін мүліктің сақтауға берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалынған болып саналады .
Сақтау шартының көпшілігі консенсуалдық, болып табылады, яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті.
Сақтау шартының консенсуалдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың анықтамасының өзінде көрсетіледі.
Нақты сақтау шарттарында тараптардың міндеттері басқаша анықталады. Мысалы, сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын сақтауға міндетті яғни, шарт бойынша міндеттеме екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туындайды. Бұл жерде орындау кезі мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек.
Сақтау шарты бойынша тараптар өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі керек болса, бұл шарт ақылы шарт болып табылады. Кей жағдайларда ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған сақтау шарты ақысыз шарт болып табылады(Мыс, ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау).
Ақылы және ақысыз сақтау шарттарының арасындағы айырмашылық- сақтау шарты бойынша өз міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну -ұсынбауында. Сақтау шартыньң көпшілігі ақылы.
Сақтау шарты заң бойынша ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін. Сондықтан да, Азаматтық Кодекстің 284-бабында қандай да бір күдік туса, шарт ақылы деп танылады, егер ол заңнамадан, шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын болса[4].
Азаматтық айналымда ақысыз сақтау шарттарының бар болуы елімізде қалыптасып келе жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Сақтау шарты ауызша немесе жазбаша нысанда жасалады. 3аңдармен немесе тараптардын, келісімімен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгілі бір нысан белгіленбеген сақтау шарты атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын сақтау шарттарының бәрі ауызша жасалуы мүмкін. Мұндай шарт адамның мінез- құлқынан оның шарт жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады.
Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгілер арқылы расталған сақтау шарты, егер зандарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Сақтау шартын жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің ережелері бойынша анықталады. Тараптар өзара келісіп, сақтау шартын жасасуы үшін олардың біреуі шарт жасасу жөнінде ұсыныс жасауы, ал екіншісі сол ұсынысты қабылдауы тиіс.
Сақтау шартын жасасу екі кезеңнен тұрады. Сақтау шартын жасасуға ұсыныс (оферта) және ол ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт). Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.
Азаматтық Кодекстің 395-бабына сәйкес офертада бірнеше нысандар болуға тиіс :
Егер ұсыныс жалпылама, ол оферта емес тек оферта жасауға шақыру. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға сақтау шартын жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады.
Информация о работе Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі