Алеуметтик уйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 18:36, контрольная работа

Краткое описание

ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан әрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының және Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар әрбі р мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды.

Вложенные файлы: 1 файл

ХІХ ғ.docx

— 14.04 Кб (Скачать файл)

ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын  бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда  өз ықпалы мен билігін одан әрі  нығайту басты міндеті деп  санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының және Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан  қазақ даласын отарлау үрдісін  тездетті. Осы мақсатпен Ресей  империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны  қабылдады. Ресейдің хандық билікті  жоюға асығуы соншалықты, олар әрбі  р мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты  шараларды қолданды.

1822-1824 жылдардағы Жарғының  қабылдануымен Орта және Кіші  жүзде хандық билік жойылды.  Авторы Сібір әскери губернаторы  М.Сперанский болған  «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор әскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды.

«Сібір қырғыздары туралы»  Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына  бағынатын болды да орталығы алғаш  Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс  Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары  сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға  қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.),  Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).

 

 

 М.Сперанский

Әр округ болыстар мен  ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын  генерал-губернатор басқарды, оған сібір  қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің  басшылығында округтік приказдар тұрды  және оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар  басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс  кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін  ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары  басқарды, әр ауылда 50-ден 70-ке дейін  үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында  ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір  округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды.

Жаңа әкімшілік бөлініс  қазақтардың дәстүрлі жер қатынасын  күйретті де – рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де әсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына, омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді  және егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын  иеленуге де мүмкіндігі болды. Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір әкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей және Өскемен уездері Том губерниясына берілді.

1822 ж. Жарғы бойынша  сот істеріне де өзгерістер  енгізілді, ол өзгерістер бойынша  сот үш категорияға бөлінді:

қылмыстық істер (мемлекеттік  сатқындық, ұрлық, барымта, билікке  бағынбау);

арыз-шағымдар («қазақтардың әдет-ғұрып заңдары» бойынша билер  шешетін екінші кезектегі істер);

облыстық басшыға берілетін  арыздар бойынша (қазақтардың  сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.).

Сонымен қатар Жарғы  салық жүйесін енгізді, ол бойынша  әр қожалық өкіметке 100 бас малдан 1 бас мал салық төлеуге тиіс болды. Жарғыны қабылдаған қазақтар бірінші бес жылда салықтан босатылды. Қазақтарға керуендерді, почта жолдарын күзету, байланыс жолдарын қадағалау  сияқты және т.б. міндеткерліктер жүктелді.

Жарғының арнайы бір  параграфы аға сұлтандардың, болыс-басқарушы  сұлтандардың және  округтік приказ шенеуніктерінің мәртебесін және жылдық жалақысын белгіледі: аға сұлтандарға жылына 1200 сом,  тілмаштарға – 800 сом, болыс сұлтандарына – 150 сом.

Жарғы бойынша қазақтарға өз округтерінің ішінде және оның сыртында да тауарларын шығарып сатуға рұқсат етілді. Жарғының жеке баптары сауат  ашу мәселесін қарастырды.

1838-1856 жылдары сібір  қазақтарының облысын басқаруды  реттеу үшін бірнеше «Ереже…»  қабылданды және отаршыл әкімшіліктің  қазақ даласына тереңдеп жылжи  түсуіне мүмкіндік берді. Патша  әкімшілігі шенеуніктерінің жергілікті  жағдайды дұрыс білмеуі, әкімшіліктің  Орта жүздегі хандық билікті  жою үрдісін тездетуге ұмтылуы,  басқарудың жаңа құрылымын енгізуі қазақ қоғамының жікшілдікке ұшырауына және үкіметке қарсы көңіл-күйдің пайда болуына әкеліп соқты. Ол қазақ халқын өз мүддесін қорғауға шығарып, Қазақстанның барлық аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістер орын алды


Информация о работе Алеуметтик уйымдар