Өндіріс шарттарындағы өмірлік іс-әрекет қауіпсіздігінің негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 09:02, курсовая работа

Краткое описание

Киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адам заты қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар үнемі өзгеріп отырады [1].
Киім утитарлық және эстетикалық қызметтерді атқаруға және адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйым және бұйымның жыйынтығы. Киім бағыттарын айтқан кезде костюм термині әр кезде қолданылады.
Костюм - адамның сыртқы киетін қалыптастыру мен бүтін бір утилитарлық көркемдік тұтастықты құрайтын адам денесіне киілетін киім содай-ақ сәнді шаш грим сияқты бұйым белгілі бір тәртіппен өзара келісілген тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын кешен. Көріп отырғанымыздай атқаратын қызметтің бірінші деңгейі утитарлық пен эстетикалы болып бөлінеді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................. 2
1.Көркемдік бөлім...............................................................................................3
1.1.Сәннің болашақ бағыттары..........................................................................3
1.2.Жобаланған бұйымға қойылатын талаптар...............................................5
1.3.Бұйымға материалдарды таңдау және негіздеу.........................................6
1.4.Ұқсас моделдерді таңдау және талдау.....................................................10
2.Конструкциялық бөлім.................................................................................20
2.1.Құрастыру әдістемелерін таңдау және негіздеу......................................20
2.2.Конструкция сызбасында қолданылатын алғашқы мәліметтер.............23
2.3. Бұйымның базалық конструкциясының (БК) сызбасын жасау............24
2.4.Техникалық моделдеу...............................................................................29
2.5.Лекалоларды құру.......................................................................................32
2.6.Бөлшектер спецификациясы.....................................................................34
2.7.Лекалолар градациясы................................................................................35
3.Технологиялық .............................................................................................39
3.1. Бұйымдағы материалдар шығынын мөлшерлеу...............................39
3.2.Жабдықты таңдау................................................................................................45
3.3.Өңдеу тәсілдерін таңдау және негіздеу.............................................................46
3.4.Бұйым әзірлеуінің технологиялық бірізділігі ..................................................47
4.Экономикалық бөлім..............................................................................................52
4.1.1-бап.Негізгі және қосымша маталардың шығындалуы..................................18
4.2.2- бап.Қайтарым қалдықтары............................................................................18
4.3.3- бап.Өндіріс жұмысшыларының жалақылары..............................................18
4.4.4- бап.Әлеуметтік салыққа аударым..................................................................19
4.5.5- бап.Цехтың шығындары.................................................................................19
4.6.6- бап.Жалпы шаруашылық шығында...............................................................20
4.7.7- бап.Өндірістен тыс шығындар.......................................................................20
5.Өндіріс шарттарындағы өмірлік іс-әрекет қауіпсіздігінің негіздері.....................................................................................................................22
5.1.Өндірістің экологиялық мінездемесі.................................................................22
5.2.Еңбек шарттарының негіздері және тігін өндірісіндегі жұмысшылардың ауырып қалуы....................................................................................................... 23
5.3.Техникалық қауіпсіздік..................................................................................... 23
5.4.Өрт қауіпсіздігі.................................................................................................. 23
6.Жоба бойынша қорытындылау........................................................................... 24
7.Ұсынылған әдебиеттер тізімі........................................................................... 25
Ұсыныстар............................................................................................................ 27

Вложенные файлы: 1 файл

dip_2350.doc

— 1.17 Мб (Скачать файл)

Матаның қыртыстануы. Қыртыстанғыштығы дегеніміз-ылғал жылуымен өндегенде ғана кететін матаның бүктеп қарағанда мыжылып қалуы. Қыртыстану себебі- матаны бүктеп орағанда пайда болатын иілу пішінінің өзгеру салдары. Серпімді және созылмалы ұзартудың үлесі басым талшықтар бүктеліп, жаншылғаннан соң біртіндеп түзеледі де, бастапқы қалпына келіп, қыртыстануы  жазылады.

Матаның дроптанылуы. Драпталыуын-матаның жүмсақ, дөңгелектенген қатпарлар туғызатын қасиеті. Дроптанылу матаның массасына, қаттылығына және жұмсақтығына байланысты. Қаттылығы-матаның өз формасын сақтап қалу қабілеті. Қаттылыққа қарама-қарсы қасиетін Жұмсақтық-дейді, яғни матаның формасының өзгеруіне көнгіштігі.

Бұйым өз формасын ұстайды, ол матаның драптануына байланысты, сондықтан бұл мата өз формасын оңай жоғалтпайды.

Матаның тозуға төзімділгі. Матаның тозуға төзімділігі деп оның көптеген тоздыратын факторларға шыдамдылық қасиеті. Пайдалану басында киімдер матасы жарық, күн, үйкеліс, қайта-қайта созылуы, бүктелу, сығылу, ылғал мен тер, жүн, химиялық тазалау, температура және т.б. әсеріне түсуден қорғалған.

Матаның техналогиялық  қасиеті- маталардың  технологиялық  қасиеті дегеніміз - тігін өндірісіндегі  бұйымды пішу, құрастыру және ылғалды  жылумен өңдеу сияқты процестерінің  әр түрлі кезеңдерінде байқалатын қасиеті.

Тігін өндірісінде костюм маталары кең таралған. Бұл маталардан әйел костюмі және сарафандарын тігеді. Костюм маталары көбіне жүн талшықтарынан  құралған. Мұндай маталар жартылай және таза жүн болып бөлінеді. Сонымен  қатар, костюм маталары, мақта зығыр, жібек матасынан және синтетикалық талшықтармен араласқан болып кездеседі.

 

Негізгі мата: жібек маталары - қазіргі сәннің  мәнерлі көріктігін елестету үшін осы екі сөзжеткілікті: тығыз және ауыр, ағыл, салқын немесе қатты және майысқақ; жіңішке - нәзік  және жұмсақ немесе ұшырғыш. Кемпірқосақтың барлық түсі мен фактуралары бар, алыс замандардан келген матасы(атлас, тафта, муар, шифон, органза, муслин)  келген.Жібек матасы фибрион ақуыздан және екі элементарлы тот жіптерін кілейлейтін серициннен тұрады. Көлбеу қимасы сопақ, оның жуандығы біркелкі емес, ал қимасы 15-17см.

Жасанды былғары –  былғары көрінісін беретін, бірақ  жасанды, синтетикалық жолмен жасалынатын  мата. Әртүрлі түсте кездеседі. Ең жақсы қасиеттер – олар маматың  арзан бағасы, көркемділігі, тозбаушылығы және су өткізбеушілігі, созылатын және созылмайтын түрлері болады, ол полотнолық әлде трикотажды негізде жасалғанына байланысты. Бірақ ондай матадан тігілген киім ішінде адам тез терлеп кетеді.

. Барлық  тігін бұйымдары эстетикалы болуы үшін, оларды астар маталармен өңдейді. Астар маталары дегеніміз – саржалық, сатиндік немесе кесте өрілімдік жұқа беті жазықтығы майда біркелкі боялған немесе өрілімді суреттері бар, сыртқы және жеңіл киімдерді өндеуде қолданылатын мата түрі. Мұндай мата денеге жағымды, ауа өткізгіш қасиеті жоғары болуы тиіс. Астар маталары талшықтын құрамы бойынша әр түрлі болып кездеседі: олардың негізі мақта, зығыр, жүн маталары болып осыларды синтетикалық  талшықтардың канегі арқылы өндеп шығарады.

Трикотажды астар мата жақсы созылу қасиетіне ие.

Астар аралық маталар: дублириннің бір жағы ұсақ желім нүктелерінен құралған, сонда бұл қабаты майда емес болып келеді.

Астар аралық маталардың ішінен бұйымға дублирин қолданылған. Себебі көлемді үстіңгі белдемшенің  формасын келтіру мақсатында дублерин өз міндетін жақсы атқарды.

Тігін жібі дегеніміз  – жоғары сапалы созылған жіңішке  бір келкі айналған иірім жіп  немесе бұйым бөлшектерінің тігін  жабдығымен қосатын ерекше қасиеті  бар материал. Тігін жібі ассортименті ішінде ең негізгісі болып табылады, себебі жіпсіз еш     қандай бұйымды құрастыра алмаймыз. Тігін жіптері қалыңдығы бойынша әр түрлі болып кездеседі. Ең қалыңдығы сызықтық  тығыздықа байланысты немесе жіптің өзінің шарты номерімен белгімнеді. Мысалы: № 10,20,30,40,50,60 жептері жіп бобинасына жазылады. Ал қазір идеал жіптер стандартты қалыңдықта болып келеді. Идеял жіп ең қолайлы да мықты және төзімді болғандықтан №40 идеал жіпті бұйымды тігуде қолданылды.

Ригелин – корсет немесе корсажды дайындағанда қолданылатын материал. Ол форманы жақсы көрсетіп ұстайды. Ригелин пластмассадан, темірден және темір өзегі бар жіптен өрілген болып келеді.

Фурнитура- келесі  талаптарға  сәйкес  болуы  қажет

1. Сән  бағытына  сәйкес,  сыртқы  түрі  бойынша,  түсі  бойынша  және  талшықтың  құрамы  бойынша  болуы  қажет.

2.Қолдануға  ыңғайлы   және  денсаулыққа  зиян  қасиеті   болмауы  тиіс.

3.Техникалық  өңдеуде   бұйымға  оңай   өңделуі   керек.  Киімді  өңдеу  материалдарына  әр түрлі  таспалар,  шунурлар,  тесма  және  кружева  жатады.   Талшықтың   құрамы  бойынша  көбінесе  жібек  мақта  матасынан  жасалынады. Кейде  талшықтық  құрамы  (бойынша  көбінесе)  синтетикалық  жылтыр  жіптер   қолданады,  және  де  фурнитура   бисер,  стеклярус,  полтка,  липучка,  ызбак,  түйме,  ілмек,  шылтырлақтар   жатады.

Жасырын сыдырма- ұзындығы 25 см, тізшелері   пластмассадан жасалған, синтетика матасында  орналасқан, сұр түсті.

 Конфекционная  карта

 

1.2.Жобаланған  бұйымға қойылатын талаптар.

 

Киімнің материалынан тысталуынан  және тігілуінен халық тұрмысынан  жай-күйі, мәдениетінің қалыптасу  процесі, ғасырлар бойы жинаған еңбек  тәжіребиесі  көрінеді. Киімді сәндеп кестелеу, құрақ салу, зергелік және басқа да әшекей  заттармен әдіптеу сол-халықтың сұлулыққа құштарлығының айғағы [].

Функциялық талаптар- бұйымның негізгі қолданылуына, адамның сыртқы келбетіне киімнің сәйкестігін есепке алады. Қолдану модельдер конструкцияға және матаға қойылатын  талаптарды анықтайды. Әр түрлі жастарға адамдардың психологиялық  құрылымның және сыртқы киімнің әр түрлі мәндігіне байланысты киімдік өлшемдік және толықтық жас ерекшелігі  бір қолданыстағы топтарын сол талаптарға тән болды. Функциялық талаптар қазіргі өмір құрлымына, тұрмысына  эксфотоциялаудың нақты жағдайына қызметінің түріне оның сыртқы кейпіне және жас психология ерекшеліктеріне  киім сәйкестік дәрежесін қамтамасыздандырады.

Эстетикалық талаптар-  ерекше өзіне тән сұранысын яғни адам сұлулыққа және сұлулық заң шығармашылығына мұқтаждығын қанағатандырудан тұрады. Киім осы дәуірдегі жетекші көркемді стилін және сәннің жеке көрінуін  есепке алу арқылы жобаланылады. Эстетикалық талаптар  3 топқа бөлінеді.

Жобаланған дипломдық  жобаның бұйымы эстетикалық талаптарға сай келеді өйткені сәнді, адам денесінде  ыңғайлы, авангард стильде орындалған.

Гигиеналық талаптар- бұл талаптар киімді пайдалану процесінеде оның солай сақтау дәрежесінен анықталады. Сенімділік бұйымның қайтармаушылығын, ұзаққа сақталған жөндеуге келетіндігін анықтайды.

Бұйымның гигеналық  талаптарына келсек, бұйым адам денесіне жағымды ауа өткізетін матадан  тігілген, яғни, жұмысшы жұмыс уақытында өзін ыңғайлы сезінеді.

Технологиялық- экономикалық талаптар - киім сапасының қойылымы, техникалық экономикалық  талаптар, оны өндіру мен экслотоциялауға келетін шығынды есепке ала отырып, дайындалатын технологиямен жоба әдістерінің конструкциялық жетілуінің техникалық дәрежесін қамтамасыз етеді.

Кейде адамдардан арнайы кешке киетін киімнің өзіндік  ерекше және көзге түсетін талабы бар ұсыныстар түседі. Жеке киімді ойластырғанда және тіккеде міндетті түрде тапсырушының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бақылайлар, ізденістер жүргізіледі. Жобаланған бұйым авангард стилінде орындалған. Ол тапсырушының денесінің нәзік сұлбасын айырықша көрсетін, ал сәндеу техникасының және қолданылған материалдардың стандартты емес, бірақ бір-бірімен өте жақсы түс және фактура жағынан  үйлесімділігі арқасында басқалардың арасынан көзге бірден түсетіндизайнерлік бұйым дайындалды. Бұл бағытта бұйым жоғары сән бағытында жасалынды. Ол тапсырушының ондай киетін киімді жалғыз болу сезімінен, келген ортада өз-өзін сенімді ұстауға үлкен үлес қосады.

 

1.4 Ұқсас моделдерді таңдау және талдау.

 

Модель 1

Әйелдерге және қыздарға арналған авангард стиліндегі көйлек қара шифон мен сұр жылтыр былғарыдан, қара органзадан тігілген. Қынамалы силуэтті. Көйлек үстіңгі, астыңғы және үстіңгі белдемшеден тұрады.

Алдыңғы бойдың мойын  қиындысы V-тәрездес тереңдетілген.

Алдыңғы бойдың үстіңгі  бөлігінде иініштері орналасқан.Бұйымның иығы түсірілген. Алдыңғы бой ортасында  орналасқан ромб тәріздес салғы орналасқан. 10 бүкпе орналасқан. Қол окаты қауырсынбармен безендірілген.

Артқы бойда иініш  бар. . Иініштерінде декоративті екі  салғыдан тігілген.

Иініш төрт бүкпесі бар  үшбұрышты перде тәріздес бөліктермен  тігілген.

Көйлектің астыңғы бөлігі тізеге дейін қынамалы, орта тігісті. Жоғарғы қиындысы жасырын сыдырмамен өңделген. Тізеден төменгі жағы кең органзадан тігілген екі қабатты бүрмелерден тұрады. Үстіңгі қабаты ассиметриялы және астыңғы симметриялы болып келгеннен қысқа.

Үстіңгі белдемше сегіз  бөліктен тігілген. Артқы бөлігі корсетная лентамен өңделген. Асты бойынша кеңейтілген және симметриялы доғаланған. Бес декоративті салғылармен безендірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Модель 2

Әйелдерге арналған көйлек авангард стилінде орындалған. Қынамалы, бұйым ұзындығы еденге дейін. Шифон және былғарыдан тігілген.

Алдыңғы бойда кеуде тұсында екі бүкпесі бар. Американдық қолтық ойындысы бар. Алдыңғы бой өрнек құрайтын төрт декоративті салғылармен безендірілген. Мойын ойындысына тіктемесі бар жаға тігілген. Көйлектің үстіңгі бөлігі былғарыдан тігілген, астыңғы қиындысы жоғары фигуралы ойылған. Шифоннан орындалған еденге дейін белдемше күн тәрізді пішілген.Екі қабатты. Жеңі жоқ.

Артқы бой орта тігісіне жасырын сыдырма тігілген. Артқы  бой үстіңгі бөлігінің төменгі  қиындысы төмен үшкірленген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Модель 3

Әйелдерге арналған авангард стиліндегі көйлек. Қатты қынамалы. Былғарыдан тігілген. Ұзындығы еденге дейін. Алдыңғы бойда екі рельеф сызығы бар.Кеуде жәгн бел тұсында өрнек құрып орналасқан үш декоративті салғы бар. Мойын ойындысы салғымен безендірілген. Қолтық ойындысына қысқа жең қондырылған. Артқы бойда екі рельеф және орта сызық бар. Орта сызығы бойынша жасырын сыдырмамен өңделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Модель 4

Әйелдерге арналған авангард стиліндегі көйлек. Қатты қынамалы, ұзындығы еденге дейін. Былғарыдан тігілген. Алдыңғы бой мойын ойындысы өрнекті тереңдетілген және кеңейтілген. Көйлектің сол жақ жан тігісінен тізе тұсында жарма ашылған. Алдыңғы бойда үш декоративті салғы өрнек құрып тігілген. Артқы бойдың орта тігісі жасырын сыдырмамен өңделген. Екі оюлы белге дейінгі тетігі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Модель 5

Әйелдерге арналған авангард стиліндегі көйлек. Қатты қынамалы силуэтті. Ұзындығы еденге дейін.Бұйым жеңсіз, америкалық қолтық ойындысы бар, олар декоративті салғылармен безендірілген. Мойын ойындысы сәл тереңдетілген, тіктемесі бар жағамен өңделген. Кеуде сызығына дейінгі ойығы бар. Үстіңгі бөлігі былғарыдан тігілген.Астыңғы бөлігі орта тігісті және бүрмеленген. Шифоннан тігілген. Белдемшесіне иініші бар. Иініштің алдыңғы бөлігінде өрнек құрып үш салғы орналасқан. Белдемшенің сол жақ тігісінің мықым мен тізе ортасынан еденге дейін жарма берілген. Артқы бой орта тігісті және жасырын сыдырмамен өңделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Модель 6

Әйелдерге арналған авангард стиліндегі көйлек. Қатты қынамалы силуэтті. Ұзындығы еденге дейін. Мойын ойындысы кеуде тұсына дейін кеңейтілген және декоративті салғылармен безендірілген. Иық сызығы түсірілген. Алдыңғы бой V-тәрізді былғары иінішінен және төменгі шифон бөлігінен құралған. Бел тұсында белдігі бар. Белдікте өрнек құрып екі декоративті салғы орнадасқан. Белдік артқы бойында корсетті таспамен өңделген. Белдемше Годе тәріздес және сегіз бөліктен құралған. Артқы бой орта тігісті, жасырынды сыдырмамен өңделген. Артқы орта бөлігі былғарыдан, ал жан бөліктері шифоннан тігілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Модель 7

Әйелдерге арналған авангард стиліндегі көйлек. Қынамалы силуэтті. Бұйым ұзындығы еденге дейін. Иық бұйымы былғарыдан тігілгенамерикандық қолтық ойындысы бар. Мойын ойындысы кеуде тұсына дейін кеңейтілген. Кеуде, бел және мықым тұсында симметриялы өрнек құрып декоративті салғылар тігілген. Төменгі қиындысы оюланып ойылған. Артқы бой орта тігісті. Жасырын сыдырмамен өңделген, төменгі қиындысы төмен оюланып үшкірленген болып келеді. Белдемшесі бес қабатты шифоннын тігілген.

Информация о работе Өндіріс шарттарындағы өмірлік іс-әрекет қауіпсіздігінің негіздері