Қайта өрлеу мәдениеті және оның қалыптасу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 16:39, курсовая работа

Краткое описание

Қайта өрлеу мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет — XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта өрлеу дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................................3
I бөлім. Ренессанс ұғымы, даму тарихы........................................................................4
1.1 Қайта өрлеу дәуіріндегі адам....................................................................................7
II бөлім. Қайта өрлеу дәуірінің әлем және Еуропа мәдениетіне қосқан үлесі.........9
2.1 Көркем өнер туындылары (мүсін, сурет, музыка, сәулет өнері).........................10
2.2 Әдебиет.....................................................................................................................18
2.3 Ғылым.......................................................................................................................22
Қорытынды.....................................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

ренессанс.docx

— 90.45 Кб (Скачать файл)

Еуропаның басқа бір елі  — Испанияда Қайта жаңғыру  дәуірі басқа елдерге қарағанда  қарама-қайшылықтарға толы болды. Мұнда  гуманистер католицизм мен католиктік шіркеуге қарсы шыққан жоқ, өйткені оған Испанияда қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай өз әсерін тигізді. Жаңғыру дәуірінің қарсаңында Испанияда ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижесінде елдің ұлттық бірігуі жүзеге асырылды. Сегіз ғасыр бойы арабтардың қол астында болған испаңдықтардың ұлттық тәуелсіздігі үшін күресі жеңіспен аяқталғанды. Осы бір азаттық күрес заманында «рыцарьлық» романдар кеңінен тарады. Бұл жанрдың негізін қалаушы атақты трагедиялықкомедияның «Селестинаның» авторы Фернандо де Рохас еді. Бұл тамаша өдеби дәстүрді Испанияның ұлы жазушысы, мәңгі өшпес туынды — «Дон-Кихоттың» авторы Мигель де Сервантес пен «История жизни пройдохи» деп аталатын әйгілі романның авторы, жазушысыншы Франческо де Кеведо (1580—1645 жылдары) одан әрі жалғастырды. Испанияның ұлттық драматургиясының негізін қалаушы, Шекспирмен қатар «Дәуір алыбы» деген құрметті атаққа ие болған, екі мыңдай әдеби шығармалардың авторы ұлы Лопе де Вега (1562— 1635 жылдары) дүниежүзілік драматургия саласында алдыңғы қатарда болды. Оның атақты туындылары «Би мұғалімі», «Валенсия жесірі», «Құмыра көтерген қыз», «Ақымақ қыз» — халық көңілінен шықты.

Францияда гуманистік қозғалыс тек XVI ғ. басында ғана етек алды. Француз  гуманизмінің тамаша өкілі — ұлы  сыншы Франсуа Рабле (1494—1553 жылдары) болды. Ол өзінің «Гергантюа мен Пантагрюэль» атты белгілі романында өзі өмір сүрген қоғамды сынға алды. Рабле жаңа қоғам бейнесін жасады. Оның тұрғындары ғылымға бас июші — бауырластар, мұнда екіжүзділерге, опасыздарға және т.б. орын жоқ. Француз мәдениетінің ірі өкілі, аса көрнекті гуманист, әрі ойшыл Мишель де Монтень (1533— 1592 жылдары) болды. Оның басты шығармасы — «Тәжірибелерде» философиялық, тарихи, этикалық мәселелер көтерілді. Бұл еңбек схоластика мен догматизмге қарсы бағытталып, рационализм идеялары насихатталды, сондықтан да болар бұл еңбек бүкіл Батыс Еуропалық ақыл-ойдың дамуына орасан зор ықпал жасады. [1]

Данте, Франческо Петрарка (1304—1374 жылдары) және Джованни Боккаччо (1313—1375 жылдары) Қайта өрлеу (жаңғыру) дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. [1]

Қайта жаңғыру мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери (1265— 1321 жылдары). Дворян әулетінен шыққан. Жасынан теологиямен, философиямен, астрономиямен, орта ғасырлық схоластикамен терең шұғылданды. Флоренцияның саяси өміріне белсенді араласты. Көпестердің мүддесін жоқтаған «ақтар» партиясында болды. Қала дворяндарының партиясы – «қаралар» ақтарды жеңеді де, Дантені отқа өртеу, дүние мүлкін конфискелеу туралы үкім шығарады. Осыдан кейін Данте бүкіл Италияны шарлап кетеді. Өмірінің соңғы 6 жылын Ровеннада өткізеді. Данте Беатриче деген әйелге ғашық болады, оның өміріне арнап жыр шығарған. Бұл жыр мен Дантенің басқа да прозалық шығармалары «Жаңа өмір» (1292) кітабына енген. Оның моральдық, философиялық трактаты саналатын қара сөзбен өлең аралас «Пир» (1307-1308) шығармасы мол кездегі ресми тіл – латын тілінде емес, итальян тілінде жазылған. Халық тілін қорғау ниетімен «Халық сөзі туралы» (1305) атты кітап жазды. Онда бүкіл Италия үшін біртұтас ұлттың тіл жасау жөнінде пікір айтқан. «Монархия туралы трактатында» (1312-1313) дүние жүзі монархиялық идеалды қорғады. Ұлы дарынның қыл қаламынан шыққан атақты комедияларының кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген ұрпақтары бұл туындыны «Құдіретті комедия» деп атады. Бұл поэманы орта ғасырлық мәдениетінің көркем синтезі деп санауға болады. Әдебиетке Данте орта ғасырдың ақырғы ақыны және жаңа заманның алғашқы ақыны болып кіреді. Бұл Италия қоғамының өтпелі дәуірін жан-жақты сипаттаған, бүкіл орта ғасырлық мәдениеттің философиялық-көркемдік түйіні іспеттес шығарма Данте өзі мұны комедия деп қана атаған, ал «құдіретті» деген сөз 16-ғ-да қосылды. «Құдіретті» деген сөз Данте поэмасының діни мазмұнын емес, оның поэтикалық шеберлігін көрсету үшін қолданған.  
Комедия «Тамұқ», «Күнәдан тазару» («Ғарасат майданы»), «Ұжмақ» деп аталатын 3 үлкен бөлімнен (кантика) тұрады. Әр бөлімде 33 жыр бар. «Тамұқ» бөліміне қосылған 1 жырмен барлығы 100 жыр. Поэма 3 жол терцинамен жазылған. Оның композициясында 3 және 9 деген сандар көп кездеседі. Олардың мистикалық мәні бар. Бұл сандар христиандық діннің символдары болып табылады. Мысалы, Дантенің «Жаңа өмір» шығармасында 9 деген санға байланысты ақынның жеке өмірінде болған ең маңызды оқиғалар бейнеленген.  
Поэманың фабуласы ортағасырлық клерикалық әдебиетте көп кездеседі. Бұл ол дүниенің құпиясын білгісі келген адам туралы әңгіме. Ондай тақырып Батыс Еуропа, ежелгі орыс және шығыс әдебиеттерінде кездеседі. ХІІ ғ. өмір сүрген араб ақыны Абенарабиде Дантенің поэмасына ұқсас шығарма болған. Данте араб тілін білген жоқ және ол кезде Абенарабидің шығармасы итальян тіліне аударылған жоқ, сондықтан Данте Абенарабидің шығармасына сүйенді деген пікір орынсыз. 
Антик жазушылардан Данте поэмасының жазылуына үлкен ықпал жасаған Вергилий. Оның «Энеидасында» қайтыс болған әкесін көру үшін Тартарға түскен Эней батыр туралы баяндалады. Данте Вергилийдің тек қана сюжеттік детальдарын емес, оның өзінің бейнесін де пайдаланған. «Құдіретті комедияда» жер үстіндегі ақыл-ой бейнесіндегі Вергилийдің жетегімен күнәһар адамзат өкілі Данте тамұққа түседі. Одан күнәдан тазартатын тауға шығып, күнәдан тазарған соң, Беатриченің («құдіретті ақылдың» символы) жетегімен ұжмаққа кіреді, сөйтіп өмірін мәңгі бақи рақатта өткізеді. 
«Құдіретті комедия» орыс тіліне бірнеше рет аударылды. Ең соңғы аударған М.Лозинскийге 1946 ж. СССР мемлекеттік сыйлығы берілді. Ақын М.Мақатаев «Комедияның» 1-бөлімін қазақ тіліне аударды, ол 1971 ж. жеке кітап болып шықты. [6]

Франческо Петрарка (1304-1374) – көрнекті ақын, ойшыл, ғалым. Оның творчествосында Италиядағы қайта өркендеу дәуірінің ерекшеліктері айқын сезіледі. Петрарка Ареццо қаласында нотариустың семьясында дүниеге келді. Оның әкесі Петракко Дантенің досы болды. 1312 ж. Петракко семьясымен Авиньонға көшіп барады. Петрарка жас кезінен Рим әдебиетін оқиды. Әкесінің айтуы бойынша ол әуелі Монпельеде, соңынан Болонья университетінде юриспруденциямен айналысады. 1326 ж. Петрарка әке-шешесінен айырылып, юриспруденциядан бас тартады. Авиньонда ол дін қызметкері болып тағайындалып, Папаның сарайына жақындайды. Мұндағы асқан байлық пен екіжүзділікті Петрарка бірнеше шығармаларында әшкерелеген. 1327 ж. ол шіркеуде жас сұлу әйелмен кездеседі. Сол әйел көп жылдар бойы Петрарканың өлеңдерінде Лаура деген атпен шығады. 1330 ж. өлеңдерінің арқасында Петрарка Джованни Колонна деген меценатқа қызмет етеді. Колоннаның үйінде Петрарка антик жазушыларының творчествосын зерттейді. 1933 ж. ол Парижге барады. Соңынан Франция, Германия елдерін аралайды. Ондағы мақсаты: көне тарихи ескерткіштерді көру, ежелгі қолжазбалармен танысу және дүние жүзіндегі ғалымдармен байланысу. Ол армандаған Римді де көреді.Үйіне оралған Петрарка Авиньонда тұра алмай, Воклюза деген тыныш жерге қашады. Онда ол 4 жылдай тұрады (1337-1341). Воклюзада Петрарка көптеген шығармаларын жазды, соның ішінде латын тілінде жазылған, ақын даңқын шығарған эпопея «Африка».

Джованни Боккаччо (1313 ж. Париж – 21.12.1375. Чертольдо, Флоренцияға таяу жерде) – итальян жазушысы. Қайта өрлеу дәуіріндегі алғашқы гуманист жазушылардың бірі. Ауқатты отбаснан шыққан. Әке жолын қумай, жасынан сөз өнері жолына түседі. Латын, грек тілдерін үйренеді. Творчествосының алғашқы өлеңінде ондаған лирикалық өлеңдер, көне грек, рим мифологиясын негізге алып, «Филострато» (1338), «Геляда» (1339) атты роман жазды. Бұдан соңғы «Махаббат елестері» (1342) поэмалары мен «Амето» (1341) пасторалінде, «Фьяметта» (1343) повесінде адамға, табиғатқа жаңа көзқарас баяндалады, адамның ішкі рухани байлығымадақталады.Боккаччоның елеулі шығармасы «Декамерон» (1350-1353) (грекше «он күн» деген сөз). Бұл итальян халық әңгімелері мен анекдоттары, француз фаблиолары, шығыс хикаялары негізінде біріктірілген 100 новелладан тұратын шығарма. Корольдар мен дінбасылардан бастап, қарапайым шаруаны да кейіпкер ете отырып, сол кездегі қоғамның шынайы бейнесін көрсетеді. Еуропада көркем әңгіме жанрының қалыптасуы мен дамуында кезеңдік шығарма боп танылған «Декамерон» дүние жүзі әдебиетінде реалистік ағымның өркендеуіне зор ықпал етті.

2.3 Ғылым

 

14-16 ғасырлардағы білімнің  дамуы адамдардың әлем мен  адамзаттың ондағы орны туралы  танымдарына айтарлықтай әсер  етті.

Поляк ғалымы Николай Коперникөмір сүріп, еңбек еткен кезеңде, яғни XVI ғасырда, Птолемейдіңөздеріңе мәлім геоцентрлік жүйесінің ақиқаттығына күмәнді ойлар жаппай туындай бастады.

Планеталардың Күнді айнала қозғалатыны жөніндегі идея біздің өркениеттің әр түрлі кезеңдерінде пайда болғанымен, ол жиырма ғасырдай уақыт бойы мүлгуде болды. Өйткені, Птолемейдіңгеоцентрлік жүйесі Әлем құрылысы жөніндегі мүлдем қате түсініктерге негізделгеніне қарамастан, орта ғасырлық адамдардың қарапайым тіршілікке қажетті талаптарын қанағаттандырып отырды. Ол тұтылуларды, планеталардың көкжиектен көрінуін және аспан әлеміндегі көрінерлік өзгерістерді алдын ала дәл болжауға мүмкіндік берді. Себебі бұл жүйе де ұзақ жылдар бойы мұқият орындалған тәжірибелерге негізделген болатын.

Алайда, Күн жүйесіқұрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген Н. Коперникболды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялапқалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына косып, ЖерКүннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге КоперникЖерөз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал АйКүнді емес, Жерді айнала қозғалады деді.

Коперник осы идеяны айтқан кезде сол кезеңнің ғалымдары онымен бірден келісе алмады. Тіпті Коперниктің өзі де бұл тұжырымдар төңірегінде кырық жыл бойы ойланумен болды. КоперникПолыпа мен Италияуниверситеттерінде оқып, үздік әрі жан- жақты (математика, астрономия, құкық,тіл, медицинабойынша) білім алған. Ол планеталар мен Күнді бақылау барысында алынған мәліметтерге сүйеніп, планеталардың Күнге қатысты қозғалысын анықтауды мақсат еткен еді. Теңдесі жоқ, ғаламат есептеу жұмыстары жиырма жылға жуық уақыт бойы тікелей жүргізілген бақылаулармен ұштастырылды. Ғалым ерен математик ретінде ғылымға көп жаңалық енгізді. Ол аспан денелерінің қозғалыс кестесін жасады, ол үшін оған 324 мың шаманы есептеп шығару кажет болды.

Осындай ғылыми деректермен  негізделген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Коперникпланеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасады. Оның«Аспан сфераларының айналуы туралы»деп аталатын еңбегі 1543 жылы жарық көрді. Н. Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе гелио-центрлікжүйе (гр.гелиос- Күн) деп аталды.

Коперникжасаған жүйеәлі де болса мүлтіксіз емес еді, ол қазіргі кездегі қабылданған Күн жүйесі құрылысының сызбасынан өзгешелеу болды. Өйткені планеталар Күнді Коперник айтқандай дөңгелек орбита бойымен емес, эллипстік орбиталар бойымен айнала қозғалады. Коперник сол кездегі белгілі аспан құбылыстарын және планеталардың тұзақ тәрізді болып көрінетін қозғалыстарын Жердің айналуынан және оның Күнді айнала қозғалуынан болады деп өз болжамының дұрыстығын батыл дәлелдеді. Коперниктің ілімін көптеген ғалымдар: Тихо Браге, Джордано Бруно, Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Исаак Ньютонқолдап, одан әрі дамытты.

Н. Коперник теориясы физика мен астрономияныңжәне тұтас жаратылыстанудың дамуында аса маңызды рөл аткарды. Соның негізінде ғылымға қозғалыстың салыстырмалылығы және санақжүйесідеген ұғымдар енгізілді. Тек осы теория негізінде И. Кеплер мен И. Ньютон қозғалыстың нақты заңдарын аша алды. [14]

Ұлы географиялық ашылулар, Николай Коперниктің әлемнің  гелиоцентрлік жүйесі Жердің көлемі мен ғаламдағы орны туралы түсінікті  өзгертті, ал Парацельс  және Везали  еңбектерінде антикадан кейін алғаш рет адам құрылысы мен онда жүретін үрдістерді зерттеуге ден қойылуы ғылыми медицина мен анатомияға жол салды.

Осы орайда қайта өрлеу  дәуіріндегі ғылымда тек антиканың  емес, Ислам мәдениетінің де үлесі  бар екенін атап өткен жөн. Көптеген антикалық тексттер қалпына келтіріліп, қайта басылып шығарылуы барысында  Әл-Фараби еңбектері - Аристотель ілімі  мен Ренессансты байланыстырушы көпір болды. Үлкен өзгерістер қоғамдық ғылымдарда да болды. Жан Боден және Никколо Макиавелли жұмыстарында тарихи және саяси үрдістер алғаш рет  түрлі адам топтарының және пікірлерінің өзара әсері ретінде қарастырылды.

Әл-Фарабидің «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы»  деген саяси трактатында «идеал»  қоғамдық құрылыс: Томас Мордың «Утопиясын», Томмазо Кампанелланың «Күн қаласын» құрудағы  алғаш ұмтылыстар байқалды.

Астрономиялық шығармаларында орта азиялық энциклопедист-ғалым, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т.б. көрнекті ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарынжүргізуде басшылық еткен Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни(қосымшадағы 25-сурет) дүниенің гелиоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын, денелердің Жерге қарай тартылуын Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын болжаған. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асарәл-Бақйияәнәл-Құрұнәл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. [15]

Еуропадағы медицина факультеттерінде Әз-Захауидің еңбектері оқытылды, кей ғалымдардың пікірінше «медицина» сөзі арабтың «мед»-көмек, «цина» - Инб  Сина (Авицена) сөзінен шыққан дейді. Қалай болғанда да Еуропаның медицина және анатомиядағы жаңалықтары Ислам  мәдениетінің жемісі деуге болады. Мысалы, адам саусағының «коды» еш қайталанбайтыны  туралы Қасиетті Құранда жазылған.  Андалусия – 8-15 ғасырларда дәуірлеген араб-мұсылман өркениеті немесе «мұсылмандар Испаниясы» («Кордова халифаты») Испания  мен Португалия мәдениетіне өшпес  із қалдырды. Мұсылмандар Еуропа жерін  вестготтардың варварлық әрекеттерінен  құтқарып, бейбіт жолмен халифат құрады.Испан  тілінде 4 мыңнан аса, португал тілінде 1 мыңнан аса араб тілінен енген  сөздердің болуы Испания мен  Португалия мәдениеті Андалусия  өркениетіне қаншалықты қарыздар екенін көрсетеді.

Шотланд исламтанушысы Монтгомери Уотт « Испания суретшілері мен  шеберлері шабытының қайнар көзі - әлі күнге дейін мұсылмандардың қалдырған мұрасы болып табылады» деген.

Гуманисттердің барлығы  дерлік классикалық латын және ежелгі грек тілін үйренуге ден қойды.

Жалпы алғанда сол дәуірде  белең алған пантеистік мистика  ғылыми білімнің дамуына қолайсыз жағдай тудырды. Ғылыми әдістің ізімен 17 ғасырдағы  ғылыми революцияның келуі Қайта  өрлеуге оппозициялық қозғалыс Реформация нәтижесі еді.[16]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қайта өрлеу дәуірінде  тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде  емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік  алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы  сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең — қоғамдық-саяси  және мәдени өмірде елеулі орын алды: Экономика  саласында — бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы  қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен  бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында  — тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жас буржуазия мүдделері басымдылық танытып «бюргерлік мәдениеттің» барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар, отаршылдардың  айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде  тереңдей түскен таптық қақтығыстар, халыққа  қырғидай тиген түрлі аурулар эпидемиясы, талай дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни соғыстар — осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты болды.

Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы  үлкен тарихи белес — Қайта  жаңғыру дәуірі аяқталды. «Қайта жаңғыруды» барлық өркениетті халықтар өз бастарынан өткізген. Ренессанс тек қана Батыс  Еуропа халықтарына ғана тән мәдени құбылыс деген көзқарастың мүлдем қате екендігін мәдени-тарихи деректер жоққа шығарып отыр, өйткені Үнділер  Ренессансы XVI—XVII ғасырларда болса, Кіндік Азиядағы бұл мәдени өрлеу X—XV ғасырлар қамтиды. Демек, мәдени дамудың шегі жоқ, оның арнасы да кең, әрбір ұлттың дүниежүзілік мәдениетке қосар үлесі, одан алар өзіндік орны бар. Олай болса, «Қайта жаңғыру» мәдениеті тек ежелгі мәдениетке мирасқорлық, ұмытылған  өркениет мұраларының игі дәстүрлерін  қайта жандандыру, өткен үлгілерді  қайталану ғана емес, қайта сол  көне және кейінгі рухани қорлар тоғысынан  қуат алып, тыңнан бой түзеу, гүлдену.

Информация о работе Қайта өрлеу мәдениеті және оның қалыптасу ерекшеліктері