Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2014 в 08:51, автореферат
1. Мәдениет түсінігінің дамуы мен логика тарихы.
2. Мәдениет құрылымы. Мәдениет тұтас жүйе.
3. Мәдениет құрылымының негізгі анықтамалары, ізденушіліктің негізі.
4. Мәдениет құрылымы. Рухани және материалдық мәдениеттің ара қатынасы.
5. Мәдениет және табиғат.
2 тақырып. Мәдениет ұғымы және оның мәні.
Мақсаты: Мәдениет ұғымын талдау, мәдениет анықтамсының әртүрлілігін қарастыру және оның мәнін ашып зерделеу.
Дәріс жоспары ( 1 сағат).
Анықтаманың әр түрлілігі. Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым, алайда ойшылдар көптен бері мәдениеттің өзіне анықтама беруді ойластырып келеді. Әсіресе бұл мәселе «мәдениет» түсінігі қазіргі заманғы қоғамда фундаменталды түсінік болып қалған кезінде аса маңызды. Оның бірнеше анықтамалары бар, оның саны да үнемі артып келеді. Батыстық мәдениеттанушылар санағандай егер 1871 жылдан 1919 жыл аралығында тек қана жеті анықтама берілген болса, ал 1950 жылдан 1990 жылдары – 400 артық анықтама берілген.
«Мәдениет» сөзі – қазіргі заманғы қоғам танудың тек қана фундаменталды түсінігі ғана емес, ол күнделікті қолданыстағы тілдің, күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігі. Мәдениет туралы айтқанда ол тұрмысты реттейтін жағдайлардың барлығын қамтиды, адамзат тілінің тазалығы, көркемдігі, әдебі мен заңдылықтары сақталған қоғамға басшылық ету, театрлардың, мұражай мен кітапханалардың болуы, оған бару т.б.
А.С.Карминнің классификациясы. Күнделікті санада мәдениеттің түсінігі,деңгейі анықталмайды, тек қана эмпирикалық түрде түсіндірумен шектеледі. Олардың мағыналары аз, әрі бір тектес. Мәдениеттің ғылыми түсінігі көп түрлі, себебі ол әр түрлі ғылымдар арқылы беріледі. Олар социологиялық, мәдени-антропологиялық анықтамалар. Ресей мәдениеттанушысы А.С. Кармин «Мәдениеттанудың негіздері. Мәдениет морфологиясы» еңбегінде 1996 жылы мәдениеттің 1500 анықтамасының болғанын ескере отырып, оларды сараптауға талпыныс жасады, мәдениеттің мына түрлерін бөліп алды: сипаттаушы, антропологиялық, құндылықты, нормативті, адаптивті, тарихи, функционалды, семиотикалық, символикалық, герменевтикалық, идеационалды, психологиялық, дидактикалық, социологиялық.
2. Мәдениет құрылымы. Мәдениет тұтас жүйе.
Мәдениетін құрылымы: мәдени түрлердің саналуандығы және мәдени құрылымның күрделілігі.
Адамның жасаған әрекеті алдымен ойда, рухта пайда болады, тек содан кейін ғана белгілер мен нәрселерде көрініс табады.
Мәдениет құрылымы: рухани мәдениет және материалдық мәдениет.
Рухани мәдениет дегеніміз - білім, идея, заң, мінез-құлық, ережелер, белгілер, әдет-ғұрып, дәстүр мен тіл болып табылады.
Материалдық мәдениет дегеніміз - тұрмыстық және өндірістік білім, өндіріс техникасы мен технологиясы және т.б. Мәдени құбылыстарды көптеген нақты ғылымдар, атап айтсақ тарих, археология, этнография, антропология, әлеуметтану сондай-ақ сананың түрлі формаларын қарастыратын философия, өнер, эстетика, дін, мораль және т.б. ғылым салалары қарастырады. Рухани мәдение саласына:
дін, мораль;
саясат, құқық;
ғылым, білім, дене тәрбиесі, спорт, медицина;
әдебиет, өнер;
бұқаралық ақпарат құралдары, тіл;
рухани іс-әрекеттің материалдық заттық өнімдері енеді.
Материалдық мәдениет саласына:
конфессионалдық инфрақұрылым;
ғылымның, білімнің, әдебиет және өнердің, медицинаның, дене тәрбиесі мен спорттың материалдық заттық құрылымдары;
бұқаралық коммуникация құралдарының материалдық техникалық базалары,
рухани іс-әрекетті өнімдерін өндірудегі материалдық базалар енеді.
3. Мәдениет құрылымының негізгі анықтамалары, ізденушіліктің негізі.
Осы мәдениеттің анықтамаларын жеке қарастырайық.
Құндылықты – бұл адамдар қолдан жасайтын материалдық және рухани құндылықтардың бірлігі, ал құндылық – адам санасында қалыптасқан қандай да бір материалдық немесе идеалдық заттардың адамға жағымды мағыналары. Құндылықтың өзі объект болмайды, ол адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыра алу мүмкіндігі. «Құндылық» және «құн» - бірегей түсініктер емес. «Құндылық» - ол философиялық және мәдениеттану түсінігі, «құн» - экономикалық түсінік. «Құн» тек құндылықтың ақшалай берілуі, оның көлемінің, заттың құндылығына сәйкес келуі міндетті емес. Мысалы, адамның өткенді есіне түсіруі оған үлкен құндылық болуы мүмкін, оның ақшалай түрі нөлге тең. Әрине барлық құндылықтар ақшаға бағаланады деуге болмайды.
Құндылық заттың өзіне тән емес. Зат қандай да бір қасиетке және қандай да бір сапаға ие болуы мүмкін, егер адам ол туралы ештеңе білмесе ол зат адам үшін құнды емес. Адам ол заттың қандай да бір қасиеті: мысалы, витаминдер адамға қажетті қасиеттерге ие, егер адам ол туралы білмесе, оны құнды деп санамайды.
Сонымен, құндылық білімге байланысты алайда, оған жатқызылмайды. «Құндылық» ол білім емес деуге болады, ол тек адам мен зат арасындағы қатынас.
Мәдениеттің құндылық концепциясы ХVІІІ ғ. аяғында неміс философтары мен мәдениеттанушыларының еңбектерінде пайда болды, бүгінгі күні де мәдениеттану концепциясының маңызды бөлігі болып табылады.
Социологиялық концепциясы – мәдениет анықтамасын идея бірлігі ретінде, адамдардың ұжымдық әрекетін қамтамасыз ететін әлеуметтік құралдар ретінде түсіндіруден шығады.
Мәдениеттің технологиялық анықтамасы - мәдениетті нақты бір өндіріс пен қоғамдық өмір сүрудің, нақты бір деңгейі ретінде таниды, ол қоғамның технико-экономикалық көрсеткіштеріне тәуелді болады.
Мәдениеттің әрекеттілік анықтамасы - оны адамдар өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде түсінумен қатысты. Олар қару қолдану, белгілер мен нормалар, өзін-өзі ұстау ережелері, құндылықтар мен символдар.
Мәдениеттің сипаттау анықтамасы - оның нақты бір бөлшектері мен көріністерін тізіп шығу.
Мәдениеттің антропологиялығы - мәдениеттің өзі адамдар қолымен жасалған заттар әлемі екендігінде және табиғатқа қарсы тұру.
Тарихилығы - мәдениеттің өзі тарихтың, қоғамның жемісі екендігінде және де адамзаттың тәжірибе арқылы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы дамуы.
Мәдениеттің функционалдығы - оның қоғамдағы функциясы арқылы анықталуы.
Семиотикалығы - мәдениетті белгілер жүйесі ретінде түсіну.
Герменевтикалығы - оны инерпретацияға жататын тексттер ретінде түсіну.
Идеялығы - мәдениетті қоғамның рухани өмірі ретінде түсіну, оның әлеуметтік санада қалатын процестері мен нәтижелерінің бірлігі.
Мәдениеттің символикалық түсінігі - мәдениетте символдарды пайдалануға акцент қоюы.
Осы әрбір мәдениетке берілген анықтама мәдениеттің қандайда бір сипатын анықтары Һақ. Бір жағынан анықтамалар бір-біріне жақын, мысалы мәдениеттің семиотикалық пен символикалық туралы анықтамалар.
А.Л. Кребер. Мәдениет жалпы қоғамдық универсалды құбылыс ретінде.
Американдық мәдениеттанушы А.Л. Кребер (1876-1960) мәдениетті өзінің жеке табиғаты бар, өз детерминизміне ғана тәуелді ерекше бір шындық ретінде қарастырды. Мәдениетке деген мұндай көзқарас оның төменгі реттерінің феномендарының біріктіргісіздігін көрсетеді – биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және ол Кребердің «жоғары хронологиялық» концепциясынан орын алды. А. Кребер бойынша айтсақ, мәдениет – универсалды жалпы қоғамдық құбылыс. Әрбір нақты мәдениетті ғалым айтарлықтай қоғамдықтың бірегейі ретінде қабылдады. Жалпылыққа ол мәдени форманың нақты бір үлгілерін, паттеріндерді жатқызды, оларды анықтауды А. Кребер ғылыми зерттеулердің мақсаты деп санады. Мәдениеттің табиғаты –А.- Кребердің еңбектеріндегі басты тақырып және оларды зерттей отырып көптеген жаңа түсініктер енгізді осы арқылы мәдениеттанудың концептулды аппаратын кеңейтті. Олар мына түсініктер: паттерндер, мәдениеттің конфигурациясы, жоғары органикалық, мәдени ареал т.б.
Паттерн – (ағылшын тілінде үлгі, модель) –мәдениеттің конфигурациясы.
Өз түсініктері мен заңдылықтарын А. Кребер әр континенттер мен елдердегі көптеген артефакттарды зерттей отырып, өтіп кеткен концепцияларға мұқият үңіле отырып жасады. «Мәдени дамудың конфигурациясы» фундаменталдық еңбегінде египеттік, қытай, жапондық, үнділік, гректік, римдік, еуропалық мәдениеттерге асқан дәлдікпен сараптама жасай отырып, автор паттерндер болса да мәдениеттің дамуы және қатаң заңға бағыну, даму траекториясы мен мәдени аралықтардың мерзімінің (оған А. Кребер туу, өсу, көркею және сөнуді жатқызды) әр халықта әр түрлі екенін келтірді. Әр автордың түсінігінше, мәдени паттерндардан көрінетіндей кульминациясы болады. Бұл жерде кульминация мәдениеттің барлық жерлерінен бірдей көрінбейді. Ежелгі Египетте философия болған жоқ, араб мәдениетінде мүсін өнері болған жоқ. Сонымен қатар А. Кребердің айтуынша, экономика мен саясаттағы кульминация да мәдени өмірдегі көркею кезімен сәйкес келеді деп санады. Кребердің айтуынша, мәдени өмірдің құлдырауы паттерндар мүмкіндігі таусылғаннан басталады деп санады. Оны Кребер тарихи мысалдармен дәлелдейді. Алайда, мәдениеттанушы мәдениетте қатаң заңдылықтардың болғандығын мойындауға қарсы. Ол оның бір линиялық прогресін де мойындамады. А.Кребердің концепциясы бойынша, мәдениет – басқа мәдениеттер элементін қабылдауға бейім қатты құлдыраудан кейін көркеюге бейім, жаңа паттерндар құра алатын бейімделгіш, қозғалыстағы құбылыс.
Л. Уайт. Мәдениет дегеніміз – символдар бірлігі.
Мәдениеттің басқа бір қазіргі заманғы анықтамасын американдық мәдениеттанушы Л. Уайт берді. Ол оны адам барлығында символдарды көре білетіндігі және оны қабылдау мүмкіндігімен байланыстырады. Л. Уайт үшін мәдениет дегеніміз – ол идеяны, сезімді, әрекетті, сенімді, қарым-қатынасты, өзін-өзі ұстау үлгісін, заңдар мен институттар, көркем шығарма мен оның формасын, еңбек құралдарын, фетиштар т.б жатқызатын символдар бірлігі. Л. Уайттың айтуынша, олар соматикалық және экстрасоматикалық контекстте қарастырылады. Соматикалық контексте символ ретіндегі заттар мен құбылыстар адам ағзасымен қатысты қарастырылады. Осы бірлікті психология пәні зерттейді. Символ ретіндегі заттар мен құбылыстар байланысы экстрасоматикалық контекстінде Л. Уайттың айтуынша, мәдениет деп түсіндіреді, оны зерттейтін ғылымды – мәдениеттану деп атайды. Л. Уайттың айтуынша, мәдениет – ол ұйымдасқан жүйе, оның шағын жүйесі ретінде технологиялық, әлеуметтік пен идеологиялықтар танылады. Соңғы екі шағын жүйелердің маңыздылығын ескере отырып Л. Уайт, технологиялық шағын жүйені барлық мәдениеттерге детерменантты деп санайды, себебі ол адам өміріне қатысты. Технологиялық жүйені функцияналдыру динамикалық болып табылады және энергия шығынымен байланысты, сондықтан мәдениеттің алғашқы функциясы Л. Уайттың ойынша - қуатты өндіру мен адам өмірінің қажетіне жарату. Л. Уайт мәдениеттің даму деңгейін адам санына қанша қуат алынып пайдаланғаннан, оны пайдалану технологиясының тиімділігінен анықтайды. Осындай байланысты мәдениеттанушы мәдениет эволюциясы заңы деп санады, ол кейіннен ғалымның атымен аталды («Л. Уайт заңы»). Өзінің гуманитарлық білім тарихындағы басқа кезең болып табылатын «Мәдениет туралы ғылым» атты еңбегінде Л. Уайт мәдениетті мәдениеттанудағы жаңа ғылым пәні ретінде сараптап көрсетеді. Жаңа ғылымның пәндік бағытын анықтайды, оның атауын енгізіп, оған жүйелі әдісті қолдануға болатынын көрсетеді.
4. Мәдениет құрылымы. Рухани және
материалдық мәдениеттің ара қа
Адам, оның қызметімен өзара қатынасы
бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық
өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өні