Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 07:21, реферат
Қазақ халқы ұрпағының тәрбиесіне аса мән берген. Баланың жаман әдетті бойына сіңірмей өсуіне, адал азамат болып ержетуіне ата-ана, ағайын-туғанды былай қойып, ауыл болып атсалысқан. Қазақтың кез келген баласы обал-сауапты жасынан түсінген. Қазақ баласы кішкентайынан айналасына қолғабысын тигізіп, үлкеннің сөзін екі етпеуге дағдыланған. Үлкендеріміз баланы ұрып-соғып, ұрсып-зекіп емес, жол сілтеп, жөн көрсетіп тәрбиелеген. Үлкеннен өнеге көрмеген балада ұлағат болмайтынын ғасырлар бойы ұрпағына қалыптастырып кеткен. Бүгінгі әңгімеміз де тәрбиенің бір тармағына жататын тыйым жайлы болмақ...
Қазақтың Салт - Дәстүрі: Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі
Қазақ халқы ұрпағының тәрбиесіне аса
мән берген. Баланың жаман әдетті бойына
сіңірмей өсуіне, адал азамат болып ержетуіне
ата-ана, ағайын-туғанды былай қойып, ауыл
болып атсалысқан. Қазақтың кез келген
баласы обал-сауапты жасынан түсінген.
Қазақ баласы кішкентайынан айналасына
қолғабысын тигізіп, үлкеннің сөзін екі
етпеуге дағдыланған. Үлкендеріміз баланы
ұрып-соғып, ұрсып-зекіп емес, жол сілтеп,
жөн көрсетіп тәрбиелеген.
Үлкеннен өнеге көрмеген балада ұлағат
болмайтынын ғасырлар бойы ұрпағына қалыптастырып
кеткен. Бүгінгі әңгімеміз де тәрбиенің бір
тармағына жататын тыйым жайлы болмақ...
Астың дәмін кіргізер тұздан
айналайын...
Нан мен тұзды басқа ұлттар да қадірлейді.
Айталық, орыс халқы құрметті қонағының
алдынан наны мен тұзын көтеріп шығады.
Бұған көптеп мысал келтіруге болады.
Ал біздің қазақта "дәм-тұз" дейтін
үлкен ұғымды білдіретін сөз бар, яғни
наннан кейінгі ардақталатын қасиетті
дәм - тұз болып саналады. Нан сияқты тұзсыз
да ешбір тамақтың дәмі болмайды. Тұзсыз
тамақты сүйсініп жеу мүмкін емес. Тұздың
құрамында да адам ағзасына қажетті қаншама
зат бар.
"Дәмдес, тұздас болдық", "дәм-тұздас
болған жақыным еді..." деп жатамыз. "Дәм-тұздан
аттамайтын азамат..." дегенді де естиміз.
Көрдіңіз бе, азаматтың адалдығын, істеген
ісін, адамгершілігін, яғни жолдасқа адал,
айналасына әділ адамдарды бір ауыз сөзбен-ақ
осылай мақтаймыз. Ағайын-туғанды былай
қойғанда, қоңсы отырған көршісінің үйіне
кеп жатқан қонақты "үйімізден дәм татып
кетіңіздер..." деп арнайылап шақырып
жататын қонақжай халықпыз. "Дәм айдап
келіп қалдық", "дәм тартса, барамыз
ғой..." деп жатамыз. Қазақ - дәм-тұзға
ерекше қарайтын қазаны оттан түспеген,
төрінен қонағы арылмайтын меймандос
халық.
"Тұзды баспа", "тұзды төкпе",
"тұзды шашпа" дейміз. Мұны кім-кімде
болса бала жасынан естіп келді. Кез келген
адам балалары мен немерелеріне үнемі
ескертіп, айтып та жүр. Тұзды былғаныш
жерге қоюға болмайды. Қатты араласып,
жақсы қарым-қатынаста жүрген адам шаңыраққа
қастандық жасағанда, көңілін қалдырғанда
үй иесі шыдай алмай, "дәм-тұзым ұрсын"
деп жатады. Бұл - қазақтағы өте үлкен қиын
қарғыстардың бірі. Соны жаны күйгендіктен
ғана айтады. Өйткені қазақ дәм-тұздан
аттамауға тырысады.
"Тұзды төкпе" дейтін
үлкендер
Айтпай кетуге болмайтын тағы бір оқиға
есіме түсіп отыр. Кеңес өкіметінің кезінде
қалалы жерлерде қыстың күні адамдар жүретін
аяқжолдағы (тротуар) мұзды еріту үшін
тұз төгетін еді. "Әжелеріміз "тұзды
төкпе" дегенді құлағымызға сіңіріп
өсірмеп пе еді..." деген ой мазалайтын
мұны көргенде. Шашып тастаған тұзды баспау
үшін барынша аяқжолдың жиегімен, шетімен
жүруге тырысып, қатты қорқатын едім. Өйткені
үлкендердің тыйым сөзі біздің жасымыздағы
адамдардың қанына әбден сіңген. Көнекөз
қарттар "бұл кесір болады", "адамдарды
жоқшылыққа әкеледі" деп түсіндіруші
еді "тұзды төкпе" дегеннің астарын.
Тұзды төгудің, тұзды басудың, тұзға қиянат
жасаудың соңы адамдарды таршылыққа әкелетінін
үлкендер үнемі айтып отыратын. Осының
барлығы сонау 90-жылдардағы қиыншылық
көрген кезімізде менің есіме жиі түсетін
еді. "Мыңдаған адам сол кезде тұзды
басып жүрдік... Бұл - сол тұз басқанымыздың
кесірі..." деп ойлаушы едім. Алматыда
сол 90-жылдардағы ауыртпашылықты бастан
өткермеген отбасы кемде-кем болды. Мұның
себебін "экономикалық қиындық" немесе
басқа деп түсіндіргенімен, ұлы күштің
құдіретіне шек жоқ қой. Біздің кесірлігімізді
Жаратқан иеміз уақыт өте келе көзімізге
көрсетті. Қалай десе де, мұнда бір тылсым
байланыстың бары рас. Өйткені халық қиналып
кетті. Қолдағы жиналған қоры таусылды,
ал жаңа дүние - тапшы, жоқ болатын. Қалай
айтсақ та, сол жылдары нан мен тұзды басып
келген қаланың халқына зауал келді. Өзгенің
қалай ойлайтынын білмеймін әрі өзге үшін
жауап бермеймін, бірақ өз басым осыған
сенем. Нанды тептік, тұзды басып жүрдік
- ақыры аяғында қасиетті асты қадірлемегеніміздің
зауалын көрдік. Әр нәрсенің қайтарымы
болады деген осы емес пе?! Бізге жоғары
жақтағы Ұлы күш белгіні осылай берді.
Өкініштісі, осыған мән бермейміз, астарына
үңілгіміз келмейді.
Тыйым - жоққа сену емес...
Қазірдің өзінде қайтадан ысырапшылыққа
кеңінен жол беріп жүрміз. Бүгінде, Құдайға
шүкір, не көп, той көп. Тойдың болғаны
жақсы. Той деген сөздің өзі - "тамаққа
той" емес, "көңілге той", "дос-жаранның
көңіліне той" деген сөз. Бірақ осындай
тойлардағы шектен шыққан ысырапшылдық
жайлы ойланып көрдік пе... Тек байлықты,
барлықты көрсету үшін үстелдің үсті майысқанша
асқа толтырамыз. Ал адам қанша ішіп-жейді
дейсіз? Оның ішіп-жеу мүмкіндігі де шектеулі
емес пе?! Бір ғана тойда аста-төк тағам
түрінің көптігі сонша, кейбір дәмнің
шеті бұзылмаған күйі дастарқанда қалады.
Оның барлығы, шындап келгенде, қоқысқа
тасталады ғой. Нан мен тамақтың көптеп
тасталатынын кез келген мейрамхана жанындағы
қоқыс салатын арнайы жәшіктерден байқауға
болады.
Үлкен шаңырақты ұстап отырғандықтан
бізге де қонақ көп келеді. Өз басым үстелді
толтыруға тырыспаймын. Керісінше келген
мейман сүйсініп дәм алатындай тағам қоюға
барымды салам. Ал тіпті қалып бара жатқан
астың қалдықтарын мүмкіндігінше қоқысқа
тастамауға тырысамын. Дәмнің киесі бар
екенін, ысырапшылықтың зиян екенін мүмкіндігінше
келініме де, немерелеріме де айтып отырамын.
"Үлкеннен - ұлағат" деп жатамыз, мен
елге жөн көрсетуден аулақпын, бірақ өз
білгенімді балаларыма үйретуге міндеттімін.
Біз нанды үйде пісіреміз. Келінім де -
солай, нанын үйде өзі пісіреді. Ол да нанның
уағын жерге шашпауға балаларды әрдайым
үйретіп отырады. Өйткені олар менен көргенін
істейді. Алтәрбиенің үлкені
- балаға алдымен өзің көрсету болып табылады.
Бала көргенін істейді. Олай болатын болса,
бүтін тағамға ас деп қарап, қалдығын қалай
болса, солай қоқысқа тастау - күнә.
Ертеңгі күні ұрпағының дәм-тұзды аяққа
басып, кесірі маңдайларына тиіп, қиыншылығын
көрмес үшін үлкендердің қай-қайсысы болсын
айтып-түсіндіріп отыруға міндетті деп
ойлаймын. Тіпті кей жағдайда астың қалдығын
тоңазытқышқа салып, жер үйде тұратын
иттері бар таныстардікіне апарған анағұрлым
сауап дер ем. Дәмнің киесінен қорқатын
әр адам осыны әдетке айналдырса, күнделікті
қоқысқа кетіп жатқан бір жапырақ нанның
киесі бар екенін ұмытпаса екен. Мұның
бәрі айналып келгенде адамды реттілікке,
имандылыққа үйретеді. Асты қадірлей білуге
алып келеді. Қазақтың тыйым сөздерінде
этикалық, эстетикалық, адамгершілік,
әдептілік, имандылық, табиғатты қорғау
- осының барлығы, яғни тұрмыс-тіршіліктің,
қам-қарекеттің барлық саласы жан-жақты
қамтылған. Бір ауыз сөздің өзінде қаншама
мән-мағына бар. Тыйым деген жоққа сену
немесе біздің ұлттың ғана шығарғаны емес.
Мұның астарында үлкен тәрбие жатыр...
Информация о работе Қазақтың Салт - Дәстүрі: Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі