Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 07:48, творческая работа
Краткое описание
Араб тайпаларының бірігуіне жаңа дін - ислам діні жәрдемін тигізді. Ислам діиінің негізін қалаушы - Мекке қаласының тұрғыны Мұхаммед пайғамбар. Жетімдік тауқыметін көп тартқан Мұхаммед пайғамбар өз талабының арқасында іс басқарушы қызметіне ілігеді. Өздігінен біркатар діни және саяси ілімдермен танысады. Меккедегі бай саудагер әйел Қадишаға (Хадиджа) үйлену аркылы өзінің түпкі арманы - діни-этикалық мәселелермен айналысуға мүмкіндік алады.
Вложенные файлы: 1 файл
Ислам дүниесі
мәдениетінің дамуы
Ислам діні
және Мұхаммед пайғамбар
- Араб тайпаларының бірігуіне жаңа дін - ислам діні жәрдемін тигізді. Ислам діиінің негізін қалаушы - Мекке қаласының тұрғыны Мұхаммед пайғамбар. Жетімдік тауқыметін көп тартқан Мұхаммед пайғамбар өз талабының арқасында іс басқарушы қызметіне ілігеді. Өздігінен біркатар діни және саяси ілімдермен танысады. Меккедегі бай саудагер әйел Қадишаға (Хадиджа) үйлену аркылы өзінің түпкі арманы - діни-этикалық мәселелермен айналысуға мүмкіндік алады.
- Аңызда көп уақытын Хира тауында (Мекке маңы) өткізіп жүрген Мұхаммед пайғамбарке көктен Алла тағала бүкіл адам баласына тура жол көрсету үшін Құран түсіреді. Құранды Мұхаммед пайғамбарке табыс еткен Жебірейіл періште оған Алла атынан өз отандастарына жаратушының әмірін жеткізуді жүктейді.
- Мұхаммед пайғамбар бір ғана құдіретті Алладан басқа кұдай жоқ деп пайымдады, ал өзін «құдайдың өкілі» - пайғамбармын деп атады. Ол арабтарды өзара жауласуды қойып, бір дінді қабылдап, бірлікте өмір сүруге шақырды. Ислам дінін уағыздады.
- 630 жылы араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдап, Мұхаммед пайғамбар билігін мойындады. Арабтар жаулап алушылығының нәтижесінде ислам діні әлемдік дінге айналды. Халықтың көбі Меккені ислам дінінің орталығы деп таныды. Қағба тасы тұрған жер исламның қасиетті орнына айналды. Сауд Арабиясы еліндегі ислам дінінің орталығы Мекке қаласына барып қайтқандар Алланың құлы «қажы» атағын алады. Ислам деген сөз құдайға бағыну дегенді білдіреді. Мусылмандардың қасиетті кітабы - Құран (арабшадан аударғанда «оку» деген сөз).
Араб елдерінің
мәдениеті
- Араб мемлекеттері - Египет, Сирия, Палестина байырғы, мәдениеті жоғары елдер еді. Бұл елдерде араб тілі кеңінен тарады. Барлық халифат жерінде мектеп-медреселер ашылып, оқу араб тілінде жүргізілді. Мемлекеттік тіл араб тілі болды. Мектептерде Құранды оқытуға басты назар аударылды. Ислам діні рухани қазынаның көзіне айналды. Қолөнер жоғары деңгейде дамыды. Макта мен жүннен жеңіл және жоғары сапалы, мықты маталар тоқылды. Ирандық кілем тоқушы шеберлердің даңқы дүние жүзіне белгілі болды. Сирияда ашық түсті жібек маталар, шыны ыдыстар өндірілді. Дамаск (Шам шаһары) қаласында қару-жарақ жасалды. Олар жасаған семсер, қылыш пен сауыт шет елдерде жоғары бағаланды.
- Араб көпестері сауданы кеңінен өрістетті. Олар шөл далалар мен биік тау асуларын басып өтіп, Қытайдан жібек пен ыдыс-аяқ тасыды. Теңіз жолдарын пайдаланып, Үндістаннан маталар мен асыл тастар әкелді. Араб көпестері Батыс Еуропа мен Еділ жағалауларында да жиі болып отырды. Қазақстан мен Орта Азия елдеріне келіп, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларда сауданың дамуына ықпал жасады.
Мекке
- «Адамның ең басты көркі - білім» деді арабтар. Халифатта математика, астрономия, география ғылымдары дамыды. Бағдат қаласында үлкен кітапхана жұмыс істеді.
- Бағдат пен Дамаскіде обсерватория болды. Күрделі аспаптарды пайдалана отырып, астрономдар жер көлемін есептеп шығара алды, аспан әлеміндегі жұлдыздардың орналасу тәртібін сипаттап жазды.
- Арабтар жер-жаһанды аралап, Қытай, Үндістан, Орта Азия және Қазакстан елдерінде болып, көптеген кітаптар жазып қалдырған. Батыс Еуропа елдерінде болғанда жүрген жерлерінің карталарын жасаған. Араб әдебиетінің ең үздік туындысы - бізге келіп жеткен «Мың бір түн» хикаяты. Араб поэзиясы, араб ақындарының өлеңдері күні бүгінге дейін дүние жүзі халықтарына әйгілі.
- Араб сәулет өнерінің үздік туындылары адамзатты күні бүгінге дейін таңғалдыруда. Араб сәулетшілері тамаша сарайлар, мазарлар мен қамалдар, мешіттер салды. Мысалы, Иерусалимдегі VIII ғасырдың аяғында салынған атақты Омар мешіті сәулет өнерінің озық туындыларының бірі болып саналады.
- Африка мен Пиреней түбегіндегі араб елдерінде ірі мәдени жетістіктер дүниеге келді. Еуропадағы ең жоғары мәдениет ошағы арабтардың иелігіндегі Кордова мемлекетінде шоғырланды. Мұнда ірі университеттер бой көтерді (Кордова университеті т. б.). Араб ғалымдарының астрономия саласындағы еңбектері Еуропа астрономиясының, Құранның алғашқы сүресі негізін салды. Осы күнге дейін көптеген жұлдыздардың аттары, ғылыми, мәдени терминдер араб тіліндегі атауын сақтап калған. Философияның ілгерішіл бағытын осы араб ғалымдары дамытты. Әлем кеңістігі жөніндегі ілімді туғызды. Әлемді «Жаратушының әмірімен ғайыптан пайда болды» дегенді теріске шығарды. Бұл салада кордовалық философ Ибн Рушд елеулі еңбек етті. Мұнда Птолемей еңбектеріне негізделген ғылыми география өркендеді. Араб тарихшысы, географы әл-Масуди «Замана тарихы» атты 30 томдық тарихи-географиялық энциклопедия жазды. Араб саяхатшылары Еуропаға, славян елдеріне барып, олар туралы қызықты мәліметтер жинады, көптеген елдер мен теңіздердің карталарын жасады.
- Арабтардың үйлері тасқа қашалған ою-өрнектермен, қабырғалары мен едендері жылтыраған кірпіштермен, мозайкамен өрнектелді. Ислам діні адам кейпін, сондай-ақ жануарларды бейнелеуге тыйым салды. Алайда өнердің тоқыма, зергерлік сияқты түрлері, сәулет өнері биік сатыға көтерілді. Шеберлер нәзік өрнектің неше алуан әсем түрін туғызды. Араб әріптерімен әсемдеп жазу немесе өсімдік және геометриялық пішіндерге негізделіп жасалған күрделі өрнек түрі «арабески» деп аталды. Жоғары дамыған Араб мәдениетінен еуропалықтар көптеген бағалы ғылыми білімдер негіздерін оқып үйренді. Араб математиктері мен астрономдарының еңбектерін ортағасырлық Еуропа ғалымдары басшылыққа алды.Еуропалықтар арабтардан карталар сызуды, компас пен глобусты пайдалануды үйренді. Ибн Синаның (Авицена) латын тіліне аударылған медицина жөніндегі шығармалары XVII ғасырға дейін Еуропа дәрігерлерінің қолдан тастамайтын кітабы болды.
- Еуропалықтар халифат елдерінің мәдениетімен негізінен арабтар жаулап алған Испания арқылы танысты. Кордовадағы университетте араб ғалымдары ғылымның әр саласынан дәріс оқыды. Сол кездегі орасан үлкен кітапханалар осы кезге дейін сақталған. Ежелгі Грекия және Рим ғалымдары мен жазушыларының еңбектері де араб аудармалары арқылы белгілі болды.
Құранның
алғашқысүресі
Информация о работе Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы